
- •Мазмұны
- •5.1 Негізгі мағлұматтар.........................................................................................26
- •1Кабельдік байланыс жолдарының трассасын таңдау
- •1.1Кабельдік байланыс жолын таңдау критерийлері
- •1.2Аумақтық сипаттамасы
- •2.Электрлік байланыс кабелінің конструкциясын таңдау
- •2.1 Байланыс орнату тәсілі мен кабель конструкциясын анықтау
- •2.2 Кабельдік тізбектің тарату параметрінің есебі жөнінен жалпы
- •3.1 Сурет. Оқшауланғыш талшықтың диаметрі
- •2.3 Сурет. Кабелді 4х4 жүрекшесінің диаметрі
- •3 Кабельді тізбектің тарату параметрінің есебі жөнінен жалпы мағлұматтар
- •3.1 Симметриялы кабельдердің тарату параметрлерінің есебі
- •3.4 Сурет Өшу коэффициентінің жиілікке тәуелділігі
- •3.5 Сурет Фазалық коэффициенттің жиілікке тәуелділігі
- •3.2 Кабельдік байланыс жолының трассасында регенерациялық
- •4 Тізбектер арасындағы өзара әсерлесу параметрлерін өлшеу
- •4.1 Негізгі мағлұматтар
- •4.2 Реконструкцияланатын симметриялық экс тізбегіндегі әсер ету параметрлерін есептеу
- •5 Электр байланыс кабельдерін сыртқы электромагнит өріс
- •5.1 Негізгі мағлұматтар
- •5.2 Қауіпті магниттік әсерлер есебі
- •5.1 Сурет. Байланыс жолының жкл-мен жақындасу схемасы
- •5.3. Қауіпті магниттік әсерлердің нормасы
- •5.4. Найзағай түсуден байланыс кабельдерін қорғау және есептеу
- •5.5 Жобаланатын кабель магистралінің сенімділігін есептеу
- •6 Талшықты- оптикалық тарату жолдарын жобалау
- •6.1. Тотж таңдау және негіздеу
- •6.2 Оптикалық талшық (от) типін таңдау мен негізделуі
- •6.3 Оптикалы кабель (ок) типін таңдау мен негізделуі
- •6.4 Байланысты ұйымдастыру сызбасын таңдау мен негізделуі
- •6.5 Магистраль жолы бойынша ретрансляторларды орналастыру
- •6.3Сурет рп орналасуы
- •6.6 Цифрлі байланыс каналдарына абонентерге қолжетімділікті
- •7Жобаланатын жолдарды құру және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жоспары
- •7.1Жалпы мағлұматтар
- •7.2 Құрастыру – жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру
- •Қорытынды
2.Электрлік байланыс кабелінің конструкциясын таңдау
2.1 Байланыс орнату тәсілі мен кабель конструкциясын анықтау
Жетілдірілетін байланыс жолының электрлік байланыс кабелінің (коаксиалды немесе симметриялы) конструкциясын анықтау арналардың берілген санына, сонымен қатар оның сыйымдылығына, өткізгіш диаметріне, материалына, оқшаулағыш материалы мен конструкциясы және кабель қабықшасы және т.б. осы кабельмен істейтін тығыздау жүйесіне байланысты анықталады (жеке тапсырма бойынша).
Арнайы әдебиеттер мен анықтамалықтарды қолданып, қажетті кабельдің конструкциясын анықтаймыз. Мұнда кабельдің барлық конструктивті элементтері ескеріледі (оқшаулағыш жастықшасының конструктивті мөлшері, сыртқы қорғау қабықшасымен қабықшаның түрі, материалы және т.б.). Әдістемелі нұсқаулар мен әдебиеттер көмегімен конструктивті параметрлері арқылы қажетті кабель түрін анықтаймыз. Анықтау кезінде келесі жәйттарды ескеруіміз тиіс: суға төсеуге шеңбер тәріздес сымдар көмегімен жасалынған қорғаныш қабығы бар, ал жәй жерге төсеу үшін лента тәріздес қорғаныш қабығы бар кабель қолданылады [ 4 ].
2.1 кесте. ЭКС алғашқы параметрлері
ТЖ реконструкцияға дейінгі |
К-24 |
ТЖ реконструкциядан кейін |
ИКМ-120 |
ЭКС реконструкциядан кейінгі арналар саны |
200 |
ЭКС типі және сыйымдылығы |
СК 1*4 |
СК сымының диаметрі немесе ішкі өткізгіш коаксиальды жұптың диаметрі, мм |
1,05 |
ЭКС оқшаулау типі |
СП |
Тұтас оқшаулағыштың диаметрі немесе корделия лентасының қалыңдығы, мм |
1.0 |
Кордель диаметрі, мм |
- |
ЭКС Оқшаулағыш қабат материалы |
Al |
Вариант номері |
7 |
Ақкөл – Бұланды (оптикалық кабель), км |
|
Астана -Ақкөл (электрлік кабель),км |
|
Ескерту: СК – симметриялы кабель; КК – коаксиалды кабель; КЖ – коаксиалды жұп; КС – корделді стирофлексті оқшаулағыш; ТП – түтікшелі полиэтиленті оқшаулағыш; СП – полиэтиленді оқшаулағыш; ТП – тесікті-полиэтиленді оқшаулағыш; Al – аллюминий; Pb – қорғасын; Fe – құрыш.
Коаксиалды кабелмен байланыс орнату әдісі бір кабелді, яғни таратқыш және қабылдағыш тізбектері бір кабелде орналасады, ал симметриялы кабелде екі кабелді, әр тарату бағытының тізбектері бөлек кабелде орналастырылады.
Бір аймаққа кіретін әртүрлі жергілікті желілерді қосуға арналған II классты желілік торабтар арасындағы ішкі аймақтың кабелдік байланыс жолдарында магистральді байланыс жолдарындағыдай байланысты ұйымдастырудың төрт өткізгішті (бір немесе екі кабелдік) сұлбасы қолданылады[ 4 ]
2.2 Кабельдік тізбектің тарату параметрінің есебі жөнінен жалпы
мағлұматтар
2.1 кестеге сәйкес симметриялы ЭБК және /2.3/ сәйкес симметриялы кабелдердің стандартты құрылысындағы елеулі айырмашылықтарына байланысты симметриялы ЭБК құрылымдық өлшемдерін нақтылау қажет. Бұл үшін ток өткізгіш сымның диаметрінің берілген мәні бойынша оқшауланған өзектің диаметрі анықталады. Симметриялы кабелдерде талшықтардың құрылымы бойынша оқшаулануы 2.1 суретте көрсетілгендей екі профилмен көрсетілуі мүмкін: а) корделді-полистиролді; б) біртұтас немесе кеуекті полиэтиленді.