Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд на 158ч.поҚаржесеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

58.Ақша қаражаттарының қозғалысы есебі

Есеп ақша қозғалысының  есебі шоттары бойынша мәліметтер негізінде құрылады және есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы қалдықтар есебі мен ақша ағымы туралы мәліметтерді қамтиды. Ақша ағымы туралы мәліметтер есеп беруде операциялық, инвестициялық және қаржылық кесімдерде ұсынылады.

Қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендациясының (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің 14.02.2003 жылғы №61 бұйрығы) түсіндіруі бойынша, операциялық қызмет – табыс алу бойынша заңды тұлғаның қызметі және қаржылық, инвестициялық қызметтерге қатысы жоқ қызметтер.

Бізге белгілі, халықаралық практикада ақша қозғалысы туралы есеп беруді құрудың екі әдісі бар – тура және жанама. Құру әдісі ұсынылатын ақпараттың мазмұнынан білінеді. Екі әдістің бірде-біреуі қай елде болмасын жалғыз емес, әрі міндетті емес.

Қазақстан Республикасындағы ақша қозғалысы тура және жанама әдістерді қолданумен операциялық қызмет арқылы іске асады.

Тура әдіс кезінде ақша түсімдерінің және төлемдерінің негізгі түрлері ашылады.

Ақша қоғалысы туралы есеп берудің әдісі де пайдаланушыларға қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық және қаржылық қызметтерден қызметтер туралы мәліметтер.

Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сату мен сатып алу, заимдар беру мен оларды жою. Инвестицялық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:

-          ақшалардың түсімі:

-          материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да құралдарды өткізу; қаржылық инвестицияларды өткізу; басқа заңды тұлғалар ұсынған заимдарды алу; басқа да түсімдер;

-          ақшалардың шығыстары:

материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да ұзақ мерзімді сатып алу; қаржылық инвестицияларды сатып алу; басқа заңды тұлғаларға заимдар ұсыну; басқа да төлемдер;

  Қаржылық қызмет – заимдық құралдар мен меншікті капиталдың құрамы мен көлемдерінің өзгерісі нәтиже болып табылатын ұйымның қызметі. Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:

1.      ақшалардың түсімі:

акциялар және басқа да құнды қағаздар шығару; банк заимдарын алу; басқа да түсімдер;

2.      ақшалардың шығыстары:

банк заимдарын жою; меншікті акцияларды сатып алу; дивидендтер төлеу; басқа да төлемдер;

  Есеп айрысулардың, әртүрлі әдістерді қолданумен жұмыс кестелерінің көлемі мен құрылымы Қазақстан Республикасы Қаржы миинстрлігінің бухгалтерлік есеп саласына байланысты қабылдаған шешімдеріне сәйкес әрқашанда ауытқып отырады. Көпшілігінде, қазіргі уақытта қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендацияда талдамалық сипаттағы жұмыс кестелерінің әртүрлі варианттары бар.

59. Кірістер мен және шығыстар есебі Кірістер мен шығыстар туралы есеп

мың теңге

Көрсеткіштердің атауы

Бет коды

Есептік кезең үшін

Өткен кезең

үшін

Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс

010

 

 

Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

020

 

 

Жалпы пайда (бет 010- бет 020)

030

 

 

Қаржыландырудан түскен кірістер

040

 

 

Өзге де кірістер

050

 

 

Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар

060

 

 

Әкімшілік шығыстар

070

 

 

Қаржыландыруға арналған шығыстар

080

 

 

Өзге де шығыстар

090

 

 

Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының/залалының үлесі

100

 

 

Жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал) (бет 030+бет 040+бет 050- бет 060 – бет 070 – бет 080 - бет 090+/- бет 100)

110

 

 

Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)

120

 

 

Салық салғанға дейінгі пайда (залал) (бет 110+/-бет 120)

130

 

 

Корпоративтік табыс салығы бойынша залалдар

140

 

 

Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 130- бет 140)

150

 

 

аздық үлесі

160

 

 

Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 150- бет 160)

170

 

 

Акцияға арналған пайда

180

 

 

 

“Өткізілген өнімнің өзіндік құны” статьсы бойынша өнімді өндіріумен байланысты нақты шығындар, өткізілетін өнімге қатысты қызмет көрсету, жұмыстарды орындау көрініс табады. Өзіндік құнды құру реті бухгалтерлік есептің сәйкес ережелерімен анықталдады. Ұйым шығарылған өнім есебі үшін оның бағасын нормативті өзіндік құндылық бойынша қолдану кезінде нақты және нормативті өзіндік құндар арасындағы айырмашылықтар кірістер мен шығыстар туралы есеп беруде жеке жолда көрініс табады.

“Жалпы табыс” статьясы өзіндік құн мен нетто-түсім арасындағы айырмашылық ретінде анықталатын есеп айырысу көрсеткішін білдіреді.

“Жалпы және әкімшілік шығындар” статьясы бойынша өндіріс процесіне байланысты емес басқарушы және шаруашылық шығындары көрініс табады.

Оған келесілер жатады: еңбекақы шығындары, сыйлықтар, жәрдемақылар және т.б.; лауазымды тұлғаларға төлемдер, әкімшілік ғимараттарды ұстау бойынша коммуналдық қызмет шығындары, күдікті талаптар бойынша резервтің есептелген сомасы, есептелген айыппұлдар сомасы; әлеуметтік салық шығындары, міндеттемелерді орындау жөнінде резерв құру шығындары, тауралы-материалдық құндылықтарды жоғалту шығындары, негізгі құралдарды ағымдық жөндеу үшін резерв құру шығындары. Ағымдағы есепте бұл шығындар 7210 “Жалпы және әкімшлік шығындары” бөлімшесінің шоттарында шоғырланады.

  “Сыйақы төлеу шығындары” статьясында алынған заимдар, шығарылған құнды қағаздар, вексельдердің, қаржыландырылатын жал келісімінің және сенімді басқару шығындары көрсетіледі.

  “Салық салынуға дейінгі табыстар” статьясында жоғарыда аталған кірістер және шығыстар арасындағы әртүрлілікті анықтайтын есеп айырысу көрсеткіші көрсетіледі.

  “Таза табыс”статьиясында Салық Кодексіне сәйкес және салық есебінің мәліметтері бойынша салық сомасы көрсетіледі, яғни шығындарға жатқызылатын шығыстардың көлемі мен құрамына шектеу есебімен көрініс табады.

  “Таза табыс”стстьясында салық салынуға дейінгі табыс және табысқа салынатын салық көлемі арасындағы әртүрлілікті; анықтайтын есеп айырысу көрсеткішін көрсетеді.     “Үлестірмеген табыс (жабылмаған залал)” статьясы ұйымның үлестірмеген  табыс немесе жабылған залалдарының қозғалысы және қолда бар болуы туралы ақпараттарды жалпылау үшін есеп айырысу жолымен анықталады.

  Қарастырылған формалар: Бухгалтерлік баланс және кірістер мен шығыстар туралы есеп беру – есеп беру кезңінде міндетті түрде сатысын есеп берудің негізгі формасын болып  табылады.Есеп беру датасындағы ұйымның мүліктік және қаржылық жағдайын солар анықтайды және есеп беру кезеңіндегі ұйым қол жеткізген қаржылық нәтижені анықтайды.

  Солармен қатар, кезеңдік есеп беруге көмекші роль атқаратын басқа формаларда қамтылады, қанша дегенмен олар кіріс пен шығыс туралы есеп беру мен баланстын жеке статьяларына талдамалық қосымша мен шешу жолдары туралы мәліметтерге ие. Көпшілігінде ҚЕХС сәйкес рекомендацияланатындар жылдың есеп беру құрамына “Ақша қозғалысының есебі” кіреді.

Бұл есеп берудің негізгі мақсаты ішкі және сыртқы ақша қозғалысы туралы ақпараты ұсыну болып табылады. Ұйымның ағымдағы инвестиция және қаржылық қызметі белгілі бір есеп беру кезеңіндегі оның жағдайына және оның ақшаларының қозғалысына әсер етеді және осы кезеңдегі қаржы құралдарының өзгерісін түсінуге мүмкіндік береді. Одан басқа, бұл есеп беруді әкімшілік  ликвидтілікпен есеп айырысу кезінде дивидендтерді  анықтау кезінде басқа ұйымдарға салынатын қосымша иевесициялардың ұйымның жалпы жағдайына әсер етуін бағалау кезінде және қандай да бір бағдарламаны қаржыландыру кезінде қолданады.