
- •Менің болашақ жұмысым
- •Мамандығым мәртебем
- •Шектес мамандықтар
- •Менің жұмысым
- •Өмірін өнерге арнаған жан
- •Өнер түрлері
- •Шебер қолдар
- •Қытай фарфоры
- •Кино жұлдыздары
- •Бала Мұхтардан – дана Мұхтарға дейін
- •Көрме залында
- •Кино жұлдыздары
- •Бұл мүмкін емес
- •Достықтың алтын көпірі
- •Сіздің жеке пікіріңіз қандай?
- •Үлгілі отбасы
- •Махаббат туралы ой
- •Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күнінің тарихы
- •Махаббатсыз дүние бос...
- •Шынықсаң шымыр боласың
Кино жұлдыздары
Киноның атауы |
Актер, актриса |
Қысқаша мазмұны |
Алған әсеріңіз |
«Жау жүрек мың бала» |
Қазақстандық жас актерлер мен актрисалар ойнайды. Жас болғандықтан әлі танымал емес. Кино кейіпкерлерін жақсы сомдап шықты. Жас та болса жақсы ойнады. |
Тарихи оқиғалар. Отанын, елін қорғау үшін жанын пида еткен жасөспірімдер. Жас жігіттердің қайратын, батырлығын көруге болады. Атыс-шабыс та, махаббат та көрініс тапқан. |
Кино толықтай ұнады деп айта алмаймын. Қазақстанға бұндай тақырыптарда кино керек. Патриоттық сезім билейді. |
«Көшпенділер» |
Басты рөлдерде шетелдік танымал актерлер ойнайды. Актерлік шеберліктері жоғары деңгейде. Қазақ киносының атақты актерлері де бар. Жас актрисалар көп. Тіпті кейбір әншілерді де байқап қалдық. |
Тарихи оқиға шындығы көрсетіледі. Жаугершілік заман. Жерін, елін қорғаған хас батырлар. |
Кинодан жақсы әсер алдым. Барлығы шынайы. |
Пайдаланылған әдебиеттер:
Амандықова Г.Ә. Қазақ тілі: Оқу құралы. – Алматы: 2010. – 316 бет.
Мамаева М.Қ. және авторлық ұжым. Тіл-құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 252 бет.
Күзекова З., авторлық ұжым., Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерудің деңгейлік тақырыптық лексикалық минимумы : – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 108 бет
АКТИВТІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ Пән: Қазақ тілі Кредит саны – 2 Практикалық сабақ № 21 Семестр: бірінші Деңгей – 3 2013-2014 оқу жылы Лексикалық тақырып: Достық – бірлік нышаны. Грамматикалық тақырып: Тұрақты сөз тіркесі Оқытушы: ассоц. проф. Тәшімбай Салтанат Қуатбекқызы |
1-тапсырма. Мәтінге сәйкес тест тапсырмаларын орындаңыз.
1. Сөйлемді мәтін бойынша толықтырыңыз: «Адал дос әрқашан ... болады».
а) қу
в) аңғал
с) шынайы
d) шыншыл
2. Дұрыс нұсқаны табыңыз: «Адам досына ... көмек көрсетеді».
а) сөзсіз
в) парыз
с) қарыз
d) дәметіп
3. Сөйлемді мәтін бойынша толықтырыңыз: «Шын дос» сенен достығы үшін ... сұрамайды.
а) ақша
в) ақыл
с) алтын
d) қарыз
4. Мәтінге сәйкес нұсқаны табыңыз.
«Жүз теңгең болғанша, жүз досың болғаны артық» мақалының мағынасы
а) достан гөрі ақшаң көп болсын
в) ақшаң да, досың да көп болсын
с) 100 теңгең де, 100 досың да болсын
d) ақшаң көп болғанша, досың көп болсын
2-тапсырма. Мәтіннен сөйлемдердің жалғасын табыңыз.
Егер сен досым маған қызмет етсін деп ...
Себебі шын дос адамдар ...
Адал достың бір-бірімен қарым-қатынасы ...
5-тапсырма. Бос орындарға тиісті сөздерді қойыңыз.
Қажетті сөздер: көргің, жақсы, келгенде, жалғыз, сенімді, қуанасың, ауырып
Достарың мен жолдастарыңның болғаны қандай _______________! Олармен бірге жүргенде өзіңе-өзі___________ боласың. «Көп көтерген жүк жеңіл», - дейді халық мақалы.
Сен бірде ________________ оқуға бара алмай қалдың делік. Бірнеше күн өткеннен кейін зерігіп, жалғызсырай бастайсың. Көңіліңе сағыныш ұялап, достарыңды ________________ келеді. Бұл сезімің түсінікті де: өйткені ешкім де _______________ өмір сүре алмайды. Ал достарың көңіл күйіңді сұрай ______________, төбең көкке жеткендей ______________.
(«Ол кім? Бұл не?» кітабынан.)
6-тапсырма. Берілген тақырыпқа қатысты өз ойларыңызды айтыңыз.
Д
ос
адам баласына ауадай қажет.
Дос тек қиын жағдайда керек болады.
Достарың болса, туған-туысқандардың қажеті болмайды.
Қазір достың керегі жоқ, өйткені ғаламтор деген досың бар.
Дос сырласу үшін керек.
Қазіргі кезде ақыл беретін досың ол - ғаламтор.
Грамматикалық түсініктеме [2, 55] Тұрақты сөз тіркесі Тұрақты сөз тіркесі – сөз тіркестерінің бір түрі. Тұрақты сөз тіркесінің негізгі белгілері: құрамындағы сөздердің орындары тұрақты, яғни орындарын өзгертуге келмейді, сөздердің мағыналары бір-біріне байлаулы болады да, бәрі тұтасып келіп, бір мағынаны білдіреді. Мысалы: ит өлген жер – алыс; тайға таңба басқандай – анық. Тұрақты сөз тіркестері синоним бола алады. Мысалы: түнімен көз ілмеді – көрер таңды көзімен атырды. Тұрақты сөз тіркестері антоним де бола алады. Мысалы: жерден алып жерге салды – атағын аспанға шығарды.
|
7-тапсырма. Екі бағандағы шағын мәтіндерді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.
Көмек сұрау |
Қол ұшын беру |
Арман қиын жағдайға тап болды. Ұялы телефонын алып, достарына хабарласа бастады. Біреуінің телефоны сөндірулі болса, ал екіншісі қолы босамайтынын айтты. Ол ең жақын досынан көмек сұрады. Досы оған бірден жауап бермеді. Ананы-мынаны сылтауратты. Соңында көмектесе алмайтынын айтты. Арман достарынан көмек болмайтынын түсінді. Бірақ ол оған қатты ренжімеді. Арманның туыстары, ағайындары қол ұшын берді. Ол барлық туғандарына алғысын білдірді. |
Арада көп жыл өтті. Бірде Арманға бір досы қоңырау шалды. Оның туған қарындасы ауруханаға түсіп қалыпты. Оған ота жасау үшін аса көп мөлшерде қаражат керек екен. Арман мән-жайды түсініп, өзі көлік алармын деп жинап жүрген ақшасын алып, тез арада ауруханаға жетті. Оны көрген досының қуанғанынан көзінен жас шықты. Ол бір кездері Арманға көмектесе алмағаны үшін біраз қынжылды. Ол Арманның адал дос екенін түсінді, өзінің жіберген қателігі үшін кешірім сұрады. |
10-тапсырма. Бір-біріне антоним, синоним болатын тұрақты сөз тіркестерін бөліп жазыңыз [3].
1.Төбесі көкке жетті – қуанды 2.Көзді ашып-жұмғанша – жылдам 3.Аузымен құс тістеу - ширақ 4.Атағын аспанға шығарды – мақтады 5.Құлақ салу – тыңдау 6.Таяқ тастам жер - жақын 7.Жүрек жұтқан – батыр 8.Кірпік қаққанша – тез |
9.Қоян жүрек – қорқақ 10.Арам ас – адал еңбексіз табылған ас, оңай олжа 11.Құлақ аспау – тыңдамау 12.Жерден алып жерге салды – жамандады 13.Ит өлген жер – алыс 14.Маңдай тер – адал еңбек 15.Бөркін аспанға атты - шаттанды 16.Еті тірі – пысық
|
синоним болатын тұрақты сөз тіркестері |
антоним болатын тұрақты сөз тіркестері |
|
|
11-тапсырма. Шағын қызық әңгіме құрастырыңыз.