Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд на 158ч.поҚаржесеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

70.Автокөлік ұйымдарындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері

Бухгалтерлік (қаржылық) есептің «Бухгалтерлік есеп және Автөкөлік ұйымдарының қаржылық есеп берудің » енгізілген қосымшаларымен және өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңын түбегейлі реформалау жағдайында Автөкөлік ұйымдарының қаржылық есеп беруі автөкөлік ұйымдарының қаржылық есептеменің халықарлық стандарттары бойынша дайындалып және ұсынылуы керек.

Автөкөлік ұйымдарының қаржылық есеп берудің халықарлық стандарттарына көшу халықарлық стандарттардың негізгі жағдайларымен танысуға тәжірибелі бухгалтерлердің алдына үлкен міндет артады.

Автокөлік ұйымдарындағы қаржылық есеп және ішкі бақылау жүйесі келесі нормативтік құжаттармен жүргізіледі:

        • ҚР-ның “Бухгатерлік есеп және Автөкөлік ұйымдарының қаржылық есептеме” Заңы № 2732 26.12.1995 жыл (толықтырулармен және өзгерістермен);

        • Бухгалтерлік есеп стандарттары;

        • Бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік нұсқаулар;

        • Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары 18.09.2002 жыл № 438;

        • Ұйымның «Есеп саясаты».

Автокөлік ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп келесі принциптерге негізделіп, соларға сәйкес жүргізілуі тиіс:

              • есептеу, яғни табыстар табыс табылған кезде танылады, ал шығындар – жұмсалған кезде танылады;

              • үздіксіз қызмет, яғни автөкөлік ұйымдары қаржылық есептеме рұқсат ету негізінде, компания жұмыс істеу және болашақта жұмыс істейтін жағдайда құрастырылады;

              • Автөкөлік ұйымдарының қаржылық есептемесінің негізгі сапалы сипаттамасы түсініктілік, мәнділік, сенімділік, салыстырмалық.

Бухгалтерлік жазбалар шаруашылық операцияларының жүргізілгені фактілері тіркелген алғашқы құжаттар негізінде жасалынады. Активтерге әсер ететін барлық шаруашылық операциялары және басқа да шаруашылық қызметінің оқиғалары бухгалтерлік есепте көрсетіледі. Бухгалтерлік жазбалар компьютерленген есеп жүйесі көмегімен есептелінеді.

71.Автокөлік қызметі құнының шығындар құрамы және кірістерді калькуляциялау

Автомобильді шығару мен автомобильмен тасымалдаудың өзіндік құны – автокөлік субъектісінің жұмыс тиімділігі мен сапасының ең маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі, әрі жинақтау көздерінің бірі және автокөлік ұйымының өнімнің белгіленген мөлшерін өндірумен және сатумен байланысты барлық шығынын көрсететін экономикалық санат.

Өзіндік құн былайша бөлінеді:

  • цехтық, оған жауапкершілік орталықтарының шығыны кіреді;

  • өндірістік, оған өнім (жұмыс, қызмет) шығарумен (тасымалдаумен) байланысты барлық шығынның жиынтығы кіреді;

  • сауда, ол өнім (жұмыс, қызмет) өткізу (тасымалдау) жөніндегі шығынды біріктіреді;

  • толық, оған өнім (жұмыс қызмет) өндірісіне (тасымалдауға) жұмсалатын барлық шығындар.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өзіндік құнды төмендетуге ұмтылады. Оның үстіне, тасымалдаудың өзіндік құнын төмендету жалдамалы көлікті пайдаланатын субъектінің өндіріс шығындарын кемітетін тарифтің азаюын қамтамасыз етеді.

Жекелеген тасымалдау түрлерінің өзіндік құндарын анықтау БЕС 7 «Тауарлы–материалдық қорлар есебі» және оған әдістемелік ұсыныста белгіленген калькуляцияның элементтері мен баптары бойынша шығынды топтастыру қолданылады.

Өндірістік өзіндік құнды қалыптастыратын шығынды жоспарлауда, есепте, талдауда 7 «Тауарлы–материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес топтастырудың әр түрі қолданылады:

1.шығынның пайда болу орны бойынша;

2.жұмыс, қызмет түрлері бойынша. Шығындар жекелеген тасымалдау түрлерінің өзіндік құнына қосылады;

3.шығын түрлері бойынша - калькуляция элементтері мен баптары бойынша. Элементтері бойынша тасымалдауға қандай шығын жұмсалғанын көрсетсе, ал, калькуляция баптары бойынша – жекелеген тасымалдау түрлерін есептейді.

4. Өнімнің өзіндік құнына жатқызу әдісі бойынша шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.

Ең алдымен, өндіріспен және тасымалдаумен, сатумен тікелей байланысты шығындар анықталады. Бұл ретте тікелей шот әдісі пайдаланылады. Тікелей шығындар дегеніміз – жекелеген тасымалдау түрлерінің өзіндік құнына тікелей қосылады.

Өндіріске қызмет көрсетумен және басқарумен байланысты шығын өзіндік құнда тура ескерілуі мүмкін емес және аталмыш шығын өзіндік құнға жанама енгізіледі.Жанама шығындар – нақты тасымалдау түрінің өзіндік құнына тікелей салынбайды, ол қосылу алдында қандай да бір базаға (автошаруашылықтағы автомобиль – күндерінің санына) үйлесімді (пропорционал) бөлінеді.

Тасымалдауға кететін шығын есебі әрбір сандар бойынша барлық деректер тауар – көлігінің үйлесімді жүкқұжаты негізінде көрсетілетін жол құжатының негізінде жүзеге асырылады. Бір рейспен бір тонна жүкті тасымалдау саны шақырым қашықтыққа көбейтіледі.Осындай жолмен есептелген әрбір жол құжаты бойынша тонна – шақырым сомасы есептік кезең (бір ай) үшін барлық жол құжаттарына жазылады және тоннна – шықырымда жүк автокөлігінің жалпы жұмыс көлем іпайда болады.

Тасымалданған бір тонна жүктің тарифі бойынша жұмыс істейтін автокөлік жүгінің өзіндік құнын есептеу объектісіне бір тонна-шақырым тасымалдау жатады, ал, сағаттық тариф бойынша жұмыс істейтінтікі – бір авто–сағат. Оның өзіндік құны тасымалданғанжүктегі тонна-шақырымның жалпы санына жүк автокөлігін пайдалану бойынша барлық шығын сомасын бөлу жолымен анықталады.

Бухгалтерлік есепте шығын есептеу әдісі бойынша көрсетіледі. Қаржы есептерінде шығын кассалық әдіс бойынша көрсетілдеді.

Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесіне сәйкес шығыс жіктелімі бірнеше топтан құралады, сонымен бірге шарт болуы және кәсіпорын нәтижесінің сомасы мен оның кемуі анықталуға тиіс.

1.Шығыс нақты шартқа, заңнамамен нормативтік актінің талаптарына, іскерлік қатынас дәстүріне сәйкес жұмсалса;

2.Шығыстың сомасы анықталуы мүмкін болса;

3.Ұйым актив берген немесе активті беру қатысында белгісіздік болмаған жағдайда, нақты операцияның нәтижесінде ұйымның экономикалық пайдасының кемитініне шүбә келтірілмесе.

Егер ұйым жұмсайтын кез келген шығыс қатысында аталған талаптың бірі болса да орындалмаса, онда ұйымның бухгалтерлік есебінде дебиторлық берешек пайда болды деп танылады.

Амортизациялық аударым мөлшеріне негізделген шығыс деп танылады. Ол амортизацияланатын активтің құнының, пайдалы, пайдалану мерзімінің және ұйымда қабылданған амортизация есептеу тәсілінің негізінде анықталады.Шығыс бухгалтерлік есепте түсім, опреациялық немесе өзге кіріс алу ниетіне және шығысты жұмсау нысанына қарамастан сол есепті кезеңде жұмсалды деп танылады:

Кіріс пен шығыс жөніндегі есепте шығыс:

  • жұмсалған шығыс пен алынған түсім арасындағы байланыс ескеріліп (кіріс пен шығыстың үйлесімі);

  • шығыс бірнеше есепті кезең ішінде кіріс алуды қарастырса және кіріс пен шығыс арасындағы байланыс айқын анықталуы мүмкін емес немесе жанама жолмен анықталатын жағдайда оны есепті кезең арасында негізді бөлу арқылы;

  • шығыстан экономикалық пайда (кіріс) немесе активтің түсімі алынбағаны анықталған есепті кезеңдегі танылған шығыс бойынша;

  • салық слынатын базаны есептеу мақсаты үшін қалай қабылданатынына қарамастан , сондай – ақ тиісті активті танумен байланысты емес жағдай туындағанда.

Ұйымның шығысы деп активтің істен шығуы нәтижесінде экономикалық пайданың кемуі және қатысушылардың шешімі бойынша салымның кемуін қоспағанда, автокөлік ұйымының капиталының кемуіне әкеп соқтыратын міндеттемелердің пайда болуы танылады.

Автокөлік ұйымдарындағы қаржылық есепте мыналар шығыс ретінде танылмайды:

  • айналымнан тыс активті сатып алумен байланысты шығыс;

  • басқа ұйымның жарғылық капиталына салынатын салым;

  • акционерлік қоғамның акциясын сату мақсатында емес сатып алу;

  • комиссия шарттары, агентті және комитеттің , муниципалдың және т.б.пайдасына өзге осыдай шарт бойынша жұмсалатын шығыс;

  • тасымалдау қызметін алдын – ала төлеу

  • тасымалдау қызметіне берілген алдын – ала төлем.

  • ұйым алған кредиттті, қарызды өтеу.

Қызметтің кәдімгі түрі тасымалдаумен , өнім жасаумен, сатумен, сатып алумен шығын танылады.Қызметтің кәдімгі түрі бойынша жұмсалатын шығыс бухгалтерлік есепте ақшаға шағылған, ақшалай немесе өзге нысандағы төлем мөлшеріне немесе кредиторлық берешектің мөлшеріне тең сомада қабылданады. Егер төлем танылған шығыс бөлігінің ғана орнын толтырса, онда бухгалтерлік есепке қабылданатын шығыс төлемнің және кредиторлық берешектің сомасы ретінде ғана анқталады.

Қызметтің кәдімгі түрлері бойынша шығысты қалыптастырғанда оны шығын мен шығыстың мына элементтері бойынша топтау қажет:

а)экономикалық элементтермен:

  • материалдық шығындар;

  • еңбекақы шығындары;

  • әлеуметтік қажетке жұмсалатын шығындар;

  • амортизация, яғни құралдардың;

  • басқадай шығындар,

ә)шығын баптары бойынша:

  • материалдар;

  • еңбекақы;

  • аударым;

  • үстеме шығындар.

Бухгалтерлік есепте басқару мақсатында шығын баптары бойынша дербес ұйымдастырылады. Ұйым шығын баптарының тізбесін дербес белгілейді.

Ұйым қызметтің кәдімгі түрінің қаржысының нәтижесін қалыптастыру мақсатында автокөлік ұйымының өндірген тауарлар мен өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын анықтайды. Өзіндік құн есепті жылы да, өткен есепті жылы да шығын ретінде танылған шығыстың, сондай-ақ кейінгі есепті жылы кіріс алуға қатысты ауысқан шығыстың негізінде өнім өндірісінің, тасымалдаудың ерекшеліктеріне, жұмысты орындау мен қызмет көрсетудің және оны сату, сондай-ақ тауарды сату ерекшеліктеріне байланысты нақтыланып қарастырылады.

2.2.Тасымалдау шығындары ескерілетін шоттар және шоттар корреспонденциясының тізімі.

Автомобильмен тасымалдау шығыны мына бап бойынша 8100 шотындағы «Негізгі өндіріс» бөлімшесі мен «Автомобиль көлігін пайдалану шығыны» қосалқы шотында ескеріледі:

  • есептік кезең үшін нақты отын шығыны туралы жол құжатының деректерін жинақтаушы тізімдемесі негізінде (дизельдік отын, жанар-жағар май) автомобильдерді пайдалану барысында қолданылатын материалдардың құнына:

8110 «Материалдар» шот дебеті

1310«Көлік құралдарының бағындағы отын» шот кредиті 785040

  • пайдалану, техникалық қызмет көрсету және автомобильдерді жөндеу үшін майлайтын және пайдаланатын материалдың шығын шыққан құнына (қозғалтқыш (мотор) және трансмиссиялық май,консистенттік майлау, керосин, сүрту материалдары):

8100«Негізгі өндіріс» шот дебеті

1310«Майлау және басқадай пайдалану материалдары» шот кредиті

130000

  • жол құжатының деректері, орындалған жұмыстың жүктелімі және басқа құжаттардың негізінде мына жазу жүзеге асырылады:

а) есептелген еңбекақы сомасына:

8110 «Неізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы» шот дебеті

3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шот кредиті

164500

ә)Қызметкерлердің демалысына резерв құрылды:

8110 «Неізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы» шот дебеті

3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шот кредиті

139820

б) жұмысшылардың еңбекақы қорынан аударым (әлеуметтік салық) сомасына:

3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шот дебеті

3150«Әлеуметтік салық»шот кредиті 48498

  • автомобиль көлігінің тозған жылжымалы құрамы, автомобильге жөндеу және техникалық қызмет көрсету:

8400 «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтер» шот дебеті

2420 «Тозған көлік құралдары» шот кредиті 34400

  • автомобиль шиндерін жөндеу, автомобильге жөндеу және техникалық қызмет көрсету:

8400 «Үстеме шығындар» шот дебеті 44828

3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

1310 «Шикізат пен материалдар» шот кредиті 11200

1310 «Отын» шот кредиті 15000

1310 «Қосалқы бөлшектер» шот кредиті 3800

3350 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот кредиті 8000

3150 «Әлеуметтік салық» шот кредиті 1440

3310 «Төленуге тиісті шот» кредиті 5388

  • үстеме шығындар қорытындыланады:

8400 «Үстеме шығындар» шот дебеті

8415 «Негізгі құралдарды жөндеу» шот кредиті,

8416 «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтер»

79228

  • негізгі өндірістік шығын есебінен үстеме шығындар есептен шығарылады:

8100 «Негізгі өндіріс» шот дебеті

8410 «Үстеме шығындар» шот кредиті 73228

Егер автокөлік субъектісінің жөндеу шеберханасы болса , онда автомобильге пайдалы жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығыны алдын – ала мына жазу бойынша ескеріледі:

  • пайдалы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалған материалдар есептен шығарылады:

8300 «Көмекші өндіріс» шот дебеті.

1310 «Шикізаттар мен материалдар» шот кредиті 4000

  • жөндеумен айналысатын жұмысшылардың еңбекақысы есептелді:

8300 «Көмекші өндіріс» шот дебеті

3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шот кредиті 15300

  • аударым сомасына (жұмысшылардың еңбекақы қорынан әлеуметтік салық):

3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шот дебеті

3150 «Әлеуметтік салық » шот кредиті 2754

  • үстеме шығын сомасына:

8300 «Көмекші өндіріс» шот дебеті

8400 «Үстеме шығындар» шот кредиті 6000

  • автотасымалдаудың өзіндік құны үшін бір айдағы шығын қорытындылары:

8110 «Негізгі өндіріс» шот дебеті 571136

8110 «Материалдар» шот кредиті 13000

8110«Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы» шот кредит 304320

8110«Еңбекақыдан аударылатын аударымдар» шот кредиті 48498

8110«Үстеме шығындар» шот кредиті 73228

  • қосалқы өндіріс орындаған жұмыстың өзіндік құнын есептеу үшін бір айдың шығыны қорытындыланады:

8310 «Көмекші өндіріс» шот дебеті 28054

8310«Материалдар» шот кредиті 4000

8310 «Қызметкерлердің еңбекақысы» шот кредиті 15300

8310 «Еңбекақыдан аударылатын аударымдар» шот кредиті 2754

8310 «Үстеме шығындар» шот кредиті» 6000

  • автотасымалдаудың өзіндік құнына қосалқы өндірістің шығыны қосылады:

8110 «Негізгі өндіріс» шот дебеті

8310 «Көмекші өндіріс» шот кредиті 28054

  • әрбір айдың аяғында автотасымалдаудың өзіндік құны есептен шығарылды

7010 «Өткізілген дайын өнімнің (тауарлар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны» шот дебеті

8110 «Негізгі өндіріс» (562118+28054) шот кредиті 590172

  • тапсырыс берушіге келісімшарттық құндағы шот ұсынылады:

1210 «Сатып алушылар мен тасырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шот дебеті

6010 «Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет)сатудан алынатын табыстар» шот кредиті. 900000

  • ҚҚС сомасына

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шот дебеті

3130 «ҚҚС» шот кредиті 135000

  • тапсырыс берушінің төлемақысы алынды:

1030 «Ағымдағы ақша қаражаттары» шот дебеті

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді деиторлық берешегі» шот кредиті 1035000

  • ҚҚС бюджетке аударылды:

3130 «ҚҚС» шот дебеті

1030 «Ағымдағы ақша қаражаттары» шот кредиті 135000

Есептік кезеңнің соңында:

а)қорытынды табысты кеміту есебінен шығын есептен шығарылады,

ә)қорытынды табысты көбейту есебінен табыс есептен шығарылады.