Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shet_elderdegi_memleketti_bas_1179_aru11.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.32 Кб
Скачать

Қорытынды

      Сонымен қорыта айтар болсақ мемлекеттік басқарудың нысаны дегеніміз атқару органдарының (лауазымды адамның) өз құзіреті шегінде және белгілі бір нәтиже сыртқы көрінісі бар әрекетін айтамыз. Егер басқару нәтижесінің заңдылық сипаты бар болса немесе белгілі заңлық маңызы бар болса, онда оларды әкімшілік қүқықтық деп біріктіріп дәрежелеуге болады. Бірақ атқару органдарысубьектілерінің әрекеттері өздерінің сипаты мен мақсаттары) байланысты әр түрлі. Бұдан біз олардың сыртқы көрінісінің әртүрлі екенін көреміз.

      Басқару нысандары мынадай екі топқа бөлінеді:

а) атқару билігін жүзеге асырудың нысаны;

ә) ішкі ұйымастыру жұмыстарының нысаны. Атқару билігін жүзеге асыру арқылы атқару органдары заңдылық биліктік өкілеттіктіктің сыртқы көрінісін қамтиды, Демек, сыртқы заңдылық әсер ол басқару нысанының бір белгісіне жатады.

      Басқару нысандары (басқару қызметі) әр түрлі бұдан біз оларды жіктеу мүмкіндігінің бар екенін көреміз, бірақ ол үшін әртүрлі крйтерилерді пайдалануға болады. Јкімшілік құқықтың субъектілері өздерінің құзіреті шегінде әрекет ету кезінде әр түрлі құралдарды пайдаланады, соның ішінде

техникалық (мысалы, компьютерлерді), экономикалық, (материалдық ынталандыру), ұйымдастырушылық (мамандар ісі, органның құрылысын құру), моральдық (мадақтаудың моральдық шаралары), эстетикалық (дизайн), психологиялык, (еңбек ұжымындағы ынта), құқықтық құралдар (қаулылар, бұйрықтар және басқалары). Аталған көптеген шаралар мен құралдарды қолданудың белгілі бір тәртібі болады, яғни олар белгілі бір нысандар мен әдістерді сақтап қолданылады.

    Мемлекеттiң басқару нысандары мемлекет үшiн аса маңызды мәселе болып табылады. Мемлекеттi басқару нысандары сол мемлекеттiң Ата заңына, яғни Конституциясына негiзделуi тиiс. Егер мемлекеттi басқарудың *нысандары демократиялық принциптерге негiзделсе, осы елдiң азаматтары мемлекеттi басқаруға тiкелей немесе жанама түрде ат салысуға мүмкiндiк алады.

      Қазақстан Республикасында мемлекеттi басқару Президенттiк Республика нысанында көрiнiс тапқан. Әрине, бұл мәселенiң тиiмдi жақтары өте көп. Себебi, Қазақстан Республикасының Президентi елiмiздегi билiк көздерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiне жағдай жасап, Конституциялық құрылымның сақталуына кепiлдiк бередi.

      Мемлекеттi басқару нысандары Парламенттiк Республика нысанында болса, демократия үрдiстерi әлi қалыптасып болмаған, бiздiң мемлекеттiң жағдайында көп проблемалар тудыруы мүмкiн едi деп ойлаймын.

      Сонымен, мен өзiмнiң курстық жұмысымды қортындылай келiп, мемлекеттi басқару нысандарының аса маңызды роль атқаратындығына көз жеткiздiм.

      Қазiргi кезде өзiнiң даму денгейi тым төмен мемлекеттердiң мемлекеттiк басқару нысандары өзгермейiнше олар экономикалық, саяси жетiстiктерге жетуi мүмкiн емес деп айтуға толық негiз бар дер едiм.

      Мiне осы тұрғыдан алып қарағанда, бiздер мемлекеттi басқару нысандарының маңызды роль атқаратындығына көз жеткiземiз. Мемлекеттi басқарудың нысандары кез келген қоғам үшiн маңызды болып табылады, ол теориялық тұрғыдан да, тәжiрибелiк тұрғыдан да жақсы дәлелденгендiгiне осы жұмыстың барысында көз жеткiздiм.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.

2. Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық» туралы кодекс 30 қаңтар 2001 жыл

3. Сейдеш Б.Б. Әкiмшiлiк құқық пәнi бойынша дәрiстер. – Алматы: Дәнекер, 2004.

4. Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан, «Жеті Жарғы»

5. Бахрах Д. Н. Административное право. Москва, 1999

6. Мемлекет және құқық негiздерi. Оқулық. / Қраст. Е. Баянов.-Алмат; Жетi жарғы.

7. Конституция Республики Казахстан. Комментарий. Под. ред. Г. Сапаргалиева.- Алматы: Жеты жаргы. 1998 .

8. Сагиндыкова А. Н. Конституционное право Республики Казахстан: Курс лекций.- Алматы: Бiлiм. 1999 г.

9. Жоламан Қ.Д., А.Қ. Мұхтарова., А.Н. Тәуекелев. Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы. 1999.

10. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. –Алматы: «HAS» баспа компаниясы. 2003.

11. Теория и государства: Учебник/Под ред. В.К. Бабаева. –М.; Юрист. 1999.

12. Теория государства и права: Учебник.-М.: Юрист. 2000.

13. Теория государства и права: Учебник.Курс лекций /Под ред. Н.И. Матузова и А. В. Малько М.: Юрист.1997.

14. Хропанюк В.Н. Теория государства и права. Учебное пособие для высших учебных заведений /Под.ред. проф. Стрекозова В.Г. –М.1997.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]