
- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •3. Банктердегі ұлттық валютадағы ағымдығы банктін шотының операциялар есебі
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6.Басқа ұйымдардың бағалы қағаздарына ұйымның қаржылық салымының есебі
- •8.Несиелік жөне есеп айрысу, ақшалай қаражаттарды түгендеу жүргізу тәртібі,
- •9 Тақырып. Негізгі құралдар, олардың қаржылық есептегі топтамасы мен бағалануы
- •10.Ғимараттар мен құрылғыларды мердігерлік және шаруашылық әдістермен салу есебі. Тәжірибелік жұмыс №3
- •11.Негізгі құралдардың тозу есебі.
- •12.Негізгі құралдардың құрамы мен түрлері
- •13.Негізгі құралдарды қысқа және ұзақ жалға берудің есебі.
- •15.Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер қозғалысына байланысты шоттар корреспонденциясын құру Тәжірибелік жұмыс №5
- •16 Тақырып . Материалдық қорлар, олардың жіктелуі, бағалануы және есебінің мақсаты
- •18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
- •18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
- •19.Сатып алынған материалды құндылықтар бойынша қосылған құн салығы акциздер есебі
- •20. Өндіріске босатылған материалдарды әр түрлі әдістермен бағалау. Әр түрлі мақсаттарға және өндіріске босатылған материалдар есебі. Тәжірибелік жұмыс №6
- •21.Қорларды түгендеу және қайта бағалау
- •Сатып алушылардан алынған аванс
- •Басқа ұйымдардан алған кредиторлық борыштарды жабу
- •Кіріс ордерімен
- •Нақты орындаған жұмыс уақыты үшін тарифтік бағамен
- •Жабдықтаушы қр-да ққс төлеуші болып саналса,сатылған тауарлары үшін
- •22.Материалдық құндылықтардың қозғалысымен байланысты операцияларының шоттар корреспонденциясын құру Тәжірибелік жұмыс №7
- •23. Еңбек және төлемақы есебінің
- •24.Тарифтік тор және оның разрядтары. Жұмыс уақытының есебі. Еңбек және оның төлемақысын құжаттау Тәжірибелік жұмыс №8
- •25.Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар. Зейнетақы жинақ қорларына және әлеуметтік салық бойынша аударымдардың есебі. Тәжірибелік жұмыс №9
- •26. Төлемақы төлеу тәртібі, депонирленген сомалардың есебі.
- •27.Төлемақы есебімен байланысты операцияларға шоттар коррепонденциясын құру. Тәжірибелік жұмыс №10
- •28. Еңбекақыны әртүрлі жүйеде төлеу есебі
- •29. Есеп айырысу төлем ведомосын құрастыру. Тәжірибелік жұмыс №11
- •30.Өндіріс шығындары есебі мен бақылауының мақсаттары және өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың негізгі қағидалары
- •32.Тура шығындар құрамы мен сипаттамасы және олардың негізгі өндіріс шығындары элементтерінің шоттарында көрсетілу тәртібі. Тәжірибелік жұмыс №12
- •33.Өндірістік жоғалтулар есебі. Накладной шығындары жөне оларды бөлу өдісі. Тәжірибелік жұмыс №13
- •34.Калькуляция ұғымы, оның мәні, калькуляция объектілері. Өндіріс шығындары есебінің негізгі әдістері
- •35.Өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің тапсырыс беру әдісінің мәні
- •36.Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің процестік әдісі.
- •37.Жалпы және әкімшілік шығындарының есебі
- •39. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау
- •40.Сатып алушылармен есеп айырысу есебі
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •41. Дайын өнімді сату есебі
- •42.Дайын өнімді түгендеу және оны есепте бейнелеу. Тәжірибелік жұмыс №15
- •43.Дайын өнім қозғалысына алғашқы құжаттарды толтыру. Тәжірибелік жұмыс №16
- •44.Кірістер мен шығыстар есебі. Корпоративті табыс салығы бойынша есеп айырысу. Тәжірибелік жұмыс №17
- •45. Жарғылық капитал есебі
- •46.Резервті капитал есебі, таратылмаған табыс (бөлінбеген пайда) есебі
- •47.Жиынтық табыс пен таратылмаған табыс есебі
- •48.Меншікті капитал қозғалысы есептеріне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №18
- •49.Тауарлар, жұмыстар және қызметтер экспорты бойынша операцияларының есебі.
- •50. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер импорты бойынша операцияларының есебі
- •51.Реэкспорт бойынша операциялар есебі
- •52. Толлингтік операциялар есебі.
- •53.Сыртқы экономикалық қызметке байланысты операциялар есебіне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №19
- •54.Есеп саясатының ұғымы және құрылуы
- •55.Қаржылык есептілікте есеп саясатының ашылуы
- •56.Есеп саясатын аша отырып жылдық қаржылық есеп беруге түсінік хатын құру. Тәжірибелік жұмыс №20
- •57.Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы. Ұйымның баланс кұруы
- •Бухгалтерлік баланс
- •58.Ақша қаражаттарының қозғалысы есебі
- •59. Кірістер мен және шығыстар есебі Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •60.Капитал өзгерісі және ақша қаражаттар есебі
- •61.Қортынды баланс және есептіліктің басқа нысандарын құрастыру Бухгалтерлік баланс
- •Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •62.Ауылшаруашылығындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жіктелуі. Биологиялық активтер
- •64.Ауылшаруашылық өнімдерін сату кірістер мен шығыстар есебі
- •65.Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар
- •66.Туристік компаниялардағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •67.Турөнімнің бағасының қалыптасу саясаты.
- •68.Турөнімінің өзіндік құнының шығындар құрамы және калькуляциялау
- •69.Турөнімдерді сату кірістермен шығыстар есебі. Тәжірибелік жұмыс №23
- •70.Автокөлік ұйымдарындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •71.Автокөлік қызметі құнының шығындар құрамы және кірістерді калькуляциялау
- •72. Тмқ мен нқ есептеу
- •73. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері.
- •74. Тауар айналымы және көтерме сауда есебі. Тәжірибелік жұмыс №24
- •Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •75. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •76. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері.
- •77. Құрылыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы
- •78. Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың кіріс және шығыс есебі
- •79.Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі, ақау есебі. Тәжірибелік жұмыс №25
75. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері
Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың жұмысын анықтау үшін бухгалтерлік есеп енгізілген. Бір жағынан, ол өндіріс процесін көрсетеді, ал екінші жағынан – сатылу процесін көрсетеді. Сонымен қоса, меншікті өндірістің өнімімен бірге (жеңіл тамақтар, бірінші, екінші, үшінші тағам, жартылай фабрикаттармен және т.б.) аспаздық болып келеді. Ал егер шығын сатылған тауардың түріне және уақыт мерзіміне қатысты болса, онда ол кезең шығындарына жатады. Осыған сәйкес, өнімнің нақты өзіндік құнын есептеу мүмкін емес болады.
Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» заңына сәйкес талап ету, міндетті ұйымдастыруды орындау, азық – түлік сферасында қызмет ететін кәсіпкерлер, меншікті және ведомстволық бағынушылыққа тәуелсіз формалары бойынша «Ішкі сауданың ережелері» қайта өңделген.
Қоғамдық азық – түлікпен қамтамасыз ететін өндірістің қызметтері тек бұйрық пен өндіруге рұқсат етілген лицензияның негізінде ғана және өнімді сату және тұтынуды ұйымдастырған кезде ғана жүзеге асырылады.
Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз ететін кәсіпорындары категория бойынша бөлінеді. Олар: мейрамханалар, кафелер, барлар және асханалар.
Қазақстан Республикасының «Саудалық қызметті реттеу туралы» заңына сәйкес қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз ететін нысандар төмендегі категориялар бойынша бөлінеді:
1)Мейрамхана – бұл тағамның түрлі ассортиментін ұсынатын, тапсырыстық пен фирмалық өнімдерді қоса, сонымен қатар алкогольді өнімді ұсынатын қоғамдық демалық және тамақтану нысаны;
2)Кафе – тамақтардың түрлі ассортиментін және алкоголь өнімдерін, тез дайындалатын тағам түрлерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс нысаны;
3)Бар – тұтынушыларға жеңіл тамақтар, десерттер және кондитерлік өнімдер, сонымен қатар алкогольдік сусындар ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалу нысаны;
4)Асхана - әрбір тұтынушы өз - өзіне қызмет көрсететін ерекшелігімен ерекшеленетін қоғамдық тамақтану нысаны.
Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
Баға – тауардың ақшалай көрінісі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында бағаның көрінісі келесі элементтерден тұрады: өндірілген өнімнің өзіндік құны және кірістер. Экономиканың басқа салаларынан ерекшелігі, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында өндірілген өнімнің өзіндік құны есептен шығарылмайды. Сол себепті қоғамдық тамақтаныдару кәсіпорындарының өнімдерінің бағасы өзіне тек шикізаттың құнын қосады, ал басқа элементтері – сатудың үстеме шығындары арқылы жанама бағада шығандар мен табыстар көрініс табады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының дайын өнімінің бағасы калькуляциялау әдісімен анықталады. Сол кезде өнімнің өзіндік құны емес, оның сатылу құны есептелінеді. Оның есебі әрбір тамаққа немесе асхананың әрбір өніміне жеке калькуляциялық карточкада жүргізіледі. Барлық өнімдер және қызмет көрсетулер қоғамдық тамақтандыруда санитарлық – гигиеналық және техникалық талаптарға, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігіне, экономикалық қауіпсіздігіне және т.б. жағдайларға деген қауіпсіздіктерге сай келуі тиіс.
Өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің сұранымға ие болуы, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің басты мақсаты. Шынымен кейінгі кездері өндірілген өнім нарық алаңына жетпей жатыр. Мемлекет бөлген субцидия қайтарымсыз қалуда. Сұранымға сараптама, тіпті болжам жасалмайтын тәрізді. Азық-түлік қауіпсіздігі де елеусіз қалуда. Еліміз азық-түлік өнімдерінің 60 пайызын сырттан тасымалдайды. Өзімізде өндірілген өнімдердің бағасы қымбат. Неге? Тиімді шешімдер тауып, елімізде өндірілетін өнімнің сапасын арттыру - бүгінгі күннің басты талабы. Сатылу бағалары калькуляциялық карточкада әрбір тамақ түріне немесе сатып алу бағасы бойынша асхана өнімдеріне жүргізіледі.
Үстеме баға шикізат жиынына немесе шикізаттың әрбір түріне жүргізіледі.
Әрбір өнімнің бағаларының есебінің дұрыстығына өндіріс басшысы немесе калькуляциялауды жүргізген субъект жауапты болады. Калькуляциялау карточканың дайындалуы және сатылу бағасының анықталуы ас мәзірі бойынша, яғни меню бойынша әрбір тамақтың түріне жүргізіледі.
Тағайындалған бағалардың дұрыстығына жауапты тұлғалар қол қойғаннан кейін калькуляциялық карточкалар арнайы реестрде тіркеледі.
Гарнирлердің, соустардың, шалафабрикаттардың және аспаздық өнімдердің бағасы да калькуляциялау әдісімен есептеледі.
Буфеттерден сатылып алынатын тауарлардың бағасы сатылу құны мен үстеме бағасының сомасы арқылы есептелінеді. Дәмдеуіштердің, тұздықтар мен т.б. тамақтың дәмін немесе басқа да жағынан әрлендіретін қоспалардың есебі қарастырылмаған.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібі экономиканың негізгі бір саласы ғана емес, сонымен бірге ол еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі де болып табылады. Бұл саланың дамуы елдің қоғамдық-саяси тұрақтылығына да тікелей байланысты. Әлемдік нарықта туындаған азық-түлік дағдарысы мен оның салдары қайта өңдеу өнеркәсібінің маңыздылығын бұрынғыдан да арттыра түсті.
Ал азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі дүниежүзілік экономикалық саясаттың күнделікті талқысына айналды. Азық-түлік тапшылығын сезіне бастағаннан-ақ әлемнің барлық елдері бұл салаға мемлекет тарапынан жасалатын қолдауды күшейтіп, саяси маңызы зор өзгерістер жасады. Әсіресе, өндіріс көлемін арттыру, ішкі азық-түлік нарығын тұрақтандыру сияқты мәселелерге ерекше мән беріп отыр.
Осыған орай, біз де әлемдік азық-түлік нарығындағы жағдайға байланысты қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы күрделі мәселелерді қайта қарап, заман талабына сай стратегиялық бағыттарына жаңа қырынан келіп, өзгерістер енгізуіміз қажет. Бұрын жасалып, қазір жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік аграрлық саясатты жалғастыра отырып, біз оны еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қоймаларындағы тауарлар, шикізаттар мен өнімдердің есебі
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары азық – түлік пен тауарларды делдалдар арқылы, сонымен қатар базарлар мен дүкендер арқылы сатып ала алады. ТМҚ – ды делдалдардан сатып немесе қабылдап алған кезде көрсетілген кезде міндетті түрде сатып алу немесе қабылдап алу процесі сенімхат арқылы жүреді. Ол дегеніміз, яғни сатушы немесе делдал тауарды немесе шалафабрикатты сату барысында өзінің куәлігін көрсетуі тиіс және осыған сәйкес сатып алушы немесе қабылдап алушы тауарларды немесе шалафабрикаттарды қатылдап алу барысында тауарды жеткізушінің куәлігін мұқият қарап шығып, тексеріп, дұрыстығын анықтауы тиіс. Бұл, яғни кейін басқа келеңсіз жағдайларды тудырмас үшін қажет. Алайда, егер тауарды қабылдап алушы мен тауарды жөнелткен субъект арасында бұрын – соңды немесе қазіргі кезде коммерциялық қарым – қатынасы болса, онда жоғарыдағы қарастырылған процесс сенімхатсыз да жүргізіле береді.
ТМҚ – ны әмбебап дүкендерден немесе базардан және т.б. жақтан сатып алған кезде «Сатып алу актісі» жасалады. Бұл актіде кәсіпкерліктің қызметінің формасы туралы мәлімет (патент, куәлік), РНН және т.б. мәліметтері көрсетілуі тиіс.
Сатып алу актісі дұрыс жүргізілуі және құжаттың қаржылық деңгейі болуы үшін міндетті түрде ТМҚ – лар сатып алынған әмбебап дүкеннің немесе базардың атын (сол дүкеннің немесе базардың мөрі немесе әкімшілігінің штампы басылуы керек), тауарға ақша төленгенін куәландыратын квитанцияның нөмірі немесе куәліктің нөмірі, сапасын белгілейтін куәлігі, лабораториялық анықтамасы жазылуы тиіс.
Аспаздық өңдеуге арналған қоймалардағы шикізат пен тауарлар үстеме бағасыз есептелінеді.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қоймаларындағы бухгалтерлік есеп жедел – бухгалтерлік (сальдо бойынша) әдіспен жүргізіледі. Бұл әдістің мәні, негізінен, бухгалтерлік есеп өнімнің немесе тауардың орнын, ақшалай көрінісін көрсетеді. Қоймалардағы азық – түлік пен тауарлардың есебін материалды жауапты тұлға жүргізеді.
Тауарлардың сорттарына немесе азық – түліктердің атауына байланысты әрқайсысына жеке карточка жасалады және тауарлар туралы кітабына жазылады. Қоймада жүргізілетін есепке жауапты тұлға нөмірленген тауарлар туралы кітапты бухгалтерияға қолхат жазу арқылы ала алады. Кітаптар толығымен толтырылған соң, оларды аналитикалық есеп пен басқа да бухгалтерлік құжаттар сияқты регистрлерде сақтау үшін бухгалтерияға өткізіледі.
Материалды жауапты тұлғаның құндылықтардың кірісі мен шығысы және олардың қалдығы туралы тауарлар туралы кітабына жазған соң, мәліметтердің дұрыстығын міндетті түрде бухгалтер тексеріп, қадағалап отырады.
Айдың соңында өнімдердің қалдығына байланысты ведомость жасалады.
Жедел – бухгалтерлік есепте материалды жауапты тұлғалар тауарлардың тіркелгені, олардың қабылдап – тапсырылғандығы, жөнелткендігі және т.б. туралы мәліметтерді жинақтап, есеп береді. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары тек өнімдерді сатумен ғана айналыспайды, сонымен қатар өндірісті ұйымдастыру және өнімді тұтынумен де айналысады. Өндірістік – сату бірліктеріне қоймалармен қоса шалафабрикаттар мен кондитерлік өнімдерін өңдеуге арналған цехтар да кіреді.
Өндірістегі өнімдерге материалды жауаптылық өндіріс меңгерушісі және оның көмекшісіне жүктеледі.
Қоғамдық азық – түлікпен қамтамасыз ететін кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептің тағы бір ерекшелігі, бұл өнімді кіріске алу кезінде өңделмеген шикізаттың массасы қолданылады, шалафабрикаттарды шығару – нетто масса бойынша, ал өткізілген тауарларды көшіру шикізаттың есептік бағасы бойынша жүргізіледі. Бұл есептік бағалар өнімге салынған мөлшерлер бойынша калькуляциялық карточкаларда анықталады.
Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз ететін кәсіпорындар өндірісте өнімді өндіруді әр күнгі ас мәзірі жоспарына сүйене отырып жоспарлайды. Ас мәзірінде тағамдардың тізімі және тағамдар мен гарнирлердің мөлшері мен қысқаша мінездемесі көрсетіледі. Ас мәзірінің жоспарын өндіріс меңгерушісі жасайды. Ас мәзірінің жоспарында тағам түрлеріне (жеңіл, салқын тағамдар, бірінші, екінші, үшінші тамақтар және т.б.) байланысты бөлініп жазылады.
Ас мәзірінің жоспарына сәйкес асханаға қаншалықты тәулік бойына өнім керек екендігі анықталады. Ас мәзірінің жоспарына сәйкес бухгалтерияда тағамдардың сатылу бағалары орнатылады және тұтынушылар үшін ас мәзірі жасалады. Ас мәзірінде калькуляциялық карточкада есептелгендей тағамдардың тек аталуы мен бағалары ғана жазылып қоймайды, сонымен қатар дайын өнім болып шыққандағы салмағы көрсетіледі.
Қоймадан азық – түліктерді алу үшін өндіріс меңгерушісі міндеттеме дайындап жасайды, ол міндеттемеде: азық – түліктің атауы, өлшем бірлігі мен мөлшері көрсетіледі. Міндеттеме бір данада жасалады. Міндеттемеге өндіріс меңгерушісі қол қояды және міндеттеме дайындалып отырған сол кәсіпорынның басшысы бекітеді. Міндеттемеге сәйкес азық – түліктердің қоймадан шығарылуына байланысты накладной жазылады.
Тәжірибеде міндеттеме – накладной деген құрамдастырылған құжат жасалынуы мүмкін. Бұл құжатта азық – түліктердің шығарылуын және шығындарды куәландыратын құжат бірігіп жасалынады. Бұл құжат әсіресе, құжаттарды көшіріп алған кезде жасалады. Алайда бұл жағдайда құрылым амалы қолданылмайды.
Қоймаға азық – түлікті қабылдап алу барысында өндіріс меңгерушісі және т.б. материалды жауапты тұлғалар олардың санын, сапасын және т.б. тексереді. Өндіріске келіп түскен шикізаттарға өндіріс меңгерушісі есеп береді және оның көмекшісі мен цехтың меңгерушілері толық материалды жауапты болады, яғни сол тауарлардың сақталуы мен қолданылуына да жауапты.
Өндірісте шикізаттың есебі сатылу бағасы бойынша жүреді және ол ақшалай көріністе болады. Сондықтан норма бойынша ешқандай артқа қалдыру болмайды. Бұл есепті қоймадағы шикізаттардың құны бойынша есептелінеді, ал өндірістегі өнімдерді сатылу бағасын бойынша (тауардың өзіндік құны + сатылу бағасы) қамтамасыз етеді.
Өндірістен дайын өнімдерді таратуға, буфеттерге және шағын бөлшек желілеріне тауарды өткізу үшін шығарылады. Дайын өнімдерді таратуға өндірістен шығаруды жабдықтау – бұл таралымның орналасқан жеріне байланысты болып келеді. Егер таралым өндірістен бөлек болса, онда дайын өнімдердің жөнелтілуі заборлық картамен және накладноймен жүргізіледі.
Заборлық картаны берген кезде оны нөмірлеп және арнайы журналда тіркейді. Өнімді өндірістен шығарған және жөнелткен кезде өндіріс меңгерушісі заборлық картаның тиісті бағандарын толтырады. Заборлық карта көшірме негізінде екі дана етіп жасалады және әрбір өнімнің жөнелткен күні көрсетіледі. Екі данаға кәсіпорын басшысы, бас бухгалтер, өндіріс меңгерушісі және өнімді асханадан қабылдаған тұлға қол қояды.
Заборлық картада бағаның екі түрі көрсетіледі (сатылу және есептік баға). Сатылу бағасы бойынша олар сату орындарында өткізіледі, ал есептік бағасы бойынша (өзіндік құны) есеп беру кезеңінде өндіріс меңгерушісінің есебінде жүреді. Егер бір күннің ішінде өнімдер өндіріске қайтарылып келсе, онда ол өнімдер «Қайтарылды» бағанында көрініс табады. Күннің соңында заборлық карта өнімнің құны мен санын анықтайды.
Заборлық карта материалды жауапты тұлғаның есептеріне бірге қосылып, бухгалтерияға өткізіледі. Егер таралым өндіріспен біріккен болса, онда дайын өнімнің жөнелтілуі «қолма – қол ақшаға өткізілген асхананың өнімдері туралы» актпен ресімделеді және ол ақшалай көріністе болады, бақылау журналында тіркеледі.
Өндіріс меңгерушісі күнделікті азық – түліктердің қозғалысы туралы есеп береді және оның екінші данасына қолхат жазып бухгалтерияға өткізеді. Есепке ас мәзірінің жоспары мен мәзірдің бір данасын қосады.
Өндірістегі азық – түліктердің қозғалысын, шалафабрикаттар мен дайын өнімдердің сақталуын бақылау инвентаризация жүргізу бойынша орындалады. Бұл бақылау бір айда екі реті, ал кейбір жағдайларда бес күнде бір рет кәсіпорынның басшысы, бухгалтер және өндіріс меңгерушісінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Өндірістегі нақты қалдықты шығару «Азық – түліктер мен шалафабрикаттардың қалдықтарын шығару туралы актпен» ресімделеді.
Акт екі данада жасалынады және оған барлық комиссия мүшелері қол қояды. Бір данасы бухгалтерияға өткізіліп, ал екінші данасы өндіріс меңгерушісінде қалады.
Асхана өнімдеріне кеткен шығыстар есебі өнідірістің 8100 «Негізгі өндіріс» активті шотында жүреді.
Өндірісте дайындалған азық – түліктердің сақталу мерзімі құжаттарда көрсетілгендей 24 сағатқа арналған. Сондықтан асханада аяқталған өндіріс болмауы керек. Аналитикалық есеп әрбір өндіріске және материалды жауапты адамға жүргізіледі.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары түскі уақыт кезінде өздерінің жұмысшыларына түскі демалыс уақыты бөлінеді. Бұл жұмысшыларды, яғни әріптестерін біріктіруге қолайлы. Шешімге сәйкес жетекші бұйрық береді. Бұйрықта льготты тамақтанудың сомасы белгіленеді. Түскі уақыт кезіндегі демалыс өндіріс меңгерушісінің құрастырған кәсіпорынның жұмысшыларының тамақтану уақытына арналған ас мәзірінің есептік бағаларына жүргізіледі.
Қазір іске асырылып жатқан және жаңадан енгізілген бюджеттік бағдарламалардың барлығы ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыруға бағытталған жүйелі шараларды мемлекеттік қолдауға және ынталандыруға жұмылдырылатын болады. Атап айтқанда, ағымдағы жылдан бастап қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаржысын толықтыру үшін екінші деңгейлі банктерден алған несиелерінің өсімін тікелей субсидиялау бағдарламасы одан әрі жалғасады. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді субсидиялау ережесі оның міндетті түрде өнеркәсіпте қайта өңдеуге бағытталуы тиіс болып өзгертілді. Бұған қоса, агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының ИСО және ХАССП халықаралық сапа стандарттарын өндіріске енгізу, әзірлеу және сертификаттау жөніндегі қызметтерінің құнын 50 пайызға дейін субсидиялау жөніндегі мемлекеттік қолдау бағдарламасы одан әрі жалғасын табады.