
- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •3. Банктердегі ұлттық валютадағы ағымдығы банктін шотының операциялар есебі
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6.Басқа ұйымдардың бағалы қағаздарына ұйымның қаржылық салымының есебі
- •8.Несиелік жөне есеп айрысу, ақшалай қаражаттарды түгендеу жүргізу тәртібі,
- •9 Тақырып. Негізгі құралдар, олардың қаржылық есептегі топтамасы мен бағалануы
- •10.Ғимараттар мен құрылғыларды мердігерлік және шаруашылық әдістермен салу есебі. Тәжірибелік жұмыс №3
- •11.Негізгі құралдардың тозу есебі.
- •12.Негізгі құралдардың құрамы мен түрлері
- •13.Негізгі құралдарды қысқа және ұзақ жалға берудің есебі.
- •15.Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер қозғалысына байланысты шоттар корреспонденциясын құру Тәжірибелік жұмыс №5
- •16 Тақырып . Материалдық қорлар, олардың жіктелуі, бағалануы және есебінің мақсаты
- •18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
- •18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
- •19.Сатып алынған материалды құндылықтар бойынша қосылған құн салығы акциздер есебі
- •20. Өндіріске босатылған материалдарды әр түрлі әдістермен бағалау. Әр түрлі мақсаттарға және өндіріске босатылған материалдар есебі. Тәжірибелік жұмыс №6
- •21.Қорларды түгендеу және қайта бағалау
- •Сатып алушылардан алынған аванс
- •Басқа ұйымдардан алған кредиторлық борыштарды жабу
- •Кіріс ордерімен
- •Нақты орындаған жұмыс уақыты үшін тарифтік бағамен
- •Жабдықтаушы қр-да ққс төлеуші болып саналса,сатылған тауарлары үшін
- •22.Материалдық құндылықтардың қозғалысымен байланысты операцияларының шоттар корреспонденциясын құру Тәжірибелік жұмыс №7
- •23. Еңбек және төлемақы есебінің
- •24.Тарифтік тор және оның разрядтары. Жұмыс уақытының есебі. Еңбек және оның төлемақысын құжаттау Тәжірибелік жұмыс №8
- •25.Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар. Зейнетақы жинақ қорларына және әлеуметтік салық бойынша аударымдардың есебі. Тәжірибелік жұмыс №9
- •26. Төлемақы төлеу тәртібі, депонирленген сомалардың есебі.
- •27.Төлемақы есебімен байланысты операцияларға шоттар коррепонденциясын құру. Тәжірибелік жұмыс №10
- •28. Еңбекақыны әртүрлі жүйеде төлеу есебі
- •29. Есеп айырысу төлем ведомосын құрастыру. Тәжірибелік жұмыс №11
- •30.Өндіріс шығындары есебі мен бақылауының мақсаттары және өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың негізгі қағидалары
- •32.Тура шығындар құрамы мен сипаттамасы және олардың негізгі өндіріс шығындары элементтерінің шоттарында көрсетілу тәртібі. Тәжірибелік жұмыс №12
- •33.Өндірістік жоғалтулар есебі. Накладной шығындары жөне оларды бөлу өдісі. Тәжірибелік жұмыс №13
- •34.Калькуляция ұғымы, оның мәні, калькуляция объектілері. Өндіріс шығындары есебінің негізгі әдістері
- •35.Өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің тапсырыс беру әдісінің мәні
- •36.Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің процестік әдісі.
- •37.Жалпы және әкімшілік шығындарының есебі
- •39. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау
- •40.Сатып алушылармен есеп айырысу есебі
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •41. Дайын өнімді сату есебі
- •42.Дайын өнімді түгендеу және оны есепте бейнелеу. Тәжірибелік жұмыс №15
- •43.Дайын өнім қозғалысына алғашқы құжаттарды толтыру. Тәжірибелік жұмыс №16
- •44.Кірістер мен шығыстар есебі. Корпоративті табыс салығы бойынша есеп айырысу. Тәжірибелік жұмыс №17
- •45. Жарғылық капитал есебі
- •46.Резервті капитал есебі, таратылмаған табыс (бөлінбеген пайда) есебі
- •47.Жиынтық табыс пен таратылмаған табыс есебі
- •48.Меншікті капитал қозғалысы есептеріне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №18
- •49.Тауарлар, жұмыстар және қызметтер экспорты бойынша операцияларының есебі.
- •50. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер импорты бойынша операцияларының есебі
- •51.Реэкспорт бойынша операциялар есебі
- •52. Толлингтік операциялар есебі.
- •53.Сыртқы экономикалық қызметке байланысты операциялар есебіне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №19
- •54.Есеп саясатының ұғымы және құрылуы
- •55.Қаржылык есептілікте есеп саясатының ашылуы
- •56.Есеп саясатын аша отырып жылдық қаржылық есеп беруге түсінік хатын құру. Тәжірибелік жұмыс №20
- •57.Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы. Ұйымның баланс кұруы
- •Бухгалтерлік баланс
- •58.Ақша қаражаттарының қозғалысы есебі
- •59. Кірістер мен және шығыстар есебі Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •60.Капитал өзгерісі және ақша қаражаттар есебі
- •61.Қортынды баланс және есептіліктің басқа нысандарын құрастыру Бухгалтерлік баланс
- •Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •62.Ауылшаруашылығындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жіктелуі. Биологиялық активтер
- •64.Ауылшаруашылық өнімдерін сату кірістер мен шығыстар есебі
- •65.Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар
- •66.Туристік компаниялардағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •67.Турөнімнің бағасының қалыптасу саясаты.
- •68.Турөнімінің өзіндік құнының шығындар құрамы және калькуляциялау
- •69.Турөнімдерді сату кірістермен шығыстар есебі. Тәжірибелік жұмыс №23
- •70.Автокөлік ұйымдарындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •71.Автокөлік қызметі құнының шығындар құрамы және кірістерді калькуляциялау
- •72. Тмқ мен нқ есептеу
- •73. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері.
- •74. Тауар айналымы және көтерме сауда есебі. Тәжірибелік жұмыс №24
- •Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •75. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •76. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері.
- •77. Құрылыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы
- •78. Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың кіріс және шығыс есебі
- •79.Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі, ақау есебі. Тәжірибелік жұмыс №25
78. Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың кіріс және шығыс есебі
Құрылыста құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық, жоспарлық және нақты құны анықталады. Объектінің құрылысына сметаны құру негіз болып табылады. Құрылыстық өндірістің жеке мәні болғандықтан әр құрылыс объектісіне жоба қабылданған шешімдер және құрылыс-монтаждау өндірісінің нақты жағдайлары есепек алынатын жеке смета жасалады. Сметаның құрылуы құрылыс объектісінің нормативті өзіндік құнының калькуляциясына негізделіп, бұл мақсатта материалдық, еңбек және ақша ресурстарының сметалық шығындарының көлемі есептеледі. Құрылыс өнімінің негізгі сметалық өзіндік құны құрылыс материалдарын дайындауға, құрылыс машиналарын пайдалану және еңбек шығындарының сметалық калькуляциясы болып табылады. Сметалық өзіндік құнды төмендетуді қамтамасыз ету мақсатымен ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жасалады және олардың орындалуының бақылауы ұйымдастырылады. Жоспарланған үнемдеу сомалары табыс баптары бойынша бөлінеді. Құрылыс ұйымы шығындарының бір бөлігі тапсырыс берушімен сметалық құннан тыс өтеледі. Нақты құрылыс объектілерінің жоспарлы өзіндік құны құрылыс-қаржылық жоспарды құру кезінде де, құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құны туралы есеп берулерді құрғанда да есептелмейді. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жоспарлы өзіндік құны өз күшімен орындалған жұмыстардың сметалық өзіндік құнын сметада көрсетілген жоспары жинақтар пайызына нақты өтелген өтемақы және сомалары қосылған сметалық өзіндік құнды төмендетудің жоспарлы пайызына түзету арқылы есептеледі.
79.Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі, ақау есебі. Тәжірибелік жұмыс №25
Өндірілген өнімнің сапасы әрбір еңбек ұжымы бойынша олардың қызметінің нәтижесін бағалауда айқындаушы болып табылады. Әрбір кәсіпорын өзінің абыройын, бәсекелестік қабілеттілігін, ұжымның кәсіби және патриоттық мақтанышын сақтағаны азал. Кәсіпорын өнімнің сапасына бақылау жасап, техникалық-бақылау бөлімінің (ТББ) жұмысына жәрдемдесіп отыруға тиіс. Сапасыз өнім шығару ұжымның шаруашылық есебінде, жалақысында және әлеуметтік игіліктеріне сөзсіз шығынға әкеп соғады.
Сапасы жағынан белгіленген стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей мақсатына пайдалануға жарамайтын бұйымдар (шалафабрикаттар, бөлшектер, жұмыстар) өнім ақауы болып есептелінеді. Ақау былайша жіктеледі:
- ақау байқалған орны бойынша – ішкі (өнім сатып алушыға жіберілгенге дейін анықталған) және сыртқы (сатып алушыда анықталған) ақау;
- анықталған ақаулардың сипаты бойынша – түзету мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық жағынан алғанда түзетуі тиімсіз түпкілікті (жөндеуге келмейтін) және жөндеуге болатын ақаулар;
- пайда болу себептері бойынша - өндіріс технологиясының бұзылуы, сапасыз шалафабрикаттар және т.б.
Ақауды жөндеу жөніндегі шығындар «Цехтар бойынша шығындар» ведомосында көрсетіледі. Түзетуге болатын және түзетуге болмайтын ақаудан болған шығындар «Өндірістегі шығынды есепке алу» ведомосында анықталады. Оған жазу үшін №12 ведомостағы ақау туралы хабарламалары негіз болады.
Ішкі түпкілікті ақаудың өзіндік құнын мынадай шығындар бойынша анықтайды: ақау болған өнімді жөндеу кезінде жұмсалған шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар шығындары; өндіріс жұмысшыларының жалақысы; жалақыдан есептелген аударымдар; үстеме шығыстар.
Сыртқы ақаудың құны тұтынушылардың біржола ақау деп танылған өнімнің өзіндік құнынан, осы өнімді сатып алуға байланысты сатып алушыға өтелген шығындарынан, ақауға шығарылған бұйымдарды бөлшектеуге жұмсалған шығындарынан, сондай-ақ ақаулы өнімді ауыстыруға байланысты туындаған көлік шығындарынан немесе егер өнім жөнделетін ақауға жататын болса, тұтынушыдағы ақаулы өнімді түзетуге жұмсалған шығындардан тұрады.
Өнімнің өзіндік құнына жатқызылған сыртқы және ішкі ақаудан болатын шығынды анықтау үшін түпкілікті ішкі және сыртқы ақаудың құнына ақауды түзетуге жұмсалған шығындары қосылады және ақаулы өнімнің пайдаланылуы мүмкін болатын бағасы бойынша оның құны, ақауды жіберген кінәлілерден нақты сомасы ұсталынады, ал егер де ол өнімді жеткізіп берушілердің кінәсінен болса, онда оның құны бүкіл сатып алынған өнім құнына шегеріліп тасталады.
Ішкі ақаудан болған шығындар ақау анықталған айдағы өндіріс шығындарына, ал сыртқы ақаудан болған шығындар ақаулы өнімді сатып алушылардан келіп түскен талап (рекламация) қабылдаған айдағы өндіріс шығындарында көрсетіледі.
Бухгалтериялық есепті және ақаудан болған шығынды анықтауды кәсіпорынның техникалық-бақылау бөлімі (ТББ) жүзеге асырады.
Анықталған түпкілікті немесе түзетуге болатын ақау үшін ТББ «Ақау туралы актісі» жасайды. Жұмысшының кінәсінен жіберілген ақауды түзету наряд жазылмай жүргізіледі. Егер осы ақаудың жіберілуіне кінәлі болып табылмайтын жұмысшы ақауды жөндесе, онда мұндай жұмысқа жалпы тәртіп бойынша наряд жазылып, оған «Ақауды қайта жасау» деген мөртаңбасы (штампы) қойылады.
Ақаудан болған шығындарды тиісті дәрежеде есепке алуды және кәсіпорындардағы ақау туралы мәліметтерді жүйелеуді ұйымдастыру ақау себептерінің тізбесі және оған кінәлілер анықталғанға дейін жүреді.
Ақаудың себептері мен кінәлілерге шифр қойылып, осы мәселелер туралы мәліметтер барлық цехтардың және олардың бөлімшелерінің басшыларына дейін жеткізіледі, сосын олар құжаттарда көрініс табады.
Ақаудан болған шығын ай сайын өндіріс шоттарынан көшіріліп алынып, өнімнің тиісті түрлерінің өзіндік құнына енгізіледі. Жеке және ұсақ сериялы өндірістерде ақаудан болған шығындар толық бітпеген белгілі бір тапсырысқа (заказға) қатысты болған жағдайда аяқталмаған өндірістің құнына жатқызылады. Одан басқа жағдайлардың бәрінде ақаудан болған шығындар, әдеттегідей, тауар өнімнің өзіндік құнына енгізіледі.
Өткен есепті кезеңде өндірілген негізгі өнімге жататын сыртқы ақаудан болған шығындар ағымдағы есептік кезеңде жасалған осындай бұйымдардың өзіндік құнына көшіріліп жазылады. Мұндай өнім ағымдағы айда дайындалмаған жағдайда, сыртқы ақаудан болған шығындар үстеме шығындар үшін белгіленген тәртіп бойынша тауарлы өнім түрлеріне бөлінеді.
Анықталған ақауды ақау туралы хабарламамен рәсімдейді. Онда бұйымның атауы, ақау байқалған операциясы, кінәлілер және ақаудың туындау себептері, жарамай қалған бөлшектерге жатқызылған тікелей шығындарының сомасы көрсетіледі. Осы арада түзетуге келмейтін ақау бойынша кіріске алынуға жататын сынықтар мен бағалы қалдықтардың құны айқындалады.
Ақау бухгалтерлік есептің типтік жоспарында 8410 шотында көрсетіледі.
№ |
Шаруашылық операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Сомасы, теңге |
Тип |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Ақау өнімдерін жөндеу бойынша жасалған шығындар: - ақауды жөндеуге босатылған материалдар мен шикізаттар; - ақауды жөндегені үшін жұмысшыларға есептелген еңбекақысы; - еңбекақыдан әлеуметтік салық есептелді; - өндірістегі ақауға қатысты үстеме шығыстары есептен шығарылды. |
8411
8412
8413 8414 |
1310
3350
3150 8410 |
11500
6450
638 4811 |
I
III
III I |
|
Ақауды жөндеумен байланысты шығындардың жиыны |
|
|
23399 |
|
2. |
8411-8414 шоттарында есептелген шығындар жинақтаушы шотына жатқызылды: - материалдық шығындар; - еңбекақы шығындары; - еңбекақыдан аударылатын аударымдар шығындары; - үстеме шығыстары. |
8410 8410 8410
8410 |
8411 8412 8413
8114 |
11500 6450 638
4811 |
I I I
I |
|
Жиыны |
|
|
23399 |
|