Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд на 158ч.поҚаржесеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

Кірістер мен шығыстар туралы есеп

мың теңге

Көрсеткіштердің атауы

Бет коды

Есептік кезең үшін

Өткен кезең

үшін

Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс

010

 

 

Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

020

 

 

Жалпы пайда (бет 010- бет 020)

030

 

 

Қаржыландырудан түскен кірістер

040

 

 

Өзге де кірістер

050

 

 

Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар

060

 

 

Әкімшілік шығыстар

070

 

 

Қаржыландыруға арналған шығыстар

080

 

 

Өзге де шығыстар

090

 

 

Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының/залалының үлесі

100

 

 

Жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал) (бет 030+бет 040+бет 050- бет 060 – бет 070 – бет 080 - бет 090+/- бет 100)

110

 

 

Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)

120

 

 

Салық салғанға дейінгі пайда (залал) (бет 110+/-бет 120)

130

 

 

Корпоративтік табыс салығы бойынша залалдар

140

 

 

Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 130- бет 140)

150

 

 

аздық үлесі

160

 

 

Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 150- бет 160)

170

 

 

Акцияға арналған пайда

180

 

 

62.Ауылшаруашылығындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жіктелуі. Биологиялық активтер

Ауылшаруашылық қызметі – ұйым биологиялық түрлендіруді және сатуға арналған немесе ауылшаруашылық өнімге немесе қосымша биологиялық активтерге ауыстыруға арналған биологиялық активтердің өнімдерін жинауды басқару болып келеді.

Ауылшаруашылық өнімі – ұйымның биологиялық активтерінен жиналған өнім.

Биологиялық актив – өмір сүретін жануар немесе өсімдік.

Биотүрлендіру – нәтижесінде биологиялық активте сапалық немесе сандық өзгерістер болатын өнімді өсіру, азғындау, өндіру және ұдайы өсіру процесінен тұрады.

Сатуға жұмсалған шығындар дегеніміз–қаржыландыруға жұмсалатын шығындарды және табыстық салықты қоспағанда, активтің ақшаға айналдырылуынан тікелей туындайтын қосымша өсім шығындары.

Биологиялық активтер тобы – ұқсас жануарларды немесе өсімдіктерді біріктіру.

Ауылшаруашылық өнімін жинау - өнімді биологиялық активтен бөлу немесе биологиялық активтің тіршілігін тоқтату.

Биологиялық активтердің, ауылшаруашылық өнімінің, сондай-ақ жинап алғаннан кейін өңдеу нәтижесінде алынған өнімнің мысалдары келтіріліп отыр:

Биологиялық активтер нәтижесінде алынған өнім

Ауылшаруашылық өнімі

Жиналғаннан кейін өңдеу

Қойлар

Жүн

Жіп, кілем

Орман шаруашылығындағы ағаштар

Шабылған ағаштар

Бөренелер, кесілген ағаш материалдары

Өсімдіктер

Мақта

Жіп, киім

Жиналған қамыс

Қант

Сүт малы

Сүт

Ірімшік

Шошқалар

Тұтас ет

Шұжық тағамдары, консервіленген сан ет

Бұталар

Жапырақ

Шай, кептірілген темекі

Жүзімдіктер

Жүзім

Шарап

Жеміс-жидек ағаштары

Жиналған жемістер

Өңдеуден өткен жемістер

А/ш-да негізгі құрал болып - жер саналады. Жер тауарға айналды, себебі бағасы берілді. 1996 ж.жер реформасы болды, онда жерді негізгі құралға жатқызды. Жер шабындық, жайылымдық, т.б.болып бөлінеді. Жерге арнайы құжаттар толтырылады: қабылдау актісі, бағасы, т.б.

А/ш тірі организмдермен тікелей байланысты: өсімдіктер мен жануарлар. Олар еңбек құралы, әрі өндіріс б.т. Малға да, өсімдіктерге де кезінде күрделі қаржы жұмсап, керекті деңгейге жеткізу керек.

Қолданылатын шығындар дақыл түріне, қолданылатын құралдарына қарай дұрыс бөлінуі тиіс.Алынатын өнім маусымдық сипатта болуы керек. А/ш-да шығындарды жіктеуге тура келді: келесі жылға жарайтын, жарамайтын, т.б. Оларды аяқталмаған өндіріске жатқызамыз.

Негізгі құралдардың есебі.

Өнім беретін малдарды, көпжылдық өнім беретін өсімдіктерді өндіріс құралдарына жатқыза-мыз. Сатып алуға жұмсалған шығын, сонымен бірге өз шаруашылығында өсіруге жұмсалған шығындарды бастапқы және баланстық құнға кіргіземіз.

Малдар өнім беретін және күшке жұмсалатын болып екіге бөлінеді. Өнім беретін малдардыңбағасы баланстан шығарылмайынша өзгертілмейді. Ал күшке жұмсалатын малдар бастапқы құны бойынша балансқа алынып, оларға тозу есептелінеді. Оларда өз шаруашылығында өсіру-ге, сатуға, айырбастауға болады және осылай кіріске алады. Оларға қабылдау актісі, топтан-топқа өткізу актісі толтырылады. Акт бухгалтерияға өткізіліп, есеп регистрлеріне енгізіледі. Мүліктік немесе есептік карточка ашылады. Таңба басылса,мүліктік карточканың нөмірін білдіреді.

Негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді.

Дт Кт

2410 - 3310(кіріске алу)

7410 - 2410 (шығысқа бастапқы немесе қалдық құны б/ша шығару)

Материалдар есебі.

А/ш-да мынандай өнімдерді де материалдардың қатарына жатқызылады: тұқым, тұқымдық, көшеттер, жем-шөп, тыңайтқыштар, мал және өсімдік ауруларына қарсыкүресуге жұмсалатын әртүрлі дәрі-дәрмектер.

Өсірілудегі негізгі құралдардың есебі.

1. Өсірілудегі және бордақылаудағы малдардың есебінің ерекшелігі және олардыбағалау.

2. Өсірілудегі және бордақылаудағы малдардың қозғалысын, өнімін құжаттау.

3. Өсірілудегі және бордақылаудағы малдардың есебін есептік топтар б/ша ұйымдастыру.

Негізгі табынға өткізілген өнім беретін немесе күш көліктері ретінде пайдалануға болатын ересек малдарды 2521 (өнім беретін және күш көліктері) аралық шотында өндіріс құралы ретінде олардың баланстық немесе бастапқы құны б/ша ақпараттарын жинақтап, есебін жүргізеді.

Малдар еңбек заттары ретінде есептік топтары б/ша ақпараттарын жинақтау үшін олардың жастарына және жыныстарына қарай 2523 (өсірілудегі жас малдар және бордақылаудағы малдар) аралық шотын ашып, өсу үрдісін, бордақылаудың нәтижесін, тірілей салмағының артуын, алынған қосымша салмақ және қосымша өсу салмағы арқылы, өсу үрдісін тіркеу арқылы оларды бағалаудың нәтижесінде құнының артқандығын көрсететін ақпаратттарын жинақтап, есебін жүргізеді.

Негізгі табын және өсірілудегі, бордақылаудағы малдарды күтіп-бағу шығындары 8100 (негізгі өндіріс) шотының (мал шаруашылығы) аралық шотында есепті кезең шығындары жинақталады.

Өсірілу, бордақылау үрдісінде есептік топтары б/ша олардан алынатын өнімқосымша салмақ және қосымша өсу салмағы болып табылады.Өсірілудегі және бордақылаудағы малдарды күтіп-бағудың нәтижесінде жұмсалған шығындарының көлемінде өсірілу және бордақылау шығындарын

Өсірілу, бордақылау үрдісінің нәтижесінде алынған өнімдерін (қосымша салмақ) шыққан шығынның көлемінде бағалап, " Өсірілу және боқылау б/ша шығын-дары " шотының Дт-те, Негізгі өндірістің" Кт-тен көрсетіледі.

Алынған өнімнің нәтижесінде өсірілудегі және бордақылаудағы малдардың тірілей салмағының артқанын және сол қосқан салмақтың құнына, құнының артқанын " Өсірілудегі жас малдар мен бордақылаудағы малдар" аралық шотының Дт-де " Өсірілу және бордақылау б/ша шығындар" аралық шотының Кт-нен көрсетіледі.

Қосымша салмақты анықтау әдістері :

1.таразыға тарту

2. есептеу арқылы

Бухгалтерлік есепте алынған қосымша салмақты мынандай формула арқылыанықтайды:

Қос. салмақ = Есепті кезең соңындағы салмағы + есепті кезең соңында шығыс болған малдар - кірістелген малдар - есепті кезеңнің басындағы салмағы.

Өсірілудегі және бордақылаудағы малдардың есебімен бірге осы топта

құстардың, аңдардың, қояндардың, бал араларының есебі де жүргізіледі.Есептік топтарда алынған қосымша салмақтың және қосымша өсу

салмағының жұмсалған шығынның көлемінде құнының артқанын және тірідей салмағының артқанын шотын Дт-п, шотын Кт-у арқылы көрсетеміз:

Бух.есепте 2524 шотта ақпараттары жинақталатын өсірілудегі және

бордақылаудағы малдар мынандай есептік топтар бойынша есебі жүргізіледі:

1. Жас малдар

2. Бордақылаудағы малдар

3. Құстар

4. Аңдар

5. Қояндар

6. Бал ара ұялары

Аналитикалық есепті өндірістік және жасына қарай топтар бойынша жүргізеді. Мысалы: ірі қара

  • 2 жасқа дейінгі тайыншалар мен құнажындар

  • 2 жастан жоғары құнажындар (телки)

  • өгізшелер, т.б.

Шошқалар:

  • тексерілетін аналық шошқалар

  • 2 айға дейінгі торайлар

  • 2 айдан 4 айға дейінгі торайлар

  • алмастырылатын торайлар

  • бордақылаудағы жас торайлар

Әрбір есептік топ бойынша есебін жүнінің сапасы бойынша жүргізеді:

  • биязы жүнді

  • қылшық жүнді

  • жартылай биязы жүнді

  • жартылай қылшық жүнді

Қояндар:

  • тері беретін

  • ет беретін

63.Ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құнының калькуляциясы және шығындар құрамы. Тәжірибелік жұмыс №22

Франколь - өзіндік құнды анықтайтын жинау орны. Өнімдердің өзіндік құнын белгілеу мерзімдеріне байланысты а/ш-да 3 түрге бөледі:

- жоспардағы өзіндік құн

- болжамды өзіндік құн (ожидаемый)

- нақты өзіндік құн (жылдың соңында бухгалтерлік нәтижелердің көмегімен анықталады)

А/ш-да өнімнің бағасының өсуі инфляцияға алып келеді. А/ш ұйымдарының қаражаттарының орамды айналымдар сатыларының қатысына қарай өнімнің өзіндік құнын 3 түрге бөлеміз:

- бригадалық (звенолық) өзіндік құндар

- өндірістік өзіндік құндар - бөлімшелердің барлығы жинақталып, шаруашылық б/ша өзіндік құнын анықтау

- толық өзіндік құн - барлық өндірістік шығындар мен коммерциялық шығындар қосылады.