
- •Менің болашақ жұмысым
- •Мамандығым мәртебем
- •Шектес мамандықтар
- •Менің жұмысым
- •Өмірін өнерге арнаған жан
- •Өнер түрлері
- •Шебер қолдар
- •Қытай фарфоры
- •Кино жұлдыздары
- •Бала Мұхтардан – дана Мұхтарға дейін
- •Көрме залында
- •Кино жұлдыздары
- •Бұл мүмкін емес
- •Достықтың алтын көпірі
- •Сіздің жеке пікіріңіз қандай?
- •Үлгілі отбасы
- •Махаббат туралы ой
- •Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күнінің тарихы
- •Махаббатсыз дүние бос...
- •Шынықсаң шымыр боласың
АКТИВТІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ Пән: Қазақ тілі Кредит саны – 2 Практикалық сабақ № 16 Семестр: бірінші Деңгей – 3 2013-2014 оқу жылы Лексикалық тақырып: Мен таңдаған мамандық. Грамматикалық тақырып: Себеп бағыныңқы-дықтан/-діктен, соң Оқытушы: ассоц. проф. Тәшімбай Салтанат Қуатбекқызы |
1-тапсырма.
Мәтіннен мамандықтар атауын жазыңыз.
Қай мамандық? |
Мамандыққа берілген сипаттама |
|
бұл – келешекте қуат көздері, электроникалық жаңалықтар мен жүйелер, молекулярлық медицина саласына қажетті мамандар |
|
қалалардың кеңейіп, өндірістердің көбеюіне байланысты олардың рөлі барынша артпақ |
|
ел өндірісі мен техникасы саласының дамуында бұл мамандардың орны ерекше |
|
олар болашақта ғарыш, машина жасау, тамақ өндірісі, медицина сынды ірі салаларда үлкен рөл атқаратын болады |
|
олар басқару, бизнес, шаруашылық, тіпті мемлекеттік жүйеге қажет |
|
бұл мамандардың негізгі міндеті – мұнай сарқылатын өндіріс көзі болғандықтан, альтернативті өндіріс пен энергия көздерін табу. |
Қажетті мамандық атаулары: инженерлер, ІТ, нанотехнология мамандары, электроника және биотехнология мамандары, маркетологтар, қызмет көрсету бойынша мамандар, логистер, дәрігерлер, экологтар, химиктер.
2-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
1. Мамандық таңдауда ұстанатын қандай қағидалар бар?
2. Елімізде қандай мамандықтар жетіспейді?
3. Түлектер көпнесе қандай мамандықтарды таңдайды?
4. Қай салаға жетік мамандар қажет?
5. Қоғамға ең қажетті мамандықтарды атаңыздар.
3-тапсырма. Мәтіндегі бос орындарды өз ойыңызша толықтырыңыз.
Менің болашақ жұмысым
... мамандықты жас кезімнен-ақ жақсы көруші едім. ... болып жұмыс істесем деймін. Ол үшін ... алу керек. Оған ... даярланудамын. ... маған көмектеседі. Жақсы жұмыс істеу үшін ... . жету оңай емес екенін түсінемін. Болашақта ... боламын. Менің болашақ мамандығымның негізгі міндеті - .... Оның себебі .... ... міндеттімін. Тек ... өз міндетімді орындадым деп есептеймін. Ол үшін ... тиіспін.
Граммтикалық түсініктеме. Для передачи значения «после того, как», к основе глагола дававляются суффиксы .
Е + -ған/-ген, -қан/-кен + -нан/-нен, и используется слово соң или кейін
Мен айт+қан+нан соң. После того, как я сказал(а) Кел+ген+нен соң (кел+ген+нен кейін). После того, как пришел [1, 141 б.]. Анам айтқан соң, осы мамандықты таңдадым. Өз қалауым болғаннан кейін, осы мамандықты қаладым.
|
4-тапсырма.
Мәтінді
мәнерлеп оқып беріңіз.
Мамандығым мәртебем
Мамандық таңдар кезде сіз ойланасыз, қай мамандық қоғамға көбірек керек, қай мамандық халыққа көбірек қажет – сіз оны да есептейсіз. Күнделікті өмірде қандай мамандарға сұраныс көп, дәрігер ме, экономист пе, заңгер ме, оқытушы ма, инженер ме? Мамандықтың жақсысы мен жаманы болмайды. Тек жүрек қалауы болсын. Кейбіреулер әке жолын қуады. Әкесі айтқан соң, сол мамандықты таңдайды. Қалаған мамандығын алған соң, сол салада көп жыл еңбек етеді. Сөйтіп құрметті демалысқа шығады.
Енді біреулер қандай мамандыққа бейім сол мамандықты таңдайды. Қолынан не келеді, нені жасауды ұнатады, соны есептейді. Егер өзің ұнатсаң, жалықпайсың. Мамандықты сүю керек, сонда ғана табысқа жетесің.
Қазір заман басқа. Заман талабымен санасу керек. Табысы мол мамандықты таңдаған дұрыс. Қоғамға ең қажет маман иесі болу керек. Кейбіреулер бірінші ҰБТ-тің нәтижесін күтеді. Жоғары балл жинаған соң қалаған мамандығына түседі. Ал 85-90 жинаса қай мамандыққа аз тапсырады, соған барады. Кейін қалаған мамандық бойынша екінші жоғары білім алуға болады.
5-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып өз таңдауыңыз туралы айтыңыз.
Айшаның таңдауы
|
Менің отбасым шағын. Олар: атам, әкем, анам және мен. Атам – сәулетші. Әлемдік сәулет өнерін жақсы біледі. Астананың сәулетіне өз қолтаңбасын қалдырған. Әкем – құрылысшы. Қазақстан қалаларын салуда өз үлесін қосқан. Бұл әулетіміздің дәстүрі. Анам – дизайнер. Үйдің ішкі көрінісін анам жасайды. Олар бір компанияда жұмыс істейді. Жұмыс та ортақ, табыс та ортақ. Өткен жылы біз үлкен үй тұрғыздық. Атам үйдің бас жобасын сызды. Әкем құрылысшылармен бірге үйді салып бітірді. Анам болса үйдің ішін безендірді. Отбасым өтінген соң, мен ҚазБСҚА-ға оқуға түстім.
|
10-тапсырма.
«Жақсы маман болу үшін қандай әрекеттер
жасайсыз» сөздіктің көмегімен жауап
беріңіз [2,
].
дұрыс жолға қою-направить на правильный путь
жандандыра түсу – активизировать, оживить, содействовать активизации
дер кезінде хабардар болу-быть своевременно информированным
тапсырманы орындауға немқұрайды қарау- поверхностно, безответственно относиться к своим обязанностям
жол бермеу-не допускать, преградить дорогу
азын-аулық кемшілік-незначительные недостатки
пікірге қосылу-присоединиться к мнению
озат тәжірбиеге сүйену- опираться на передовой метод
тез арада шешуді талап ету-требовать незамедлительного (скорого) решения
11-тапсырма.Суреттерге сипаттама беріңіз.
Қазақ бас сәулет құрылыс академиясында сәулетшілерді, дизайнерлерді, құрылысшы мамандықтарын даярлайды.