Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сактандыру.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.8 Кб
Скачать

3.Сақтандыру компанияларының шығындарын басқарудың негіздері

Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүргізу кезінде өз қызметіне талдау жасау мақсатында шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат

коэффициентін, аралас коэффициентті) есептейді.

2. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, аралас коэффициент) - сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің

шығындылығын көрсететін салыстырмалы көрсеткіштер.

Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

4. Сақтандыру компанияларының андеррайтингтік саясаты

"underwriting" ағылшын тілден «бірнәрсеге қол қою» деп аударылады.

Андеррайтинг – сараптама және сақтандыруға алынатын тәуекелді іріктеу үрдісі, олардың идентификациясын, бағалау, ережелер мен жабу мөлшерін, сақтандыру сыйақы мөлшерінің есептеуін қамтиды.

Адамның денсаулығы мен өмірін сақтандыруда андеррайтингтің келесі түрлері өткізіледі:

  • медициналық

  • кәсіптік

  • қаржылық

  • бос уақыттың тәуекелі

Қоғам қызметі көбіне андеррайтинг тәуекеліне, инвестициялық және операциялық тәуекел түрлеріне шалдыққышкеледі.Компанияда тәуекелді басқаруды қамтамасыз ету органдарына Директорлар кеңесі, Басқарма, Активтер мен пассивтердібасқару комитеті, Андеррайтингтік комитет, Ішкі аудит қызметі және Тәуекелді басқару қызметі жатады.Бөлімше басшыларытәуекелдің мөлшері мен жағдайына әсер етуге көзделген істердің бөлімше жұмысшыларымен орындалуына үнемі бақылаужүргізіп отырады.Компанияның бизнес-ортасындағы өзгерістерге байланысты оның құрылымының, ішкі құжаттарының және процедурала-рының жаңаруы арқылы тәуекелді басқару жүйесі дамиды. Жүйені құрудың басты мақсаты Компаниямен қабылданған тәуекел деңгейінің тиімді бағасы (теңдестіру және өлшеу), Компаниямен қабылданған және қабылданатын тәуекелдердіңдеңгейін жетілдіру шараларын ұйымдастыру, активтердің сапасын арттыру болып табылады. Компанияның өз мақсаттарына жетуіне кері әсер етуі мүмкін.

5.Сақтандыру компанияларының маркетингі түсінігі және мәні

Сақтандыру маркетингі — бұл өзара есеп пен қажеттіліктерге бағытталған сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы əрекеттестік жүйе, сондай-ақ клиенттердің қажеттіліктерін толығырақ есепке алудың есебінен сақтандырушының табысын барынша көбейтуге арналған іс-қимылдар кешені.

Сақтандыру маркетингі капиталды жинаудың спецификалық ерекшеліктерін қарастырады, ол əртүрлі əлеуметтік топтардың табыс деңгейін, халықтың демографиялық көрсеткішін (туу мен өлімнің арасындағы арақатынасты), сонымен қатар мемлекеттік сақтандыру мен əлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің жағдайын есепке алады.

Сақтандыру — маркетингтік басқару əдісін əзер қабылдаған, қалыптасқан дəстүрі бар ескі бизнес.

Қазіргі заманғы сақтандыру маркетингі — бұл «толықтыруды» емес, сақтандыру компанияларының бөлімшелер құрылымына нарықтық жүйенің басқаруын кіргізуге бағытталған кешенді маркетинг.

Сақтандыру маркетингінің тиімділігі сақтандырушы мен сақтанатын адамның арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін факторлар кешендерін біріктіруге байланысты. Олар мына жағдайларды қарастырады:

— клиенттердің сақтандыру бойынша қажеттіліктерін зерттеу;

— сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы ақпарат алмасу жүйесін жасау;

— сақтандыру қызметтерін жасау, өндіру жəне сапасын бақылау;

— сақтандыру өнімін сату жүйесін құрастыру жəне өткізуді ынталандыру;

— сақтандыру нарығындағы жағдайды, бəсекелестікті жəне т.б. саралау.

Мысалы: бүгінгі экономика мен банк жүйесіндегі дағдарыс жағдайында сақтандыру бизнесі өзінің тұрақтылығын сақтап қалды, себебі клиенттеріне сақтандыру бойынша барған сайын жаңа қызметтерді ұсынуда. Айталық, өмір мен денсаулықты қорғауды бір мезгілде қамтамасыз ететін, сақтандырудың ұзақмерзімді жинақтау қоры туралы келісім жасалады.

Мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдар маркетингі коммерциялық емес маркетинг саласына жатады, əрі мемлекеттік жəне коммерциялық емес ұйымдар тұрғысынан қоғамдық көзқарасты қалыптастырудан тұрады. Мұндай ұйымдар, əдетте қоғамдық мүдделер үшін қызмет етеді немесе белгілі бір идея үшін күреседі, мысалы депутаттыққа кандидат ұсынады, темекіге қарсы кампания ұйымдастырады жəне т.б. Қазіргі заманғы бəсекелестік жағдайында мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдарға маркетингтік тəсілдерді зерттеп, қолдану керек, себебі тұтынушылардың өзге ұйымдардың ұсыныстарын таңдауы əбден мүмкін.

Сақтандыру маркетингінің функциялары

Сақтандыру маркетингінің функциялары: Сақтанушыларды зерттеу,тұтынушылар талғамын зерттеу,олардың сақтандыру түрлеріне көзқарасын білу және зерттеп талдау.

Сақтанушының сақтандыру келісімшартына отырар алдын да мотивін білу және зерделеу.

Сақтандыру нарығына анализ жасау.

Сақтандыру нарығының өнімін дайындау:жарнама,сақтандыру шарттары,сервистік қызмет.

Сақтандыру өнімдерін клиеттерге өткізу каналдарын қарастырып зерделеу сақтандыру маркетингінің негізгі функциясы болып табылады.