Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы0 менеджмент3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.25 Кб
Скачать

5.Мемлекеттiк салықтық жоспарлаудың қағидаттары және оның жүзеге асыруының әдiстерi.

Салықты жоспарлау – ең аз шығынмен ең жоғарғы қаржылық нәтижеге жету үшін салық салу жүйесін ұйымдастыру. Кешенді салықты жоспарлау кәсіпорындағы қаржыны жоспарлаудың бір бөлігі болып табылады.

Салықты жоспарлау жалпы алғанда салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықты жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.

 

Салықты жоспарлаудың негізгі қағидалары мыналар:

салық салуды кемелдендірудің барлық тәсілдері мен әдістерінің заңдылығы;

салық салуды кемелдендіру схемаларын ендірудің үнемділігі;

нақты бір салық төлеушінің қызметіне және ерекшеліктеріне деген жеке қарастыру, әдіс (қатынас);

әзірленген салық салу схемалары мен әдістерін қолданудың кешенділігі мен көп варианттылығы.

 

Салықты жоспарлауды ұйымдастыру төмендегілерден құралады:

ұйымның қаржы-шаруашылық қызметтерін алдын-ала талдаудан

салықты жоспарлаудың біршама перспективалы бағыттарын айқындау мақсатында әрекеттегі заңнаманы зерттеуден, нақты бір салық төлеушінің салық проблемаларын зерттеуден және талдаудан

нақты бір қызмет түрлеріндегі серіктестер мен бәсекелестерге салық салуды кемелдендіру схемаларын зерттеуден, және сонымен қатар, кәсіпорындағы ең тиімді салық салу тәсілдерін қолданудан

12Мемлекеттiк салықты бақылаудың: мақсаты, есебі, формасы

Мемлекеттік тіркеу  - Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне салық төлеушілер туралы мәліметтер енгізу. Мемлекеттік тіркеуден өту кезінде салық төлеушіге салық төлеушінің тіркеу нөмірі беріледі – салық пен бюджетке басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша бірыңғай нөмір

Салықтық есептілік салық төлеушілермен салық органдарына салық агенттеріне ұсынатын салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілері, сондай-ақ, салықтық міндеттемелер есептеулері мен салықтық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеумен байланысты басқа да мәліметтер туралы мәліметі бар құжаттама болып келеді

Ақпараттық жүйе – салық төлеушілер мен салық агенттерінің салықтық есептілікті ҚР ҚМ СК-нің бағдарламалық өнімдері арқылы электронды түрде ұсынуға құқықтары бар. СГДС қатысушысы ретінде тіркелу және салықтық есептілікті электронды түрде ұсыну үшін Салық органына Салық органымен электронды құжат алмасу туралы өтініш ұсыну қажет

Камералы бақылау – салық төлеушілермен ұсынылған салықтық есептілік пен басқа да құжаттарды зерттеу және талдау негізінде тікелей салық органымен жүргізілетін бақылау. Салықтық есептілікте қателіктер, салықтық есептіліктегі мәліметтер арасында қайшылықтар табылған кезде, сондай-ақ, шағын бизнес субъектілері үшін қарастырылған шарттарды асыру кезінде жіберілген қателерді өз бетінше жою үшін, сондай-ақ, салық салудың жалпыға белгіленген тәртібіне көшу туралы салық төлеушіге хабарландыру жіберіледі

Салық пен есептілікті есептеу салық органымен жүзеге асырылады. Салықтық есептілік жасау және ұсыну, салықтың және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасын төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындауды салық төлеуші салық заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мерзімде өз бетінше орындайды

Салықты күштеп өндіру салықтық қарызды төлемеген немесе толығымен төлемеген жағдайда салық органымен жүргізіледі. Салықтық қарызды күштеп өндіру келесі тәртіпте жүргізіледі:

банктік шоттардағы ақша есебінен;

қолма қол ақша есебінен;

қарыздар шотынан;

басшылыққа алынған мүлікті сату есебінен;

жарияланған акцияларды күштеп шығару

Салықтық тексерулер тек қана салық қызметі органдарымен жүзеге асырылады. Салықтық тексерулер келесі түрлерге ажыратылады:

құжаттық тексеру;

рейдтік тексеру;

хронометражды зерттеу.