Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салтанат Куатбековна Казахс. яз. 2 рейтинг.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453.19 Кб
Скачать

Өмірін өнерге арнаған жан

_____________________ өнеріне үлкен еңбек сіңірген жан. Өнер әлеміне табиғи талантымен, ерекше қарым-қабілетімен келген өнер иесі. Оның өнері – таза өнер, саф өнер. Ешқандай күмән келтіре алмас кіршіксіз, мөлдір өнер. ________________________ атақ-абырой жеткілікті.

Өнер жолы – қиын жол. Неге? Өйткені сенің әрбір басқан қадамың халық назарында. Жетістігіңді де, кемшілігіңді де ел көріп-біліп отырады. Сондықтан өнер адамына жүктелер міндет, артылар жауапкершілік салмақты. ______________________ да өзге өнер иелеріндей өнердің ортақ мұңы мен қайғысын, қуанышы мен қызығын басынан өткерді. Бірақ осы өнер жолында көп қиыншылықтарға кездесті. __________________ барлық өнерін өнерге арнады.

7-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Өнер түрлері

Өнер – мәңгілік тақырып, таусылмайтын жыр. Қазақ халқы өнерге бай. Олар күй өнері, саят өнері, шешендік өнер, қолөнер, кино өнері т.б.

Асқан шеберлікті қажет ететін қолөнері – зергерлік. Зергерлік өнер – көне заманнан келе жатқан өнер түрі. Алтын күмісті, бағалы тастардан әсем бұйымдар зергерлікке жатады. Ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық, музыкалық аспаптар жасау – халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Шеберлер ағаш бұйымдардың бетіне, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып өрнек салған.

Аңшылық құру – аң-құсты қырып жою деген сөз емес, қайта оған қамқор болу, жанашырлық ету деген сөз. Қазақ халқында құралайды көзден атқан мергендер болған. Ол үлкен өнер, ата салтымыз.

Шешендіктің мысалы ретінде қазақ халқының айтыс өнерін айтуға болады. Шындық өмірді шығармашылық жолмен, көркем образдар арқылы суреттейтін көркем өнердегі жанр.

8-тапсырма. Екінші бағандағы мағлұматты оқып, бірінші бағанға қай өнер екенін белгілеңіз.

ХХ ғасырдың бас кезінен ғылыми-техникалық прогрестің дамуына орай пайда болып, қалыптаса бастаған өнер саласының ерекше бір түрі. Ол адам тіршілік ететін, қызмет істейтін ортаның, тұтынатын бұйымның жарасымды сән-салтанаты, қолдануға ыңғайлылығы, әдемілігін іспеттейтін өнер түрі.

Құрманғазы – өмірге ғашық күйші, сазгер. Құрманғазы қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырды. Өмір құбылыстарына арналған күйлері – Құрманғазының туа біткен өнерпаздығына айғақ.

Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор, қазақтың тұңғыш кәсіби маманданған балетмейстері Әбіров Дәурен Тастанбекұлы. Классикалық би билеу – үлкен өнер.

Шешен сөйлей білу – адамдардың асыл қасиеттерінің бірі. Халық оны өзгелерге психологиялық жағынан әсер етудің ерекше құралы, тәсілі деп те санаған.

«Өнер алды-қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз қадірін білгендіктен айтқан. Тілдің міндеті-ақылдың аңдауын, қиялдың меңзеуін айтуға жарау. Оны тілмен айтып білдіруге көп шеберлік керек.

10-тапсырма. «Кім шапшаң» әр салаға қатысты жинаған сөйлемдерді баған ішіне толтырыңыз.

Сәулет, дизайн өнері

Сөз, күй, ән, би, саз өнері

Қолөнер

Қажетті сөздер:

Ұлттық сурет өнерінің алғашқы шебері.

Кескіндемеші-график ретінде де белгілі.

Дизайн өнері – елімізде соңғы жылдары қанат жайған өнер саласы.

Ол – қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған.

Бүгінде қазақ би өнері жаңа белеске көтерілуде.

Күй өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлы қазақ музыка тарихында ерекше орын алады.

Ұлттық мұра дизайн өнерін әлі де жетілдіру қажет.

Қазақ би өнерінің майталмандары.

Саятшылық – үлкен өнер, ата салтымыз.

12-тапсырма. Тиісті етістік шақтарын қойыңыз.

Асқар зергерлік бұйымдар жаса________ жатыр________.

Оксана қуыршағына көйлек тік________ отыр_________.

Ол көрме өткіз_________ бері көңілі тынышталды.

Олар үйірмеге бар__________ отыр________.

Бейсен жеке шеберханасын аш________ жүр_________.

23-сабақ бойынша тест тапсырмасын орындаңыз.

1.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз: «... – қазаққа тән ерекше өнер».

a) табақ тарту

b) ақындар айтысы

c) қазақ тілін үйрену

d) алтыбақан тебу

2.Мағынасы жақын сөздерді көрсетіңіз.

a) көз ілеспеді, көзін жеткізді

b) көзі қарайды, көзі қарауытты

c) көзіндей көрді, көзіне шел бітті

d) қас пен көздің арасында, көзді ашып жұмғанша

3.Сөйлемнің жалғасын табыңыз: «Өнер – мәңгілік тақырып, ...».

a) өнерді бағалайды

b) өнер түрлері көп

c) таусылмайтын жыр

d) өнер сүйгіш халық

4.Сөйлемді толықтырыңыз: «Зергерлік өнер – көне заманнан ....»

a) келе жатқан өнер түрі

b) алтын, кұміс бағалы заттар

c) ағаш төсек, астау, ожау

d) сырға, шолпы, әшекей заттар

Глоссарий [3, 10-108]

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

дарынды

одаренный

talented

өнер қайраткері

деятель искусства

art figure

өнер түрлері

виды искусства

types of art

өнер туындысы

произведение искусства

masterpiece

танымал

популярный

popular

заманауи

современный

modern

көне

древний

ancient

кәсіп

ремесло

craft

көрме

выставка

exhibition

жалғастыру

продолжить

to continue

СӨЖ: Сұхбатты оқыңыз, мазмұнын ауызша айтыңыз.

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатын қолөнер шеберлері іріктелді. Енді оларға қолдау көрсетілетін болады.

Қазақ халқының тарихы тереңде жатқан ұлттық нақыштағы өнер туындылары әлем халқының назарын аударуда.

Айнагүл Қуанғалиева – оң саусағынан өнер тамған шебер. Оның ұлттық нақыштағы түрлі қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысқанына – 20 жыл. Алғашында қызығушылықпен жасаған кәдесыйлары қазір нағыз табыс көзіне айналды.

Айнагүл Қуанғалиева, қолөнер шебері:

- Мен жасаған кәдесыйларда қазақ халқының ақ ниетін көрсеткім келеді. Басқа халықтар менің кәдесыйларыма тамсана, қызыға қарайды.

Көрмеге 20-дан астам қолөнер шеберлерінің ағаштан, күмістен, киіз бен бағалы тастардан жасалған бұйымдары қойылған. Әсіресе, Ерболат Қарабдаловтың саз балшықтан жасаған құмыралары, ұмыт болып бара жатқан көне дәстүрді қайта түлеткендей.

Ерболат Қарабдалов, қолөнер шебері:

- ЭКСПО-ны біздің Қазақстан жеңіп алғанына біз ұсталар атынан өте қуаныштымыз. Бұл Қазақстанда бір керемет дүниенің бірі болайын деп тұр. Әлемдегі жаңалықтың бірі десек те болады. Қазақтың қолөнерін шетелдік туристерге көптеп көрсете аламыз.

ОСӨЖ: Әрбір сурет түріне сипаттама беріңіз.

Сурет өнерінің қыры мен сыры

Сурет салу түрлері

Қажетті құралдар

қандай құралдың көмегімен

Құмда сурет салу

құм, әйнек,

Саусақтың ізімен салынады

Қағазға сурет салу

Қағаз, өшіргіш, қара қарындаш, түрлі-түсті қарындаштар, бояулар

Мен қағазға сурет салайын деп отырмын. Алдымен маған керек құралдарды дайындап алу қажет. Маған қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, өшіргіш, бояулар қажет болады. Міне құралдардың барлығы дайын. Әуелі қандай тақырыпқа салатынымды ойланып алайын. Басыма керемет бір ой келді. Енді оны жүзеге асыру керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Амандықова Г.Ә. Қазақ тілі: Оқу құралы. – Алматы: 2010. – 316 бет.

  2. Күзекова З., авторлық ұжым., Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерудің деңгейлік тақырыптық лексикалық минимумы : – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 108 бет.

  3. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш., Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы). – Алматы: «Әділет» ЖҚМ, 2002. – 288 бет.

  4. Мамаева М.Қ. және авторлық ұжым. Тіл-құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 252 бет.

АКТИВТІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ

Пән: Қазақ тілі Кредит саны – 2

Практикалық сабақ № 19 Семестр: бірінші

Деңгей – 3 2013-2014 оқу жылы

Лексикалық тақырып: Мүсін өнері.

Грамматикалық тақырып: Етістіктің өткен шағы.

Оқытушы: ассоц. проф. Тәшімбай Салтанат Қуатбекқызы

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап тест толтырыңыз.

Ұлы адамдар

Өмірі, шығармашылығы

Қоғамдағы рөлі

Абай Құнанбайұлы

Мұхтар Әуезов

Дінмұхаммед Қонаев

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз [1, 57].

1. Алматыдағы Абай Құнанбайұлының ескерткіші қайда орналасқан?

2. Бұл ескерткіштің орнатылуына үлес қосқан кім?

3. Д. Қонаев сол кезде кім болған?

4. М. Әуезов Абай туралы не деген?

5. Жазушы сәулет өнерін білген бе?

3-тапсырма. Мәтіннен сөйлемдердің жалғасын табыңыз.

Бұл ескерткіштің орнатылуына....

Мұқаң ескерткіш біткенге дейін...

Мен Мұқаңның сәулет, мүсін өнерін...

Грамматикалық түсініктеме. Для передачи дейтвия, которое имело длительное действие в прошлом, также можно к основе глагола добавить суффиксы -атын/-етін/-йтын/-йтін + личные окончания [2, 120-121 бб].

Роза Рымбаева кішкентайынан ән айтатын.

Мен құмнан үйшік жасайтынмын.

Менің атам домбыра жасайтын.

4-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз [3, 138].

Мүсінші

Мен бала кезімде мүсінші болуды армандайтынмын. Бала кезімде сазбалшықтан түрлі мүсіндер жасайтынмын. Қолым бос кезде мүсін өнері туралы жазылған кітаптар оқитынмын. Бойымды шығармашылық шабыт билейтін. Түрлі мүсін жасаған ұнайтын. Ұстазым көп нәрсе үйрететін.

Қазір досым Саматтың мүсінін жасап жатырмын. Мүсін жасау үшін көгілдер мәрмәр тасты пайдаланамын. Қолым бос кезде тас мүсінді қашаймын. Мүсін жасау көп уақытты алады. Мүсін өнері үлкен шеберлікті, дарынды қажет етеді. Адамның мүсінін жасау өте қиын. Адамның ішкі жан сезімі мен сыртқы бейненің үндестігін табу керек. Тас мүсінде дайын болды. Мүсін сондай шынайы шыққан. Өз жұмысыма өзім сұқтана қарап, сүйсіндім.

Мүсін өнері – өнер біткеннің ішіндегі ең нәзігі.

6-тапсырма. Кімнің қолынан не келеді? Ортаға салыңыздар.