Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салтанат Куатбековна Казахс. яз. 2 рейтинг.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453.19 Кб
Скачать

Қытай фар­форы

Қыш өнеркәсібі Қытайдағы ең ежелгі қолөнерінің бірі. Жүздеген жылдар бойы осы қыш өне­рінің қыр-сырын меңгер­ген Қытай ұсталары ғажайып фарфор бұйымдарын ойлап тапты. Ғалымдар бұл жаңалықты XVІІ ғасырда ашылды деп есептеген. Бірақ Шығыстық Хань дәуірі кезін­де-ақ фарфор бұйымдарын жасай бастаған. Таң дәуірінде фарфор жасау технологиясы оның шыңына жеткен.

Сун дәуірінде фарфор бұйымы­ның “алтын дәуірі басталады”. Әлем­ге фарфор қаласы деген атағы жайыл­ған Цзянси өлкесі бар. Цзиндэчжень қаласынан шыққан фарфордың атағы жер жар­ды. Қазіргі заманға дейін фар­фордың “цинхуа” дейтін түрі осы елдің өзінде де үлкен сұранысқа ие.

Соңғы 600 жыл барысында Цзин­дэчженнен шыққан фарфор бұйым­дары Азия, Африка, Еуропа және Америка елдерінің қоғамдық өміріне енген. Содан бері де көп еш нәрсе өзгермеген. Өйткені, бүгінде 600 мың ғана тұрғыны бар атақты қалада оның әрбір ересек тұрғыны фарфор өнеркәсібінде еңбек етеді.

АКТИВТІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ

Пән: Қазақ тілі Кредит саны – 2

Практикалық сабақ № 20 Семестр: бірінші

Деңгей – 3 2013-2014 оқу жылы

Лексикалық тақырып: Танымал тұлғалар.

Грамматикалық тақырып: Етістіктің бұрынғы өткен шағы (давнопрошедшее время)

Оқытушы: ассоц. проф. Тәшімбай Салтанат Қуатбекқызы

1-тапсырма. Сәйкестендіріңіз.

Абай Қазақ үшін ақындықтан жоғары, ол дана ақылдың, кесек ер тұлғаның өзі.

Жамбыл Қырғыздың «Манас» эпосын тұңғыш рет қағазға түсірген.

Ш. Уәлиханов «Өнер білім бар жұрттар» деп алғаш оқу-білімге шақырған ізашар ұстаз.

Әлкей Марғұлан ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, өнертанушы ғалым.

Ыбырай Алтынсарин ол – әрі күйші сазгер, әрі дүлдүл домбырашы.

2-тапсырма. Мәтіннен жауабын табыңыз.

Негізгі қызметтері

Ол кім?

Өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнаған қоғам қайраткері.

Ол – қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған, ұлттық сурет өнерінің шебері.

Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, өнертанушы ғалым.

Композитор және Қазақстанның халық әртісі.

Атақты әнші, кәсіби әнші.

3 -тапсырма. Мәтін бойынша танымал тұлғаларды орналастырыңыз.

Қоғам қайраткері

Бейнелеу өнеріндегі танымал адам

Кино өнріндегі танымал актер

Ғылым саласына енбегі сіңген ғалым

«Абай жолы» роман-эпопеясының авторы

4 -тапсырма. Кино әлеміне саяхат жасаңыз. Ең таңдаулы кино жайлы айтып беріңіз.