
- •Емдеу–профилактикалық мекемелердің түрлері және ондағы медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Модульдік оқу кезіндегі қажетті кәсіби мейірбикелік сапалардың дамуы
- •4. Жұмыс орнында рұқсат етілмейді:
- •Санитарлы–эпидемияға қарсы тәртіппен қамтамасыз ету. Дезинфекция туралы түсінік, дезинфекциялық ерітінділерді дайындау.
- •Процедураның аяқталуы
- •Гигиеналық ванна
- •Гигиеналық душ
- •Науқасты ауыстырғандағы носилкалар мен төсектердің орналасуы
- •Ауыр жарақат алған адамды қалай тасымалдауға болады
- •Шараның аяқталуы
- •Шараны орындау
- •Көйлектi ауыстыру
- •Шараға дайындық
- •Бiр медбикеге
- •Науқас адамды қалай күтуге болады
- •Науқас адамды күту оны емдеудің аса маңызды бөлігі болып табылады.
- •Науқас адамға тыныштық қажет
- •3. Жеке гигиена
- •Қанжылым су
- •Өте ауыр науқасқа айрықша күтім қажет
- •3. Тазалық
- •4. Науқастың төсектегі қалпын өзгерту
- •5. Өзгерістерді қадағалау
- •Науқасты асқазанға мұрын немесе ауыз жолы арқылы өткізілген зонд көмегімен тамақтандыру
- •Науқасты зонд көмегі арқылы асқазанға енгізілген гастростоманың (түтіктің) көмегімен тамақтандыру
- •Мазмұны:
ҚазаҚстан Республикасы
денсаулық сақтау министрлігі
Семей мемлекеттік медицина академиясы
Кайдарова С.Б.
Жумамбаева Р.М.
Оразалина Г.К.
Даутов Д.Х.
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ – 1
(Оқу-әдістемелік құрал)
Семей, 2008
Авторлар:
СММА ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушылары ассистент С.Б.Кайдарова, профессор СММА Р.М.Жумамбаева, ассистент Г.К.Оразалина, доцент Д.Х.Даутов.
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ -1
Оқу - әдістемелік құрал. – Семей. 2008 ж., 86 бет
Рецензенттер:
Жагипарова Ж.К. – СММА балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к, доцент.
Нуртазина А.У. – СММА отбасылық медицина кафедрасының доценті, м.ғ.к.
«Клиникаға кіріспе» пәні студенттерді алғаш клиникамен таныстыратын пән. Емдік-профилактикалық мекемелердің түрі, бұлардың құрылымы, бұл мекемелерде медицина қызметкерлері жұмысының негіздері көрсетіледі. Ең алдымен мейірбике жұмысының ұйымдастырылуы, оның лауазымдық қызметтері, науқас адамның күтілуі қалай ұйымдастырылуы керектігі толығымен қамтылады. Бұл клиникалық пәнді оқу барысында студентте дәрігердің профессиональді қызметі туралы көзқарасы қалыптасады, науқасты қарау және күту шараларын үйренеді, науқас және оның жанұясына көрсетілетін медициналық көмектің негіздері туралы мәлімет алады.
Оқу-әдістемелік құрал медициналық жоғары оқу орындарындағы I-ІI курс студенттеріне арналған.
Семей мемлекеттік медицина академиясының Орталық әдістемелік кеңесі ( хаттама №6, 14.04.2008 ) және терапиялық пәндер бойынша Орталық әдістемелік комиссия (хаттама №6, 31.03.2008 ) қарап бекітіп және басып шығаруға ұсынған.
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары медбике ісінде көптеген өзгерістер туындап отыр. Қоғамдық өзгерістерге және денсаулық сақтаудағы жетістіктерге байланысты мейірбикеге қойылатын талаптар да өсті.
Мейірбикелік іс - әлеуметтік сұраныстарға толық жауап беру үшін мейірбикенің кәсіптік мүмкіншіліктерін көтеруін қажет етеді, яғни жаңа түрдегі медициналық мейірбикені тәрбиелеуді талап етеді.
«Клиникаға кіріспе» студенттерді денсаулық сақтаудың тәжірибелік бөлімімен, емдеу мекемелерінің жұмысын ұйымдастырумен, науқас және оның жанұясымен, оның проблемаларымен танысып, оған көмек көрсетуді, науқасты бақылау және күту әдістеріне үйрететін, таныстыратын ең алғаш пән болып табылады. Пәннің оқып үйренетін объектісі болып, науқасты жалпы күту барысындағы және оны диагностикалау, емдеу процессіне бағытталған медициналық қызметкердің атқаратын түгел кәсіптік іс - шаралары жатады.
Дәрігердің профессиональды қызметі туралы көзқарасты қалыптастыру, науқасты қарау және күту шараларына үйрету, науқас және оның жанұясына көрсетілетін медициналық көмектің негіздері туралы мәлімет беру. Бұл пән жаңадан енгізілген дисциплина болғандықтан оқулық, оқу құралдары әзірше оқу бағдарламаларына сай, толық түрде, жеткілікті мөлшерде болмай тұр. Әсіресе бұл қазақ тілді оқулық, әдебиеттерге қатысты өзекті проблема.
Бұл құралда «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша барлық тақырыптар тиісті реттілікпен құрастырылған. Әрбір тақырып бойынша теориялық материалдар және практикалық дағдылар толық келтірілген, яғни студент әрбір сабақ барысында не біліп, не үйреніп шығу керек дәл көрсетілген. Практикалық дағдылар сатылық жүйемен келтірілген.
Клиникаға кіріспе-1 оқу-әдістемелік құралы 1-2 курс студенттеріне осы пән бойынша бағдарламаны толық меңгеріп шығу үшін қосымша құрал ретінде арналған.
Емдеу–профилактикалық мекемелердің түрлері және ондағы медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру
Емдеу бөлімі
Аурухана емдеу бөлімдерінен тұрады. Емдеу бөлімдері мынадай болып келеді:
а) жалпы сала:
терапевтік (жүрек, өкпе, асқазан, ішек, т.б. ауруларға арналған);
хирургиялық (қимыл мүшелерінің жарақатымен, ішкі құрылысқа операция жасайды, бас миының шайқалуы, т.б.)
аудандық, ауылдық жерлерде ауруханалар құрылымда мынандай бөлімдер жиі кездеседі:
б) арнайы бөлімдер - аурулардың ауыратын бір жүйесін емдеу үшін (жүрек-кардиологиялық, өкпе-пульмонологиялық, жарақат-травматологиялық, нейрохирургиялық, т.б.).
Функциялық-атқарымдары:
Дәрігерлік көмек көрсету.
Дертті анықтау.
Үйде немесе емханада емдеуге жағдай болмаған уақытта, ем жүргізе білу.
Емдеу бөлімінің құрылымы
Емделушіге арналған палата.
Емделушіге арналған санитарлық бөлме.
Тамақ таратуға арналған буфет.
Тамақ қабылдау бөлмесі.
Ем-дом кабинеті (егу бөлмесі).
Ординаторлық (дәрігерлер бөлмесі).
Бөлім меңгерушісінің кабинеті.
Бөлімдегі бас мейірбикенің кабинеті.
Төсек жамылғылары мен ауруханалық таза киімдер үшін.
Палаталық мейірбикелерге арналған бөлме.
Манипуляция (клизма) жасаудың орны.
Терапия бөлімінің профильіне байланысты емдеу және диагностикалық қызметтер үшін бөлімдер белгіленеді (ФГС және ЭКГ кабинеттері).
Емдеу бөлімінің палаталары кең, жарық, көп дегенде 6 адамға есептелген болу керек.
Қабырға майлы бояумен боялып, еденге линолеум төселінеді. Палаталар ең қажетті жабдықтармен: төсек, үстел, тумба, орындықтармен жабдықталады. Төсектер ыңғайлы болуға тиісті. Ауруханалық жиһаздардың беті жұмсақ, жеңіл жуылатын болу керек.
1-2 адамдық палаталарға ауыр науқасты емделушілер, зиянды қақырық бөлетін емделушілер.
25-30 емделушіге мейірбикелік пост орны болады.
Пост орнында дәрі-дәрмек құралдарына арналған шкаф, үстел, орындық, күту жабдықтарына арналған шкаф, тез бүлінетін дәрі-дәрмектерге арналған тоңазытқыш, дәрі-дәрмек құралдарын тарататын жылжымалы үстелше, әр түрлі манипуляциялар дайындайтын үстелше, шүмекті раковина болу керек.
Мейірбикелер постысынан барлық палаталар көрініп тұру керек. Күзет орны ауыр науқасты емделушілермен байланыста болу керек, барлық ауруханалардың телефон тізімі болу керек.
Кезекшілікті тапсыру
Кезекшілікті тапсыру таңертең (8.00 - 8.30) және күндіз (15.00 - 16.00) жүргізіледі. Кезекшілікті тапсыру кезінде 2 мейірбике (тапсырушы мен қабылдаушы) палаталарды қарап шығады, оның санитарлық жағдайын қарайды, ауыр науқасты емделушілерді байқайды.
Кезекшілікті тапсыратын мейірбике қабылдаушы мейірбикеге:
ауру тарихынан жазылып алынған манипуляция мен егуге белгіленген "белгілеу журналын";
мейірбикелік орындағы дәрілік аспаптар мен мүліктер (шприцтер, термометрлер);
"А" тізімдегі дәрілер шкафының кілті және "Б" "улы және қатты әсер ететін дәрілер есебінің журналына" екі мейірбике қол қояды;
"қабылдау және тапсыру журналында" бөлімдегі емделушілердің жалпы саны, ауыр және қызбасы ұстаған науқастар саны жазылады. Журналдағы жазу анық болуы керек.
Медбике орнындағы медициналық құжаттар
( науқасханалық емдеу бөлімі)
Нашақорлық және күшті әсер беретін дәрілердің есеп тіркеу журналы.
Зерттеудің зертханалық және құрал-жабдықтық әдістерін тіркеу журналы.
Өте қажетті құрал-жабдықтарды тіркеу журналы.
Кезекшілікті тапсыру және қабылдауды тіркеу журналы.
Кызба ауруларын тіркеу журналы.
Бөлімге түскен және шыққан науқастарды тіркеу журналы.
Науқастардың тіркеу журналы.
Дене қызуын тіркеу парақтары.
Дәрігердің тағайындау парақтары.
Науқасханадан шығарылу картасы.
Науқасханалық науқастың ауру тарихының көшірмесі.
Науқасханалық науқастың медициналық картасы.
Тәуліктік кезекшіліктің мәлімдемесі.
Палаталық медбикенің лауазымдық міндеттері
Палаталық медбикенің дәрігердің рұқсатынсыз бөлімнен кетуіне құқығы болмайды. Медбикенің жұмысы бөлім меңгерушісінің бекіткен кестесі бойынша жүргізіледі.
- Палатаның, ванналық бөлменің, кабинеттердің, дәріханалардың, төсек жанындағы тумбаның тазалықтарын қадағалайды. Емделушілердің тоңазытқыштағы тағамдарының сақталуын тексереді, ауруханалық тәртіптің сақталуын бақылайды. Емделушілерге берілетін тағамдардың дәрігер белгілеген емдомдық үстелге қоятын тағамдарға сәйкестігіне және мөлшеріне, сипатына бақылау жасайды.
Керекті медикаменттерді дер кезінде жазып алады және бөлімнің бас мейірбикесіне береді.
- Дәрігер қарауы кезінде қатысу керек, емделушілердің жағдайы туралы мәлімет беруі керек, дәрігердің науқастарды емдеуі, күтімі бойынша тапсырыс алуы керек.
- Тағайындау парағын дұрыс жүргізу, оны ауру тарихында жазылған белгілермен дер кезінде салыстырып отыруы керек.
- Емделушілердің рентгеноскопияға, рентгенографияға, зертханалық зерттеулерге дайындығын қамтамасыз ету.
- Дене қызуын тіркеу парағын, талдау, ЭКГ және де басқа ауру тарихын (жапсыру) уақытымен рәсімдеп отыру керек.
- Жаңа түскен емделушілерді бөлімнің белгіленген тәртібімен таныстыру.
Тамақтың талаптарын уақытымен құрып, оны бас мейірбикеге беру.
Ұйымдастыру - әдістеме бөліміне емделушілер құрамының өзгерісін туралы мәліметті күнде тапсырып отыру керек, бөлімнен шығарылған емделушілер құжаттарының рәсімделуін (бағыттама қағаздың, анықтаманың, рецептердің көшірмесі) және уақытымен шығуына бақылау жасау керек.
Кезекшілік кезінде дәрігер жазған және тағайындағанның бәрін, шығуға жарамды емделушілер туралы мәліметті тапсыру керек.
Мейірбике емделушілердің тез арада жазылып шығуына орай ілтипатты, сергек, қайырымды болу керек. Ол медициналық деонтологияның негізін білуге міндетті.
Бөлімдегі кіші қызметшілердің жұмысына басшылық жасайды.
Емделушілер арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру, денсаулық мектебін ұйымдастыру.
Санитарлық орындарын ұйымдастыру және Қызыл Крест Қоғамының жұмыстарына белсенді ат салысу керек.
Өз еңбегін жетілдіруде және жеке біліктілігін арттыруда жүйелі жұмыс жүргізу.