Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы0 менеджмент3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.25 Кб
Скачать

13Мемлекеттiк салықтық бақылауды жүзеге асыру әдiстерi

Салықтық бақылау деп – салық заңдарын яғни Салық кодексі, заңдылық

нормативтік актілерді тағы басқа орындалуын қадағалау. Салық

бақылауын жүзеге асыру – іс жүзінде мемлекеттің қаржылық іс əрекетіне бағытталып, ақша қорларын құюға кететін жəне осы мемлекеттік қаржы

жүйесінің құрамына кіретін табыстарды жинау болып табылады.

Салықтық бақылау субъектілері салықтық тексеру жүргізуге айрықша

құқық берілген мемелекеттің салық органдары болып табылады.

Бақылауды жүргiзу уақытына қарай салықтық бақылаудың негiзгi үш

формасын белгiлейдi – алдын-ала, ағымдық жəне кейiнгi бақылау.

Олардың барлығы бiр-бiрiмен тығыз байланыста, бақылаудың үздiксiз

сипатына ие.

24.Мемлекеттiң бюджеттiк - салық стратегиясын өткiзудегі салық саясаты

Салық саясаты – бұл мемлекеттің салық саласында жүргізіліп отырған іс - шараларының жиынтығы. Мемлекет салық саясатын салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік - экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді. Салық саясатының мазмұны және мақсат міндеттері қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайына байланысты.

Салық саясатының негізгі міндеттері:

1. мемлекетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету

2. жалпы мемлекеттің экономикасын реттеуге жағдай жасау

3. нарықтық қатынастар даму процесі кезінде пайда болатын халықтың табыстарының деңгейінің арасындағы айырмашылықты азайту.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың өзін ақтамаған қағидатынан бас тарту болып табылады. Бұл еңбек белсенділігінің күшеюіндегі экономикалық ынталылықтың механизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік қорғалуды қамтамасыз етеді.

Салық саясатының негізгі құралы салық жүйесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының салық саясатының басты бағыттары:

  • азаматтарды қорғауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды орындау ( әлеуметтік, әскери, экономикалық, саяси);

  • өндірістің басты салаларын дамыту;

  • салық мөлшерлемесін көтеру арқылы емес, салық төлейтін жеке және заңды тұлғалардың санын көбейту арқылы бюджет табыстарын қалыптастыру.

Әр мемлекетте әрқашан да екі альтернативті, яғни бюджеттік пен салықтық саясаттардың арасындағы қарым-қатынастарының құрылуының принципиалды қарама-қайшылықты стратегиялық қолайлы жол бар. Бұл, бірінші жағдайда - халықтың қазынаға жоғары салықтарды төлету, оның қауіпсіздігі, амандығы, басқа қызықшылықты қорғаудың толық жауапкершілігін өз мойнына алу, сондай-ақ ертеңгі күнге сенімділігінің мүмкіндігінің бар болуын өзіне қабылдау. Екінші жағдайда - шектеулі төмен салықтарды алу, яғни азаматтардың, халықтың өзінің қарауынша өздерінен алынбаған салық түріндегі құралдарды өз беттерінше қолданатындар өз-өздерін мемлекеттің көмегінсіз-ақ күте алады. Әр жағдайда бұл таңдаудың мәселесін шешу негізінен халықтың әлеуметтік және экономикалық деңгейлерінің тұтынуынан, оның экономикасының потенциалды және әлеуметтік бағытталуынан қатысты. Ереже бойынша, әлсіз экономикамен елдерде, яғни дамып жатқандар, өзінің қалыптасу және нарыққа көшудің, әсіресе алғашқы қадамында қатысты төмен салықтарға ұмтылады.