Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салтанат Куатбековна Казахс. яз. 2 рейтинг.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453.19 Кб
Скачать

Махаббатсыз дүние бос...

Адамзат сыйласуының, мейірбандылығының ең мөлдір көзі – достық. Ол еш уақытта да шөлдетпейтін, жаныңды рахаттандыратын нәр. Кісі қартайғанда шын махаббатты кешеді. Бұл қасиеттер екі кісінің арасында тартылған көзге көрінбес шынжыр. Оны ештеңе де үзе алмайды. Уақыт та, қиындық та. Тек ажалдың ғана әлі жетеді. Бүкіл адам баласын, жер шарының бар ұлттарын, осындай ешкім бұза алмас күштер мәңгі сөнбес бақытқа жеткізеді.

Сенім! Бұл бір ұлы күш! Әсіресе жаны таза адамға өзгенің көрсеткен сенімі бойына қайрат, қиялына қанат береді. Сол сенімді ақтаймын деп қандай қиындық болса да қарсы тұра алады, ақтап шығуға жанын аямайды.

Махаббат шуағына бөлену адам жанын бақыт шыңына бастайды. Ол алтынмен, жақұтпен, інжу-маржанмен өлшенбейді. Ол шуақты да шұғылалы, нәзік те көркем, асқақ та арайлы, тіл жеткізсіз ғажайып сезім.

Ол адам көңіліндегі тазалық пен сұлулықтың иесі, армандардың қасиетті киесі. Сондықтан да бар адамзат үмітіне өмір берер, сеніміне шуақ берер қасиетті махаббат сезіміне нұрын шашқан шамшырақтай ұмтылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Амандықова Г.Ә. Қазақ тілі: Оқу құралы. – Алматы: 2010. – 316 бет.

  2. Казахско-русский словарь: около 50000 слов /под ред. чл.-корр. НАН РК Р.Г. Сыздыковой, проф. К.Ш.Хусаина. – Алматы: Дайк-Пресс. 2008. – 962 с.

  3. Күзекова З., авторлық ұжым., Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерудің деңгейлік тақырыптық лексикалық минимумы : – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 108 бет.

  4. Мамаева М.Қ. және авторлық ұжым. Тіл-құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 244 бет.

  5. Тілешов Е., Әріпбек Г. Алаштың ардағы (елтанымдық және тілтанымдық жинақ). Астана: «Руханият», 2010 – 264 бет.

АКТИВТІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ

Пән: Қазақ тілі Кредит саны – 2

Практикалық сабақ № 25 Семестр: бірінші

Деңгей – 3 2013-2014 оқу жылы

Лексикалық тақырып: Үй болу. Үйлену.

Грамматикалық тақырып: Құттықтау сөздер.

Оқытушы: ассоц. проф. Тәшімбай Салтанат Қуатбекқызы

1-тапсырма. Тест тапсырмасын орындаңыз.

  1. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мақал ... маңызды екенін білдіреді.

a) қызбен танысудың

b) шаңырақ көтерудің

c) үй салудың

d) қалада тұрудың

  1. Жігіттің шаңырағында өтетін тойдың түрі

a) қыз ұзату тойы

b) мерейтой

c) қоныстой

d) келін түсіру тойы

  1. Мәтінде қазақ салт-дәстүрінің қандай түрлері көрініс тапқан.

a) беташар жасау, сыңсу айту

b) киіз үй тігу, баспана салу

c) құда түсу, сырға салу

d) қонақ күту, бөлек шығу

4. «Шаңырақ көтеру» сөзінің мағынасы

a) үйлену

b) құдалық

c) той жасау

d) келін түсіру

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Үй болу не қажет?

  2. Мәтінде қандай мақал берілген?

  3. Үйлену неден басталады?

  4. Қыз ұзату тойын кім жасайды?

  5. Тойдың қандай түрлері бар?

3-тапсырма. Мағынасы сәйкес келмейтін түсініктемені сызыңыз.

Үйлену

екі жастың бас қосуы

жас жұбайлардың танысуы

екі жақтың құдаласуы

Құда түсу

жігіттің қызға сырға салуы

жігіттің қалыңдықты алғаш көруі

күйеу жігіттің туыстарының болашақ келіннің үйіне келуі

Қыз ұзату

қалыңдықтың сыңсу айтуы

ұзатылған қыздың келін атануы

жігіттің ұрын келуі

4-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, тілектерді жаттап алыңыз [1, 242].

Б ата – қазақ дәстүрінде жақсы сөз, жақсы тілектің бір түрі. Үлкеннен бата алғанның жолы болады, бақытты болады деп түсінген. Бата - ертеден келе жатқан дәстүріміздің бірі. Үлкеннен бата алу - жастар үшін жақсы ырым. Әдетте бата ауылдың жасы үлкен қариясының, жолы үлкен адамның құдайы қонақтың үлесіне тиген. Бата қандай жағдайда берілсін ол адамды кісілікке, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелейді.

Бата түрлері

Дастарқан батасы

Батаның түрлері өте көп. Тамақтан кейін дастарқандағы үлкен кісі міндетті түрде бата беруі тиіс. Ол – сол үйге деген ыстық ықылас, адал ниеттің белгісі. Ыстық жүректен шыққан ақ ниет. Екі жастың үйлену тойларында жастарға берілетін, сүндет тойда ұл балаға, ұзатылып бара жатқан қыз балаға, жаңа туған нәрестенің шілдеханасында берілетін барлық батаның мәні – тек алдағы болашаққа жақсылық тілеу. Бата көңілден шыққан таза ниет, адал тілек.

Басыңа амандық берсін!

Жанға саулық берсін!

Босаға тең болсын!

Пиғыл кең болсын!

Алдан ас кетпесін,

Кетпес байлық

Қайтпас ырыс берсін!

Дәулетің тасып жатсын,

Жасың жүзден ассын!

Қ азақтар үшін шаңырақ қасиетті. Кенже ұл қара шаңырақ иесі. Алыстан келген туыс-жекжат «қара шаңыраққа» келіп сәлем беріп, дәм татады. «Қара шаңырақты» құт көру, кие тұту - бабалардан келе жатқан бұлжымас салт-дәстүр.

Тұрақты сөз тіркестер

Тілектер

Алтын шаңырақ – Отан, туған жер

Қара шаңырақ – әкеден қалған үйге ие болу.

Шаңырақ көтерді – үйленді.

Шаңырағы құлады – үйге ие болатын адам қалмады.

Шаңырағы ортасына түсті – үй-жайы ыдырады, құлады.

Шаңыраққа қара – өз үйің емес, бөтен үй, байқап сөйле.

Шаңырағың биік болсын!

Шаңырағың шайқалмасын!

Шаңырағың құтты болсын!

Шаңырағың берекелі болсын!

Шаңырақ шаттығын тілеймін!

5-тапсырма. Өзіңіз қатысқан үйлену тойы туралы айтыңыз.

Той түрі

Тойға дайындық

Той күні

Үйлену тойы

Ағам үйленетіні туралы ата-анама айтыпты. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші тойға дайындық басталды. Қалыңдықтың ата-анасымен таныстық. Тойға қанша адам шақыратынымызды ойластық. Шақыру билетіне суретке түсті. Шақыру билетін тараттық. Үлкен тойхана іздестірдік. Ағамның достары да көмектесіп жүр. Олар ақша жинап лимузин жалдамақшы.

Таңертең сағат онда неке сарайына бардық. Бұл жерге тек жақын туыстар ғана жиналды. Екі жастың некесі қиылды. Олар бір-біріне неке жүзігін салды. Ол жерден шығып «Президент» бағына келдік. Бұнда қалыңдықтар мен күйеу жігіттер толып жүр. Барлығымыз суретке түстік. Сосын тойханаға келдік. Тойға қонақтар көп жиналды. Оларды үстелдерге орналастырдық. Жас жұбайларға көптеген тілектер айттық. Той қызықты өту үшін әртүрлі ойындар ұйымдастырдық. Би жарысы болды. Тойбастар таратылды. Қонақтардың барлығы риза болды.

30-сабақ бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

4.«Некеге отырды» тұрақты тіркесінің мағынасын ашыңыз.

a) ер мен әйел отау құрғандықтарын ресми түрде заңдастырды

b) қазақы дәстүрмен отау көтерді

c) екі жас бас қосты

d) қыз тұрмысқа шықты

2.Мақалды аяқтаңыз: «Үйлену оңай, ...»

a) үй салу жылдам

b) үй болу қиын

c) киіз үй тігу қиын

d) оңай нәрсе жоқ

3.Үлкен кісілердің жастарға білдіретін ризашылығы.

a) серт

b) шашу

c) аманат

d) бата

4.«Бата беру» тіркесінің беретін мағынасын көрсетіңіз.

a) ақша беру

b) сыйлық беру

c) жақсылық, оң тілек тілеу

d) мал, мүлік беру

Глоссарий [2, 10-108]

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

құрметтеу

чтить, почитать

to prefer

сыйлау

уважать

to respect

бағалау

ценить

to appreciate/ to value

мақтау

хвалить

to praise

қамқор болу

заботиться

to take care (of)

жақсы қарым-қатынас

хорошее отношение

good fellowship

үйлену

жениться

to marry to smb.

ұқыпты болу

быть бережливым

to thrifty, economical

мақтаныш ету

гордиться

to be proud of

сенімді болу

быть уверенным

to be sure

СӨЖ: Тілек жаттаңыз.

Жас жұбайларға тілек

Екеуіңе айтайыншы бір ақыл:

Мәңгі болсын махаббатың – мұратың.

Екеуіңе айтайыншы бір тілек:

Ашулансаң, ақ жауындай бүркіп өт.

Екеуіңе айтайын бір өтініш:

Бір-біріңе білдірмеңдер өкініш.

Екеуіңе айтатын бір базынам:

Жиылмасын дастарханың – қазынаң.

Екеуіңе айтайыншы бір әзіл:

Бірің – патша, біреуің бол – уәзір.

Екеуіңе білдіретін бір назым:

Ұл көріңдер, қыз көріңдер жылма-жыл!

Исраил Сапарбай

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Тілешов Е., Әріпбек Г. Алаштың ардағы (елтанымдық және тілтанымдық жинақ). Астана: «Руханият», 2010 – 264 бет.

  2. Күзекова З., авторлық ұжым., Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерудің деңгейлік тақырыптық лексикалық минимумы : – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 108 бет.

  3. Мамаева М.Қ. және авторлық ұжым. Тіл-құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 252 бет.

  4. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы: «Көшпенділер» 2004. – 200 бет.

  5. Бұлдыбаева А.С., Екшембеева Л.В. Сөйлей білсеңіз ұтасыз («Қазақша сөйлегіңіз келе ме?» оқу кешеніңің 2-кітабы) – Алматы: «Балауса», 1998. – 80 бет.

АКТИВТІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ

Пән: Қазақ тілі Кредит саны – 2

Практикалық сабақ № 27 Семестр: бірінші

Деңгей – 3 2013-2014 оқу жылы

Лексикалық тақырып: Спорт және денсаулық.

Грамматикалық тақырып: Тұйық етістік (именной глагол).

Оқытушы: ассоц. проф. Тәшімбай Салтанат Қуатбекқызы

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап тест толтырыңыз.

иә

жоқ

Қазақстанның шағын қалаларында Азияда алауы салтанатты түрде жағылды.

Астана мен Алматы қаласында жаңа стадиондар, спорттық кешендер салынбады.

Алматыда қысқы ойындар Шымбұлақта өтті.

Спортта барлық спортшы жеңеді немесе біреуі ғана жеңіледі.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстанда нешінші Азияда ойындары өткізілді?

  2. Азияда қысқы ойындарының қанша түрі өткізілді?

  3. Азияданың ашылу, жабылу салтанаты қай қалада өтті?

  4. Спортшылыр қандай спорт түрлерінен жарысты?

  5. Азияда бойтұмары үшін не таңдап алынды?

3-тапсырма. Мәтіннен берілген сөздердің қарсысына антонимін жазыңыз.

1.жеңу

2.__________________________

3.қатысу

4.__________________________

5.қуану

6.__________________________

7.жабылу

8.__________________________

9.ерлер командасы

1.____________________

2.жоғары көрсеткіш

3.____________________

4.ұтылып қалу

5.____________________

6.жақсы нәтиже

7.____________________

8.алауды жағу

9.____________________

4-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.