
- •Менің болашақ жұмысым
- •Мамандығым мәртебем
- •Шектес мамандықтар
- •Менің жұмысым
- •Өмірін өнерге арнаған жан
- •Өнер түрлері
- •Шебер қолдар
- •Қытай фарфоры
- •Кино жұлдыздары
- •Бала Мұхтардан – дана Мұхтарға дейін
- •Көрме залында
- •Кино жұлдыздары
- •Бұл мүмкін емес
- •Достықтың алтын көпірі
- •Сіздің жеке пікіріңіз қандай?
- •Үлгілі отбасы
- •Махаббат туралы ой
- •Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күнінің тарихы
- •Махаббатсыз дүние бос...
- •Шынықсаң шымыр боласың
Шебер қолдар
|
Сөздік қорға |
Шыны ыдысқа сурет салу. Ненің суретін?
|
Әкем суретші болатын. Оның сурет салуы, қарындашты ұқыпты ұстауы маған қызық көрінетін. Мультфильмдердегі кейіпкерлердің бейнесін салатынмын. Әсіресе «Сейлармун» мультфильмін асыға күтетінмін. Суретін салып, оны қиып алып қағаз қуыршақтар коллекциясын жинайтынмын. |
Әр түрлі гүлдерден гүл шоғын жасау. Қандай гүлдерден жасайсыз?
|
Көктемде гүл көп өседі. Құрбым дала гүлдерін жақсы көретін. Ол әртүрлі гүлдер жинайтын. Олардан гүл шоқтарын жасайтын. Түймедақтардың сабақтарын өретін. |
Қуыршақ немесе жұмсақ ойыншық жасау. Неден және қалай жасайсыз?
|
Анам әртүрлі мата қиындыларын жинайтын. Олардан қуыршаққа киім тігетін. киімдерін тоқитын. |
Әшекей бұйымдар жасау. Қандай бұйым жасайсыз?
|
Ағам күмістен сырға, білезік, сақина жасайтын. Сырғаға әшекей тастар орнататын. Асыл тастардан алқа жасайтын. Оның бұйымдары әдемі болып шығатын. |
8-тапсырма. Сұхбаттағы бос орындарға төмендегі сұрақтарды рет-ретімен қойыңыз.
______________________________________________________________________
Өзім Түркістанда туылғанмын. Бала кезімнен өнерге құмар болдым. Балшықтан түйе, қой, ешкі жасаймын. Солай аңдардың бейнелерін жасап үйрендім. Өсе келе суретші болуды армандайтынмын.
______________________________________________________________________
Ең алдымен керамист болатын адам жастайынан сазбалшықпен жұмыс істеуді үйренуі керек. Содан соң қолайлы орта қажет. Мәселен, Түркістанда керамика саласының кеңінен дамуына мүмкіндік болды. Себебі керамистке керегі – ең бірінші сазбалшық. Ал сазбалшық Сауран карьерінде, Отрар жерінде бар.
______________________________________________________________________
Керамиканы электр жабдықтарын жасауда, құрылыс, көркемсурет саласында көп пайдалануға болады. Жапонияда «машинаның детальдарын керамикадан жасап жатыр» деген сөз шықты. Алдағы уақытта ғалымдар «ғарышта пайдаланамыз» деп отыр. Осыларға қарап бұл саланың болашағы бар деп ойлаймын.
_______________________________________________________________________
Түрлі құмыралар, ойыншықтар, мүсіндер, сазсырнай, қазақы киімдер киген адамдардың және жануарлардың бейнелерін жасаймын. Барлығын да ұлттық үлгімен қалыптастырамын.
_______________________________________________________________________
Қажетті сұрақтар:
Әңгімеңізге рахмет!
Жалпы керамист болу үшін не қажет?
Өзіңіз қандай заттар жасайсыз?
Абайхан Рахманбердіұлы, қазіргі таңда белгілі керамика маманысыз. Бұл қиын да қызық салаға қалай келдіңіз?
Керамика саласының болашағы қандай деп ойлайсыз?
9-тапсырма. Досыңыздың туған күні. Туған күнге өз қолыңызбен кәде-сый жасаңыз. Не сыйлайсыз сол туралы айтып беріңіз.
10-тапсырма. Сөйлем құрастырыңыз.
Жасанды және табиғи материал түрлері |
Не жасауға болады? |
Саз, топырақ, құм, күміс, темір, метал, алтын, ағаш, қамыс, емен, жапырақ, шыбық, мата, қағаз, резеңке т.б.
|
Үлгі: Құмнан сурет салуға болады. Күмістен қыздарға сырға жасайды. Ағаштан үй жиһаздарын жасайды.
|
24-сабақ бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
1.Сөздердің шылау арқылы байланысын көрсетіңіз:
a) өзің үшін үйрен
b) бақытты сезіну
c) әр қилы заман
d) майлы бояу
2.Табыс жалғаулы сөз тіркесін көрсетіңіз.
a) жақсыны көрмек үшін.
b) жақсы адам
c) жақсылар мен жайсандар
d) жақсылап ойлан
3.Сөйлемнің жалғасын табыңыз: «Мен бала кезімде мүсінші ...».
a) деп ойлайтынмын
b) болуды армандайтынмын
c) уақыт өткіземін
d) көп оқитынмын
4.Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.
a) Өнерімен танылды
b) Өнерге шықты
c) Өнерді танысқан
d) Өнер табысу
Глоссарий [4, 10-108]
қазақ тілінде |
орыс тілінде |
ағылшын тілінде |
табыс |
успех |
success |
қате |
ошибка |
mistake |
сәтсіздік |
неудача |
failure |
артықшылық |
приемущество |
advantage, preference |
тиімділік |
эффективность |
effectiveness |
маңыздылық |
важность |
importance |
тапшылық |
недостаток, нехватка |
lack (of), defect |
жетімсіздік |
недостаток |
deficiency |
келісім |
согласие |
agreement |
қарсылық |
возражение |
objection |
СӨЖ: Мәтінді мазмұндаңыз.