Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд на 158ч.поҚаржесеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

69.Турөнімдерді сату кірістермен шығыстар есебі. Тәжірибелік жұмыс №23

• Туристік фирманың асырау, қызмет ету және басқару шығындары.

1. Материалдық шығындар:

7210«Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті

1310-1315,1317«Материалдар» шоттар кредиті.

2. Басқарушы қызметкерге еңбекақы есептеледі:

7210«Жалпы және әкімшілік шығындары» шот дебеті

3430«Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот кредиті.

3. Басқарушы қызметкердің еңбекақы қорына аудару сомасына (әлеуметтік салық):

7210«Жалпы және әкімшілік шығындары» шот дебеті

3150«Әлеуметтік салық» шот кредиті.

4. Жарнама және туристік азық-түліктерді нарықта жылжыту шығындары: 7110«Тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізу шығындары» шот дебеті

4110«Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті.

• Турды жүзеге асыруға қызмет көрсеткені үшін басқа жақтың

субъектісіне (тұлғасына) төлемақылар.

Туристерді орналастыруға қызмет көрсетулер- қонақ үйлермен, пансионаттармен, санаторийлермен, демалыс үйлермен және т.б. көрсету, оның шығынын туристік фирмалар серіктестік туралы келісімшартқа сілтеме жасай отырып, тариф бойынша орнын толтырады:

а) тұрғаны үшін:

8114«Басқадай тікелей шығындар» шот дебеті

4110«Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті 3060000,

ә) орналастыру және тұрғызу бойынша көрсеткен қызметі үшін берешектерді төлеу:

4110«Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті

1030«Ағымдық шоттағы ақша», 1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар», 1060«Чек кітапшасындағы ақша», 1251«Есеп беретін адаммен есеп айырысу» шоттар кредиті 3060000.

• Жаңа туристік азық-түліктерді дайындау және игеру шығындарына

менеджерлерге таныстыру турының шығындары, қызметкерлерге тіл үйрету курсының шығындары, басшылардың келісімшартқа қол қоюына қызметтік іссапар шығындары және т.б. шығындар жатады.

а) жүзеге асырылған шығындар сомасына:

1620«Басқадай» алдағы кезең шығындары шот дебеті

4110«Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті

ә) есептеу принциптеріне сәйкес алдағы кезеңдерге жолдаманы өткізу шығындары жолдама сол уақытта сатылғандықтан есептік кезең шығындары деп танылады:

8114«Басқадай тікелей шығындар» шот дебеті

1620«Басқадай» алдағы кезең шығындары шот кредиті.

• Мыналарды жүзеге асырған контрагенттерге комиссиялық сыйақы:

а) туристік азық-түліктерді сату:

8114«Басқадай тікелей шығындар» шот дебеті

4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті

ә) комиссия келісімшарты бойынша сыйақы төлеу:

4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті

1030«Ағымдық шоттағы ақша», 1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар», 1060«Чек кітапшасындағы ақша», 1251«Есеп беретін адаммен есеп айырысу» шоттар кредиті.

• Басқадай шығындар мен төлемдер.

Визалық (рұқсатнамалық) қызмет көрсету- туристік фирмалар әдетте туристік азық-түліктердің құнын қоспай, туристерден консульдық алымды өндіріп алады. Мұнда мына жазулар жүзеге асырылады:

а) туристерден консульдық алымды өндіріп алу сомасына:

1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті

4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті

ә) консульдық алымды төлеуге курьерге аванс беруде:

1251«Есеп беретін адамдармен есеп айырысу» шот дебеті

1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот кредиті

б) аванстық есеп берудің негізінде:

4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті

1251«Есеп беретін адамдармен есеп айырысу» шот кредиті.

• Ерікті сақтандыру бойынша қызмет көрсетулер агенттері туристік

агенттік болып табылатын сақтандыру компаниялары туристерге қызмет көрсетеді. Агенттік келісім- жеке немесе заңды тұлғаның біреудің атынан орындалғаны туралы және сенімхат боыйынша принципал атынан операцияны жүзеге асыратын белгілі бір міндеті түрлеріндегі принципиал мүддесіндегі келісімшарт түрі. Агенттік келісімге қол қоюда агентке сақтандыру полисының бланкілері беріледі. Бланкінің жылжу есебі қатаң есеп берумен арнайы журналда жүргізіледі. Агенттің берешегі мен комиссиондығын сақтандыру келісімшартын бекіту туралы хабарлайтын құжат- бордероны алудағы келісімге сәйкес сақтандыру компаниясы есептейді. Сақтандыру компаниясы қойған шоттардың негізінде келісімде белгіленген мерзімде тараптардың өзара есеп айырысуы болады. Мұнда мына жазулар жазылады:

• туристерден өндіріп алған сақтандыру сыйлықақы сомасына:

1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті

4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті

• туристерден өндіріп алған комиссиялық сыйақы сомасына:

1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті

6010«Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) сатудан алынатын табыстар» шот кредиті.

• сақтандыру компаниясы төлеген берешектер сомасына:

4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті

1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот кредиті.

Туристік азық-түліктерді өткізуден түскен табыстар мен шығындар есебі

22.02.02ж. №296-II «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» заңда белгіленгендей, туристік қызмет көрсету қолданыстағы заңға сәйкес жазбаша түрде бекітілген келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Туристік азық-түліктің сатылу құнын дұрыс есептеу үшін мына есеп айырысуларды келтіруге болады:

Туристік азық-түліктер сатылу бағасының есеп айырысуы:

1. Туристік азық-түліктердің құны 2208000.

2. Туристік компаниялардың шығыны (7110-7210) 180000 .

3. Жоспарлы рентабельділік-10% 220800.

4. Үстеме 400800.

Үстемелер деңгейі- 18%

5. Туристік азық-түліктерді өткізу бойынша салық салынатын айналым

2608000.

6. Салық салынатын айналымдағы ҚҚС 417408.

7. Сату көлемі 3025408.

Туристік жолдамаларды өткізуде мына бухгалтерлік жазулар жүзеге

асырылады:

а) туристік азық-түліктердің өзіндік құны есептен шығарылады:

7010«Сатылған дайын өнімдердің (тауарлар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны» шот дебеті

8110«Негізгі өндіріс» шот кредиті 2208000,

ә) сатып алушыға шотты ұсынғанда:

1210«Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті

6010«Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс,қызмет) сатудан алынатын табыстар» шот кредиті 2608000,

б) ҚҚС сомасына:

1210 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті

Шот кредиті 3130«ҚҚС» 417408,

в) сатып алушыдан төлемдер кеп түсті:

1030«Ағымдық шоттағы ақша», 1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шоттар дебеті

1210«Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті 3025408.

Қолма-қол есеп айырысумен туристік жолдамаларды өткізуде:

а) сатудан түскен түсім сомасына:

1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті

6010«Дайын өнімдерді (тауарлар,жұмыс,қызмет) сатудан алынатын табыстар» шот кредиті 2608000, ә) ҚҚС сомасына:

1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті

3130«ҚҚС» шот кредиті 417408,

б) бюджетке аударылған ҚҚС сомасына:

3130«ҚҚС» шот дебеті

1040«Ағымдағы шоттағы ақша» шот кредиті 417408.

Есептік кезеңнің соңында:

а) қорытынды табысты кеміту шығындары есептен шығарылады:

5420«Жиынтық табыс» шот дебеті

7010«Сатылған дайын өнімдердің (тауарлар,жұмыс,қызмет) өзіндік құны» шот кредиті 2208000,

ә) жиынтық табысты көбейтетін табыс есептен шығарылады:

6010«Дайын өнімдерді сатудан алынатын (тауарлар,жұмыс,қызмет) табыстар» шот дебеті

5420«Жиынтық табыс» шот кредиті 2608000,

б) қорытынды табысты кемітудің кезеңдік шығындары есептен шығарылады:

«5420Жиынтық табыс» шот дебеті

7210«Жалпы және әкімшілік шығындары», 7110«Тауарларды (жұмыс,қызмет) сату шығындары» шоттар кредиті 180000, в) корпоративтік табыс салығы есептелді- 30%

7710«Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шот дебеті

3110«Төлеуге ағымдағы корпоративтік табыс салығы» шот кредиті 66000,

г) жиынтық табысты кемітуге табыс салығы бойынша шығындар есептен шығарылады:

5420«Жиынтық табыс» шот дебеті

7710«Жиынтық табыс салығы бойынша шығындар» шот кредиті 66000,

ғ) таза табыс анықталып, есептен шығарылады:

5420«Жиынтық табыс» шот дебеті

5410«Бөлінбеген табыс (жабылмаған залал)» шот кредиті 154000.