Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы0 менеджмент3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.25 Кб
Скачать

20.Халықаралық салықтық жоспарлаудың мәні

Халықаралық экономикалық интеграциялық үрдістердің нығаюуы, халықаралық экономикалық ынтымақтастыққа негізделген салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың маңызының артуына алып келді. Халықаралық салықтық ынтымақтастық мәселелеріне көбірек көңіл бөлінуде. Осының барлығы халықаралық бұқара құқықтың жеке саласы - халықаралық салық құқығының пайда болуына алып келді, ол екі немесе одан да артық мемлекеттің салықтық юрисдикцияларының өзара әрекеттесуіне негізделген, салықтарды өндіріп алу қатынастарын реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығын құрайды.

Халықаралық салық салу аясындағы қатынастар негізгі үш деңгейде реттеледі:

  1. Халықаралық құқықтың ортақ қағидалары мен нормалары;

  2. Халықаралық шарттар құқығы;

  3. Ұлттық құқық.1

Халықаралық құқықтың ортақ нормалары мен қағидалары толығымен мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейді, және де оның ережелері барлық мемлекеттермен танылады. Әрине, әрбір мемлекет егемендікке ие бола отырып, белгілі–бір ережеге немесе нормаға бағыну не бағынбауын өзі шешеді. Одан артық, сауда, өндірістік және қаржы қатынастардың дамуына байланысты мемлекеттер арасында тек қана ортақ компромиске келу арқылы ғана шешілетін даулы мәселелер туындай бастады.

Салықтық жоспарлаудың әртүрлі кезеңдерінде шешілетін жеке мәселелер салық төлеушінің барлық қызметі үшін үлкен ұйымдастырушылық маңызға ие, бұл оларды стратегиялық салықтық жоспарлауға жатқызуға мүмкіндік береді. Олардың қатарына, бәрінен бұрын, заңды тұлғаның нысанын таңдау мен оның орналасуы, заңды тұлғаның қайта құрылуы, соның ішінде кәсіпорындар тобын құру, кәсіпорынды ұлғайту, инвестициялық саясатты таңдау сұрақтары жатады.

Күнделікті кәсіпкерлік қызметті «ағымды салықтық жоспарлау» да маңызды, себебі оның эффективтілігінен салықтық жоспарлаудың ақырғы нәтижесі болып табылатын – кәсіпорынның салық міндеттемелерін тұрақты кезеңге азайтуға жеткізуге тікелей тәуелді. Ағымдағы салықтық жоспарлауға – мәмілелерді жоспарлау, салықтық жаңашылдықтарға тез арада назар аудару және тағы басқа жатады. Халықаралық салықтық жоспарлау – бұл шығармашылық үрдіс. Ол ел ішіндегі салықтық заңдаманың жағдайына, салықтық климатқа (мемлекеттің бюджеттік, инвестициялық, салық саясаты мен құқықтық тәртіп жағдайы) салықтық органдардың құзырындағы және салықтан жалтаруды болдырмауға бағытталған заңшығарушылық, әкімшілік және сот шараларының жиынтығынан, салық төлеушінің құқықтық мәдениеттілігіне, оған қоса салық консультацияларының мамандандырылу дәрежесіне байланысты.

ІІІІІІ

18.Iшкi салықтық жоспарлау: оны өткiзудің мәні мен ерекшелiгi

салықты жоспарлау – ең аз шығынмен ең жоғарғы қаржылық нәтижеге жету үшін салық салу жүйесін ұйымдастыру. Салықтық жоспарлау салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықтық жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.Салықтық жоспарлауға негіз болып мемлекеттің салық, бюджет, инвестициялық саясаттарының негізгі даму бағыттарын ескеру; кәсіпорынның есеп саясатын жүргізу; заң бойынша белгіленген барлық салық жеңілдіктерін толық және дұрыс қолдана отырып, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау; салық төлеу мерзімін ұзарту, салық және инвестициялық жеңілдіктерді алу мүмкіндігін бағалау, т.б. тәрізді факторлар танылады. Салықтық жоспарлау жедел (оперативті), бақылау, жоспарлау тәрізді функцияларды атқарады.Салықтық жоспарлауды жедел, тактикалық және стратегиялық элементтерді қамтитын үш деңгейлі жүйе ретінде де қарастыруға болады Қарастыратын мәселесінің маңыздылығына және шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы қызметінің соңғы нәтижесіне салықтардың тигізетін әсеріне байланысты салықтық жоспарлау стратегиялық және жедел (оперативті) кезеңдерді қамтиды.

Салықтық жоспарлаудың негізгі элементтері:

  • кәсіпорынды тиімді басқару стратегиясын жасау және іске асыру;

  • есеп саясаты;

  • есеп беру мен бухгалтерлік есептің дұрыс жасалуы;

  • салықтық жоспарлау сызбасы;

  • салықтық күнтізбе;

  • міндеттемелердің нақты орындалуы.

Әр деңгейдегі салық түсімдерінің бюджетке түсу сомасын жоспарлау және болжау барысында 3 маңызды белгі жіктеледі:

  • салық төлеуші мен бюджет арасындағы өзара позитивті тұстарда бөлшектеп жіктеу;

  • салық жүйесінің қаржы-шаруашылық қызметке әсер ету деңгейін білу мақсатында бюджет-салық қатынастары жүйесінде факторлық талдау жүргізу;

  • салық төлеуші мен бюджет арасындағы экономикалық,қаржылық, салықтық қатынастардың пайда болу ықтималдығын алдын-ала бағалау.

Статистикалық зерттеу жүргізген кезде келесідей әдістер қолданылады:

  • Регрессивті және корреляциялық әдістер салық қызметінің жұмысын көрсететін өзгермелі шама тобының өзара байланыс орнату үшін қажет;

  • Имитациялық әдіс маркетингтік ситуацияға әсер ететін өзгермелі шамалар жай аналитикалық шешімге келмеген кезде қолданылады.

  • Көпжақты әдістер, бірінші кезекте факторлы және кластерлі анализ. Олар өзара көп, өзара байланысты өзгермелі шамалар негізіндегі шешімдерін шешу үшін пайдаланады.

  • Шешім қабылдаудағы статистиканың теориясымен пайда болған әдістер оларға ойын теория әдісі, жалпы қызмет көрсету теориясы, стохастикалық бағдарламалау әдісі жатады.

  • Детерминирленген әдістер: сызықтық және сызықтық емес бағдарламалау. Бұл әдістер статистик, анализдердің бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі кезеңде салықтық ғылым бюджетке түсетін салықтық түсімдер көлемін жоспарлауға немесе болжауға арналған арнайы әдістер мен тәсілдерді жасаған жоқ, сондықтан да нақты тәжірибеде барлық ТМД елдерінде жалпы экономикаға тән белгілі тәсілдер қолданады. Олар мысалы баланстық әдіс, эксперттік бағалау әдісі, регрессивтік және корреляциялық әдістер, трендтік әдістер, имитациялық әдістер, эконометрикалық әдістер және т.б.

1