Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы0 менеджмент3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.25 Кб
Скачать

6. Салықтық жоспарлау – салықтық басқарудың құраушысы ретінде

Салықтық жоспарлау мен болжау – шешімді қабылдау және алдын - ала өңдеулер жүйесінде негізгі элементтер болып табылады. Салықтық жоспарлау мен болжаудың негізгі мақсаты – бюджеттік тапсырмалардың сандық және сапалық көрсеткіштердің экономикалық негізділігін қамтамасыз ету және салықтық концепциялардың заңдық тәртібінде қабылданған ережелерден кейін елдің әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Бұл мәселенің орындалуы біржағынан қаржыны молайту (ағымдағы салықты жоспарлау) және келешектегі перспектива (салықтық болжау). Осымен байланысты салықтық жоспарлаудың тактикасы мен стратегиясы ерекшелінеді.

Салықтар бойынша жоспарлау - ағымдағы бюджеттік міндеттердің өңделуі, тоқсандық салықтық түсімдердің анықталуы. Олардың шешімі салық салудағы стратегиялық мақсаттарды зерттеуде және олар үшін құқықтық жағдай жасайды.

7.Салықтық жоспарлаудың процессiн ұйымдастыру

Салықтық жоспарлау салықтық реттеу тиімділігін арттырады, мемлекеттік саясаттың алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде әрбір елде салықтық реттеу механизмінің құрылымы салық жүйесінің құрылатын қағидаларына, қолданылатын реттеу құралдарының жиынтығына байланысты ұлттық ерекшеліктерге ие, және ол саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.

Экономиканы мемлекеттік басқару ұлттық мақсаттарды жүзеге асыруды ұзақ мерзімді салықтық жоспарлаудың, салық заңдылығының және салық жүйесінің өзара байланыстылығына негізделуі керек. Салық механизмінің қазіргі құрылымы келесі негізгі бөліктерден тұрады:

а) Салықтық жоспарлау:

салықтық түсімдер мен «салықтық шығындарды» мемлекеттік жоспарлау;

салықты салық төлеушілердің төмендетуін жоспарлауды есепке алу;

б) салықтық қатынастарды хұқықтық қамтамасыз ету:

заңның сақталуын бақылау;

салық заңдылығын бұзушылық үшін жауапкершлік;

9. Салық жеңiлдiгi және оны реттеудің жолдары мен мәні

Салық жеңілдігі — салық төлеушілердің кейбір санаттарына басқаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлеу мүмкіндігінің берілуі. Салық жеңілдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес беріледі. Салық жеңілдігін мемлекет: ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру, өндірістің келешегі зор салаларының дамуын жеделдету; экологиялық талаптарды сақтау қажеттігіне байланысты кәсіпорынға түсетін туынды қаржы ауыртпалығын жеңілдету; қоғамның ауқаты төмен жіктерін әлеуметтік қорғау; белгілі бір демографиялық саясатты жүргізу мақсаттарына пайдаланады. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде жеке сипаттағы салық жеңілдігін беруге тыйым салынған; салық жеңілдігін беру кезінде іскерлік және өндірістік қызметті көтермелеу көзделеді; салық жеңілдігі өтеулі, мерзімді және мәлімделмелі сипатта болады. Cалық жеңілдігін беру нысандары: салық негізін немесе салық сомасын азайту, салық мөлшерін төмендету; салық несиесін қамтитын мақсатты салық жеңілдігі маңызды салық жеңілдігінің бірі — салық салынбайтын минимум (салық объектісінің салықтан босатылатын ең төменгі мөлшері). Салық несиесі — кәсіпорынның инвестициялық жобаны іске асыруына, мемлекеттік билік тарапынан ұсынылатын белгілі бір талаптарды іске асыруға байланысты салық төлемінің мерзімін ұзартатын жеңілдік. Салық қызметімен немесе мемлекеттік әкімшілікпен несие келісімін жасасу нысанында беріледі; онда салық несиесінің мөлшері мен оны беру мерзімі, оның қайтарылу шарттары, несие бойынша пайыз мөлшерлемесінің көлемі келісіледі.