Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сактандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.8 Кб
Скачать

10.Қайта сақтандыру сақтық операцияларының қаржылық орнықтылығын нығайту әдісі ретінде.

Қайта сақтандыру-сақтан-у опер-ның қарж тұрақт нығайту тәдісі ретінде: қайта сақтандыру – өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сəйкес бір жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тəуекелдерінің бəрін немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне жəне екінші жағынан осы тəуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет жəне соған байланысты қатынастар. қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) – уəкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу жəне орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. қайта сақтандырушы (цедент) – өзі қабылдаған сақтандыру тəуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы. Сақтандыру жауапкершілігінің көлемін өсіру процнсіндегі сақтандыру ұйымы жүргізетін қызметтің бастапқы кезінде де қайта сақтандырудың рөлі ерекше. Қайта сақтандыру мемл сақтандыру арқылы да, сондай-ақ өзге де сақтандыру компаниялармен де жүзеге асырылуы мүмкін. Келісуші жақтар жасаған қайта сақтандыруды өзара жүргізу келісімі жартылай ығысушы компания мен қайта сақтандырушы деп аталады, яғни ығысушы компания орын беруге келіседі, ал қайта сақтандырушы келісімде айтылған шарт жағдайында қатердің нақты бір үлесін өзіне қабылдайды. Ығысушы болып қатерді қабылдап, оның жартысын қайта сақтандырушыға беретін сақтандыру компаниясының өзі болып табылады және де басқа компаниялар болуы ықтимал, сол секілді ығысушы қатерді қабылдайтын қайта сақтандырушы компанияда б.т. Қайта сақтандыру пропорционалды және пропорционалды емес болып бөлінеді. Пропорционалды қайта сақтандырудан шарт жасалады, ол қатысушы жақтардың үлесін немесе ығысушы компания мен қайта сақтандырушының сақтандырылған соманың функция болып есептелген қатысын анықтайды.

ММММ

13.Мүлікті сақтандыру бойынша төлемдердің негізгі жағдайлары және оны ұйымдастыру

Сақтандырушы не болмаса оның өкілі жасаған барлық қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

Сақтандыру төлемін Сақтандырушы Пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде жүзеге асырады. Сақтандыру төлемі сақтандыру жағдайының орын алуы салдарынан Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) келтірілген шынайы зияндардың мөлшерінен аспауы тиіс.

Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтауға негіз болып амортизациялық есептеулерді (тозуды) шегере отырып, осы Шарт жасалған күндегі Мүліктің шынайы құны (сақтандыру төлемі) табылады.

Егер осы Шартта белгіленген сақтандыру сомасы сақтандыру жағдайы орын алған күні Мүліктің шынайы құнынан аз болып қалса, онда сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру сомасының Мүліктің шынайы құнына қатынасымен пропорционалды есептеледі.

Сақтандыру төлемі осы Шартта анықталған франшизалар мен сақтандыру сомаларын есепке ала отырып әр Сақтандырылатын объект бойынша келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

егер осы Шартта сақтандыру сомасы Мүліктің шынайы құны мөлшерінде анықталса, сақтандыру төлемі шынайы зиян мөлшерінде, бірақ осы Шартта белгіленген франшиза мөлшерін шегере отырып, сақтандыру сомасы шегінде жүзеге асырылады;

егер осы Шартта сақтандыру сомасы осы Шартты жасау сәтінде Мүліктің шынайы құнынан төмен анықталса, сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру сомасының Мүліктің шынайы құнына қатынасымен пропорционалды, бірақ осы Шартта белгіленген франшиза мөлшерін шегере отырып, сақтандыру сомасы шегінде анықталады. Сақтандыру төлемінің (СТ) мөлшері бұл жағдайда келесі формула бойынша анықталады: СТ = (У х C/CH)-F,

мұнда: У - шынайы зиян мөлшері; С - сақтандыру сомасы; СИ - Мүліктің шынайы құны; F-франшиза;

Егер Сақтанушы (Сақтандырылушы немесе Пайда алушы) келтірілген зиян үшін жауапты тұлғадан өтемақы алса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін келтірілген шынайы зиян мен аталған тұлғадан алынған өтемақы мөлшері арасындағы мөлшерде жүзеге асырады, бұл ретте сосы тармаққа сәйкес есептелген сақтандыру төлемінің мөлшері осы Шарттың 9.5-тармағына сәйкес есептелген сақтандыру төлемінің мөлшерінен аспауы тиіс.

Егер сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін Сақтанушы (Сақтандырылушы немесе Пайда алушы) келтірілген зиян үшін жауапты тұлғадан өтемақы алған болса, оның осы Шарттың 9.5-9.7-тармақтарына сәйкес есептелген сақтандыру төлемдеріне ғана құқығы бар, осыған байланысты Сақтандырушы сақтандыру төлемінің артық төленген сомасын қайтаруды талап етуге құқылы, ал келтірілген зиян үшін жауапты тұлғадан өтемақы алған Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) Сақтандырушыға алынған соманың артығын қайтаруға міндетті.

24Маркетинг тұрғысындағы сақтандыру өнімі Сақтандыру маркетингі — бұл өзара есеп пен қажеттіліктерге бағытталған сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы əрекеттестік жүйе, сондай-ақ клиенттердің қажеттіліктерін толығырақ есепке алудың есебінен сақтандырушының табысын барынша көбейтуге арналған іс-қимылдар кешені. Сақтандыру маркетингі капиталды жинаудың спецификалық ерекшеліктерін қарастырады, ол əртүрлі əлеуметтік топтардың табыс деңгейін, халықтың демографиялық көрсеткішін(туу мен өлімнің арасындағы арақатынасты), сонымен қатар мемлекеттік сақтандыру мен əлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің жағдайын есепке алады. Сақтандыру— маркетингтік басқару əдісін əзер қабылдаған, қалыптасқан дəстүрі бар ескі бизнес. Қазіргі заманғы сақтандыру өнімі маркетингі — бұл«толықтыруды» емес, сақтандыру компанияларының бөлімшелер құрылымына нарықтық жүйенің басқаруын кіргізуге бағытталған кешенді маркетинг. Сақтандыру маркетингінің тиімділігі сақтандырушы мен сақтанатын адамның арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін факторлар кешендерін біріктіруге байланысты. Олар мына жағдайларды қарастырады:— клиенттердің сақтандыру бойынша қажеттіліктерін зерттеу;— сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы ақпарат алмасу жүйесін жасау; — сақтандыру қызметтерін жасау, өндіру жəне сапасын бақылау;— сақтандыру өнімін сату жүйесін құрастыру жəне өткізуді ынталандыру;— сақтандыру нарығындағы жағдайды, бəсекелестікті жəне т.б. саралау.Сақтандыру маркетингі сақтандыру компанияларының коммерциялық қызметтерін басқару және сақтандыру қызметтерін рыногта зерттеу әдісін атаймыз.Сақтандыру маркетингі жалпы маркетингтік ғылымның бір бөлігі ретінде саналады және сақтанушы мен сақтандырушының өзара қарым - қатынасы жүйесіндегі қажеттіліктерімен мүдделерін есептеуге бағытталады. Сақтандыру маркетингі 2 негізді құрайды. 1Макроэкономикалық2 Практикалық 1 – ші жағдайда сақтандыруды анықтайтын сақтандыру рыногын қарастырады.2 – ші жағдайда сақтандыру компанияларының қызмет етуінің практикалық құрамы ретінде қарастырылады. Бұл құрал рынокты зерттеуге және тұтынушылардың қызмет етуін оңтайландыруға ықпал етеді. Сондықтан маркетингтің практикалық бөлігі осы құралдың сақтандырушылардың рыногтық нәтижелерін нығайту үшін қолданылады. Сақтандыру маркетингінің құрылымында қазіргі кезеңде Батыс мамандары 2 дербес бағытқа бөлген. 1Тауарлы рыногты маркетинг.2Құрылымдық, ұйымдастырушылық маркетинг.Сақтандыру маркетингінің функциялары :1Клиентураны тарту бұл бір қатар іш – шараны жүргізу. Осы функцияны қолданып тұрақты сақтандырушыларға ықпал ету құралдары мен әдістерін қолдануда көрініс табады. Әдістері мен құралдары: А) Мақсатты бағытталған жарнамалардың көмегімен сақтандырушыларды үгіттеу және ықпал ету.Б) Сақтандыру шарттары жасасу бойынша ұйымдық іш – шаралар кешенін жүргізу. С) Сақтандыру қызметіндегі дифференциация тарифтерін қолдану.Д) Сақтандыру қызметтерінде әр түрлі саудалық және заңнамалық қызмет ету формаларының үйлесуі.2) Сақтандыру мүдделерін қанағаттандыру бұл функцияны қолдану сақтандыруды қамтамасыз етудің мәдениетімен жүргізіледі яғни сақтандыру қызметіне деген жаңа сұраныстарға кепілдеме беру. Сақтандыру ісіндегі маркетиг барлық ұйымдастырушылыұқ техникалық коммерциялық әс шараларды халықтардың сақтандыру қызметіне деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған бір жүйеге біріктіруі қажет. Осы жоспарларды тиімді және айқын қолдану үшін маркетинг бағдарламасы керек.Сақтандыру компанияларының маркетингтік бағдарламаларды шешу үшін келесі мәселелер қажет. 1Сақтандыру компанияларының талдау мүмкіншілігі.2Даму мақсаттарын анықтау.3Сақтандыру рыногын жүргізудегі стратегины әзірлеу.4 Сақтандыру рыногына арналған тактикалық тәсілдерінің қызметтерін әзірлеу.5 Маркетинг бағдарламаларды бақылауды қамтамасыз ету.

ӨӨӨӨ