
- •4.Бюджеттiк - салық салудың болжау әдістері
- •28. Еркiн экономикалық аймақтардағы салық менеджментiнiң ерекшелiгi
- •3.Корпоративті салық менеджментiнiң мәні және ерекшелiгi
- •14Корпоративтік салықтық менеджмент есебiнің мазмұны, мақсаты
- •15.Корпативті салық менеджментiнiң түрлерi
- •22.Кәсiпорындарда iшкi салықтық бақылауды ұйымдық реттеу
- •23.Қр салық жүйесінің қызмет ету мәселелері мен бағытының шешімдері
- •1.Мемлекеттiк салық менеджмент: ұғымы және мазмұны
- •2.Мемлекеттік салық саясатын жузеге асырудағы салықтық менеджментінің рөлі
- •5.Мемлекеттiк салықтық жоспарлаудың қағидаттары және оның жүзеге асыруының әдiстерi.
- •12Мемлекеттiк салықты бақылаудың: мақсаты, есебі, формасы
- •13Мемлекеттiк салықтық бақылауды жүзеге асыру әдiстерi
- •24.Мемлекеттiң бюджеттiк - салық стратегиясын өткiзудегі салық саясаты
- •29.Мемлекеттің салық саясатын жүргізуде салық механизмінің құрылымы мен рөлi
- •21.Оффшорлық аймақтар: ұғымы, классификациясы, белгiлері
- •6. Салықтық жоспарлау – салықтық басқарудың құраушысы ретінде
- •7.Салықтық жоспарлаудың процессiн ұйымдастыру
- •9. Салық жеңiлдiгi және оны реттеудің жолдары мен мәні
- •10. Салықтық реттеудiң жүзеге асыруының құралдары
- •16.Салықтық есеп-қисап бұл салықтық бақылауды өткiзудің негiзі
- •17.Салық төлемiлердi төмендету механизмдері
- •19.Салық міндеттемелерін экономикалық агенттермен орындауды қамтамасыз етуде салық органдарының есептері мен функциясы
- •25.Салықтық әкiмшiлiк ету: оның өткiзуiнiң мазмұны мен формасы
- •27.Салық есебiнiң экономикалық мән және қажеттiлiгi
- •30.Салық қатынасы жүйесінде салық тәуекелдерiн басқару
- •20.Халықаралық салықтық жоспарлаудың мәні
- •18.Iшкi салықтық жоспарлау: оны өткiзудің мәні мен ерекшелiгi
1.Мемлекеттiк салық менеджмент: ұғымы және мазмұны
Мемлекеттік және кәсіпорын салық менеджментінің мақсаттары әртүрлі; мемлекет салық түсімдерінің өсуін көздесе, кәсіпорын салық төлемдерінің төмендеуін көздейді. Бірақ, әртүрлі деңгейге қарамастан, салық менеджментінің жалпы мақсаты: қаржыны тұрақтандыру, экономикалық тиімділіктің жоғарылауы және экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
Салық менеджментінің мақсаты және тиімділігі, макро және микро деңгейдегі салық ағымдарының қозғалысы ұйым және салық процессінің қызметі арқылы қамтамасыз етіледі. Макроэкономикалық деңгейде салық менеджменті өзіне мыналарды құрылымдық қосады: салық заңы, салық салу, салық саясаты,салық жүйесі және салық механизмі. Микродеңгейде салық менеджменті тек, бір ұйымның салық процессінің жеке бір элементтерін ғана қосады, олар мынадай: салық саясаты, салықтық жоспарлау және салықтық бақылау.
Салықтық менеджмент салық қатынастарын нарықтық басқарудың маңызды түрі бола отырып,тек, нарықтық ортада ғана қолданыла алады.
Салық менеджментінің субъектілері үшін нарықтық орта мынадай:
Экономика, тұтыну және нарық жағдайының қалпына байланысты құрылуы;
Тұтынушы сұранысы және нарық қажеттілігіне байланысты бағыт;
Қаржы – шаруашылық дербестік және шешім қабылдаудағы жауапкершілік;
Салықты басқарумен байланысты қызметтің тиімділігі.
Сонымен, салықтық менеджментті мемлекет жіне кәсіпорын тұрғысынан алғанда нарықтық ортада 2 түрде қарастырса болады:
басқару шешімдерін қабылдау процессі;
Басқару жүйесі түрінде.Экономикалық өсуге өту стратегиясын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда нарықтық қарым-қатынастарына жауап беретін салық жүйесі болу керек. Қазақстан Республикасында салықтарды басқарудағы әдістерді толық пайдалану қиыншылықтары елдегі белгілі бір салық жүйесі атрибуттарының жеткіліксіздігінен туындайды. Олар: салық потенциалы және салық менеджменті.
2.Мемлекеттік салық саясатын жузеге асырудағы салықтық менеджментінің рөлі
Мемлекеттің салық саясатының мақсаты мен міндеттері, тұрпаттары Салықтар – мемлекет егемендігін көрсетудің бір формасы. Салықтар осы ерекшелігімен мемлекеттік мүлік пен займдардан (қарыз) түскен табыстардан айрықшаланады. Салықтарды жинау құқығы әрқашан мемлекеттің егемендік құқығының бірі болып табылады. Салықтар біржақты тәртіпте белгіленеді. Шаруашылық жүргізудің нарықтық кезеңдерге көшуі басқарудың экономикалық әдістерін қоғамдық өндіріске пайдалануды талап етті, кәсіпорыннан бюджетке түсетін кіріс түсімдерінің жүйесі толық өзгерді. Енді ол – салық төлемдері базасында құрыла бастады; кәсіпорынның бюджетке салықтық формадағы қарым – қатынасы заңмен реттелетін құқықтық негізге көшірілді. Бұл экономикалық процесті макродеңгейде реттеуде салықтарды пайдалану концепциясын әзірлеу қажеттілігіне әкелді. Сонымен, қаржы саясатының дербес саласы болып салық саясаты бөлініп шықты. Салық саясаты – мемлекеттің салық салу аясындағы жүргізіп отырған шараларының жүйесі. Салық саясатының мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік–экономикалық құрылуымен, экономикалық саясатының жалпы бағытымен, сондай–ақ қаржы саясатының нақты әдістерімен сипатталады. Салық саясатының мақсаты мемлекет қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысының бір бөлігі жалпымемлекеттік шығыстарды жабуға тартылады, яғни салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысы реттеледі. Сонымен қатар салық саясаты ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Бұл ұлттық табыс көлеміндегі салықтардың үлесін, салық салудың шегін белгілеуді білдіреді.