Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы0 менеджмент3.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.25 Кб
Скачать

21.Оффшорлық аймақтар: ұғымы, классификациясы, белгiлері

Оффшорлық аймақ (ағылшынын тіл. off shore – жағалаудан тыс) – оның шегінде салықтық, кедендік, инвестициялық және басқа да жеңілдіктер қолданылатын оффшорлық мәртебесі бар ел және аумақ. Заңды тұлғалардың жұмыс iстеуiне салықтың, кедендiк және басқа жеңiлдiк беретiн елдер мен аймақтар. Оларда резидент еместер болып табылатын қожайындармен офшорлы компаниялар құрылып, жұмыс iстейдi. 

Оффшор (ағыл. offshore — «жағадан тыс», «шекарасыз») — салықтық жоспарлаудың ең ыңғайлы және танымал түрі. Бұл тәсілдің негізінде көптеген елдердің шетелдік азаматтарға тиеселі компанияларды аздап немесе толықтай салықтан босату заңнамалары жатыр.. «Оффшор» ұғымы алғашқы рет АҚШ-тың шығыс жағалауында ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында жергілікті үнжарияларда пайда болды. Онда үкімет бақылауынан географиялық таңдау арқылы қашқан қаржылық ұйым туралы әңгімеленген. Басқаша айтқанда компания АҚШ үкіметі жұмсақ салықтық саясаты бар территорияда бақылап, басқаруға ниетті болған ісін көшірді. Осылайша, «оффшор» ұғымы — заңнамалық емес, экономикалық-географиялық ұғым. FAFT-пен әріптестестік байланыста емес елдер кіретін оффшорлардың қара тізімі де бар. Бұл елдермен келісімшарттарды көп мемлекеттер аса үлкен бақылауда ұстайды. Оффшорлар - сөзсіз бизнес үшін ыңғайлы да қызықты мүмкіндік. Көптен бері қазақбизнесі де бұл құралды көптеген мәселелерін, әсіресе үлкен салық мәселесін, шешу үшін пайдалануда. Шынымен де - салықтың азаюы немесе мүлдем болмауы компанияның оффшорға тіркелуі үшін маңызды фактор болып табылады. Егер сіз әр-түрлі елдердің компанияларымен сауда байланысына негізделген бизнеспен айналысқыңыз келсе бизнесіңізді оффшор аймағына тіркегеніңіз абзал болуы әбден мүмкін. Бірақ оффшорға тіркелерде бизнесмендер тек салықты ғана ойламайды. Оффшор кейбір елдерде жоқ немесе енді ғана пайда бола бастаған мүмкіндіктерді ұсынады. Басқа еш жерде оффшордағыдай сауда-саттық жасамайтын болар – бұндағы мүмкіндіктер орасан.! Кез келген «жақсы» деген атаққа ұмтылған бизнесмен оффшормен жұмыс істеу, оффшорлық компания құра білу мүмкіндігін ұмытпауы тиіс. 

Оффшорлық аимақтар - қаржы операцияларын жүргізу үшін қолайлы аумақтар. 60-шы жылдары құрылған алғашқы о.а. дүниежүзілік экономикалық қоғамдастықта маңызды орын алды. Оффшорлық аймақтардың саны ұдайы көбейе түсуде. Оффшорлық аимақтар қызметінің негізгі өңірлері -  Кариб айдыны (Виргини аралдары,ПанамаБагам аралдарыКайман аралдарыБелизБарбадосАнтигуаБермуд) және Батыс Еуропа (КипрЛюксембургМальтаИрландияГибралтар, Нормандия аралдарының құрамындағы Джерси, Гернси аралдары).

Офшорлық аймақта:

  • Резидент емес тұлғаларды тіркеу үдерісі жеңілдетілген және тездетілген. (Мысалы, Панамада компанияның құрылтайшысын көрсету міндетті емес, жыл сайынғы қайта тіркеуде аз жинаулар төленіледі).

  • Резидент емес тұлғалар төмен ставкада табыс салықтар төлейді.

  • Офшорлық компаниялардың қызметінің құпиялылығы жария етілмейді және олар мемлекеттік валюталық бақылаудан босатылады.

ССССС

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]