Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салтанат Куатбековна Казахс. яз. 2 рейтинг.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453.19 Кб
Скачать

Үлгілі отбасы

Отбасы – әр адамның алтын ұясы. Отбасы ұрпақтарға ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады. Отбасында ер адам – басты тұлға. Әйел оның серігі, көмекшісі. Сондықтан да үйдегі бар істі ер адам басқарып отыруға тиіс. Әйел адамның жұмысы – бала тәрбиелеу, отбасын тамақтандыру, үйді таза ұстау. Балалар да жас кезінен отбасы жұмыстарына икемделуі керек. Отбасын қаржымен қамтамасыз ету – ер адамның міндеті.

Біздің отбасымыз өте үлкен. Себебі қазақ халқында үйде баланың көп болуын, олардың қасында атасы мен әжесі отырғанды жақсы ырымға санайтын әдет бар. Мен жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін шаңырақ көтердім. Таңдаған жарым ибалы, көркіне ақылы сай адам. Біз-бірімізді сыйлаймыз. Сондықтан қазір тату-тәтті тұрамыз, төрт баламыз бар. Әкем мен шешем – оқытушылар, атам мен әжем – зейнеткерлер. Бірақ немерелерін тәрбиелеу сол үлкен кісілердің мойнында. Үлкен адамдар тәрбиелеген бала кішіпейіл, адамға жақын болатын секілді. Күнде кешкісін атасы мен әжесі шөберелеріне ертегі айтып береді.

Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Отбасының реніші де үй ішінде шешіледі. Балалар әке-шешені сыйлап, олардың ақыл-кеңестерін тыңдап отырады. Барлық іс ақылдасып отырып істеледі. Сондықтан да «Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз орынды айтылған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ерназарова З.Ш., Ахметжанова З.Қ. Қазақ тілі. Грамматика. Жаттығулар жинағы. – Алматы: «Архисема», 2007. -120 бет.

  2. Тілешов Е., Әріпбек Г. Алаштың ардағы (елтанымдық және тілтанымдық жинақ). Астана: «Руханият», 2010 – 264 бет.

  3. Амандықова Г.Ә. Қазақ тілі: Оқу құралы. – Алматы: 2010. – 316 бет.

  4. Күзекова З., авторлық ұжым., Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерудің деңгейлік тақырыптық лексикалық минимумы : – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 108 бет.

  5. Мамаева М.Қ. және авторлық ұжым. Тіл-құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. – Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 252 бет.

АКТИВТІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ

Пән: Қазақ тілі Кредит саны – 2

Практикалық сабақ № 24 Семестр: бірінші

Деңгей – 3 2013-2014 оқу жылы

Лексикалық тақырып: Махаббатсыз дүние бос... .

Грамматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқы (Придаточное времени).

Оқытушы: ассоц. проф. Тәшімбай Салтанат Қуатбекқызы

1-тапсырма. Мәтіндегі мәліметтермен толықтырыңыз.

Аққуды сипаттаңыз

Аққуды неге махаббат символы ретінде таңдаған?

Нақыл, тілек сөздер

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Аққу қандай құс?

  2. Аққу ненің символы?

  3. Аққу өз сыңарына адал ма?

  4. Қазақ халқы аққуды не үшін қастерлеген?

  5. Халық кімді аққуға теңеген?

3-тапсырма. Мәтіннен жалғасын табыңыз.

Ол көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, ...

Құстардың ішінен жұптасып ...

Аққулар – табиғаттың аса ғажап және ...

4-тапсырма. Сіздің ойыңыз қандай?