Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салтанат Куатбековна Казахс. яз. 2 рейтинг.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453.19 Кб
Скачать

Шынықсаң шымыр боласың

Спортпен айналысу өте пайдалы. Әр адам спортпен шұғылдануы керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады. Мен бокспен шұғылданып жүрмін. Жаттығу үшін спорт залына барамын. Күніне 4-5 сағат жаттығамыз. Жаттықтырушымыз өте қатал және өз ісіне шебер адам. Жаттығуға кешікпеуімізді талап етеді. Ол бізге қарсыласымызды қалай жеңуді үйретеді. Кей күндері қатты шаршаймын. Бокс спорттың ең ауыр түрі деп ойлаймын. Бірақ спорттың осы түрін таңдағаныма өкінбеймін. Мүмкін кейін атақты боксшы болармын. Ол үшін көп тер төгу керек.

Ал әкем футболды өте жақсы көреді. Футбол десе ішкен асын жерге қояды. Ол жас кезінде футбол ойнаған. Оның арманы атақты футболшы болу еді. Бірде жаттығу барысында ол аяғын қатты жарақаттап алады. Сөйтіп көп жүгіруге жарамай қалады. Қазір футболдың нағыз жанкүйері. Ол әлемдік футбол ойындарын жібермей көреді. Қалтасы көтерсе футбол ойынын өз көзімен көріп қайтады.

5-тапсырма. Отбасыңызда кім спорттың қай түрімен айналысатынын айтыңыз.

Отбасындағы спортшылар Сіздің отбасыңыз ше?

Әкем шаңғы тебуді ұнатады. _______________________________

Анам жеңіл жаттығулар жасап жатады. _______________________________

Қарындасым фристайлмен әуестеніп жүр. _______________________________

Әпкем күнде таңертең жүгіреді. _______________________________

Өзім күреспен айналысамын. _______________________________

Ағам бокспен шұғылданады. _______________________________

Атам шахмат, дойбы ойнайды. _______________________________

Әжем ғана спортпен айналыспайды. _______________________________

9-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстанда қай спорт түрі жақсы дамыған?

  2. Қандай Қазақстандық футбол командаларын білесіз?

  3. Қай спорт түрімен шұғылданасыз?

  4. Қазақстандық Олимпиада жүлдегерлерін атаңыз.

  5. Сізге қай спорт түрі ұнайды?

Грамматикалық түсініктеме

форма тұйық етіс: ойна+у, кел+у, тыңда+у, біл+у

Ескерту: азай+у >азаю, көбей+у >көбею

Тұйық етістіктің тәуелденуі/изменение тұйық етістік по притяжательной форме

Мысалы: Сенің шаңғы тебуің жаттықтырушыға ұнайды./ Тренеру нравиться, как ты катаешься на лыжах.

Оның үйірмеге келуі – ұзақ әңгіме./ Его приход в кружок – долгий разговор [1, 53-54 бб].

шаңғы тебуді

суда жүзуді

Жаттықтырушы спортшыға қалай допты тебуді үйретеді.

шахмат ойнауды

күресуді

Таза ауада шаңғы тебу керек./ Маған шаңғы тебуді әкем үйретті.

Шахмат ойнау адамның миын жетілдіреді./ Маған шахмат ойнауды атам үйретті.

Қазақстан құрамасында футбол ойнау - әр футболшының арманы./ Мен футбол ойнауды ұнатамын.

Жарысқа қатысу үшін үлкен дайындық керек./ Әсел жарысқа қатысуға дайындық жасап жатыр.

Суда жүзу адам ағзасына өте пайдалы./Нұртаза суда жүзуді жақсы көреді.

11-тапсырма. Берілген етістіктерді спорт түрлеріне қарай сәйкестендіріңіз. Артығын сызыңыз.

көтеру

тебу

ойнау

жаттығу

шұғылдану

лақтыру

тосып алу

тебу

тебу

отыру

айдау

жүргізу

тебу

сырғанау

жаттығу

үйрену

сырғанау

айдау

тебу

құлау

шұғылдану

айналысу

жұдырықтасу

соғу

ұру

ойнау

шұғылдану

айналысу

жеңу

ұту

жүзу

айналысу

сүңгу

ойнау

секіру

жығу

күресу

айналысу

шалу

жүгіру

22-сабақ бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Қазақтың спорттық ойыны:

а) көкпар

b) футбол

c) баскетбол

d) дойбы

2. «Аламан бәйге» деген қандай спорттың түрі:

а) ат жарысы

b) садақ ату

c) аң аулау

d) құс салу

3. «Теңге ілу» деген не?

а) ұлттық ойын

b) ұлттық тағам

c) ұлттық өнер

d) ұлттық киім

4.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз: «Ол олимпиада жеңімпаздарын ... келді».

a) иелену үшін

b) марапаттауға

c) құттықтауды

d) шұғылданудың

Глоссарий [2, 10-108]

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

жарыс

соревнование

racing, competition

жүлде

приз

Prize

жүлдеге ие болу

быть призером

to be a prize winner

жүйрік

быстрый

Fast

жүйрік ат

скакун

fast horse

аламан бәйге

байга

fight to get the given animal first, ant: to escape

садақ ату

стрелять из лука

to shoot from a bow

ұпай жинау

собирать очки

to collect scores

зиянды

вредный

Harmful

зиянсыз

безвредный

Harmiess

СӨЖ: Қазақстан спортшылары туралы мәлімет жинаңыз (БАҚ материалдары бойынша)

ОСӨЖ: Мәтінді мәнерлеп оқып жоспар құрыңыз [3, 220].

Қазақстанда спорттық барлық түрі дамыған. Көптеген ұлттық спорт ойындары бар. Көкпар, бәйге, қазақша күрес, аударыспақ сияқты ұлттық ойын түрлерінен жиі спорттық жарыстар өткізіліп тұрады.

Тәуелсіз Қазақстан 1994 жылы Дүниежүзілік Олимпиада комитетінің мүшесі болды. Қазақстандық спортшылар әр түрлі жарыстарда жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді.

Біздің команда қысқы Наганада өткен олимпиадалық ойында 100 команда арасында 11-орынды жеңіп алды. Атлантада біз 180 команданың ішінен 26-орын алдық. Сиднейдегі спортшыларымыздың жеңісі Қазақстанға даңқ әкелді.

Спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшыларымыз бар. Мәселен, боксшы Серік Қонақбаевтың шеберлігін дүниежүзі мойындады. Жақсылық Үшкемпіров – күрестен олимпиада чемпионы. Бекзат Саттарханов – Сидней олимпиадасының чемпионы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ерназарова З.Ш., Ахметжанова З.Қ. Қазақ тілі. Грамматика. Жаттығулар жинағы. – Алматы: «Архисема», 2007. – 120 бет.

2. Күзекова З., авторлық ұжым., Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерудің деңгейлік тақырыптық лексикалық минимумы : – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 108 бет.

3. Мамаева М.Қ. және авторлық ұжым. Тіл-құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 252 бет.

35