Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд на 158ч.поҚаржесеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

48.Меншікті капитал қозғалысы есептеріне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №18

«Капитал мен резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Берілген бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

5000 – «Шығарылған капитал»,

5100 – «Эмиссиялық кіріс»,

5200 – «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар»,

5300 – «Резервтер»,

5400 – «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын)».

5000 «Шығарылған капитал» кіші бөлімі шығарылған капиталды есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

5010 – «Жарияланған капитал», мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым, артықшылықты акцияларының жиынтық атаулы құны, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады;

            2. ҚР Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995  жылғы 2 мамырдағы № 2255 Заң күші бар Жарлығына сәйкес ААҚ жарғылық капиталдың 10% -нен кем емес мөлшерде өзінің резервтік капиталын құруға міндетті. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі жарғы мен белгіленеді. Өндіріс көлемінің өсуіне, құнсыздануға басқа да жағдайларға байланысты жарғылық капитал ұлғайған кезде резервтік капиталда соған сәйкес ұлғаюға тиісті.

            Резервтік капитал бөлінбеген табыстан аударымдар жасау арқылы жасалады.

5300 «Резервтер» бөлімшесі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі, және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

5310 – «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал», онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;

5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв», онда қаржылық активтерді, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5330 – «Шетелдік валютаның қайта есептеуге арналған резерв», онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айрамлар көрсетіледі, ол  барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс;

5340 – «Басқа да резервтер» онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.

Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және үлестірілмеген табыстың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды. Резервтің немесе капиталдың әр түрі келесі баланстық теңдеу қағидасы бойынша құрылған:

       Осн + По – Ио = Оск ,

       Мұндағы, Оск – есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;

       По – капиталдың көбеюі (есеп беру кезеңінде түскен);

       Ио – капиталдың кемуі (есеп беру кезеңінде жұмсалған);

       Оск - есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;

       Құралдардың қалдығы туралы мәліметтер бухгалтерлік есепке алудың мәліметтерімен анықталады. Жалпы жағдайдағы кему мен көбеюдің жеке түрлері бойынша меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру мәліметтерін нақтылау қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендацияда көрсетілген.

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дт

Кт

Тип

1

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы жарияланды:

5110

5010 5020

2

2

Акционерлерден сатып алынган меншікті акция үшін қаржы аударыдды:

5210

1030

4

3

Бөлінбеген табыс есебінен резервтік капитал қалыптасқан кезде

5510

5410

2

4

Есепті жылдың зиян шығындары резервтік капитал қаржысы аркылы өтелді:

5410

5510

2

5

есепті кезең соңында анықталған кәсіпорынның зиян сомасы

5510

5610

2

6

Есептелінген амортизация, жүргізілген қайта бағалау сомасына пропорцианалды қайта есептеу:

5420

2420

4

7

Есепті жылыдың пайдасы есебінен жай акциялар иелеріне дивиденттер есептелінеді

5510

3030

2

8

Есепті кезең соңында алынған табысы сомасы:

5610

5510

2

9

Жыл ішінде алынған зиян соммасы

5510

5610

2

10

Жылдың соңында өнімді сату мен қызмет көрсетуден түсетін табыс шоты жабылды:

6010

5610

2

11

Жарғылық капиталға салым түрінде көлік құралдыр келіп түсті:

2414

5110

3

12

Жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде негізгі құралдар кіріске алынады:

2410

5110

3

13

Жарғылық капиталға салық есебінде отын алынды

1310

5110

3

14

Жарғылық капиталға салым есебіңде бағдарламамен камтамасыздандыру алынды:

2730

5110

3

15

құрылтайшылар мен салымшылардың ақшалай түрде қосқан үлес сомасы айырысу шотына түсті

1030

5110

3

16

Қысқартылған қызметпен байланысты шығындар есепті жылдың тынды пайдасы арқылы өтелді :

5610

7510

4