
- •4.Бюджеттiк - салық салудың болжау әдістері
- •28. Еркiн экономикалық аймақтардағы салық менеджментiнiң ерекшелiгi
- •3.Корпоративті салық менеджментiнiң мәні және ерекшелiгi
- •14Корпоративтік салықтық менеджмент есебiнің мазмұны, мақсаты
- •15.Корпативті салық менеджментiнiң түрлерi
- •22.Кәсiпорындарда iшкi салықтық бақылауды ұйымдық реттеу
- •23.Қр салық жүйесінің қызмет ету мәселелері мен бағытының шешімдері
- •1.Мемлекеттiк салық менеджмент: ұғымы және мазмұны
- •2.Мемлекеттік салық саясатын жузеге асырудағы салықтық менеджментінің рөлі
- •5.Мемлекеттiк салықтық жоспарлаудың қағидаттары және оның жүзеге асыруының әдiстерi.
- •12Мемлекеттiк салықты бақылаудың: мақсаты, есебі, формасы
- •13Мемлекеттiк салықтық бақылауды жүзеге асыру әдiстерi
- •24.Мемлекеттiң бюджеттiк - салық стратегиясын өткiзудегі салық саясаты
- •29.Мемлекеттің салық саясатын жүргізуде салық механизмінің құрылымы мен рөлi
- •21.Оффшорлық аймақтар: ұғымы, классификациясы, белгiлері
- •6. Салықтық жоспарлау – салықтық басқарудың құраушысы ретінде
- •7.Салықтық жоспарлаудың процессiн ұйымдастыру
- •9. Салық жеңiлдiгi және оны реттеудің жолдары мен мәні
- •10. Салықтық реттеудiң жүзеге асыруының құралдары
- •16.Салықтық есеп-қисап бұл салықтық бақылауды өткiзудің негiзі
- •17.Салық төлемiлердi төмендету механизмдері
- •19.Салық міндеттемелерін экономикалық агенттермен орындауды қамтамасыз етуде салық органдарының есептері мен функциясы
- •25.Салықтық әкiмшiлiк ету: оның өткiзуiнiң мазмұны мен формасы
- •27.Салық есебiнiң экономикалық мән және қажеттiлiгi
- •30.Салық қатынасы жүйесінде салық тәуекелдерiн басқару
- •20.Халықаралық салықтық жоспарлаудың мәні
- •18.Iшкi салықтық жоспарлау: оны өткiзудің мәні мен ерекшелiгi
29.Мемлекеттің салық саясатын жүргізуде салық механизмінің құрылымы мен рөлi
Салық салуды ұйымдастыру салықтық қатынастар нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-әрекетінің тәсілдерін қамтитын салықтық механизмді құруға және оның жұмыс істеуіне саяды.
Мемлекеттік салық саясатының құрамына мемлекетте жинақталатын, қалыптасқан салықтардың түрлері, заңнамалық және нормативтік актілерді қабылдауды жүзеге асыру, салық төлеушілер, салық ставкалары, салық жеңілдіктері кіреді. Салықтарды қабылдау ретімен төлеу мерзімдері, салықтық құқық бұзушылыққа жауаптылық, бюджет жүйесі буындары арасындағы салықтардың бөлінуінің салық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік салық саясатын жүзеге асырудың тұрақтылығы мен нақтылығы салық механизмінің салықтық зандар жүйесі немесе салық кодексі сияқты ерекше элементтерден тұрады. Осы қатынастар мемлекеттің салықтық құқық қатынастарының халықпен және шаруашылық жүргізуші субъектілерімен негізделеді, сонымен бірге жергілікті атқарушы органдар салықтарды басқару және біртұтас салық механизмін орындау кезінде айқындалған құқығы мен құзыреті шегінде қызмет атқарады.
Мемлекеттің салықты орындау сферасында қалыптасқан қатынасты салықтық құқық реттейді. Салық салу жөнінде қабылданған нормативтік актілер, сонымен қатар салық кодексі, барлық қызмет көрсету сферасындағы заңды және жеке тұлғаларға біркелкі салық саясатын жүргізу. Салықтық механизмге салықтық қатынастарды ұйымдастыру түрлері, нысандары, тәсілдері жатады. Олардың сандық және сапалық қабілетіліктерін анықтайды. Жалпы ішкі өнім бөлігін салықтардың қалыптасуымен жиналған орталықтандырылған мемлекеттік қорын және салық салумен салықтарды жинау деңгейін жатқызуға болады.
Мемлекеттік салық саясаты қаржы құралдарын жинаудың формалары мен әдістерінің жиынтығы ретінде күрделі құбылыс, ол өз кезегінде салық механизмдері, яғни тетіктері арқылы жүзеге асады,олар: салық салу элементтері: субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Мұнда осы тетіктер арқылы бір жағынан экономика субъектілерінен біршама көлемді қаржы ресурстарын алу көрсетіледі, ал келесі жағынан олардың іскерлік қабілеттілігінің деңгейін түсірмеу де жолға қойылады.
Бұл порадокстың шешімі сапалы компромис негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Жоғары дамыған салықтық қатынастар жағдайында салық саясаты ұлттық табысты өндіріс құрылымын территориялық аумақтық экономикалық дамыту, тұрғындардың табыс деңгейін өзгерту мақсатында қайта бөлу үшін қолданылады.
Жалпы салық саясатының жүргізілу барысындағы негізгі мақсаты:
Мемлекеттің жалпы шаруашылығын реттеу үшін жағдай туғызу
Нарықтық қатынастар процесінде халық табысы деңгейіне қатысты теңсіздіктерді жою.
Мемлекеттік салық саясатының жүзеге асырылуына қажет салық механизмдеріне салық заңдылықтары арқылы заңды форма береді және оны реттейді, дәл осы салықтарды өндіріс қатынастарынан оқшау етіп көрсетеді.
Шынайы тәжірибенің призмасы арқылы қарастырылатын салық механизмі нақты уақыт пен кеңістікте әртүрлі. Бұл билік пен басқарудың әр деңгейіндегі әр мағыналы салықтық әрекеттер, сондай-ақ уақыт қатынасындағы маңызды айырмашылықтар.
Салық механизмі – іс жүзіндегі салықтық қызметтердің жинағы ретінде, салық заңдылықтары мен Ережелерін жүзеге асырудың шарттары мен Ережелерінің жиынтығы болып табылады.
Объективті негізге негізделмеген кез-келген салықтық шара ұдайы өндіріс процесін субъективистік араласу болып көрініс табады. Ол болса өз кезегінде деформацияға ұшыратады. Салық механизмі салық салудың негізгі салық заңдылықтарына сүйене отырып, салық қатынастарын реттеуге мүмкіндік береді.
Салық механизмі, бұл ұғымды ұйымдастыру экономикалық категория ретінде сәйкесінше қоғамда жасалған ұлттық байлықты жинақтау барысында қалыптасатын қайта бөлу қатынастарын басқарудың қажетті процесі ретінде түсіндіретін салық теориясының бір бөлігі болып табылады. Бұл процесте қалыптасатын қатынастардың барлық сферасын 3 ішкі жүйеге бөлуге болады:
салықтық жоспарлау;
салықтық реттеу;
салықтық бақылау.
ОООООО