
- •4.Бюджеттiк - салық салудың болжау әдістері
- •28. Еркiн экономикалық аймақтардағы салық менеджментiнiң ерекшелiгi
- •3.Корпоративті салық менеджментiнiң мәні және ерекшелiгi
- •14Корпоративтік салықтық менеджмент есебiнің мазмұны, мақсаты
- •15.Корпативті салық менеджментiнiң түрлерi
- •22.Кәсiпорындарда iшкi салықтық бақылауды ұйымдық реттеу
- •23.Қр салық жүйесінің қызмет ету мәселелері мен бағытының шешімдері
- •1.Мемлекеттiк салық менеджмент: ұғымы және мазмұны
- •2.Мемлекеттік салық саясатын жузеге асырудағы салықтық менеджментінің рөлі
- •5.Мемлекеттiк салықтық жоспарлаудың қағидаттары және оның жүзеге асыруының әдiстерi.
- •12Мемлекеттiк салықты бақылаудың: мақсаты, есебі, формасы
- •13Мемлекеттiк салықтық бақылауды жүзеге асыру әдiстерi
- •24.Мемлекеттiң бюджеттiк - салық стратегиясын өткiзудегі салық саясаты
- •29.Мемлекеттің салық саясатын жүргізуде салық механизмінің құрылымы мен рөлi
- •21.Оффшорлық аймақтар: ұғымы, классификациясы, белгiлері
- •6. Салықтық жоспарлау – салықтық басқарудың құраушысы ретінде
- •7.Салықтық жоспарлаудың процессiн ұйымдастыру
- •9. Салық жеңiлдiгi және оны реттеудің жолдары мен мәні
- •10. Салықтық реттеудiң жүзеге асыруының құралдары
- •16.Салықтық есеп-қисап бұл салықтық бақылауды өткiзудің негiзі
- •17.Салық төлемiлердi төмендету механизмдері
- •19.Салық міндеттемелерін экономикалық агенттермен орындауды қамтамасыз етуде салық органдарының есептері мен функциясы
- •25.Салықтық әкiмшiлiк ету: оның өткiзуiнiң мазмұны мен формасы
- •27.Салық есебiнiң экономикалық мән және қажеттiлiгi
- •30.Салық қатынасы жүйесінде салық тәуекелдерiн басқару
- •20.Халықаралық салықтық жоспарлаудың мәні
- •18.Iшкi салықтық жоспарлау: оны өткiзудің мәні мен ерекшелiгi
БББББ
4.Бюджеттiк - салық салудың болжау әдістері
Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесінбасқару бюджетті жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджетті жоспарлау рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарға, әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы табылады. Мемлекеттік бюджетті жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
Бюджеттік процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
Қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша бөлу;
Салалар, іс-әркет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
Бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.
ЕЕЕЕЕ
28. Еркiн экономикалық аймақтардағы салық менеджментiнiң ерекшелiгi
Рыноктық экономикада әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарында экономикалық және әлеуметтік қызметті неғұрлым кең ырықтандыру арқылы оларды дамытудың өзіндік ұйымдық-экономикалық әдістері кең тараған. Бұл әдістер еркін немесе арнаулы экономикалық аймақтар түрінде экономиканы дамытудың рыноктық жолын таңдап алған елдерде кеңінен дамыған. Экономикалық қызмет еркіндігінің дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан атауларда: еркін сауда аймағы, еркін кеден аймағы, қосалқы аймақ және т.с.с. нұсқалар болуы мүмкін; экономикалық ырықтандырудың шекті нұсқасы оффшорлық аймақ немесе аумақ болып табылады.
Арнаулы (еркін) экономикалық аймақ (АЭА) – қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасының шектеулі аумағы.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 2001-2008 жылдар кезеңінде құрылған 6 арнаулы экономикалық аймақ жұмыс істейді: «Ақтау теңіз порты», «Астана – жаңа қала», Инновациялық технолориялар паркі (бұрынғы «Алатау Ақпараттық технологиялар паркі»), «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және «Бурабай».
Арнаулы экономикалық аймақтар экономиканың салаларын дамыту және қолдау, өңірлерді жедел дамыту және әлеуметтік проблемаларды шешу, кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыру, инвестицияларды, технологияларды және қазіргі заманғы менеджментті тарту тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру мақсатында құрылады.
Арнаулы экономикалық аймақтар жиырма бес жылға дейінгі мерзімге құрылады.
АЭА-ны құру өңір экономикасын сауықтыруға, маңызды микроэкономикалық міндеттерді шешуге – өндірісті тұрақтандыруға және оны ұлғайтуға, шаруашылықты жаңғыртуға, ішкі рынокты жоғары сапалы тауарлармен толықтыруға бағытталған. Қосымша шетелдік капитал мен озық технологияны тарта отырып, халықтың жұмыспен қамтылуын кеңейтуге, жергілікті жұмыс күшінің біліктілігін арттыруға, маркетинг және менеджмент саласында тәжірибе алуға мүмкіндік туады. АЭА аумағында отандық және шетелдік заңи тұлғалар мен азаматтардың шаруашылық, қаржылық және өзге қызметінің кез келген түріне (заңнамамен тыйым салынған түрлерінен басқасы) рұқсат етіледі. Отандық заңи тұлғалар (энергетикалық және көлік жүйелеріне жататындарынан басқасы) аймақта дербес және ведомстволық бағыныштығына қарамастан тәуелсіз ұйымдар болып табылады. Аймақтан тыс орналасқан заңи тұлғалар аймақ аумағында өздерінің филиалдары мен жаңа кәсіпорындарын құра алады. Қазақстанда АЭА жұмысының тәжірибесі бар: тіпті 1992 жылы әр түрлі облыстарда бірнеше аймақтар құрылған болатын, бірақ олардың жұмыс істеуі тауар-ақша ауқымының қозғалысына толық бақылаудың жоғалуы және әкімшілік-аумақтық бөліністердің экономикалық дербестігін алуы тұрғысынан орталық билікті қанағаттандырмады – аймақтар таратылды. 1996 жылдан АЭА-ның (Қызылорда, Ақмола, Лисаков) іс-әрекетін жаңғырту өңірлерді дамытудың бұл тиімді жолының жұмыс істеу тетіктерін жақсартуға мүмкіндік берді, бірақ 1998 жылдың аяғынан бастап басқару мен қаржыны орталықтандыруға белгіленген бетбұрыс бұл аймақтардың өмір сүруін алдын ала шешті. Қазіргі кақытта Қазақстанда АЭА Ақтауда «Морпорт Актау» ЖШС «АЗСТ», Оңтүстік Қазақстан облысында және Астанада жұмыс істейді, олар қысқа мерзім ішінде бірқатар жаңа өндірістер құруға мүмкіндік берді. Астана қаласында оның мемлекет астанасы ретіндегі айрықша мәртебесіне байланысты салықтарды бөлу, өндірістік-техникалық арналым заттары мен тауарлары импортының жеңілдетілген режімі сақталынған. Елде ақпараттық технологиялардың жаңа экспортқа бағдарланған және импорт алмастырушы саласын құру мен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлуетін неғұрлым толық пайдалану мақсатында 2013 жылғы қазанның 1-іне дейінгі кезеңге «Ақпараттық технологиялар» паркі арнаулы экономикалық аймағы құрылған.
АЭА аумағында еркін кеден аумағының режімі іс-әрекет етеді.
Егер АЭА-ның құқықтық режімі өзгерсе немесе ол мезгілінен бұрын таратылса, онда аймақ аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асырып жатқан шаруашылық жүргізуші субъектілерге мұндай қызметті инвестициялар салынған мезетке сай келетін жағдайда жалғастыра беру құқығы кепілдендіріледі. Мұндай құқық АЭА құрылған мерзімінің аяғына дейін іс-әрекет етеді, бірақ ол 10 жылдан аспауы тиіс; мерзім айтылған құқықтық режімді жою немесе өзгерту күнінен есептеледі.
Сөйтіп, АЭА-да бизнестің барлық сфераларындағы сан алуан кәсіпкерлік қызметті өрістеу үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Басқа мемлекеттердегі АЭА-ның жұмыс істеу практикасы әлемдік экономикада болып жатқан өзгерістерді белсенді қабылдай отырып, аймақтардың құрылымы өздігінше дамуға қабілетті екенін және өз кезегінде өз мемлекетінің экономикасына оңтайлы әсер ететінін көрсетіп отыр. Бірлескен кәсіпорындар жұмысының тәжірибесі бар, жоғарғы дайындықтың жобалары бар, инфрақұрылым мен көлік жүйелері дамыған, шет мемлекеттермен шекарасы бар аймақтар неғұрлым тиімдірек болады.
КККККК