
- •4.Бюджеттiк - салық салудың болжау әдістері
- •28. Еркiн экономикалық аймақтардағы салық менеджментiнiң ерекшелiгi
- •3.Корпоративті салық менеджментiнiң мәні және ерекшелiгi
- •14Корпоративтік салықтық менеджмент есебiнің мазмұны, мақсаты
- •15.Корпативті салық менеджментiнiң түрлерi
- •22.Кәсiпорындарда iшкi салықтық бақылауды ұйымдық реттеу
- •23.Қр салық жүйесінің қызмет ету мәселелері мен бағытының шешімдері
- •1.Мемлекеттiк салық менеджмент: ұғымы және мазмұны
- •2.Мемлекеттік салық саясатын жузеге асырудағы салықтық менеджментінің рөлі
- •5.Мемлекеттiк салықтық жоспарлаудың қағидаттары және оның жүзеге асыруының әдiстерi.
- •12Мемлекеттiк салықты бақылаудың: мақсаты, есебі, формасы
- •13Мемлекеттiк салықтық бақылауды жүзеге асыру әдiстерi
- •24.Мемлекеттiң бюджеттiк - салық стратегиясын өткiзудегі салық саясаты
- •29.Мемлекеттің салық саясатын жүргізуде салық механизмінің құрылымы мен рөлi
- •21.Оффшорлық аймақтар: ұғымы, классификациясы, белгiлері
- •6. Салықтық жоспарлау – салықтық басқарудың құраушысы ретінде
- •7.Салықтық жоспарлаудың процессiн ұйымдастыру
- •9. Салық жеңiлдiгi және оны реттеудің жолдары мен мәні
- •10. Салықтық реттеудiң жүзеге асыруының құралдары
- •16.Салықтық есеп-қисап бұл салықтық бақылауды өткiзудің негiзі
- •17.Салық төлемiлердi төмендету механизмдері
- •19.Салық міндеттемелерін экономикалық агенттермен орындауды қамтамасыз етуде салық органдарының есептері мен функциясы
- •25.Салықтық әкiмшiлiк ету: оның өткiзуiнiң мазмұны мен формасы
- •27.Салық есебiнiң экономикалық мән және қажеттiлiгi
- •30.Салық қатынасы жүйесінде салық тәуекелдерiн басқару
- •20.Халықаралық салықтық жоспарлаудың мәні
- •18.Iшкi салықтық жоспарлау: оны өткiзудің мәні мен ерекшелiгi
17.Салық төлемiлердi төмендету механизмдері
Салық механизмі – бұл ұйымдық-экономикалық категория ретінде осы ұғымды түсіндіретін салық теориясының аясы, сәйкесінше, ұлттық табыстың бөлігінде өндірісте жасалынған бөлігін қоғамдастыру кезінде қалыптасатын қайта бөлу қатынасы кезіндегі объективті қажетті басқару процесі. Салық салу механизмі салықтарды белгілеудің принциптерінен, нысандары мен әдістерінен, оларды өзгерту мен күшін жоюдан, оларды төлеуді қамтамасыз ету бойынша шаралардан тұрады. Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде жүзеге асырады.
Қазақстанның салық заңнамасында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптері негізделеді.
19.Салық міндеттемелерін экономикалық агенттермен орындауды қамтамасыз етуде салық органдарының есептері мен функциясы
Салық қызметі органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі.
Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады.
Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады.
Салық органдары тиісті жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
Салық қызметі органдарының міндеттері:
1. Салық қызметі органдары:
1) салық төлеушінің құқықтарын сақтауға;
2) мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
3) салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауына, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының дер кезінде ұсталуына және аударылуына салық бақылауын жүзеге асыруға;
4) салық төлеушілердің, салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілердің есебінен, есептелген және төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есебін белгіленген тәртіппен жүргізуге ;
5) белгіленген салық есептілігінің нысандарын толтыру тәртібін түсіндіруге;
6) салық тексеруін қатаң нұсқамалар бойынша жүргізуге;
7) салық кодекс ережелеріне сәйкес салық құпиясын сақтауға;
8) салық кодексте көзделген мерзімдер мен жағдайларда салық төлеушіге салық міндеттемелерінің орындалуы жөнінде хабарлама тапсыруға;
9) салық төлеушінің өтініші бойынша үш күн мерзімнен кешіктірмей салық міндеттемелерін орындауы жөніндегі бюджетпен есеп айырысуларының жай-күйі туралы оның жеке шотынан көшірмені беруге;
10) салық төлеушіге берілетін, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерінің орындалу фактісін растайтын квитанциялар көшірмесінің бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;
11) мемлекет меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртібінің сақталуын, сондай-ақ оны сатудан түскен ақшаның бюджетке толық және дер кезінде түсуін бақылауды жүзеге асыруға;
12) салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушіден салық берешегін Салық Кодексіне сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алуға;
13) Қазақстан Республикасның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық төлеушіге әкімшілік айыппұлдар салуға міндетті.
2. Салық тексеруі барысында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару фактілері, сондай-ақ қылмыс белгілерін көрсететін әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарының тергеуіне жататын материалдарды жібереді.
3. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңдарымен көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының жақын туысы (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-інілері, апа-қарындастар, ата-анасы мен балалары болып табылатын және басқа қаржылық жағынан тікелей немесе жанама мүдделігі бар салық төлеушіге қатысты мұндай лауазымды адамның қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады.
Салық қызметі органдарының құқықтары
1. Салық қызметі органдары:
1) Салық Кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және бекітуге;
2) өз құзіреті шегінде салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктеме беруге;
3) Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен салық бақылауын жүзеге асыруға;
4) Салық төлеушінің ақша құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарына, есептеріне, сметаларына, ақшасының бар- жоғына, бағалы қағаздарына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық міндеттемелерін орындауға байланысты өзге де құжаттарына Қазақстан Республикасының белгіленген талаптарды сақтай отырып, тексеру жүргізуге;
5) Салық төлеушіден уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу (ұстау мен аудару) жөнінде құжаттар, оларды толтыру жөнінде түсіндірмелер, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының дұрыс есептелінгенін және дер кезінде төленгендігін (ұсталғандығын және аударылғандығын ) растайтын құжаттар беруді талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен салық тексеруін жүзеге асыру барысында салықтық құқық бұзушылықтар жасалынғанын айғақтайтын қжаттарды салық төлеушіден алып қоюға;
7) Орналасқан жеріне қарамастан табыс табу үшін пайдаланатын кез келген салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді тексеруге, салық төлеушінің мүліктеріне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуге;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен салық төлеушіден электрондық құжаттар түріндегі ақпарат алуға;
9) Тексерілетін салық төлеушіге заңды тұлға мен жеке кәсіпкерге салық салуға байланысты мәселелер бойынша коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақсан Республикасының заң актілерімен белгіленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерінен жүзеге асыратын ұйымдардан оның банк шоттарының бар-жоғын және олардың нөмірлері туралы, мәліметтер алуға;
10) Салық Кодексінің ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда салық төлеушінің салық міндеттемесін жанама әдіспен айқындауға;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттарға талаптар қоюға;
12) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің көзделген заң актілерінің негізінде заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап- арыз беруге құқылы.
2. Салық қызметі органдарының Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген өзге құқықтары бар.