Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сактандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.8 Кб
Скачать

АААА

11.Андеррайтингтің функциясы: аналитикалық, практикалық, әдістемелік, бақылау

"Андеррайтер" кәсібінің міндеті: бағалау, тәуекелді сипаттау, сақтандыру портфелін құрылымы, қызмет көрсету.  "Андеррайтер" кәсібіндегі негізгі шешілетін міндеттері:  • Сақтандыру өнімін құрастыру;  • Сақтандыру ережелерін жазу;  • Сақтандырудағы тәуекел тәсілдері мен квалификациясы (қайта сақтандыру);  • Cақтандыру келісім-шартының шарттарын анықтау;  • Cақтандыру құжаттамасына бұрыштама қою. Андеррайтер, сақтандыру саласындағы маман, тәуекелділікті сипаттайды, бағалайды және жіктейді, сақтандыру портфелін құрады. Сақтандыру шарттарына қол белгі қоюды, ұсынылған сақтандыру тәуекелдерді сақтандыруға қабылдауды жүзеге асырады, жеке тұлға немесе нақты тұлғаның сақтандыруға қабылдау кезіндегі тәуекелдерін жіктеу, тарифті мөлшерлемелерді және сақтандыру келісімдердің нақты шарттарын белгілеу, белгілі бір жағдайларда сақтандыру келісімін жасасудың (жасаспаудың) мүмкіндігі туралы қорытынды шығару, сақтандыру (қайта сақтандыру) портфелін құруды жүзеге асырады.

3.Актуралық есеп және сақтандыру тарифтерінің әдістемесі

Актуарлық есеп – сақтандыру операцияларында шығынға жол бермес үшін бағамдар деңгейі мен қор мөлшерін анықтауға бағытталған математикалық және статистикалық әдістер жинағы.

ЖЖЖЖЖ

5.Жаңа сақтандыру өнімдерін нарыққа шығару және әзірлеу кезеңдері

Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.

Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:

- әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;

- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;

- сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының – сақтық ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

- халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалауын жүйесін ұйымдастыру;

- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;

- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;

- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.

Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-бюджет және ақша-кредит саясатын жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жүмысының сенімділігіне байланысты болады.