
- •I. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
- •Жұмыссыздықтың теориялары ( Дж. Кейнс, к. Маркс)
- •1.2. Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері
- •2. Жұмыссыздық жағдайындағы қоғамның бейімделуін жақсарту шаралары
- •3. Бөлім. Жұмыссыздықтың әлеуметтік жағдайлары
- •3.1. Жұмыссыздық деңгейін бағалау
- •3.2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік - экономикалық зардабы
2. Жұмыссыздық жағдайындағы қоғамның бейімделуін жақсарту шаралары
Елбасы өз Жолдауында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын баяндады. Жолдауда айтылғандай, біздің басты мақсат біздің азаматтардың әлеуметтік қауіпсіздігі мен игілігі. Бұл қоғамдағы тұрақтылықтың үздік кепілі. Біздің қоғамда уақыт талабына сай келетін тиімді әлеуметтік саясатты жаңғыртуға сұраныс көбеюде.
Біріншіден, мемлекетіміз әсіресе, жаһандық дағдарыс жағдайында азаматтарға ең төменгі әлеуметтікстандарттарға кепілдік беруі тиіс. Басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу. Кедейлік бірде бір қазақстандық үшін әлеуметтік келешек болмауы керек.
Екіншіден, мемлекет мұқтаж топтарға әлеуметтік қолдау көрсетуі тиіс.
Үшіншіден, өңірлерді дамытуда әлеуметтік теңгерімсіздік мәселелерін шешуде күш-жігерімізді шоғырландыруымыз қажет.
Төртіншіден, біз жұмыспен қамту және еңбек төлемі саясатын жаңғыртуға тиіспіз.
Әлемдік тұрақсыздықтың басты қаупі – жұмыссыздықтың өсуі. Нақтылы жұмыспен қамту елімізде іске асырылатын олардың қандай да бөлігі емес, мемлекеттік те, салалық та, барлық бағдарламаларды қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар Елбасы Үкімет пен әкімдерге 2013 жылы бұрын қабылданған бағдарламаларды барлығын кәсіпкерлікті дамыту мен бизнесті қолдауға кіріктіруді, жұмыссыздар мен табысы төмен адамдар көрсеткішінің жоғарғы пайызы байқалатын аудандарға бюджеттік қаражат бөлудің механизімін жасауды тапсырды.
Әлеуметтік саладағы қойылған тапсырмаларды іске асыру шеңберінде келесі азаматтар үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады:
- өмірдің қиын жағдайлары болған кезде қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде, психоневрологиялық потологиялары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде және белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығында тегін болу түрінде әлеуметтік көмек беріледі (МӘМ-де арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандартының 7 түрі: әлеуметтік-психологиялық, медициналық, тұрмыстық, еңбектік, заңгерлік және т.б. енгізілген).
- мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (әлеуметтік көмек пен қызметтің 16 түрі, олар: зейнеткерлерге, барлық топтағы мүгедектерге, көп балалы отбасыларға (62 мың адамды қамту) қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүру); мерекелік күндерге біржолғы төлемдер және тағы басқалар.
- аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын төлеу (2013 жылы табыстары ең төмен күнкөріс деңгейінің көлемінен 1,6% халықтың үлесін, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын 6%-ға төмендету жоспарлануда);
Бүгінде атаулы әлеуметтік көмек, БМЖ, ТЖ алушылар саны төмендеп келеді. Бұл нәтижеге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарына т.б. және аудандық әкімдіктер жанындағы жұмыс топтарының белсенді жұмысының, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларын қолдану арқасында қол жеткізілді.
Осыған қарамастан, алдағы уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендету және Астана қаласы тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында 2013 жылға мыналарды жоспарлап отырмыз:
- энергетика, көлік және құрылыс салаларының жұмыс берушілерімен кадрларды қайта даярлау бойынша одан әрі оларды жұмысқа орналастыру мәселесін шеше отырып, кәсіпорындардың базаларында өндірістік тәжірибеден өту жұмыстарын жүргізу. Бұл үшін жұмыс берушілер талап етілген мамандықтар бойынша кәсіпорындар үшін кадрларды даярлау бойынша оқу орындарымен шарттар жасасады.
- жоспарланған жұмыс орындарына тек жұмыс берушілерден өтінім қабылдағаннан кейін еңбек нарығында талап етілетін мамандықтарға жұмыссыз азаматтарды оқыту және қайта даярлау өткізу;
- жұмысшылар мен еңбек нарығында талап етілетін мамандардың оң беделін бұқаралық ақпарат құралдары (бейне-роликтер, банерлер, документальдық фильмдер, жәрмеңкелер және т.б.) арқылы жариялау;
- халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа тарту мақсатында жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша (мақтау, салық тәртібін оңайлату және т.б.) әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалаық үшжақты комиссияның жұмысын жандандыру;
- барлық меншік түріндегі жұмыс берушілермен уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмысқа қабылдау және ұжымдық шарттарды жасау жөніндегі жұмысты жандандыру.
Сонымен қатар бос орындар жәрмеңкесін, дөңгелек үстелдерді, шағын аукциондарды, бос лауазымдық орындарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту шеңберінде 2012 жылы 3 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, оның ішінде бірінші «Астаналық жас түлек-2012» жәрмеңкесі жастар мен оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға бағытталды. Жәрмеңкеге барлығы 10 мың жұмыссыз адам қатысты. Сондай-ақ мүгедектер мен жұмыссыз әйелдерді жұмысқа орналастыру бойынша 2 шағын жәрмеңке ұйымдастырылды.
Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал ететін төртінші жыл жұмыс атқаратын Астана қаласы әкімдігінің жанында жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыс тобының жұмысын атап өтуге болады.
Жұмыссыз азаматтарды анықтау мақсатында үйді аралау топтары құрылып, жұмыссызлдарды жұмысқа орналастыру бойынша іс-әрекет алгоритмі құрылды. Сауалнама, сұрау және т.б. жүргізу арқылы халықтың жұмыссыз азаматтарын анықтау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жұмыссыздық деңгейінің төмендетілген бір жағдайларының бірі www.job.astana.kz порталының құрылуы болып табылады.
.