Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мониторинг.уч.пос.КАЗ.2011..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

8.2. Дистанциондық зондированиядан алынған құжаттар мен ақпараттарды ауыл шаруашылығында пайдалану

Еуропалық экономикалық одақ елдері қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын ең негізгі деп есептейді, яғни құрғатушылық мәселелеріне байланысты тақырыптар көп қозғалады.Оларға:

  1. жер жамылғысы мен жерді пайдалану

  2. өсімдіктердің тенденциялық өзгерісі және жағдайы

  3. биотоп мониторингі

  4. қалалық қоршаған орта

  5. мұнай өнімдері

  6. су басып кету және тағы басқалар.

Дистанциондық зоналаудың бөлек бағыттары ол аграрлық секторға арналған.Оларды жекелеп қарастырайық.Жерлерді дистанциондық зоналауда беретін мағлуматтар жерге орналастыру мен кадастры туралы беретін барлық ақпараттардың шешімі болып табылады..Бәрімізге белгілі жер кадастрындағы барлық мәліметтерді қамтамасыз етіп отыратын жүйе-бұл ГАЖ.ГАЖ-ң ең маңызды бөлшегі –ол мәлімет.Мәлімет қорын жасауда орындалатын жұмыстар мыналар:

-әртүрлі масштабтағы тақырыптық карталар жасау

-бедердің сандық моделін құру

-сандық мәлімет қорын қамтамасыз ету

Жерлердің дистанциондық зоналаудың әдістерін пайдалану кадастрлық есептеулермен жер ресурстарын есептеуде де көп пайдаланылады, сондай-ақ ауылдық және қалалық жерлерде де қолданылады.Оның ішінде:

  1. жерге орналастыру жобалары үшін әртүрлі масштабтағы тақырыптық карталармен пландар жасау

  2. топырақ картасы және елді мекен пункттері туралы карталарды құру

  3. жерлерді түгендеу

  4. әртүрлі табиғат апаттарынан кейінгі жердің шығындары мен зардаптары туралы есептеу мониторингі

  5. егіншілікті болжау.

SPOT IMAGE корпорациясы ауыл шаруащылығындағы егістіктер және заманға сай етіп ауыл шаруашылығын жүргізу әдістері туралы бағдарлама жасалды.Мұнда интернет арқылы дистанциондық зоналаудың мәліметтерін алудың мүмкіндігі қарастырылды.

Ауыл шаруашылығындағы жерлерінде жүргізілетін мәдени өсімдіктердің өнімділігін және жағдайын бақылауда жерлерді дистанциондық зоналау мәліметтерін толық алуға болады. «Жерлерді дұрыс бөлу» термині ауыл шаруашылық менеджментінің ауыл шаруашылық жоғарғы технологиялық кешені болып табылады, мұнда пайдаланылатын технологиялар GPS, егіншілікті бақылау технологиясы, жерлерді дистанциондық зоналау технологиясы.жерлерді дұрыс бөлудегі негізгі компонеттер мыналар:

-жалпы ақпараттандыру жүйесімен орындалған бақылаулардың жүйесі-бұған GPS және ауыл шаруашылық машиналарымен механизмдерін компьютермен басқару құралдары жатады

-ГАЖ мәліметтерін пайдалану

-қоршаған орта жағдайын агро-тәжірибелік бағалау жүйесі

-агрономиялық және экологиялық тиімділікті белгілі бір технологиямен бағалау жүйесі.

Жерлерді дистанциондық зоналауда жерлерді бөлу пункттері бірнешеу.Біріншісінде, жерлерді дистанциондық зоналауда белгілі бір аймақтағы өсімдіктерді жинақтайды және жаңартады.Ондағы өсімдіктерге әсер етуші факторларды анықтайды.Екіншісінде, өсімдіктердің биофизикалық параметрлері мен өсімдіктер жамылғысының спектрлік әдістерін және оларға сыртқы әсер ететін агротехнологиялық факторларды қарастырады.Үшіншісінде, кейбір өсімдіктер жамылғысының биофизикалық параметрін (биомасса, жамылғыны жобалау, индекс) немесе радиоциондық парамертлер тәртібін сондай-ақ олардың өнімділігін анықтайды.

Дистанционды зоналау экономикалық тиімді.Өйткені спутникті ақпаратты пайдалану кезінде экономикалық шығынның суммасы және зиянның алдын-алуға кеткен шығындар 10-150 есе азаяды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]