
- •4.Бюджеттiк - салық салудың болжау әдістері
- •28. Еркiн экономикалық аймақтардағы салық менеджментiнiң ерекшелiгi
- •3.Корпоративті салық менеджментiнiң мәні және ерекшелiгi
- •14Корпоративтік салықтық менеджмент есебiнің мазмұны, мақсаты
- •15.Корпативті салық менеджментiнiң түрлерi
- •22.Кәсiпорындарда iшкi салықтық бақылауды ұйымдық реттеу
- •23.Қр салық жүйесінің қызмет ету мәселелері мен бағытының шешімдері
- •1.Мемлекеттiк салық менеджмент: ұғымы және мазмұны
- •2.Мемлекеттік салық саясатын жузеге асырудағы салықтық менеджментінің рөлі
- •5.Мемлекеттiк салықтық жоспарлаудың қағидаттары және оның жүзеге асыруының әдiстерi.
- •12Мемлекеттiк салықты бақылаудың: мақсаты, есебі, формасы
- •13Мемлекеттiк салықтық бақылауды жүзеге асыру әдiстерi
- •24.Мемлекеттiң бюджеттiк - салық стратегиясын өткiзудегі салық саясаты
- •29.Мемлекеттің салық саясатын жүргізуде салық механизмінің құрылымы мен рөлi
- •21.Оффшорлық аймақтар: ұғымы, классификациясы, белгiлері
- •6. Салықтық жоспарлау – салықтық басқарудың құраушысы ретінде
- •7.Салықтық жоспарлаудың процессiн ұйымдастыру
- •9. Салық жеңiлдiгi және оны реттеудің жолдары мен мәні
- •10. Салықтық реттеудiң жүзеге асыруының құралдары
- •16.Салықтық есеп-қисап бұл салықтық бақылауды өткiзудің негiзі
- •17.Салық төлемiлердi төмендету механизмдері
- •19.Салық міндеттемелерін экономикалық агенттермен орындауды қамтамасыз етуде салық органдарының есептері мен функциясы
- •25.Салықтық әкiмшiлiк ету: оның өткiзуiнiң мазмұны мен формасы
- •27.Салық есебiнiң экономикалық мән және қажеттiлiгi
- •30.Салық қатынасы жүйесінде салық тәуекелдерiн басқару
- •20.Халықаралық салықтық жоспарлаудың мәні
- •18.Iшкi салықтық жоспарлау: оны өткiзудің мәні мен ерекшелiгi
23.Қр салық жүйесінің қызмет ету мәселелері мен бағытының шешімдері
Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқауымызға болады. Салықтардың реттеуші ролі негізінен мынадай шараларға жауап беруі қажет: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстанның салық жүйесі бірінші күндерінен бастап-ақ экономикалық күйзеліс кездерінде дамып отырғанын есте сақтау керек. Еліміздің салық жүйесінің пайда болуына шет елдердің даму тәжірибесі кең пайдаланылды. Басым халықтың салықтарды азайту туралы тілектері халық шаруашылығының күттірмейтін қажеттіліктерін , әлеуметтік салаларды шешу, мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін қанағаттандыру мәселелерін шешуге қайшы келеді. Бірақ, салықтың жоғарылығы салық ставкасын емес, салық салу базасын жоғарлату арқылы шешілу керек. Ал салық базасы тауар өндірушілердің өзекті мәселерінің шешімін табуына көмектескенде, оларға қолдау көрсеткенде ғана дамиды. Ол үшін ең алдымен:
өнеркәсіптер мен ұйымдарға әсіресе отандық өндірушілерге салықтық қысым көрсетуді азайту;
оларға айналым қорларын көтеруге жағдай жасап, өнімді шығару көрсеткіштерін жоғарлату, ол алға басылған бір қадам болар еді,
Қазақстандық тауарлардың ішкі және әлемдік нарықтағы бәсекелестігін көтеруге қол жеткізу.
«Бақылау» сөзі тексеру мағынасын беретініне назар салсақ мемлекеттің жүргізіп отырған шағын бизнесті қолдау саясатында жемісі ретінде жылдан жылға көбейіп келе жатқан заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу салық комитетінің жұмысының негізі болып табылады.
Мемлекеттің салық инспекцияларына салық төлеушілердің салық туралы заңнамасын қолдануына бақылау жасау және олардың салық салудан жалтаруына шаралар жасау артылады. Сондықтан қазіргі кезде салық инспекциясының бақылау жасау жұмысын, ең алдымен салықтық тексеруді жетілдіруге баса назар аудару керек.
Сонымен қатар, Қазақстанның әлеуметтік-нарықтық дамуы жағдайындағы басты әрі маңызды аспектілеріне Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ұйымдастырылу және экономикалық-құқықтық тәтібі, салық төлеушілер мен салық агенттерінің міндеттері салықтық міндеттемелер, салықтық жауапкершіліктер, салықтық әкімшілік жүргізу тәртібі мен тәсілдері жатады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саяси және экономикалық қаржылық аяларын нарықтық типтегі экономикалық жүйеге айналдыру кезінде:
салық салуды реттеу механизімін жетілдіру концепцияларының маңызды бағыты салық жүйесі мен салықтық қызметтің принциптерін айқындау және заң жүзінде белгілеу;
салықтар жүйесін жаңадан құрылымдау процестерін экономикалық даму нәтижелеріне негіздеу;
салықтардың жиынтық салмағын мемлекеттік индикативтік салықтық жоспарлау негізінде қалыптастырылатын жаңа стратегия бойынша салық төлеушілердің барлық түрлеріне тиісінше бөлу;
салық салу саласының нормативтік құқықтық базасын тұрақтандыру және ұдайы жетілдіріп отыру;
салық төлеушілердің салық салуға қатысты ақпараттармен танысу, салықтық міндеттемелерін орындау кезінде корпоративтік салықтық жоспарлауды жүзеге асыру және өздерінің жеке меншіктерін мемлекет тарапынан заңсыз салық салудан қорғау жөніндегі негізгі құқықтарын заңдыландыру, сондай-ақ оларды іске асыру механизімін қалыптастыру;
салық органдары мен салық төлеушілердің құқықтық және салықтық мәдениеттерін қажетті деңгейде қалыптастыру арқасында мемлекеттік және корпорациялық материалдық мүдделерін мүмкіндігінше баланысты болуын көздеу;
шетелдік және отандық инвестициялар аясының салық салу климатын жақсарту, инвестициялық салық преференцияларын беру және салық әкімшілігін мемлекет пен инвесторлардың мүдделерін ескере отырып жүргізу тәрізді өзекті мәселелердің оң шешімін тапқаны дұрыс болар еді.
Қазіргі кездегі мемлекеттің салық жүйесі аса маңызды ішкі инвестициялар көздерін, яғни шаруашылық субъектілері тарапынан капиталдырылған қосымша табыстарды (кірістерді) әкелініп отырады. Осындай тұйықталған тығырықтан тек Қазақстан экономикасының әлеуметтік-саяси дамуының ерекшеліктерін жете білу, меншікке қатысты кезек күттірмес жәйттерді айқындау және мемлекеттік кірістерді мұқият ревизиялау арқылы шығуға әбден болады. Сондықтан салық салу жүйесінің әділеттілік, икемдік ұтымдылық, үнемділік, қарапайымдылық, айқындылық, бәсекелесуге қабілеттілік принциптері негізінде шынайы және тұрақты көрініс табуы керек. Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қалыптастыруға, қоғам мүддесін қолдауға болады. Сондықтан елімізге салық түрлерін, салық ставкалары мен жеңілдіктерін енгізу, оларды дамыту арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында экономиканы, өндіріс пен инвестицияны, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау мен рететуді жүзеге асыруымыз керек. Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері мен салық саясатының ел экономикасын одан әрі дамытуға және инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалады.
Салық саясатының 2011-2012 жылдарға арналған негізгі бағыттары әділ, әрі сыннан өткен құрал, экономиканың қажетті бағыттарының дамуын ынталандырушы және мемлекеттік функцияларды толық орындауды қамтамасыз етуші ретінде әлеуметтік маңызы бар салықтарды нығайту қажеттігін ескере отырып, фискалдық саясаттың міндеттерін шешуге бағдарланған шаралар келесілермен тұжырымдалады.
26.ҚР-ның салық кодексi және оның салық жүйесінің қызмет ету тиімділігінің өсуіне әсері
Салыктар - занды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде, мерзімде мемлекеттік бюджетке теленетін міндетті төлемдеріСалық кодексі - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндтті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасында салық міндетін орындауға б/ты қатынастарды реттейді.ҚР салық заңдары Салық Кодексінен, сондай ақ қабылданған салық кодексінде көзделген нормативтіе құқықтық актілерден тұрады.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелінуге тиіс емес. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі н/се күшін жояды. Салық кодексі мен ҚР-ның басқа да заң актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында салық кодексінің нормалары қолданылады. Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда салық қатынасын реттейтін нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тиым салынады. Салық заңдары ҚР бүкіл аумағында қолданылатын болады, сонымен бірге жеке тұлғалар және заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қолданылады, Салық кодексінде жаңа салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін ҚР-ның заң актілері ағымдағы жылдың 1желтоқсанынан кешіктірілмейтіндей қабылданады және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.
МММММ