Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы0 менеджмент3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.25 Кб
Скачать

25.Салықтық әкiмшiлiк ету: оның өткiзуiнiң мазмұны мен формасы

Салықтық әкімшілік ету дегеніміз – бұл салық салу жүйесін мемлекет тарапынан басқару.

Көптеген экономистер салық әкімшілігін салық салуды басқарудың бір элементі ретінде қарастырады. Біздіңше, салық әкімшілігі қатысты түрде өзіндік ерекшелігі бар процесс болып табылады. Барлық күрделі жүйе сияқты, салық салу жүйесі де басқару объектісі болып табылады.

Жалпы айтқанда, салықтық басқару мемлекеттің әлеуметтік – экономикалқ басымдықтарына қарай бейімделіп отырады. Барлық басқару процессі сияқты бұл басқарудың түрі де салық жүйесін тұтастай болжамдау мен салық жүйесінің дамуын бюджет жүйесімен және барлық экономиканы тұтастай біріктіре отырып, салықтық процесстерді реттеуді, талдау мен бақылауды жоспарлауды білдіреді.

Салық әкімшілігі– салық салудың барлық мәселелерінің өкілеттілігі мен ерекше құқықтарымен, салық қызметімен және өзара байланыстағы салық төлеушілермен бөлініп алынған, мемлекеттік басқарудың әкімшіл-нұсқаушыл органы.

Салық әкімшілігі – салықтық әкімшіліктің өкілеттілігі мен қызмет ету құзыретінің аясында, оған мемлекет пен салық заңы бекіткен салықтық әкімшілікті жүзеге асыру.

Салықтарды басқару жүйесі –әдістемелік кешенді шараларды жүзеге асырады. Атап айтқанда:

- салық құрылымдарын оңтайландыру;

- оларды алудың механизмін жетілдіру, салықтық есептеу мен есеп берудің дұрыстығын тексеру мен ұйымдастыру;

- салықтарды дұрыс есептеуді бақылау, оларды өз уақытында және толық төлеу, бір жағынан салықтық органдардың заңмен бекітілген құқықтары мен міндеттерін сақтау, екінші жағынан олардың мүддесін қорғау мақсатындағы салық төлеушілердің;

- салық салу үрдісінің барлық мүшелерінің салықтық қатынастарын үйлестіру;

- түрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару бюджеттерінің арасындағы салықтық түсімдерді бөлу;

- жинау және алынған нәтижені сараптау;

- соның негізінде жалпы салық жүйесін және жекелеп алғандағы салықты басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау.

Салықтарды басқару, әдетте Бас салықтық басқарушысы болу принципінде басқарылатын, салықтық әкімшілік арқылы елдің барлық аумағында бірдей жүзеге асырылады.

Бүгінде Қазақстан Республикасында салық әкімшілігін тиімді ұйымдастыру өзекті және шешілуі қиын мәселе. Өйткені ол мемлекет секілді, жеке меншік иелерінің мүліктік мүдделерін қорғау құралы болып табылады. Бүкіл салық әкімшілігі жүйесінің нақты қызмет етуінің басты шарты – ел бюджетінің табыс бөлімін қалыптастыруды қамтамасыз ететін, салық органдарының тиімді жұмысы болып табылады.

Салық әкімшілігі процедурасын дайындау мен салық заңдарын дайындау жөніндегі ұсыныстарды жасауда Қаржы министрлігінің жүргізіп жатқан жұмысында, дамыған нарықтық экономикасы бар шет елдердің тәжірибесін зерттеудің маңызы зор. Қазіргі Қазақстан экономикасының даму кезеңін ескере отырып, бұл тәжірибені қолдану, дайындалып жатқан нормативті және методикалық құжаттарды қазіргі халықаралық стандарттар мен талаптарға сай үйлестіруге мүмкіндік береді.