Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салтанат Куатбековна Казахс. яз. 2 рейтинг.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453.19 Кб
Скачать

Достықтың алтын көпірі

Ассамблея – шын мәнісінде, мемлекет пен халық, әсіресе әр түрлі ұлт адамдары арасындағы алтын көпір болып табылады. Біздің еліміз онда тұратын халықтардың өзінің ең көкейкесті армандары мен тілектерін толық дамыту үшін осындай мүмкіндіктерге ие болатындығын ешқашан білген емес.

Ассамблеяның басты рөлі, ең алдымен, біздің көпұлтты елімізде бейбітшілік пен келісімділікті қолдау болып табылады. Біз бір ұлттың екінші ұлтқа, бір мәдениеттің екінші мәдениетке түбегейлі араласып кетуіне қарсымыз. Сондықтан біз мемлекеттік ұлттық саясат туралы айтқанда халықтар арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылық қарым-қатынастарды дамытуды ғана емес, сонымен бірге ұлттық мәдениеттерді сақтауды да көздейміз.

Менің ойымша, мемлекет пен халық арасындағы өзара қарым-қатынаста сол алтын арқау табылған сияқты. Ол ортақ тіл табуға мүмкіндік береді және саяси ортада болып жатқан заманалық үрдістерді жете түсінуді қамтамасыз етеді.

Н.Ә. Назарбаев

5-тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Ассамблея кімдердің арасындағы алтын көпір болып табылады?

a) мемлекет пен мемлекет арасында

b) әр түрлі ұлт адамдары арасында

c) кәсіпкерлер арасында

d) мемлекет басшылары арасында

2. Ассамблеяның ең басты рөлі қандай?

a) елде мәдени өзгерістер жасау

b) халық қалаулыларын сайлау

c) ұлттық мәдениеттерді сақтау

d) бейбітшілік пен келісімділікті қолдау

3. Қазақстан Республикасының ұлттық саясаты нені көздейді?

a) өзара қарым-қатынасты сақтауды

b) ұлттық сананы қалыптастыруды

c) отандық өнімдерді шығаруды

d) ұлттық мәдениетті сақтауды

4. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.

a) бейбітшілік пен келісімділікті қолдау

b) ең көкейкесті армандары мен тілектерін толық дамыту

c) халықтар арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылық қарым-қатынастарды дамыту

d) өмірде адал дос табу қиын.

7-тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріп екі мемлекет арас

ындағы қарым-қатынас туралы айтыңыз.

алтын көпір между народами

ең көкейкесті стабильность

бейбітшілік во взаимоотношениях

келісімділік позволяет

мәдениет мир

қарсымыз против

ұлттық саясат согласие

халықтар арасындағы культура

тұрақтылық самый актуальный

өзара қарым-қатынаста золотой мост

мүмкіндік береді национальная политика

заманалық үрдістері тенденции современности

9-тапсырма. Жеке пікіріңізді білдіріңіз.

Сіздің жеке пікіріңіз қандай?

Сіз достық дегенді қалай түсінесіз?__________________________________________________

Сіздің досыңыз бар ма? __________________________________________________

Сіз досты қалай таңдайсыз? ___________________________________________________

Өзге ұлт өкілдерінен достарыңыз бар ма?________________________________________

Танымал тұлғалардың достықтары жайында не білесіз?_______________________________

Достық туралы қандай мақал-мәтел білесіз?_____________________________

Беріктің айтқандарына толық қосыласыз ба?_________________________________________

Қанша досым бар деп ойлайсыз?___________________________________________________

12-тапсырма. Сөйлем құрастырыңыз.

1 - мамыр ынтымақ, бірлік, береке мерекесі

Бұл күні қазақ халқының мейрімділігі туралы айтылады.

Қазақстандағы халықтар арасындағы татулық туралы сөз болады.

әр ұлт өкілдерінің достығы айтылады.

халықтар достығы мерекесі аталып өтіледі.

әр ұлт өз музыкалық аспаптарында ойнайды

27-сабақ бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Достық туралы мақалды табыңыз:

a) Жолдасы көптің олжасы көп

b) Еңбек ер атандырады

c) Отан – оттан да ыстық

d) Ата – балаға сыншы

2. Ынтымақ, татулықты білдіретін мақалды көрсетіңіз.

a) Асыл тастан, өнер жастан шығады

b) Бірлік болмай, тірлік болмас

c) Ат – ер қанаты.

d) Өнер алды – қызыл тіл.

3.Сөйлемді толықтырыңыз: «Достық сезім ұлтына, ...».

a) адам таңдайды.

b) жас таңдайды.

c) жасына қарамайды.

d) жағдайына қарайды.

4. Сөйлемді күрделі етістікпен аяқтаңыз: «Ол достық туралы ... ».

a) шырқады

b) ән салды

c) деп айтты

d) армандады

Глоссарий [3, 10-108]

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

тілек айту

пожелание

Wish

ілтипат білдіру

почтение

Courtesy

сыпайылық білдіру

любезность

Civility

Бәрі жақсы болсын!

Всего доброго!

have a nice day!

Жақсылық тілеймін!

Всего хорошего!

good bye! all the best!

ризашылықпен

с удовольствием

with pleasure

ұқыпты болу

быть бережливым

to thrifty/to economical

сенімді болу

быть уверенным

to be sure

бар мүмкіндікті жасауға тырысу

стараться сделать все возможное

to do one’s best

СӨЖ: Пікір алмасыңыз.

Мысал ретінде айтатын болсақ, мен өзім өзбек ұлтынамын. Сондықтан кең байтақ елде тыныш, татулықта өмір сүріп жүргеніме шүкіршілік айтамын.

Әрине, әр адам өз ұлтымен мақтана алады. Сонда мен, бұл екі ұлтты бір-бірінен ажыратпай, екеуін де бірдей мақтаныш ете аламын. Өйткені біз оқып жүрген топта жартымыз өзбектер. Осыншама жыл өтіп, біздің топта болсын, басқа жерде болсын, елдің қай түпкірі мен қайсы бір ортасы болсын, ұлтқа бөлушілікті, ажыратушылықты көрмедік. Бәрі де адамгершіліктің, тәрбиенің, мәдениеттің, жоғары сапада жүргізіліп жатқан саясаттың арқасы деп білеміз.

АКТИВТІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ

Пән: Қазақ тілі Кредит саны – 2

Практикалық сабақ № 23 Семестр: бірінші

Деңгей – 3 2013-2014 оқу жылы

Лексикалық тақырып: Отан – отбасынан басталады.

Грамматикалық тақырып: Міндеттеу модальділігі (долженствование).

Оқытушы: ассоц. проф. Тәшімбай Салтанат Қуатбекқызы

1-тапсырма. Мәтін бойынша тест тапсырмасын орындаңыз.

1.Сөйлемді жалғастырыңыз: «Адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі - ...».

  1. Күндіз-түні бас алмай кітап оқу

  2. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету

  3. Өз-өзін жақсы жақтарынан көрсету

  4. Ешнәрсеге қатысы болмау

2.Сөйлемді толықтырыңыз: «Әдепті адам ...».

a) ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады.

b) үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген.

c) жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.

d) бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.

3.Әдептілік дегеніміз не?

a) өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне сәйкес ұстай білу.

b) Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды.

c) Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделген.

d) қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.

4.Сөйлемді толықтырыңыз: «Адам-ең әуелі адамгершілігімен, ... »

a) әдепсіз болса қапаландырады.

b) әдебімен көрікті. 

c) сәйкес ұстай білу.

d) қалдырмау үшін қажетті.

5.Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз:

a) әдептілік

b) батырлық

c) қызғаныш

d) сұлулық

2-тапсырма. Мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар дайындаңыз (5 сұрақ).

3-тапсырма. Мәтіннен теріп толтырыңыз.

Әдептіліктің белгісі

Әдепсіз қылықтар

Грамматикалық түсініктеме

Міндеттеу модальділігі (долженствование)

Е+ уға тиіс/-уға міндетті

(должен сделать – обязан сделать)

Біз сыйлауға міндеттіміз/Мы должны уважать

Сен құрметтеуге тиістісің/Ты должен уважать [1, 83]

7-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз [2, 253].

Әке

«Әке – асқар тау» дейді дана халқымыз. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке шаңырақтың тірегі. Әке өз шаңырағының төрінде отырады. Ақ дастарқанға бата беру әкенің міндеті. Әке балаға жақсы тәлім-тәрбие беруге міндетті адам. Әке – бала үшін өнеге мектебі. Әке отбасы мүшелерін қорғауға міндетті. Әкені сыйлау, оны үлкен құрметтеу баланың парызы болмақ.

Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әрбір перзент әкені ренжітпей оның айтқанын орындау басты парыз деп санауға тиіс.

Ақылды аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырған. Мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз.

8-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сәйкестендіріңіз.

Әке - ...

Әкенің міндеті

Баланың міндеті

шаңырақтың

қамқоршысы

қорғау

сыйлау

рудың, ауылдың,

тірегі

ұрпақтың

басшысы

үйдің

панасы

10-тапсырма. Аналар мейрамы мерекесімен анаңызды құттықтаңыз.

11-тапсырма. Әкеңізге «Әкелер күніне» арнап тілек жазыңыз.

12-тапсырма. Төмендегі сөздердің көмегімен бірнеше сөйлем құрастырып жазыңыз.

іні-қарындастарына қамқор болуға

Отанын қорғауға, сүюуі

күреспен, спортпен шұғылдануға тиіс

Ер бала отбасын, үй-ішін асырауға міндетті

Қыз бала ата-анасын, туыстарын сыйлауға

үлкен кісілерді құрметтеуге

28-сабақ бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

1.Нақыл сөзді толықтырыңыз: «Тәрбие басы - ..., өнер алды ...».

a) тіл

b) жүрек

c) ақыл

d) ана

2. Сын есіммен келген мақал-мәтелді көрсетіңіз.

a) әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала

b) қыз өріс, қыз қонақ

c) шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш.

d) жиен ел болмас, желке ас болмас

3.Сөйлемнің жалғасын табыңыз: «Әке – ұрпақтың панасы, ...».

a) өмір сүруге баулиды.

b) үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі.

c) жақсы болашаққа ғана әкеледі.

d) екенін ұмытпағанымыз абзал.

4. Жігіттің жақсы ісіне сүйсінгенде айтылатын мақтау сөзді табыңыз.

a) Жігітке жеті өнерде аз.

b) Жігіттің үш жұрты бар.

c) Жігіт деп осыны айт!

d) Жас жігіт!

Глоссарий [3, 10-108]

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Құрметтеу

чтить, почитать

to prefer

Сыйлау

уважать

to respect

Бағалау

ценить

to appreciate/ to value

Мақтау

хвалить

to praise

қамқор болу

заботиться

to take care (of)

әлемді қабылдау

воспрятие мира

perception of the world

сезіне білу

чувствовать

to feel

айыра білу

различать

to distinguish/ to differentiate

тану

познавать

to perceive

СӨЖ: Мәтінді оқып, өзіңізге таныс отбасы туралы әңгімелеңіз.