Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд на 158ч.поҚаржесеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

50. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер импорты бойынша операцияларының есебі

ИМПОРТ- Қазақстандық ұйымдар шетелдік кәсіпорындардан тауарларды өздерінің валюталарына сатып алады. Ал ол валюталарды мекемелер валюталық биржалардан немесе уәкілетті банктерден сатып ала алады. Импорттық тауарға байланысты валюталық операцияларды жүргізген кезде бухгалтерлік есеп былай жасалады:

Дт 1280,2180 Кт 1030 –шетелдік валютаны сатып алу үшін,

1030 1280,2180- валюталық шотқа кірістелген шетелдік валюта.

1610,2910 1030- контракт бойынша, тауар жеткізушіге аударылған

сома.

Импорттық операцияларды шетелдік валюталарды пайдалана отырып атқару барысында , олардың нәтижесіне валютаның курстық айырмасы да әсерін тигізеді. Импорттық операциялар кезінде курстық айырмашылық тауарды кедіндік рәсімдеу күнімен , оның ақысы төленген күннің арасында туындайды, соның гнәтижесінде кредиторлық және дебиторлық қарыздардың арзандауы немесе қымбаттауы мүмкін.

Экспорттық-импорттық операциялар бойынша курс айырмашылығы, экспортталған тауарды кедендік рәсімдеу күнгі бағаммен айырбасқа алатын импорттық тауарды кедендік рәсімдеу жасаған күнгі валюта бағамының айырмасынан құралады.

6250- бағам айырмасынан балатын кірістер,

7430- бағам айырмасынан болатын шығындар.

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дт

Кт

Тип

1

Акт бойынша тауар жетімсіздігі анықталып тасымалдаушы мекеме кінәлі болып табылған кезде: жетіспейтін сомаға сторно

7010

1330

1

2

Тасымалдаушы кәсіпорын кінәлі болып табылса

1280

2180

3390

3540

4430

3

3

Талап етілген соманы тасымалдаушы мойындаған кезде немесе оның кінәсі сот арқылы дәлелдеген кезде: талап етілген сомаға

3390

4170

6280

2

4

Төленген сома

3340

4430

1030

4

5

Егер тауардың жетпей қалуына тасымалдаушы ұйым кінәсіз болып, сот кімнің кінәлі екенін анықтай алмаса, онда сторнолық жазба жазылуы керек

1280

2180

7410

3390

3540

4170

3

51.Реэкспорт бойынша операциялар есебі