
- •I. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
- •Жұмыссыздықтың теориялары ( Дж. Кейнс, к. Маркс)
- •1.2. Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері
- •2. Жұмыссыздық жағдайындағы қоғамның бейімделуін жақсарту шаралары
- •3. Бөлім. Жұмыссыздықтың әлеуметтік жағдайлары
- •3.1. Жұмыссыздық деңгейін бағалау
- •3.2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік - экономикалық зардабы
Кіріспе
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы құрылымдық даму стратегиясы бір - бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде колдап - дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру біріншіден, көптеген жүмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады; екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
Еңбек нарығының экономикадағы рөлін, яғни еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама -қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
I. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
Жұмыссыздықтың теориялары ( Дж. Кейнс, к. Маркс)
Жұмыссыздық экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелердің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын түрғындардың тым артып кетуінен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің геориясы жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясының қазіргі өкілдері - «монетаристер» - осы көзқарасты құптайды.
К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден - капиталдың қорлануымен, екіншіден, - техника прогресімен болатындығын айтады.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1934) жасаған. Ол 1798 жылы «Халық саны туралы заңның тәжірибесі» кітабын шығарған. Онда ол былай деп жазған: «Жер шарындағы тұрғындар теометриялық прогрессиямен өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі; яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалык прогрессиямен өседі: халық саны -1,2,4,8,16,32 ж.т.б.».
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу каркыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қортындыға келген: тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі кайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады.
Түрғындардың қарқынды өсуін Мальтус (әрбір 25 жылда екі есе өсуі) ХҮІІ-ші ғасырда АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген, бірақ ол
кезде АҚШ-да тұрғындар саны тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар легінің келуімен да өскенің ескермеді.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынының тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі Джон Бернал өзінің 1954 жылы шыққан «Қоғам тарихындағы ғылым» кітабында былай жазған: «Қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде ядролық энергия алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық негіз бар, себебі тамақ өндірісін ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді».
Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға сұранымның төлем қабілеттілітінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұрамының жеткіліксіздігінің ол адамдардың кор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың кор жинауға бейімділігін жоюы қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырған дүрыс.
Батыс мектебінің өкілдері ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жүмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық - жолдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің профессоры А. Пигу өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан «Жұмыссыздық теория» кітабында баяндады. Алайда ХХ-шы ғасырдың 30-жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала түсті.
Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс (1914 ж.) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ал «Филлипс қисығы» аталды (1 суретте көрсетілген).
Сурет 1. Филлипс қисығы
К. Маркс қорлану теориясын жасады. Осы теорияға сәйкес капиталдың қорлану процесінде, яғни қосымша құнының капиталға айналуында (қосымша ғимараттар, алып құрылыстар, машиналар, жабдықтар және өндіріс көлемін ұлғайту үшін қажетті қосымша жұмысшыларды сатып алу), капиталдың техникалық және құндық (органикалық) құрылымында өзгерістер болады. Бұның өзі қосымша құннын еңбек құрал - саймандарын көбірек алуға үлесі артады, ол қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді. Осының салдарын жұмыс күшіннің бір бөлігі артырақ болып, өндіріс саласынан ығыстырылып шығарады.
«... жұмысшы халық капитал қорларын өндіре отырып, - деп жазды К. Маркс, - құрал - жабдықтар өндіруді үдеуші мөлшерде көбейтеді, сөйтіп оны салыстырмалы артық адамдар етіп жасайды».
Егер капиталға материалдық - заттық түрінің көзқарасымен қарасақ, онда өндіріс құрал-жабдығы массасының оларды қозғалысқа келтіретінжұмысшылар санына қатынасы капиталдың техникалық кұрылымы деп аталады.Мысалы:
100 станок: 100 жұмысшы, немесе 100 станок / 100 жұмысшы
Капитал тек қана материалдық - заттық түрге ие болып
100станок = 800с 100 жүмысшы - 200 v, немесе 100 с / 100 ж - 800 с / 200 v
Капиталдың 800 с: 200 v (С:У) катынасы құндық құрылымы деп аталады. Капиталдың техникалық құрылымындағы өзгерістер капиталдың құндық кұрылмының, өзгеруіне алып барады. Капиталдың органикалық құрылымы - бұл капиталдың техникалык құрылымының құндық байқалуы. Қоғамдық өндірістің дамуына қарай капиталдың органикалық құрылымы барынша арта түседі яғни тұрақты капитал үлесі артады және өзгермелі капитал үлесі азаяды.
Өндірістің мануфактуралық кезеңі жағдайында капиталдың органикалык құрылымы 9с:1ү бастап 13с:ІҮ дейінгі аралығында тербеледі, сөйтіп жұмыс күшіне сұранымды салыстырмалы түрде төмендетуге алып барады. Соның салдарынан адамдардың көп бөлігі өз еңбегінің колдану саласын таба алмайды. Сөйтіп салыстырмалы адамдар артықшылығы пайда болып, олар резервті өнеркәсіп еңбек армиясын, жұмыс күші нарығын кұрайды.