- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •3. Банктердегі ұлттық валютадағы ағымдығы банктін шотының операциялар есебі
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6.Басқа ұйымдардың бағалы қағаздарына ұйымның қаржылық салымының есебі
- •8.Несиелік жөне есеп айрысу, ақшалай қаражаттарды түгендеу жүргізу тәртібі,
- •9 Тақырып. Негізгі құралдар, олардың қаржылық есептегі топтамасы мен бағалануы
- •10.Ғимараттар мен құрылғыларды мердігерлік және шаруашылық әдістермен салу есебі. Тәжірибелік жұмыс №3
- •11.Негізгі құралдардың тозу есебі.
- •12.Негізгі құралдардың құрамы мен түрлері
- •13.Негізгі құралдарды қысқа және ұзақ жалға берудің есебі.
- •15.Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер қозғалысына байланысты шоттар корреспонденциясын құру Тәжірибелік жұмыс №5
- •16 Тақырып . Материалдық қорлар, олардың жіктелуі, бағалануы және есебінің мақсаты
- •18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
- •18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
- •19.Сатып алынған материалды құндылықтар бойынша қосылған құн салығы акциздер есебі
- •20. Өндіріске босатылған материалдарды әр түрлі әдістермен бағалау. Әр түрлі мақсаттарға және өндіріске босатылған материалдар есебі. Тәжірибелік жұмыс №6
- •21.Қорларды түгендеу және қайта бағалау
- •Сатып алушылардан алынған аванс
- •Басқа ұйымдардан алған кредиторлық борыштарды жабу
- •Кіріс ордерімен
- •Нақты орындаған жұмыс уақыты үшін тарифтік бағамен
- •Жабдықтаушы қр-да ққс төлеуші болып саналса,сатылған тауарлары үшін
- •22.Материалдық құндылықтардың қозғалысымен байланысты операцияларының шоттар корреспонденциясын құру Тәжірибелік жұмыс №7
- •23. Еңбек және төлемақы есебінің
- •24.Тарифтік тор және оның разрядтары. Жұмыс уақытының есебі. Еңбек және оның төлемақысын құжаттау Тәжірибелік жұмыс №8
- •25.Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар. Зейнетақы жинақ қорларына және әлеуметтік салық бойынша аударымдардың есебі. Тәжірибелік жұмыс №9
- •26. Төлемақы төлеу тәртібі, депонирленген сомалардың есебі.
- •27.Төлемақы есебімен байланысты операцияларға шоттар коррепонденциясын құру. Тәжірибелік жұмыс №10
- •28. Еңбекақыны әртүрлі жүйеде төлеу есебі
- •29. Есеп айырысу төлем ведомосын құрастыру. Тәжірибелік жұмыс №11
- •30.Өндіріс шығындары есебі мен бақылауының мақсаттары және өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың негізгі қағидалары
- •32.Тура шығындар құрамы мен сипаттамасы және олардың негізгі өндіріс шығындары элементтерінің шоттарында көрсетілу тәртібі. Тәжірибелік жұмыс №12
- •33.Өндірістік жоғалтулар есебі. Накладной шығындары жөне оларды бөлу өдісі. Тәжірибелік жұмыс №13
- •34.Калькуляция ұғымы, оның мәні, калькуляция объектілері. Өндіріс шығындары есебінің негізгі әдістері
- •35.Өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің тапсырыс беру әдісінің мәні
- •36.Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің процестік әдісі.
- •37.Жалпы және әкімшілік шығындарының есебі
- •39. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау
- •40.Сатып алушылармен есеп айырысу есебі
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •41. Дайын өнімді сату есебі
- •42.Дайын өнімді түгендеу және оны есепте бейнелеу. Тәжірибелік жұмыс №15
- •43.Дайын өнім қозғалысына алғашқы құжаттарды толтыру. Тәжірибелік жұмыс №16
- •44.Кірістер мен шығыстар есебі. Корпоративті табыс салығы бойынша есеп айырысу. Тәжірибелік жұмыс №17
- •45. Жарғылық капитал есебі
- •46.Резервті капитал есебі, таратылмаған табыс (бөлінбеген пайда) есебі
- •47.Жиынтық табыс пен таратылмаған табыс есебі
- •48.Меншікті капитал қозғалысы есептеріне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №18
- •49.Тауарлар, жұмыстар және қызметтер экспорты бойынша операцияларының есебі.
- •50. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер импорты бойынша операцияларының есебі
- •51.Реэкспорт бойынша операциялар есебі
- •52. Толлингтік операциялар есебі.
- •53.Сыртқы экономикалық қызметке байланысты операциялар есебіне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №19
- •54.Есеп саясатының ұғымы және құрылуы
- •55.Қаржылык есептілікте есеп саясатының ашылуы
- •56.Есеп саясатын аша отырып жылдық қаржылық есеп беруге түсінік хатын құру. Тәжірибелік жұмыс №20
- •57.Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы. Ұйымның баланс кұруы
- •Бухгалтерлік баланс
- •58.Ақша қаражаттарының қозғалысы есебі
- •59. Кірістер мен және шығыстар есебі Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •60.Капитал өзгерісі және ақша қаражаттар есебі
- •61.Қортынды баланс және есептіліктің басқа нысандарын құрастыру Бухгалтерлік баланс
- •Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •62.Ауылшаруашылығындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жіктелуі. Биологиялық активтер
- •64.Ауылшаруашылық өнімдерін сату кірістер мен шығыстар есебі
- •65.Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар
- •66.Туристік компаниялардағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •67.Турөнімнің бағасының қалыптасу саясаты.
- •68.Турөнімінің өзіндік құнының шығындар құрамы және калькуляциялау
- •69.Турөнімдерді сату кірістермен шығыстар есебі. Тәжірибелік жұмыс №23
- •70.Автокөлік ұйымдарындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •71.Автокөлік қызметі құнының шығындар құрамы және кірістерді калькуляциялау
- •72. Тмқ мен нқ есептеу
- •73. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері.
- •74. Тауар айналымы және көтерме сауда есебі. Тәжірибелік жұмыс №24
- •Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •75. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •76. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері.
- •77. Құрылыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы
- •78. Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың кіріс және шығыс есебі
- •79.Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі, ақау есебі. Тәжірибелік жұмыс №25
13.Негізгі құралдарды қысқа және ұзақ жалға берудің есебі.
Жалдау – бұл кәсіпорын мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарым түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға берушімен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.
Халықаралық практикада жалдаудың 3 түрі бар:
1. Ұзақ мерзімді жал (лизинг) – бұл мүлікті 3 жылдан артық мерзімге жалдау. Ұзақ мерзімді лизинг жай және қаржылық болып бөлінеді.
Жай лизинг: жалдау шартының мерзімі аяқталған бойда мүліктің жалға берушіге қайтарылуын көздейді,
Қаржылық лизинг: жалды ұзақ мерзімге несиелендірудің нысаны.
Қаржылық лизингтің нысаны 3 болады:
стандарт лизинг: мұнлай кезде жабдықты әзірлеуші оны қаржыландырушы қоғамға береді. Ол өзінің лизингтің фирмасы арқылы оны тұтынушыға жалға береді.
Лиз-бек лизингі мұндайда жабдық иесі оны лизингтік фирмаға сатады және сонымен бірге одан жалға алады.
Жеткізуші лизингі – мұндай кезде НҚ-ы сатушы Лиз-бек лизингіндегі сияқты жалгерге айналады. Жалданған жабдықты ол емес басқа жалгер пайдаланады.
2. Орта мерзімді жал (хайринг) – бұл жалгердің мүлікке меншік құқықсыз 1 жылдан - 3 жылға дейінгі мүлікті жалдау.
3. қысқа мерзімді жал ( чартер) - мүлікті жалгердің сатып алу құқысыз жалдау, жалдау мерзімі 1 жылға деййін созылады.
«Жалдау есебі» деген №17 ХҚЕС сәйкес қаржылық жал – бұл мүлікке берілетін меншік құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдің едәуір бөлігін жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүліктерді өзінің баласында көрсетеді. Меншік құқының өзі жал мерзіміне берілуі де, берілмеуі де мүмкін. Жалданған негізгі құрал объектілері белгіленген келісім бағасы бойынша немесе жалдау мерзімі аяқталғанға дейін өтемі төленіп алынған жағдайда жалгердің меншігіне берілуі мүмкін.
Егер тәуекел мен сыйақы пайдалану құқымен біршама байланысты болса және жалгерге табыс етілген болса, сондай-ақ:
1. Жалгер жалдан мүлікті тіркелген бағасы бойынша немесе жалдау мерзімінің соңында белгіленген бағасы бойынша өтемін төлеп алуға құқысы болса;
2. Жалдау мерзімі жалданатын мүліктің ұтымды қызмет крсету мерзімінің 80-інен астам болса;
3. Жал мерзімінің соңында жалданған активтің қалдық құны жалдаудың бас кезіндегі оның ағымдық құның 20-інен кем болмаса;
4. Жал ақысының барлық кезеңіндегі дисконтталатын құны жалданған мүліктің ағымдағы құнының 90-інен асатын болса;
5. Жал мерзімінің соңында жалданған активті меншіктену құқы жалгерге берілетін немесе берілмейтін болса жал қаржылық болып табылады.
Жалгердің бухгалтерлік есебінде жалданған мүлік актив ретінде, ал тленуге тиісті жалдау ақысы міндеттеме ретінде ескеріледі. Жал мерзімінің басында жалдау ақысы жөніндегі міндеттемелер өткізу бойынша немесе егер, ол өткізу құнынан төмен болса, жалдау ақысының дисконтталған құнымен жазылады. Жалдау ақысы:
a) Қаржыландырғаны үшін төлемнен (процент төлеу шығындарынан);
b) Міндеттемені кемітетін төлемнен (негізгі міндеттемені өтеуден тұрады).
Жал мерзімінің соңында меншіктену құқы жалгерге өтетіндігіне онша сенімділік жоқ болса, екі мерзімнің неғұрлым қысқасының ішінде мүлікке амортизацияның барлық сомасы есептеледі: 1-шісі – жалдау кезеңі, 2-шісі – ұтымды қаржыландыру мерзімінің кезеңі. Есепте жалгер мынадай жинақтамалы шоттарды қолданады:
1. 2410 шоты “Ұзақ мерзімді жалданған негізгі құралдар” субшоты.
Бұл шоттар – негізгі, активтік, күрделі және инвентарлық болып келеді. Бұл шоттардың дебеті бойынша ұзақ мерзімді жалданған негізгі құралдардың ай басындағы қалдығы, ай ішіндегі түсімдері көрсетіледі. Кредиті бойынша – олардың шығарылуы көрсетіледі. Жалданған негізгі құралдардың талдамалы есебі негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкаларында (НҚ №6) жүргізіледі.
2. 4150 – “Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек” шоты – негізгі, пассивтік, есеп айырысу шоты. Кредиті бойынша кәсіпорынның ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдары үшін жалға берушіге берешегінің ай басындағы және соңындағы қалдығы көрсетіледі. Жалдау ақысының сомасы ағымдағы ай үшін есептеледі. Дебеті берешектің жалға берушіге төленуі көрсетіледі. Талдамалы есеп “Әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесулерді есепке алу ведомосінде” жүргізіледі (тек жалгер пайдаланады).
2420 шоты “Ұзақ мерзімді жалданған негізгі құралдардың тозуы”субшоты. Мұнда жалға алушы субъектілер ұзақ мерзімге жалданған негізгі құралдарды құны толық төленген кейін амортизацияның қолданысьағы нормалары бойынша ұзақ мерзімге жалданған негізгі құралдарды есептелген тозудың сомасы ескеріледі. Жал мерзімінде есептелген тозу негізгі құралдардың тозуына қосылады.
Жалға берушінің бухгалтерлік есебінде (баланста) жалға берілетін мүлік жалға таза күрделі салымға тең болатындай дебеттік берешек ретінде көрсетіледі. Жалдау ақысын кіріс бөлігінде жалға беруші әрбір есепті кезеңде жалға беруде салынған күрделі салымнан алынған табыс ретінде таниды. Түсуге тиісті жалдау міндеттемелерінің есебі 2180 – “Өзге де дебиторлық берешек” шотында жүргізіледі. Оған “Түсуге тиісті жалдық міндеттемелер” субшоты ашылады, бұл шот – негізгі, активтік және есеп айырысу шоты. Дебет бойынша – жалға алушы субъектілердің жалдау ақысы бойынша берешегінің ай басындағы және ай соңындағы қалдығы көрсетіледі. Жалдау ақысының сомасын есепті ай үшін есептейді. Кредиті бойынша – жалдау ақысы бойынша берешектің өтелуі көрініс табады. Талдамалы есеп жалға алушы әрбір субъект бойынша “Әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесуді есепке алу ведомосінде” жүргізіледі.
НҚ-ды түгендеу.
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субьектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктер мен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді. НҚ-ы түгендеудің негізгі міндеті:
1. Есепте тірекелмеген обьектілерді қоса алғанда, НҚ нақты қолда барын анықтау.
2. Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы НҚ сақталуын бақылау.
3. Жиынтығы бұзылған және күйреудің, тозудың және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалануға жарамсыз НҚ обьектілерін анықтау.
4. Нқ артық немесе пайдаланылмайтын обьектілердің қайтадан бөлінуге немесе сатылуға тиіс.
5. машинарды, механизмдерді, жабдықтарды, көлік - құралдарын және НҚ басқа обьектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін сақтауды тексеру.
Есепті жылдағы түгендеудің санын, оларды жүргізу кұндерін оларды әрқайсысында тексерілген мүліктердің тізімімін, түгендеу жүргізу міндетті болған жағдайларды қоспағанда, шаруашылық субьектісі белгілейді.
Түгендеуді:
1. Жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын, бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешірместен
2. Кәсіпорын мүлікті жалға бергенде өтемін төлеп алғанда, сатқанды сондай-ақ шаруашылық субьектісі өзгергенде жүргізуге міндетті.
№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Дт |
Кт |
Тип |
1 |
Негізгі құралдарды нақты бағасымен ҚҚС сомасынсыз төмендегінің есебінен сатып алу |
2410 |
1251 |
1 |
2 |
Сатып алынған негізгі құралдар бойынша ҚҚС есептелінді |
1420 |
1251 |
1 |
3 |
Негізгі қорларды сатып алу мен заңдастыру шығындары олардың бастапқы құнына жатқызылды |
2410 |
3310 |
3 |
4 |
Жеке және заңды тұлғалардан өтеусіз алынған негізгі құралдар |
2410 |
6220 |
3 |
5 |
Түгендеу кезінде анықталған есепке кірмеген негізгі қорларды |
2410 |
6280 |
3 |
6 |
Қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі құралдардың баланстық құнының өсуі. |
2410 |
5420 |
3 |
7 |
Қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі құралдардың баланстық құнының өсуіне байланысты есептелген амортизацияға түзету енгізу. |
5420 |
2420 |
4 |
8 |
НҚ қайта бағалауға арналған резерв сомасынан тыс |
7420 |
2430 |
1
|
9 |
Кез келген себептер бойынша НҚ есептен шығару |
7410 |
2410 |
1 |
10 |
Қаржылық жалдауға берілген негізгі қорларды кейін қайтару. |
2410 |
2160 |
1 |
НҚ-ды жұмыс жағдайында ұстау үшін олады мерзім сай н жөндеу қажет. Мұнын өзі машиналардын жабдықтаррд уйлердән және НҚ басқа түрлерін жекелеген бөлшектерін тозу біркелкі еместігіне байланысты болады. Ұйымдастыру техникалақ белгілері б/ш жөндеу-1 күрделі жөндеу. Жалпы обьектінің салыстырғанда тозу мерзімі аз НҚ-ң жекелеген бөлшектерін қалпына келтіру.
Машинанының агрегаттарына күрделі жөндеу машина маркасына байланысты белгіленген жүрістен кейін жүргізіледі. Үйлер мен ғимараттардың күрделі жөнделуі жөнделетін обьектілерді шамалап қайта құрумен ұштасады. Мұндай кезде тозған конструкциялар мен тетіктер алмастырылады. НҚ – обьектілерінің бастапқы құнын өсіру кейінгі күрделі салымдардың нәтижесінде обьект күйі жақсаратын жағдайларда ғана жүргізіледі. Мұндай кезде оның бастапқы бағалаудың нормативтік көрсеткіштері, қызмет мерзімі, өндірістік қуаты артады. Обьектінің техникалық күйін сақтау және ұстау мақсатында НҚ жөндеуге жұмсалған шығындар бастапқы құнды өсірмейді, олар пайда болған сәтте ағымдағы шығындар ретінде танылады.
2.Ағымдағы жөндеу . Жөндеудін есебі барлық жұмыстардын құжатпен рәсімделуін жумыстардын көлемі мен өзіндік құнды анықтауды жөндеуге арналған құжаттардың мақсатқа сай пайдалануына бақыла у жасау арқылы қамтамасыз етеді.
Жөндеу 3 әдіспен жүргізіледі-1. Мердігерлік - әдіс кезінде НҚ-ды арнайы субьектілер жөндейді
2.шаруашылық – жөндеу субьектінің өз күші және қаражаттарымен жүзеге асырылады.
3. аралас әдіс кезінде жөндеу жұмыстарының бір бөлігін өз күштерімен, екінші бөлігін арнайы ұйымдар жүзеге асырады.
Өткен тақырыпты бекіту .
27. Активтердің тозу құны неге тең
a) тағайындалуы бойынша активтерді пайдалануға болатын кезде;
b) өзіндік құн – қалдық құны;
c) толық тозған кезде;
d) активтерді қалыптастыру кезінде;
e) бастапқы құн – тозу
28. Жерді сатып алу кезінде қосымша шығындарға не жатады?
a) адвакаттар қызыметіне төлем;
b) дренаж құны;
c) жерді тазалау мен тегістеу;
d) геодезистік жұмыстар;
e) барлық жауаптар дұрыс
29. Бірін бірі жақсы білетін екі тараптың арасында пайда болған активті айырбастау құныи қалай аталады?
a) баланыстық құн;
b) нақты құн;
c) тозу құны;
d) орын толтыру құны;
e) әділетті құны
30. Қалпына келтіру сомасы
a) есептен шығаруға байланысты шығындарды шегеріп тастағандағы активтердің пайдалану мерзімі соңындағы компанияның алатын кірісі;
b) активке айырбастауға болатын сома;
c) жеткізу мен тиеу үшін алғашқы шығындар;
d) сатып алу бағасы сонымен қатар импорттық баж;
e) құнның бастапқы бағасы
31. Құнсызданудан алынған зиян
a) активтердің баланыстық құндарының оладың орнын толтыру құндарынан жоғары болу сомасы;
b) компанияның активтерді пайдалану мерзімі;
c) активтерді сатып алу мерзімі;
d) қаржылық есеп беру;
e) төленген ақша сомасы
32. Үкімет субсидиялары
a) белгілі мақсаттарға үкіметтің жәрдем түріндегі берген көмегі;
b) падаға салынған салық;
c) қайырымдылық;
d) шартпен берілген ғимараттар және жер;
e) бастапқы жарна
33. Негізгі құралдардың нақты құнына не жатады
a) сатып алу бағасы, кез келген шығындар, алғашқы сатып алу;
b) қауіпсіздікті қамтмасыз ету;
c) негізгі құралдардың элементтері;
d) қосалқы бөлшектер және құрылғылар;
e) экономикалық үнемдер
34. Баланыстық құн дегеніміз –
a) өзіндік құн – жинақталған тозу;
b) төленген ақшалар;
c) активтің өзіндік құны;
d) төленген ақшалар немесе оладың элеметтері;
e) қосалқы бөлшектер және құрылғылар
35. Негізгі құралдар дегеніміз –
a) материалдық активтер;
b) қосалқылар;
c) ақша қаражаты;
d) акциялар;
e) құнды қағаздар
36. Қандай жағдайларға байланысты негізгі құралдар есептен шығарылады
a) жалға беруге байланыты;
b) тегін бергенде, сатқанда, физикалық және моральдық тозу себептеріне, табиғат апатына байланысты;
c) тозу есептеу тәсілдеріне байланысты;
d) негізгі құралдардың өзіндік құнын есептен шығарғанда;
e) табиғи апаттарға байланысты
37. Жою құнын алып тастағанда қалатын активдің бастапқы құны немесе өзіндік құнды ауыстыратын басқа сома қалай аталады
a) тозу құны;
b) бастапқы құн;
c) баланыстық құн;
d) әділетті құн;
e) шығарылу құны
38. Негізгі құралдадың өзінді құндарынан жинақталған тозуды және құнның төмендеуінен болған зиандарды алып тастағанда қалатын сома қалай аталалы
a) тозу құны;
b) бастапқы құн;
c) баланыстық құн;
d) әділетті құн;
e) шығарылу құны
39. Активтерді есептен шығарумен тікелей байланысты, қаржыландыруға кеткен шығындарды қоспағандағы қосымша шығыстар
a) тозу құны;
b) бастапқы құн;
c) баланыстық құн;
d) әділетті құн;
e) шығарылу құны
40.Ативтерді сатып алған кезде жұмысалған барлық ақша қаражатттары
a) тозу құны;
b) бастапқы құн;
c) баланыстық құн;
d) әділетті құн;
e) шығарылу құны
41. Негізгі құралдарды қайта бағалаған кезде қандай шоттар корреспонденциясы беріледі
a) Дт 2910 Кт 1040;
b) Дт 2410 Кт 5410;
c) Дт 2410 Кт 5420;
d) Дт 1330 Кт 3310;
e) Дт 1330 Кт 1010
42. Негізгі құралдар шығыс етілген кеде амортизацияланбаған сомасына қандай шоттар корреспонденциясы беріледі
a) Дт 7410 Кт 2410;
b) Дт 2410 Кт 5410;
c) Дт 2410 Кт 5420;
d) Дт 1330 Кт 3310;
e) Дт 1330 Кт 1010
43. Екі еселенген тозу сомасы қолданылатын әдіс қалай аталады
a) тік сызықты;
b) кумулятивті;
c) азаюшы қалдықтар;
d) өндірістік;
e) баланыстық
14.Материалдық емес активтер есебі.
МЕА дегеніміз – физикалық формасы жоқ кәсіпорынға ұзақ уақыт бойы қызмет ету барысында табыс әкелетін ақшалай емес активтер.
2710- гудвилл
2720-гудвиллдің құнсыздануы
2730- өзге де МЕА
2740- өзге де МЕА-ң құнсыздануы.
Материалдық емес активтерді бағалау.
МЕА-ге мыналар жатады:
1. Гудвилл
2. патенттер
3. Лицензиялық келісімдер
4. Бағдарламамен қамтамасыз ету
5. Авторлы құқықтар
6. сауда маркалары
7. Тауарлық белігілер
8. Франшизалар
Гудвил- ұйымды сатып алу барысында анықталған ұйымның бағасы.
Лицензиялық келісімдер – кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муницалитет беретін және қоғадық меншікті манополиялық пайдалануға беретін құқықтар.
Патенттер – заңды түрде танылған тіркелген айрықша құқықтар№ Патент белігілі бір өнімді шығаруға және арнайы ерекше процеспен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді.
Франшизалар. Мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе комуналдық қызмет көрсету үшін үкіметтік органдар беретін құқық
1. Басқа кәсіпорындармен адамдардан ақыға сатып алынған МЕА есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі.
2. Кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен МЕА сараптау жолымен бағаланады.
3. Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.
МЕА-ң қолда бары мен қозғалысының есебі 2700 бөлімшесінің активтік шоттарында жүргізіледі.
МЕА-і келіп түсуі мен шығуы бір данада жасалған №1 нысандағы «МЕА-ді қабылдау өткізу актісімен рәсімделеді».
Актіде мыналар көрсетіледі:
1. МЕА-ң дәл атауы
2. Кәсіпорынға келіп түскен күні
3. Обьектінің сипаттамасы
4. Бастапқы құны
5. Амортизация нормасы
МЕА- басқа кәсіпорынға табыс етілгенде (сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт өткізуші мен қабылдаушы кәсіпорынға 2 данада жасалады. 10- бөлімшенің шоттары бойынша МЕА-ді есепке алудың № 2 МЕА нысанында инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін МЕА-ді есепке алу ведомісінде топтастырылады, онда мыналар келтіріледі:
1. МЕА-ң атауы
2. Ай басындағы және соңындағы қалдықтар
3. Ай ішіндегі қозғалысы
Есеп комрьютеленген жағдайда осындай принциппен машинограмма жасалады.
МЕА обьктілерін қабылдауды рәсімдегенде акт әрбір обьектісінен бір данадан жасалады. Басқа ұйымға МЕА-ны бергенде акт 2 данадан жасалады.
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Дт |
Кт |
Тип |
Заңды тұлғадан МЕА кірістелді. ҚҚС сомасымен бірге |
700 1420 |
3310 3310 |
3 3 |
Алынағн МЕА үшін жабдықтаушылардың қарыз сомасы төленді |
3310 |
1030 |
4 |
МЕА жарғылық капиталға салым ретінде келіп түсті |
2700 |
5110 |
3 |
Өтеусіз келіп түскен МЕА кіріске алынды. |
2730 |
6220 |
3 |
МЕА-ны дайындау үшін негізгі өндіріс мұқтажына материалдар босатылды |
8111 |
1310 |
1 |
Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысынан әлеуметтік салық есептелінді |
8112 |
3350 |
3 |
Сатып алушыларға МЕА сатылды. Оның ішінде ҚҚС сомасы көрсетіледі |
1210 |
6010 3130 |
3 |
Сатып алуышылардың қарыз сомасы есеп айырысу шотқа келіп түсті. |
1030 |
1210 |
1 |
ҚҚС сомасы есепке алынды |
3130 |
1420 |
4 |
Бюджетке ҚҚС аударылды |
3130 |
1030 |
1 |
МЕА –ның есептен шығалылуы.
1.Басқа кәсіпорындармен адамдардан ақыға сатып алынған МЕА есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі.
2. Кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен МЕА сараптау жолымен бағаланады.
3. Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.
МЕА-ң қолда бары мен қозғалысының есебі 2700 бөлімшесінің активтік шоттарында жүргізіледі.
МЕА-і келіп түсуі мен шығуы бір данада жасалған №1 нысандағы «МЕА-ді қабылдау өткізу актісімен рәсімделеді».
Актіде мыналар көрсетіледі:
1. МЕА-ң дәл атауы
2. Кәсіпорынға келіп түскен күні
3. Обьектінің сипаттамасы
4. Бастапқы құны
5. Амортизация нормасы
МЕА- басқа кәсіпорынға табыс етілгенде (сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт өткізуші мен қабылдаушы кәсіпорынға 2 данада жасалады. 10- бөлімшенің шоттары бойынша МЕА-ді есепке алудың № 2 МЕА нысанында инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін МЕА-ді есепке алу ведомісінде топтастырылады, онда мыналар келтіріледі:
1. МЕА-ң атауы
2. Ай басындағы және соңындағы қалдықтар
3. Ай ішіндегі қозғалысы
Есеп комрьютеленген жағдайда осындай принциппен машинограмма жасалады.
МЕА обьктілерін қабылдауды рәсімдегенде акт әрбір обьектісінен бір данадан жасалады. Басқа ұйымға МЕА-ны бергенде акт 2 данадан жасалады.
Өткен тақырыпты бекіту
1. Әдеби музыкалық өнер туындыларының авторларына заңдық жолмен ұсынылатын қорғау нысаны
авторлық құқық;
2. Заңды түрде танылатын және тіркелеген бірден – бір құқық
патент;
3.Ірі фирмалардың атынан өнім өндіруге, оны сатуға кіші компанияға берілетін құқықтар
франшиза;
4. Материалдық активтер дегеніміз –
бір жыл бойы өндірісте пайдаланылатын ақшасыз, физикалық формасы жоқ активтер;
5. материалық емес активтерге жатады?
жерді, суды пайдалану құқығы, патенттер, лицензиялар, НОУ – ХАУ, тауар белгілері;
6. Негізгі активтердің пайдалы қызыметінің мерзімін анықтау кезінде қандай факторлар кіреді?
шығарылған өнімдедің санына байланысты активтен күтілетін пайдалар, активтердің физикалық тозуы, техникалық және моральдық тозулар,активтерді пайдалану бойынша заңды және тағы сол сияқты шектеулер
7. Компьютерлік бағдарлама кіріске алынды, ақшасы төленген жоқ
Дт 2730 Кт 3310;
8.Кәсіпорынды сатып алу құны мен оның таза активтерінің арасындағы айырма қалай аталады
гудвилл
9. Патет бойынша амортизация есептелді
Дт 2710 Кт 1010;
10.Жабдықтаушыларға тауарлар үшін төленген аванстар есепке алынды
Дт 3310 Кт 1610
11.Банктен қарыз алынды
Дт 1030 Кт 3010
12.Банктің қысқа мерзімді қарызы ағымдағы есеп шотқа түсті
Дт 1030 Кт 3010
МАЕ-тақырыбын тест арқылы бекіту
1. Әдеби музыкалық өнер туындыларының авторларына заңдық жолмен ұсынылатын қорғау нысаны
a) патент;
b) авторлық құқық;
c) сауда маркасы;
d) франшиза;
e) гудвилл
2. Заңды түрде танылатын және тіркелеген бірден – бір құқық
a) патент;
b) авторлық құқық;
c) сауда маркасы;
d) франшиза;
e) гудвилл
3.Ірі фирмалардың атынан өнім өндіруге, оны сатуға кіші компанияға берілетін құқықтар
a) патент;
b) авторлық құқық;
c) сауда маркасы;
d) франшиза;
e) гудвилл
4. Материалдық активтер дегеніміз –
a) бір жылдан артық пайдаланылатын ақшасыз активтер;
b) бір жыл бойы өндірісте пайдаланылатын ақшасыз, физикалық формасы жоқ активтер;
c) төлем құралы ретінде пайдаланылатын эквиваленті;
d) жоғары өтімді өндіріс прцесінде қолданылатын ақшасыз активтер;
e) узақ уақыт пайдаланылатын, физикалық формасы жоқ, өндіріс немесе сату процесніде пайдаланылатын ақшасыз активтер
5. Мыналардың қайсысы материалық емес активтерге жатады?
a) дайын өнім;
b) еңбек заты;
c) жерді, суды пайдалану құқығы, патенттер, лицензиялар, НОУ – ХАУ, тауар белгілері;
d) құндық бағасы бар, бірақ заттай құндылық болып саналмайтын қзақ мерзімді салым объектілер;
e) үйлер, ғимараттар, еңбек құралдары
6. Негізгі активтердің пайдалы қызыметінің мерзімін анықтау кезінде қандай факторлар кіреді?
a) шығарылған өнімдердің санына байланысты активтердің күтілетін пайдалаулары;
b) активтердің физикалық тозуы
c) техникалық және моральдық тозулар;
d) активтерді пайдалану бойынша заңды және тағы сол сияқты шектулер ;
e) шығарылған өнімдедің санына байланысты активтен күтілетін пайдалар, активтердің физикалық тозуы, техникалық және моральдық тозулар,активтерді пайдалану бойынша заңды және тағы сол сияқты шектеулер
7. Компьютерлік бағдарлама кіріске алынды, ақшасы төленген жоқ
a) Дт 2730 Кт 3310;
b) Дт 2730 Кт 1010;
c) Дт 2730 Кт 1040;
d) Дт1010 Кт 2730;
e) Дт 1040 Кт 2730
8.Кәсіпорынды сатып алу құны мен оның таза активтерінің арасындағы айырма қалай аталады
a) патент;
b) авторлық құқық;
c) сауда маркасы;
d) франшиза;
e) гудвилл
9. Патет бойынша амортизация есептелді
a) Дт 2910 Кт 1040;
b) Дт 2710 Кт 1010;
c) Дт 3310 Кт 2740;
d) Дт7210 Кт 2740;
e) Дт 1330 Кт 1010
10.Жабдықтаушыларға тауарлар үшін төленген аванстар есепке алынды
Дт 2910 Кт 1040
Дт 3310 Кт 1010
Дт 3310 Кт 1610
Дт 1330 Кт 3310
Дт 1330 Кт 1010
11.Банктен қарыз алынды
Дт 1040 Кт 3010
Дт 1030 Кт 3010
Дт 1010 Кт 1040
Дт 7310 Кт 3010
Дт 3010 Кт 6010
