- •I. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
- •Жұмыссыздықтың теориялары ( Дж. Кейнс, к. Маркс)
- •1.2. Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері
- •2. Жұмыссыздық жағдайындағы қоғамның бейімделуін жақсарту шаралары
- •3. Бөлім. Жұмыссыздықтың әлеуметтік жағдайлары
- •3.1. Жұмыссыздық деңгейін бағалау
- •3.2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік - экономикалық зардабы
1.2. Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері
Шетелдік мамандар жұмыссыздың себептерін талдай отырып, оның әртүрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай саналуан нысандары болады: жасырып, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық және т.б.
Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.
Фрикциондъщ жумыссыздық -еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жоқтығынның нәтижесінде болады.
Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кейбір
салаларында, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде қолданылғанда болады.
Құрылымдық жұмыссыздық өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай - ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.
Технологиялық немесе өшпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстыру нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсібін өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді қажет етеді.
АҚШ Конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізген зертеуінің мәліметі бойьшша қазір шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке жуық нысандары және олардың болуның ерекше себептері бар екен. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі. Біріншісіне жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын жұмыссыздықты (фрикциопдық, маусымдық, құрылымдықщ, технологиялық және басқа нысандары) жатқызады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарык қатынастарының калыптасу барысында жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады. 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап түұды. Осындай кәсіпорындардын 2 мыңнан астам жұмыскер еңбектен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді. Жұмыссыздықтың зардабын бәсендететін факторлардың бірі ғылыми - техникалық прогресс. ҒТП, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар түрғындарды жұмыспен камтуды көбейтеді. Жалпы, ғылыми техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағанда жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады.
Қандай да жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде жұмыссыз болу - тек қана жұмысты жоғалту ғана емес, сонымен бірге адам өзінің ар - намысын, абырой - беделін жоғалту деп те есептеледі.
Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен. Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіктеріне кері әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды. Осының бәрі еңбек тәртібінің шұғыл құлдырауына әкеліп соқтырды. Осының бәрі еңбек тәртібінің шұғыл кұлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді.
