Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салтанат Куатбековна Казахс. яз. 2 рейтинг.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453.19 Кб
Скачать

Махаббат туралы ой

Көктем және махаббат. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты сияқты. Біреуі табиғат құбылысы, екіншісі – сезім. Табиғат пен адам. Адамдар махаббаттың келуін көктем мезгілімен байланыстырады. Көктем мен махаббаттың ұқсас жақтары көп. Көктем тіршілік атауына нәр беретін тамыр. Көктем келіп, табиғатқа жан бітеді, жер беті ерекше құлпырады. Көктеммен бірге жылылық келеді. Ұзақ қыстан шаршаған адамдар көктемнің келуін асыға күтеді. Қысқы ұйқыдан оянған табиғат адамға жақсы әсер етеді. Көктем табиғатқа ғана емес адам өмірінің өзгеруіне де үлкен ықпал жасайды. Адамдар бір-біріне ғашық болады. Ғашықтардың көбісі табиғаттың осы мезгілінде бір-бірімен табысады.

Грамматикалық түсініктеме.

Данная форма показывает действие, которое должно быть совершено за определенный проежуток времени. Образуется путем добавления к основе глагола суффиксов -ған/-ген; -қан/-кен и частицы –ша/-ше [1, 102-103].

Мен орындағанша/Пока я буду выполнять.

Сіз жиналыста болғанша/Пока вы будете на собрании.

7-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шығыңыз.

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күнінің тарихы

2011 жылғы қаңтарда Алматы қалалық Мәдениет басқармасы, Жастар саясаты басқармасы және әкімдіктің баспасөз қызметі шаралар жоспарына «Ұлттық ғашықтар күнін» енгізді. Бұл құжатқа сәйкес, Ұлттық ғашықтар күні 15 сәуірде аталып өтілетін болып белгіленді.

Бұрын ақпан айында өтетін халықаралық ғашықтар күніне балама ретінде мерекені ұйымдастырушылар Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты мен сүйіспеншілігіне арналған мерекелі күнді белгіледі.

Сөйтіп, олар елімізде ұлттық мәдениетімізге, халқымыздың салт-дәстүрлері мен адамгершілік рухына негізделген жаңа тұрпатты мерекеге бастамашы болды. Енді оны ұлттық дәстүрлерімізбен жарастырып, одан әрі байыту, жалғастыру - қоғамның міндеті.

XIII-XIV ғасырлардағы «Қозы көрпеш - Баян сұлу» эпосы бір-біріне қосыла алмаған ғашық жігіт пен қыздың қайғылы махаббатын жырлайды. Осы эпос бойынша кинофильм түсірілген. Қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің осы аттас пьесасы бар.

8-тапсырма. Дұрыс болса д деп, бұрыс болса б деп белгілеңіз.

Әзілхан Нұршайықов «Махаббатсыз дүние бос...» өлеңін шығарған. □

Ақын Хорезми ХІV ғасырда «Мухаббатнаме» дастанын жазған. □

Абай Құнанбаев «Махаббат қызық мол жылдар» романын жазған. □

Александр Сергеевич Пушкин «Ромое-Джулетта» шығармасын жазған. □

Вильям Шекспир «Онегин» туындысын өмірге әкелген. □

«Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» халық ауыз әдебиеті жанрына жатады. □

Мұқағали Мақатаев «Қош бол, махаббат» шығармасының авторы. □

10-тапсырма. Орыс жігіті Кирилл қазақ тілінде махаббат тақырыбына эссе жазды. Оқыңыз, стилистикалық, грамматикалық қателерін түзетіңіз.

Кирилл жазған эссе

Дұрыс нұсқасын жазыңыз

Көктем кел онымен махаббат келеді. Махаббат бұл баланың ата-анасын жақсы көруі. Және махаббат – бұл жас жігіт бойжеткен кездесуі. Қасыңда махаббат көп адам бар, бірақ олар бәрі бақытты емес. Кім бақытты сол жақсы. Олар ұшырасып, қыдырады және бұл жақсы. Менің махаббатым бар, бірақ бұл кім айтпаймын. Махаббат өте әдемі сезім.

12-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып сүйіктіңізге ғашықтар күніне арнап ашықхат жазыңыз [2, 25].

адал дос – верный друг

адал жар – возлюбленный

адал жолмен – честным путем, честно

адал болу – быть честным

адал жүректен – от чистого сердца

адал тілек – доброе пожелание

адал адамды алтын да қызықтыра алмайды – честного человека и золото не может соблазнить

адалынан берді (жолықтырды) – повезло (в отношении выбора жены или мужа)

29-сабақ бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

1.Сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңыз: «Ағам қазақы дәстүрмен ...».

a) үйлену

b) үйленді

c) некеледі

d) ұзатылды

2.Сөзді мағынасына қарай тіркестіріңіз: « Шаңырақ ...».

a) жайғастыру

b) көтеру

c) отырғызу

d) қалау

3. Мәндес сөздер қатарын көрсетіңіз.

a) Бас қосты, ажырасты

b) Шаңырақ көтерді, үйленді

c) Үй болды, той жасады

d) Бойдақ, үйленген

4.«Селт еткізер» сөзінің мағынасын ашыңыз.

a) жігіттің қызға беретін сый-сыяпаты

b) туған күнге берілетін сыйлық

c) жас жұбайларға арналған сыйлық

d) қыздың жасауы

Глоссарий [3, 10-108]

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

жақсы қарым-қатынас

хорошее отношение

good fellowship

жақсы көру

любить

to love

Ұнату

симпотировать

to like

ғашық болып қалу

влюбиться

to fall in love (with)

жаман қарым-қатынас

плохое отношение

the bad relation

жек көру

ненавидеть

to hate

Ренжіту

обидеть

to hurt/to wound smb’s feelings

Қызғану

завидовать, ревновать

to envy

назар аудармау

не обращать внимания

to disregard

Ұрсысу

сориться

to quarrel (with)

ОСӨЖ: Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.