Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сактандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.8 Кб
Скачать

7.Сақтандырудағы тәуекел-менеджменті қолданудың концептуалды көзқарастыры

Сақтандыруда тәуекел-менеджментті пайдаланудың концептуалды ынғайына үш негізгі жайғасым кіреді:

- тәуекел жағдайында экономикалық субъектілер қызметінің салдарын анықтау;

- бұл қызметтің мүмкіндіктің теріс салдарына жауап қайтару іскерлігі;

- шараларды жасау және жүзеге асыру, олардың көмегімен қолданылатын іс-әрекеттердің ықтималды теріс нәтижелері бейтараптандырылады және орны толтырылады.

Тәуекел деген түсініктің қарапайым жағдайындағы нәтижесі алдын-ала белгісіз шешімдерді белгілеуді сипаттайды. Кәсіпкердер бір іске қаражатын сала отырып, болашақта кездесетін оның тағдырына араласатын барлық жағдайларды қамтиды.

Болашақтағы азды-көпті болатын оқиғаны анықтау, сонымен қатар одан келешектегі зияндарды немесе адамдардың денсаулығына әсер ететін жағдайларды сақтандыру тәуекелдігі деп атайды.

Тәуекелдік – бұл адамзат қимылының барлық салаларында кездесетін объективті қүбылыс. Өзінің мән жағдайында ол зиян шектіретін және шығынға әкелетін жарамсыз тасымалдау тәуекелдері автокөліктер, өзен, теңіз жіне әуе көліктеріне байланысты келеді.

Саяси тәуекелдіктер мемлекеттік басқару органдарының құқықтарына қарсы өз азаматтарына істеген істеріне байланысты және сақтандырушының жауапкершілік шеңберіне жатуы мүмкін.

Сақтандырудың тәуекелдік кездейсоқтық жағдайда пайда болғанда ол адам ықпалынан тыс болғанда ғана мәні болады. Алдағы ұзақ мерзімді болашақта адамзат өзінің дамуында тәуекелдікті бақылап отыратын, ал оның жарамсыз нәтижелерін жоққа шығаруын көрсетеді. Тәуекелдікті бағалау үшін дәл ақпарат болуы керек, өйткені олардың болмағаны тәуекелдіктің қателігіне әкеліп соғады. Сондықтан банк қызметінде, азаматтардың салымдарын, қаржыландырып сақтандырудың экономикалық маңызы оарсан зор екендігі белгілі. Республика азаматтарының кәсіпкерлікпен толыққанды айналысуы, сондай-ақ еркін бәсекелестіктің кепілі банк қызметінде сақтандырудың толыққанды қызмет істеуіне байланысты. Бұл проблемелардың түбегейлі де, толық шешілуі республика экономикасының алға басуының кепілі екендігі баршамызға белгілі.

8.Сақтандырудағы тәуекел-менеджменттің негізгі элементтері

Сақтандырудағы тәуекел-менеджментті маңызды жағына келесі негізгі элементтер кіреді:

- тәуекел менджменттің дайындық кезеңі тәукелді талдау мен бағалау нәтижесінде алынған тәуекелдердің сипаттамалары мен мүмкіндіктерін салыстыру қарастырады. Дайындық кезегінде баламалар анықталады, мұнда тәуекел мөлшері әлеуметтік қолайлы болып қала береді. Басымдықтар белгіленеді, яғни бірінші кезектегі назарды талап ететін мәселелер мен сұрақтар шеңбері көзге түседі. Сөйтіп, жарамдылық қағидасы бойынша қолдағы баламаларды, олардың құрамына кіретін тәуекелді маңызына қарай бөлу мүмкіндігі объективті түрде пайда болады: тәуекел толығымен қолайлы, жартылай қолайлы, мүлдем қолайлы емес;

- тәуекелдің мүмкін теріс салдарын минимизациялауға немесе жоюға мүмкіндік туғызатын нақты шараларды таңдау. Бұл кезеңге сақтық сипаттағы үйымдастырушылық және операциялық процедураларды жасау кіреді. Сақтандырушы жағынан берілген кезең тәуекелдік шешімдерді қабылдайтын немесе жүзеге асыратын тұлғалар үшін нақты кепілдемелерде құралуы мүмкін.

Тәуекел менеджменті кәсіпкерлік қызметінің сферасы сақтандыру нарығы болып табылады. Сақтандыру нарығы – сақтандыру бойынша экономикалық қатынастардың пайда болу сферасы. Сақтандыру нарығы сақтандыру компанияларымен (қоғамдары) және мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен азаматтарға және шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ұсынылатын сақтандыру қызметтері сауда-саттық объектісі болып табылатын ақшалай қатынастар сферасымен түсіндіріледі. Тәуекел-менеджменті тәуекелді басқару және экономикалық, нақтырақ айтқанда, осы басқару процессінде туындайтын қаржылық қатынастарды басқару жүйесі болып табылады. Тәуекел-менеджменті басқарудың стратегиясы мен тактикасынан тұрады.

Тәуекел менеджментінде басқару объектісі болып капиталдың тәуекелді салымы және тәуекелді өткізу процессінде шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық қатынастар  табылады. Бұл экономикалық қатынастарға сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы, несие алушы мен несие беруші, кәсіпкерлер (серіктестер, бәсекелестер) арасындағы қатынастар жатады және т.с.с. Тәуекел менеджментінің басқару субъектісі – түрлі басқарушылық істің әдістері мен тәсілдері арқылы басқару объектінің мақсаттылық бағытты қызмет етуін жүзеге асыратын арнайы адамдар тобы (қаржы менеджері, сақтандыру маманы, аквизитор, актуарий, андеррайтер және т.б.).

Тәуекел менеджменті белгілі бір қызметтер атқарады. Тәуекел менеджментінің қызметтерінің екі типі бар: –   басқару объектісінің қызметтері; –   басқару субъектісінің қызметтері. Тәуекел менеджментінде басқару объектісінің қызметтеріне келесілерді ұйымдастыру жатады: – тәуекелді шешу; –  тәуекелді капитал салымдарын; – тәуекел мөлшерін төмендету бойынша жұмыстарын; –    тәуекелді сақтандыруды; шаруашылық процесс субъектілері арасында экономикалық байланыстар мен қатынастарды. Тәуекел менеджментінің басқару субъектінің қызметтеріне келесілер жатады: –болжамдау; –ұйымдастыру; –координациялау; –ынталандыру; – бақылау.

Тәуекелді басқару үдерісі бірнеше этаптарға бөлінеді: 1)мақсатты анықтау; 2)тәуекелді анықтау; 3)тәуекелді бағалау; 4)тәуекелді басқару тәсілін таңдау; 5)тәуекелді басқаруды жүзеге асыру; 6)нәтижені бағалау.