Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мониторинг.уч.пос.КАЗ.2011..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

9.3. Франциядағы жер мониторингі

Франциядағы жер мониторингі деректердің ақпараттық базасын құруды қамтамасыз етеді.Францияның агрономиялық зерттеу институты мен мемлекеттік топырақ қабаты жайында мәліметтер банкі құрылды.Бұл мәліметтер банкі бірнеше файлдардан тұрады.

-топырақ қималары жайында ақпараттарды сақтау, өңдеу және көрсету;

-топырақтың физико-географиялық ерекшеліктері жайында;

-елдегі кездесетін барлық топырақ материалдарын жинау, жалпылау және идентификациялаудан тұрады.

Сонымен қатар орманды ғылыми-зерттеу институтымен бірге топырақ қималарының морфологиялық көрсеткіштері, қоршаған ортаны қорғау бойынша қысқаша сипаттамалар және физико-химиялық, лабораториялық талдаулардың мәліметтері жинақталған мәліметтер банкі құрылды.

Қазіргі уақытта Францияда осындай регионалдық мәліметтер банкі көп құрылған.Мысалы, орталық ауданның топырақтық мәліметтер банкі, онда ауданның топырақ бірлігінің әрқайсысы бойынша деректер жиналған (топырақтың аттары, механикалық құрамы, гидроморфтық қасиеттері, топырақ түзуші тау жыныстардың сипаты, тастардың құрамы және т.б.)

Қазіргі кезде Францияда бірыңғай географиялық ақпараттық жүйе құрылып жатыр.Ол бойынша регионалдық ақпараттық базалардың мәліметтерін жинақтап кешенді таңдау жүргізіледі.Сонымен қатар Франциядағы жер мониторингін жүргізудегі бір ерекшелік, ол жер қатынастарын мемлекеттік реттеу, ұлттық жер кадастрының мәліметтерінің базасын құрумен байланысты орындалады.

Францияда сонымен қатар, жер пайдалану мәліметтер банкі құрылған.Онда әр жылдағы ұлттық, регионалдық деңгейдегі жерлерді пайдалану жайында ақпараттар тіркеледі.

9.4 Германиядағы жер мониторингі

Германиядағы жер мониторингі жүргізу аэро-ғарыштық түсірістерді кеңінен қолданумен ерекшеленеді.Жер мониторингінің мәліметтерін жинау, өңдеу, сақтау геоақпараттық жүйе бойынша жүзеге асырылады.Жер мониторингін жүргізуде мәліметтер банкі құрылып, онда қоршаған ортаның химиялық ластануын ретроспективті зерттеу мақсатымен топырақтардан, жауын-шашындардан және организмдерден пробалар алынады.Осы алынған мәліметтерді қолдана отырып, қоршаған ортаны қорғау бойынша федералдық ведомоствосы әр 2 жыл сайын қоршаған ортаның жағдайы бойынша және жердің жағдайы бойынша көрсеткіштерді көрсетіп отырады.

Қосымшалар:

1. Инвентаризациялаудағы қолданылатын терминдерге анықтамалар.

Мониторингтің аумақтық- аймақтық желісі жердің жай-күйін бақылаудың стационарлық және жартылай стационарлық пункттерін қамтиды.

Стационарлық бақылау-пункттері берілген толықтықпен дәлдік арқылы жердің жай-күйі туралы ақпаратты жүйелі алып тұру үшін құрылады.Стационарлық алаңдар, түйінді учаскелер және полигондар осындай пункттерге жатады.

Жартылай стационарлық бақылау пункттері жұмыстың нақты шарттары мен мақсаттарына қарай ұйымдастырылады.Оларды бақылау жүйелі түрде 3,5,10 жыл және одан көп жыл аралықпен жүргізіледі.

Стационарлық учаске- әртүрлі табиғи климаттық аймақтарда, провинцияларда биіктік белдеулерде өсімдіктер мен топырақтық жамылғысы жағдайын ұзақ уақыт (10 жылдан астам мерзімге) тұрақты бақылау мақсатында ұйымдастыратын жер учаскесі.

Түйінді учаске- өсімдіктер мен топырақтың құрамын және сипатын олардың белгілі бір ландшафттық табиғи жағдайлармен байланысын қажетті нақтылықпен көрсететін жергілікті жердегі үлгі учаске.

Полигон- белгілі бір ландшафттық түрлерін (құмдар, тау етегі жазықтары, таулар) сипаттайтын әртүрлі конфигурациялы аумақ.

Жердің тозуы-жердің табиғи ортаның элементі ретінде функцияның өзгеруіне оның сандық және сапалық жағдайының шаруаларына, табиғи шаруашылық мәнінің төмендеуіне әкеп соқтыратын процесстер жиынтығы.

Қосымша 1.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]