Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы0 менеджмент3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.25 Кб
Скачать

22.Кәсiпорындарда iшкi салықтық бақылауды ұйымдық реттеу

Кәсіпкерлер үшін бюджетпен есеп айырысудың негізгі нысаны оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі болып табылады. Бұл нысан жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлерге арналған. Салық төлеушіге салық салудың осы режиміне көшу үшін тоқсан басталғанға дейін 2001 жылға 16 қарашада №1554 Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс Министрлігінің бұйрығымен бекітілген нысандағы өтінішті қызметті жүзеге асыру орны бойынша, салық органына тапсыру қажет. Өтініш 910.00 нысанын, бланкісін салық төлеуші салық комитеттерінде алады.

Осы режим мыналармен ерекшеленеді:

  • Салық міндеттемелерін есептеу нақты алынған кіріс бойынша тоқсанның аяқталуы негізінде жүргізіледі;

  • Оңайлатылған декларация негізінде есептелетін салықтар шығыстары есептеусіз бірыңғай мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Ставкалар бойынша салықтар сомасын айқындаудан кейін салықтар сомасынан 1,5 мөлшерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің санына байланысты кему жағына есептелген соманы түзетужүргізіледі. Бұл түзету, егер тоқсан қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердің орташа еңбекақысыкелесідей болса қолданылады:

  • Жеке кәсіпкерлерде Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген екі еселенген айлық минималды еңбекақы мөлшерінен кем емес;

  • Заңды тұлғаларда – 2,5 еселенген минималды еңбекақы мөлшері.

Салықтың есептелген сомасының 1/2 бәлігі корпоративті табыс салығы ретінде, қалған 1/2 бөлігі әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударым сомасын алып тастау есебімен әлеуметтік салық ретінде төленеді.

Жұмыс істейтін қызметкерлердің санына байланысты салықтарды түзету бойынша Салық Кодексінде көзделген норма қызметті жүзеге асыру үшін тартылатын қызметкерлердің жалпы санынан және кірістерді жсриялаудағы кәсіпкерлердің қызығушылығына бағытталған, өйткені шағын бизнес субъектілерінің иелігінде қалатын сома қызметкерлерінің саны мен кірістерінің ұлғаюына байланысты жоғарлайды.

Салықты төлеу мен есептеудің жалпы бекітілген тәртібіне көшкенде арнайы салық режиміне қайтадан ауысу, жалпы бекітілген тәртіпті екі жыл қолдану мерзімі өткеннен кейін ғана мүмкін.

Оңайтылған декларация келесі түрде табыс етілуі мүмкін:

  • Келу тәртібімен;

  • Пошта бойынша хабарлама жасалған тапсырыс хатымен;

  • Электронды түрде.

Бүгінде Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің микро- және макроэкономикалық мән-жайларын тереңдетіп ойластыру, монополияны тежеу және адал бәсекелестікті жандандыру мақсатында, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және ынталандыру саясатына байланысты олар үшін салықтық міндеттемелерін орындаудың айрықша режимі белгіленген. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы бойынша шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар мен қарамағындағы жұмысшылардың саны орта есеппен жылына 50-ден аспаса, сонымен қатар активтерінің құны бір жылда орта есеппен 60 мың айлық есептік көрсеткіштен аспаған заңды тұлғалар жатады. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi мынадай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi: 

1) дара кәсіпкерлер үшiн: 

    • дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса; 

    • салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгені құраса. 

2) заңды тұлғалар үшiн: 

    • қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса; 

    • салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25 000,0 мың теңгені құраса, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады және салық кезеңi күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Оңайтылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану шарттары келесідей:

1. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеуші, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңі басталғанға дейін салықтық өтінішті табыс етеді.

Қайта құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтінішті салық органына заңды тұлға әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді.  

Қайта құрылған дара кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді. Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелген күні аталған салық төлеушілер үшін арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні болып табылады. Салық төлеушiнiң осы тармақта аталған мерзiмде салықтық өтiнiшті табыс етпеуі, оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi. 

2. Салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнаулы салық режимін қолдану туралы және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді салық төлеуші салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады. Шешім екі данада ресімделеді.

Салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешімді алу үшін салық төлеуші салық органына келмеген жағдайда, бір данасы салық төлеушіге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.

3. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату салықтық өтініштің негізінде не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.

4. Егер салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимiн қолдануды өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдаса, аталған режимді тоқтатуды салық органы салықтық өтініш берілген айдан кейінгі айдан бастап жүргізеді.

5. Салық Кодекстің белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайда, салықтық өтініш сәйкессіздік туындаған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етіледі. Аталған жағдайда арнаулы салық режимiн тоқтату сәйкессіздік туындағаннан айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.

6. Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.

ҚҚҚҚҚ

8.ҚР-да салықтық менеджменттi құқықтық реттеудің негiзі

Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді. Мысалы, Елбасының Жолдауына зерделей үңілгенде мұндағы әр тұжырым мұқият зерттеулермен, сараптаулармен, нақты болжаулармен  түйінделгенін ұғынамыз. Президент биылғы Жолдауында Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қалай қосылуы жолындағы  негізгі жеті басым бағытты айқындаған екен. Сол басымдардың ішінде салық мәселесіне біршама өзгерістер енгізілді. Екінші басым бағыт Қазақстанды жаңа белеске көтеру-тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы болмақ. Яғни экономи-калық саланы жаңарту және жаңғырту,  қарқынды дамыту жолдарын ұстануымыз қажет деп қарастырылған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджнтіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайыздан құрайды. Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.

Салық құқығы- мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Салық материалдық тұрғыдан белгілі бір ақша сомасын (ақшалай нысанда) немесе салық төлеушілердің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір заттардың санын (натуралдық заттай нысанда) білдіреді.

Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:

- Материалдық категория жағынан — бұл белгілі бір ақша сомасы болса;

- Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;

- Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.

- Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:

- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;

- Салық – ақшалай нысанды төленеді;

- Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:

- Салық – баламасыз сипатта болады;

- Салық – салықты төленген кезде меншік нысандары айқындалады;

- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;