Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд на 158ч.поҚаржесеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

45. Жарғылық капитал есебі

Меншікті капитал – ұйым капиталының меншікті қаржыландыру көзінің есебінен қалыптастырылған бөлігі. Ұйымның қаржы негізін меншікті капитал құрайды.

Меншікті капиталдың құрамына кіретін жарғылық капитал- ұйым мүлкінің оның кредиторларының мүддесіне кепілдік беретін барынша аз мөлшері. Негізгі құрал жабдықтың, басқа мүліктің, матеариалдық емес активтің ақшамен бағаланатын мүліктік құқықтардың жиынтығы.Жарғылық капитал - жарғысында белгіленген капиталдың бастапқы сомасы. Жарғылық капиталнегізінен акция сату немесе қатысушылардың, құрылтайшылардың салымының есебінен қалыптастырылады. Жарғылық капиталға бағытталған қаражаттың сомасы жаңадан құрылған к.о-ң қызметін бастауды қаматамасыз етуі тиіс. Жарғылық капитал сатылған акцияның атаулы құны б/ша бағаланады. Сатылған акция құнының атаулы құнының оның атаулы құнынан асуы жеке ескеріледі және акция атаулы құнынан төмен сатылғанда пайда болатын айырманы өтеу үшін пайдаланылады. Осы қаражат «Қосымша төленген капитал» деген шотта ескеріледі. Жарғылык капиталдың болуы мен оның қозғалысының есебі «жарғылық капитал» деген шотта ескеріледі. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жарғылық капиталдың мөлшері шектелген. Бүгінгі күні қоғамның жарғылық капиталбарынша аз мөлшері АЕК-ң 50 000 есе мөлшерін құрайды. Жарғылық капиталдың абсолюттік мөлшерімен пассив баланстық жалпы қорытындысындағы оның үлесі – кәсіпорынның тұрақты қаржы көрсеткіші болып табылады

Бастапкы жар кап –ды улгайтуга болады.

Акционерлык Қоғамның жарғылық капиталы акцияның атаулы құнын арттыру немесе оның қосымша санын арттыру арқылы ұлғайтуға болады. Жарғылық капиталды ұлғайту жөніндегі шешімді акционерлердің жалпы жиналысында қабылдайды. Қоғамның жарғылық капиталы қосымша акция орналастыру арқылы арттыру жөніндегі шешімді акционерлік қоғамның жалпы жиналысында қоса директорлар кеңесі де қабылдайды. Олардың құқығы қоғам жарғысында тіркелген. Қосымша акцияны қоғам жарғысында белгіленген, жарияланған акция саны шектерінде ғана орналастыруға болады.

Толық серіктестіктің жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек, яғни жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.  Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген елу еселенген айлық есептік көрсеткіштерден кем болмауы керек. Салымшылардың үлестерінің жалпы мөлшері жарғылық капиталдың 50 пайыз құрауы мүмкін.  Жауапкершілігі шектеулі серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшерін жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік құқық түрінде ақшалай нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткішке тең сомадан асса, оны бағалауды тәуелсіз эксперт куәландыруы керек.  Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын салулары керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы жиналыстың шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек. Бұл мерзім серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір жылдан аспауы керек.  Жарғылық капитал мен оның меншіктік капиталдағы қатынасы тіркелгенде немесе қайта тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен тексерілмейді.  Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы мына жағдайларда тексеріледі:  1. кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен. Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді.  2.сот шешімі бойынша.  3. әр қаржылық жылдың соңында-қаржылық есеп беру бойынша.  Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзінің үлесін немесе оның бөлігін өз еркі бойынша осы серіктестіктің бірнеше қатысушыларына сатуға құқысы бар.  Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің өзгеруі серіктестікке жаңа қатысушының келуі мен шығуына байланысты болса да жарғылық капиталға қайта есептеу жүргізіледі.  Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының өсуі оның толық төленгеннен кейін жүзеге асырылады және ол мына жолдармен жүргізілуі мүмкін:  • серіктестіктің барлық қатысушыларымен жүргізілген қосымша, пропорциондалдық салымдар;  • жарғылық капиталдың мөлшері серіктестіктің меншіктік капиталының есебінен, сонымен қатар оның резервтік капиталының есебінен өсуі;  • серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталдың) қайта бағалау, нақты құны баланстық құннан асатын. Қайта бағалау тәуелсіз экспертпен ғана жүргізілуі керек.  • бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдарымен, егер барлық басқа қатысушылар рұқсат етсе.  • серіктестіктің құрамына жаңа қатысушылар алған кезде.  Серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің кемуі серіктестіктің барлық қатысушыларының салымдарының мөлшерін пропорционалды кеміту арқылы жүргізіледі.  Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады. 

Жарғылық капиталға салым түрінде көлік құралдыр келіп түсті:

2414

5110

3

Жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде негізгі құралдар кіріске алынады:

2410

5110

3

Жарғылық капиталға салық есебінде отын алынды

1310

5110

3

Жарғылық капиталға салым есебіңде бағдарламамен камтамасыздандыру алынды:

2730

5110

3

құрылтайшылар мен салымшылардың ақшалай түрде қосқан үлес сомасы айырысу шотына түсті

1030

5110

3