- •4.Бюджеттiк - салық салудың болжау әдістері
- •28. Еркiн экономикалық аймақтардағы салық менеджментiнiң ерекшелiгi
- •3.Корпоративті салық менеджментiнiң мәні және ерекшелiгi
- •14Корпоративтік салықтық менеджмент есебiнің мазмұны, мақсаты
- •15.Корпативті салық менеджментiнiң түрлерi
- •22.Кәсiпорындарда iшкi салықтық бақылауды ұйымдық реттеу
- •23.Қр салық жүйесінің қызмет ету мәселелері мен бағытының шешімдері
- •1.Мемлекеттiк салық менеджмент: ұғымы және мазмұны
- •2.Мемлекеттік салық саясатын жузеге асырудағы салықтық менеджментінің рөлі
- •5.Мемлекеттiк салықтық жоспарлаудың қағидаттары және оның жүзеге асыруының әдiстерi.
- •12Мемлекеттiк салықты бақылаудың: мақсаты, есебі, формасы
- •13Мемлекеттiк салықтық бақылауды жүзеге асыру әдiстерi
- •24.Мемлекеттiң бюджеттiк - салық стратегиясын өткiзудегі салық саясаты
- •29.Мемлекеттің салық саясатын жүргізуде салық механизмінің құрылымы мен рөлi
- •21.Оффшорлық аймақтар: ұғымы, классификациясы, белгiлері
- •6. Салықтық жоспарлау – салықтық басқарудың құраушысы ретінде
- •7.Салықтық жоспарлаудың процессiн ұйымдастыру
- •9. Салық жеңiлдiгi және оны реттеудің жолдары мен мәні
- •10. Салықтық реттеудiң жүзеге асыруының құралдары
- •16.Салықтық есеп-қисап бұл салықтық бақылауды өткiзудің негiзі
- •17.Салық төлемiлердi төмендету механизмдері
- •19.Салық міндеттемелерін экономикалық агенттермен орындауды қамтамасыз етуде салық органдарының есептері мен функциясы
- •25.Салықтық әкiмшiлiк ету: оның өткiзуiнiң мазмұны мен формасы
- •27.Салық есебiнiң экономикалық мән және қажеттiлiгi
- •30.Салық қатынасы жүйесінде салық тәуекелдерiн басқару
- •20.Халықаралық салықтық жоспарлаудың мәні
- •18.Iшкi салықтық жоспарлау: оны өткiзудің мәні мен ерекшелiгi
10. Салықтық реттеудiң жүзеге асыруының құралдары
Салықтардың экономиканы реттеу құралы ретiндегi қызметi бүкiл әлемде кеңiнен қолданылады. Салық жүйесi экономикадағы әртүрлi беиалыстарды күшейтуге немесе тежеуге мүмкiндiк беретiн икемдi мезанизм. Бiрде-бiр дамыған елде салық жүйесi қатып қалған құрылыс емес, әсiресе әртүрлi экономикалық процестердi реттеу және ынталандыру тұрғысында. Сондықтан экономикалық жағдайлар өзгерген сайын салықтық реттеу және ынталандыру жүйесiне де өзгерiстер енгiзiп отыру қажет. Салық салу саласында қабылданған шешiмдердiң ұлттық экономикада өтiп жатқан процестерге тигiзетiн әсерi өте күштi, сондықтан да салық саясаты мемлекеттiк реттеудiң басты құралдарының бiрi болуы тиiс. Мемлекеттiң салық салудағы қағидаларына қарай мемлекеттiң саяси жүйесiнiң сипаты туралы, экономиканың даму перспективалары туралы жалпы көрiнiс алуға болады. Салықтар тұтыну және қорлану процестерiне әсер етедi. Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:
-егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
-егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
-егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті мөлшері аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.
11Салықтық кәсіпорынның жүктемесi: ұғым мен реттеудің анықтамасыСалықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Азамат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрлысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарлды төлеу- әрбір адамзаттың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,- деп жазылған. Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидаты қалыптасқан: 1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты; 2. «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) қағидаты. Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды. Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған негізделген: 1. салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты) ; 2. салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты); 3. әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және қолайлы әдіспен алынуы тиіс (анықтылық қағидаты); 4. салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты). Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық- зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және Адам Смитке «салықтар - оны төлейтіндерге құлшылықтың нысаны емес, бостандықтың нысаны" деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.
