Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shet_elderdegi_memleketti_bas_1179_aru11.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.32 Кб
Скачать

1.3 Мемлекеттің басқару нысаны түрлері және мемлекет қызметінің принциптері

Мемлекеттің белгілері және оның түсінігі - мемлекеттің қоғамнан және басқа да қоғамдық ұйымдардан айырмасын білуге көмектесетін, өзіне тән белгілері болады.

Біріншіден, мемлекеттің тұтас аумағы болады, онда сол елдің өз халқы тұрады және оған сол мемлекеттің саяси өктемдігі жүреді. Сол аумақта өмір сүретін адамдар конституциялық құқықтары мен міндеттіктерін пайдаланып сол мемлекеттің азаматтарына айналады. Қандай мемлекет болмасын өзінің аумағын сыртқы басқыншылықтан қорғау үшін көп жағдайларды ұйымдастырады және шешеді.

Екіншіден, мемлекеттің қоғамды, оның қызметін өз жөнінде басқаруға құрылған, ерекше аппараты бар, саяси (өкіметі) билігі болады. Демократиялық қоғамда өкімет халықпен бірге болады, себебі ол мемлекеттің аппаратын құрғанда тікелей қатынасып,  бөліктерінің қызметіне бақылау жүргізеді. Өзіне жүктелген қызметті орындау үшін, саяси өкімет, заңдар қабылдайды және басқа да бәріне бірдей шешімдер шығарады.

Үшіншіден, тек мемлекет ғана өзін тәуелсіз билік иесі екендігін көрсетеді. Мемлекеттік өкімет - жоғарғы, туелсіз және бөлінбейді. Оның жоғарғылығы және тәуелсіздігі өзінен басқа, мысалы партияларға не болмаса басқа да ұйымдарға бөлінбейді, себебі мемлекет өзінің өкімет билігін ешқандай басқа ұйымдармен бөліспейді. Мемлекеттің тәуелсіздігі халықтың тәуелсіздігіне қарсы қойылмаған[8, 561 б.].

Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша тек халық ғана өкіметті және тәуелсіздікті ұстайды. Халық референдум арқылы мемлекеттік және қоғамдық, маңызды мәселелерді шешуге құқығы бар. Мемлекеттің тәуелсіздігіне оның әртүрлі, қандай болса да өкіметтен тәуелсіздігі, ішкі және сыртқы проблемаларын шешу мүмкіндігіне ие болғандығы.

Төртіншіден, мемлекеттің өзі ғана, бөрін тегіс қамтитын ұйым. Ол барлық халыкты біріктіреді және оның атынан шығады. Оның шешімінің, барлық азаматтарға және олардың ұйымдарына міндеттілік маңызы бар.

Бесіншіден, тек мемлекет қана, өлеуметтік қажеттіліікке, отан Қорғауға, мемлекеттік аппаратты ұстауға, өз азаматтарынан және барлық ұйымдардан алым-салық жинайды.

Мемлекет — тәуелсіз биліктің саяси ұйымы, өзінің пайдалы қызметтері арқылы қоғалшың алдында тұрған шешуші мәселелерді іске асырады.

Мемлекет — саяси биліктің ұйымы, нақтылы мүдделерді (таптық, жалпыадамдық, діни, ұлттық т.с.с.) айырықша іске асыруға белгілі аумақ көлемінде ықпал етуші.

Мемлекетті рулық құрлыстың әлеуметтік билігінен айырып қарауға көмектесетін, - оның мынандай белгілері:

1. Көпшілік биліктің болуы, қоғамнан бөлініп алынған және елдің тұрғындарына сай келмейді (мемлекеттің міндетті түрде басқару және мәжбүрлеу аппараты болады, себебі көпшілік билік — шеңеуліктер, әскер, полиция, соған қоса абақты және басқа мекемелер).

2. Алым-салық жүйесі (мемлекеттік аппаратты және заттар өндірмей, тек басқару жұмысымен шұғылданатын адамдарды асырауға қажет).

3. Тұрғындарды аумақтарға бөлу (мемлекет өз аумағанда тұратын тұрғындарды, өзінің билігімен біріктіріп, қорғайды).

4. Тәуелсіздік (мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік).

5.Құқық (мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі ол мемлекеттік билікті заң жүзінде бекітеді және соған байланысты оны басқаларға мойындатады (легитимді жасап) заңды қалпын және мемлекеттің қызметінің нысанын белгілейді[9, 122 б.].

Мемлекеттің басқару формалары — біртұтас қоғамдық-экономикалық мемлекеттеріне тән, маңызды белгілердің жиынтығы.

Бір жағынан, әртүрлі формадағы мемлекеттер көптеген нысандармен қоршалады, қалыптағы тарихи бір кейіпте, әртүрлі нысандағы мемлекеттер кездеседі. Құл иелену кейпі, монархиямен ертедегі шығыс деспотиясы - Египет, Вавилон, Ассирия, Қытай, Индия, ертедегі империя) сипатталса, республика кейпіне - республикалар (аристократиялық, демократиялық, мысалы Афин мемлекеті) сай келеді. «Феодальдық» кейіпке - монархиялар (ерте феодальдық, феодальдық бөліну кезіндегі монархия, абсолюттікі монархия), буржуазиялық кейіпке - демократиялық республикалар (парламенттік, президенттік, аралас) және конституциялық (шектелген) монархиялар, социалистік кейіпке - Париж Коммунасы, Кеңес республикасы және халықтық демократия республикалары.

Екіншіжағынан, белгілі тарихи кейіптегі мемлекеттердің кейбір нысандары тек солардың өзіне тән болды. Мысалы, сословиялық - өкілетті монархия, тек феодальдық мемлекеттің белгілі дамуы кезеңіне жатады, ал парламенттік монархия және демократиялық республика тек буржуазиялық кейіптегі мемлекеттерге тән.

Ғылыми терминологияда, құқық салаларында және кейбір нормаларда әдіс деген ұғым кең мағынада қолданылады. Мемлекеттік басқару қызметінде де ол кеңінен қолданыс тапқан. Әкімшілік құқықтық реттеу саласында, ең бірінші кезекте мемлекеттік басқару саласында, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер қатынасында әдістің маңызын анықтау басты мәселеге жатады. Әкімшілік құқық субъектілерінің қызмет: әлеуметтік ортада жүргізіледі және құқықтық, нормаларда; көрсетілген өздерінің мазмұнына қарай әлеумепік сипатқа ие болады. (Қандай болмасын әлеуметтік қызметте әрбір қатысушы өзінің еркін келесі қатысушыға білдіреді. Сондықтан әкімшілік құқықтың субъектілерінің қызметі туралы айтқандықтан, бұл жердс олар тарапынан әлеуметтік қуқықтық қатынастың басқа қатысушыларына өздерінің еркін білдіруін айтамыз. Бұл жағдайда әдіс әкімшілік құқықтың субьектілерінің арасын байланыстыратын кұралға айналады.

Бірақ әдіс әкімшілік құқықтың субъектілерінің еркін басқа қатысушыларға білдіру десек ол жалпы ережеге сәйкес келетін еді, ал әдіс қатысушылардың еркін ғана білдіріп қоймайды, сонымен қатар сол ерік білдірудің сипатына жатады. Демек, әкімшілік қүқық субъектілерінің әдісі дегенімізге қызметке қатысушылырдың біреуінің екіншісіне езінің еркін білдіру сипаты жатады, мысалы, құқықтық қатынасқа түсушілердің біреуі екіншісіне кеңестерін, ақылдарын береді, бұл жерде сендіру әдісін көреміз.

Азаматқа санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бүзғаны үшін айыппұл салынады, ал бұл жерде, әрине, мәжбүрлеу әдісін айтамыз.

Әкімшілік қүқық субъектілері қызметінің әдістерінің түрлері.

Адамзаттың қызметінде, соның ішінде қүқықпен реттелетін салада ерік білдіру сипатына қарай әр түрлі жөне көп болуы мүмкін. Сол себепті мемлекетгік басқару саласында органдармен тұлғалардың ара қатынасының әдісі де әр түрлі. Әкімшілік құқық, субьектілерінің басқа катысушылармен қарым-қатынастарының ішінде ең көп тарағап әдістеріне мыналар жатады:

а) сендіру жәнс мәжбүрлеу, қызметің барлық түріне тән болатын әдіс, яғни мемлекетгік салада жөне қоғамдық ұйымдарда, тіпті қандай болмасын ұйымдарда және лауазымды тұлғаларда қолданады;

б) алқалық және дара басшылық әдістері тікелсй үйымдастырушылық сипаттағы көрініс табатын алқалық органдар (мысалы, мемлексттік статистикалық комите), министрліктер мен ведмоствалардағы алқалы ұйымдар. Дара басшылық ұйымдастырушылық нысанға жатады, мысалы, министр. кәсіпорын төрағасы, т.б.

      Бұл аталғандардан басқа масштабы жағынан кемдеу ынталандыру әдістері(материалдық және моральдық), экономикалық одістер және т.б. жатады. Әкімшілік құқық субьектілерінің әдістері заңдылық сипатына байланысты нысан сияқты қүқықтық жене қүқықтық емес деп екіге бөлінеді. Біріншісін қолдану барысында құқықтық нөтиже туғызады. Мысалы, екімшілік жауапксршілікке тарту, екіншілері Құқықтық нәтиже тутызбайды, мысалы,. қаулыны түсіндіру, Шешімді қабылдауға дайындық. Күнделікті өмірде қүқықтық және қуқықтық емес әдістердің дұрыс үйлесуінің маңызы. Жалпы айтар болсақ мемлекеттiң сыртқы нысаны мен iшкi мазмұнының диалектикалық бiрлiгi болады. Мемлекеттiң басқару нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрiнде өмiр сүредi. Ал шығыс мемлекеттер көбiне монархия болатыны жақсы мәлiм. Қытай, Үндiстан, Египет (Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерiнiң философтары Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттiң нысанына көп көңiл бөлген. Мемлекеттiң мазмұны оның нысанынан бөлiнбейдi, олар бiр-бiрiмен тығыз байланыста дамиды.

      Тәуелсiз Қазақстанның тарихында екi Конституцияның орын алғаны белгiлi, яғни , 1993 жылғы Конституциясының орнына 1995 жылы жаңа Конституция қабылданған болатын. Осы соңғы Конституция мемлекеттiң нысанын өзгертiп, Қазақстанда президенттiк республиканың саяси жүйесi құрылды.

      Мемлекеттiң тарихи даму процесiнде оның нысанына бiрнеше жағдайлар әсер етедi. Бiрiншi жағдайда географиялық, климат, тарихи факторлар әсер еттi деп айтуға болады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңiзге, мұхитқа шықса, бұл екi жағдайда екi мемлекеттiң нысаны екi түрлi болады. Аралда орналасқан мемлекеттердiң континенттiк мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдерi күштiлеу екенi байқалады. Шығыс мемлекеттерде бiрiншi iрi цивилизациялардың дамуы ұлы өзен-дермен байланысты болды: Қытайда - Хуанхэ, Египетте — Нiл, Вавилонда — Тигр және Евфрат, Їндiстанда — Ганг. Шығыс мемлекеттерде — монархия, Еуропада — шектелген монархия немесе республика кұрылған. Ежелгi демократиялық республикалар Жер орта теңiзiнiң жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгiлi. Қазақстанның географиялық жағдайы, екi - Ресей және Қытай сияқты iрi мемлекеттермен көршiлес болуы, теңiзге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттiң дамуына едәуiр нұқсан келтiрiп отыр.

      Мемлекеттiң құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерiн тигiзедi. Ежелгi - феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейiн сақталып келдi (Ману заңдарында, Салистiк жинағында - Салическая правда), Орыс мемлекетiнiң жинағында - Русская правда). Кейiн алғашқы қоғамның ыдырау процесiнде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттiң нысаны қатты өзгередi. Мысалы, Їндiстанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әдiлеттi болуы, жеке меншiктi бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын жөне олардың айтқан ақылдарын тыңдауы мiндеттi болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдiң феодалдық мемлекетiнде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдерi көпке дейiн сақталып келдi. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленiскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезiнде көбiне мемлекеттi басқару бiр адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттiң экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдiстер жақсы қолданатыны мәлiм (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).

      Мемлекеттiң құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерiн тигiзедi. Ресей, Їндiстан, Америка, Мексика мемлекеттерi көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттiк құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бiр ұлттық мемлекеттер, бiрақ бiреулерi тұтас мемлекет, екiншiлерi, мысалы, Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшiн Гер-манияның мемлекеттiк процесiн және тарихын жақсы бiлiу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшiн күресi Пруссияның жеңiсiмен аяқталды. Бiрақ феодализм кезеңiнен Гер-манияның капитализмге көшкенiмен, буржуазиялық мемлекеттiң қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазiр де немiстер бiрнеше тәуелдi мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия — олар федерацияға жатады1.

      Қазақстан жерiнде көне дәуiрден қазақтың арғы атасы -түрiктер, бергi атасы - қыпшақтар өмiр сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзiнiң тәуелсiз мемлекетi болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазiргi Конституциясы бiртұтас, бөлiнбейтiн мемлекет болып жарияланды.

      Мемлекеттiң нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердiң арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күштi адамдардың iстерi де әсер етедi. Отарлық мемлекеттердiң басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерiнiң нысаны үлгi болатыны мәлiм. Дамыған елдердiң саяси-мемлекеттiк құрылысы, олардың демократиялық iс-әрекеттерi дамушы елдерге көп әсер етуi объективтiк процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкiл Еуропа континентiне, Жапония және Скандинавия мемлекеттерiне өзiнiң шектелген конституциялық монархиясын үлгi ретiнде сыйлағаны белгiлi. Ал АҚШ өзiнiң көршi мемлекеттерiне және посттотали-тарлық мемлекеттерге президенттiк республикасының әсерiн тигiздi. Франциядағы Де Голль құрған парламенттiк республика да кейбiр мемлекеттерге әсерiн тигiздi.

      Республиканың мемлекеттiк құрылысына саяси күштi адамдардың қызметi және жүргiзген саясаты әсерiн тигiзедi: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бiрiншi, Ататүрiк және бас-қаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннiң саясаты бiр континенттiң мемлекеттерiне 70 жылдан аса уақытқа үлгi болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерiнiң тарихына ықпал жасағаны мәлiм.

      Мемлекеттiң дамуына дiни факторлары да әсерiн тигiзедi. Мұсылман, католик, христиан, буддистiк мемлекеттердiң өздерiне тән нышандары бар. Сонымен, мемлекеттiң сыртқы формасын анықтау үшiн көп фактiлердi терең зерттеу керек.

      Оқу әдебиетiнде мемлекеттiң нысаны көбiне үшке бөлiнедi — басқару нысаны, мемлекеттiң құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негiзiнде, мемлекеттiң нысаны тарихи кезеңмен және әрбiр мемлекеттiң ерекшелiктерiмен байланысты екенi мәлiм. Сондықтан мемлекеттiң әрбiр нысанының көп варианттары бар. Мемлекеттердiң дамыған кезiнде осы үш элементтерiнiң бiреуi бiрiншi орынға шығады. Қазiргi Ресейде мемлекеттiң екiншi элементi - Ресей федерациясының негiзгi принциптерiн сақтау үшiн Шешен республикасымен соғыс әдiсiн қолданғаны белгiлi. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету, негiзгi принциптерiн сақтау үшiн iстелген саясат. Бұл мемлекеттiң құрылым нысанын бiрiншi орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстiк пен Оңтүстiктiң арасындағы соғыс кезiнде федерацияны сақтау мақсаты мемлекеттiң негiзгi нысаны болды. Фашистiк режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимi бiрiншi орынға шығады. Бейбiтшiлiк кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттiң сыртқы жағдайын белгiлейдi2.

      Мемлекеттiң басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергiлiктi органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап бередi. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екi түрге бөлiнедi.

      Монархия жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады және бұл билiк мұрагерлiкпен берiледi. Монархияның белгiсi: мемлекеттi басқаратын адамның билiгi оған әкесiнiң немесе басқа туысқан-дарының қолынан көшуi, тиюi. Сондықтан оның билiгi — мұралық билiк. Тақтың көшуiнiң екi әдiсi бар: шығыс және кейбiр Еуропа мемлекеттерiнде тақ тек ер адамдарға берiледi. Ал көпшiлiк Еуропа мемлекеттерiнде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да берiле бередi (Ресей, Дания, Англия). Монархияның озбырлық жолмен де көшуi мүмкiн; Наполеон, Каролингтердiң тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттiк төңкерiс ұқсас даңқты революциясынан кейiн заңды патшаның қолынан билiктi алғаны белгiлi.

      Монархияның көшуiнiң үшiншi түрi бар, монарх бiрнеше ақсүйектердiң тұқымдарынан сайланды (Малайзия). Тарихта екi монарх болған мемлекеттiк басқару формасы да кездескен (Спарта). Тоталитарлық жүйеде Коммунистiк партияның басшысының билiгi монархтың билiнiнен де күштi болды. Сонымен, монархтың билiгi көбiне мұрагерлiк билiкке жатады, ол өзiнiң қызметiне құдайдан басқа ешкiмнiң алдында жауапты емес, ол мемлекеттiң басшысы, құқықтың қайнар көзi, оның атынан сот, мемлекеттiң атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскердi басқарады, мемлекеттiң атынан шарт құрады. Монархтың бiрнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау, мемлекеттiң мiндетi. Мысалы, Англияның королiне 1660 жылдан бастап цивилдiк қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беретiн болды. Корольдердiң сарайлары киiмдерi, әскерлерi мемлекеттiң мiндетiнде болды. Корольдi асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан басын тартқысы келмейдi. Қазiргi Англияның королi — Елизаветаның мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте күштi болмады, екi баласы және қызы некесiн бұзып ажырасып  кеттi3.

      Монархия екiге бөлiнедi: шексiз және шектелген монархиялар. Шексiз монархия — монархтың билiгiн басқа мемлекеттiк орган шектемейдi, жоғарыда айтылған билiктiң бәрi соның қолында. Бiрақ шексiз монархияның да бiрнеше түрлерi бар. Ең бiрiншi шексiз монархия - Шығыс деспотиясы (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күдiгi экономикалық функциялары жиналған, ал бұл билiк осы айтқан мемлекеттердiң географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет мемлекетiнде номдардың бәрiн фараон бiрiктiрiп, Нiл өзенiнде суару жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметi өте күштi билiктiң кажет екенiн туғызды. Сондықтан, фараондардың билiктерi шексiз болатын: ол Ра кұдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида салады, ол экономикалық, қаржы, заң шығару, дiни, сот, әскери қызметтерiн басқарған. Тарихта кездескен шексiз монархияның екiншi түрлерi көне дәуiрдегi мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексiз монархия республиканың орнына келдi. Императордың да билiгi өте күштi, бiрақ оны күшейтетiн жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда шексiз монархия феодализмнiң соңғы кезiнде пайда болды. Ең күштi феодалдық шексiз монархияларға Людовик Х1Ї, Петр Бiрiншi, Екатерина Екiншi, Елизавета Бiрiншi, Фридрих II, Эдемi Сулейман монархиялары жатады. Людовик Х1Ї мемлекеттi 55 жыл басқарды (1661-1715). Оның "мемлекет дегенмен" - сөз бүкiл Еуропаға мәлiм болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзi жұмсады, заңды өзi шығарды, парламенттi жинамай мемлекеттi, әскердi де сотты да өзi басқарды. Ол өмiр бойы көршi мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзi жүргiздi. Бiрақ феодализмнiң шексiз монархияларының мемлекетке iстеген жақсылықтары да көп едi. Қазiргi жаңа ғасырларда шексiз монархиялар өте сирек кездеседi (Бруней, Оман).

      Монархиялардың көбi шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда монарх билiгi басқа бiр органмен немесе заңмен шектеледi. Шектелген монархия шығыс мемлекеттерiнде кездеседi, мысалы, Їндiстан. Їндiстанның патшасы екiншi кастаға жататын — критерилерге, ол брахмандардың айтқан ақылдарын және олар құрған Кеңесiн сыйлауға тиiстi. Патша брахмандардың жеке меншiгiне тисуге құқығы жоқ, оларды өлiм жазасына кесе алмайды, заң шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесi қатыспаса атқара алмайды.

      Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерiнде сословиелiк-өкiлдiк монархиялар пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шiркеу қызметкерлерi, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда - буржуазия. Осы сословиелер өздерiнiң мүдделерiн қорғайтын сословиелiк органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келiсiмiн беретiн, одан кейiн қызметiн күшейтiп, заң шығару ұсынысты қолына алды, кейiн заң шығару билiгiн өзiне қаратты. Жапония мемлекетiнде импе-ратордың билiгiн сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма "сегунат" деп аталды.

Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екi түрi бар: дуалистiк және парламенттiк монархия. Дуалистiк монархияда мемлекетаттi басқарған екi топтың күшi тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейiн, оның бiрiншi кезеңiнде бұрынғы корольдер билiктерiнiң жартысынан айырылды, оған бiрiншiден заң шығару билiгi жатады. Мысалы, Франция мемлекетiнде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң шығару билiгiн жоғалтты, ол Їлттық жиналыстың қолына көштi. Бiрақ оның қолында қалған билiгi әлi күштi едi: ол әскердi өзi басқарды, осыны пайдаланып өзiнiң халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерiн, министрлердi және атқару билiктi өзiне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентi таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттiк билiк екiге бөлiндi: парламент буржуазияның мүдделерiн қорғады, ал король феодалдардың. Бiрақ тарихи процесс объективтiк түрiнде парламенттi жеңiске жеткiздi де, дуалистiк монархия парламенттiк монархияға айналды4. Парламенттiк монархия бiрiншi Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейiн Құқық туралы Билль деген (1689ж.) конституциялық занда осы мемлекеттiк басқару нысаны пайда болды. Қазiр Еуропа мемлекеттерiнiң көбi осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттiң басшысы. Ол парламенттiң келiсiмiнсiз көп мәселелердi шеше алмайды. Парламенттiң төменгi палатасына көп орын алған саяси партия өзiнiң өкiметiн құрады. Сол партияның басшысы Премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетiн өзi кұрастырады, король оған тек келiсiм бередi. Кабинет королдiң алдында емес, парламенттiң алдында жауапты. 1997 жылы Англияда консервативтiк партия сайлауда лейборис-терден жеңiлiп, 18 жыл Англияны басқарғаннан кейiн оппозицияға кеттi. Парламент корольдiң мұқтажына керек ақшаны бөледi, оның жеке өмiрiне де қатысады. Бiрақ көп мемлекеттер монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескiлiк немесе керек емес мемлекеттiң элементi деп санамайды. Монарх — мемлекеттiң көркi, тұрақтылығы, сәнi, ертеден келе жатқан әдет ғұрыптары. Сон-дықтан, кейбiр мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлiм (Испания 1975, Англия). Қазiргi Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерiнiң патша тұқым-дары тiрi, халықтың арасында монархияны қалпына келтiру деген пiкiрдi бiлдiрген адамдар және саяси партиялар да бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрi және тұрақты саяси режимiнiң кепiлдiгi болып көрiнедi. Монархтын, өмiрiн реттейтiн әдет-ғұрыптардың көбiн халық жақсы көредi: парламенттiң бiрiншi сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонактарды қарсы алу, мемлекеттiң атынан мерекелерiмен құтықтау, монарх сараиларының өмiрiн реттейтiн әдеттер5. Мемлекеттің басқарунысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екі түрге бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]