Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд на 158ч.поҚаржесеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

44.Кірістер мен шығыстар есебі. Корпоративті табыс салығы бойынша есеп айырысу. Тәжірибелік жұмыс №17

Елімізде нарықтык экономикалық қатынастардың дамуы мен халықаралық есеп стандарттарына көшу шарттары әртүрлі түсініктердің айқындылығын талап етеді. Мысалы, Қазақстандық ұлттық стандарттарда негізгі үғымдардың бірі пайданың орнына әртүрлі табыстар түрлері көрсетілген. "Табыстар дегеніміз:

- қандай да бір қызмет нәтижесінде алынатын ақша немесе басқа

құндылықтар;

- өнімдерді (жұмыстар, қызметтерді) сату құны мен оларға жүмсалған

өндірістік шығындардың арасындағы айырма ретінде анықталған,

өндірістік — шаруашылық қызмет нәтижесі;

- құнды қағаздардың ағымдағы бағасының белгілі-бір мөлшердегі

пайызы түрінде анықталатын, кәсіпорын иеленушілеріне төленетін

дивидендтер мен пайыздар "2.

Табыстар белгілі-бір уақыт мерзімінде сатып алушыларға "берілген немесе сатылған өнімдердің (тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің) ақшалай өлшемдегі жиынтығын құрайтын болғандықтан оларды бухгалтерлік есепте тану өте маңызды. Табыс сомасы сату құны бойынша бағаланады жөне төмендегі шарттар орындалған жағдайда танылады:

1) табыс сомасы өте жоғары дәлдік дәрежесімен бағаланады;

2) келісім бойынша экономикалық тиімділік кәсіпорын үлесіне тиісті.

___________________

2-№ 5 Бухгалтерлік есеп стандарты «Табыс»

"Кәсіпорын қызметіндегі бір келісім-шартпен байланысты табыстар мен шығындар бір мезетте танылады"3. "Табыстар сомаларының бухгалтерлік есепте танылуы келесі жағдайлармен тікелей байланысты:

• беру (сату) барысында танылуы;

• берген (сатқаннан) кейін танылуы;

• берілуіне (сатылуына) дейін танылуы.

Табыстың танылу шарттары табысты алумен байланысты процестерді, салалардың өзгешіліктерін және есептеу әдістерін анықтайды"4.

Табыстар мен шығындарды тану әдістері:

1. Сатылған өнімдер құнын бөліп төлеу әдісі бойынша табыс тек ақша

алынғаннан кейін танылады. Бұл әдіс бөлшек сауда мекемелерінде кең

танымал, себебі табыс толығымен шоттарға жазу арқылы және әр жылдың

пайдасы үшін бөлек есептелінеді.

2. Шығындардың орнын толтыру әдісі көбінесе орны толтырылмайтын

шығындар әдісі деп аталады, себебі шығындар сомасы табыс алынганға

дейін жабылуы қажет. Бұл әдіс ерекше тәуекелге бару кажет болған

жағдайларда пайдаланылады.

3. Орындалу пайызы әдісі бойынша табыс пен жалпы пайда сомасының

танылуы орындалу пайызын бағалау арқылы жүргізіледі. Орындалу

пайызы есепті кезең соңындағы барлық шығындарды пайыздар бойынша

жалпы шығындар сметасына бөлу арқылы анықталады. Бұл әдіс

құрылыста немесе материалдық өндірісте пайдаланылады. Әдісті

пайдалану үшін орындау көлемі мен шығындар арасындағы өзара

байланыс ең төмен дәрежеде болғаиы жөн.

________________

3- №5 Бухгалтерлік есеп стандарты "Табыс"

4-Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 10/2001 г.

4. Нақты орындалу әдісіне сәйкес табыстар операция аяқталғаннан кейін,

яғни бір қызмет жүзеге асырылганнан кейін танылады.

5. Пропорционалды орындау әдісі бірнеше кезеңдік операциялар

орындалуына байланысты табыс сомасын тану әдісі.

6. Аяқталған операциялар бойынша табысты тану әдісі барлық жұмыстар

аякталғаннан кейін орындалады. Бұл әдісті жүк тасымалдаумен

айналысатын мекемелер қолданады.

7. Кассалық әдіс бойынша табыс ақша сомасы кассаға келіп

түскеннен кейін ғана танылады.

Кәсіпорындар тауарлы-материалдық қорларды сатумен, қызмет көрсетумен, пайыз, роялти және дивидендтер түрінде пайда әкелетін өз активтерін пайдалануға беру нәтижесінде табыс алады. Табыс сомаларының танылуы алынатын табыстардың түрлеріне тікелей тәуелді. Тауарларды сатумен байланысты табыстар сатып алушыға меншіктік құқық берілген жағдайда, орын алуы мүмкін немесе нақты орын алған шығындар жоғары дәрежелі дәлдікпен бағаланған жағдайларда танылады. Ал қызмет көрсетулермен байланысты табыстар есепті кезең соңына дейін операцияның аяқталуы жоғары дәлдікпен бағалануына байланысты және операцияның аяқталуына қажетті шығындар мен нақты жүмсалған шығындар мөлшерінің жоғары дәлдікте бағалануына байланысты танылады. Пайыз, дивиденд және роялти түріндегі табыстар төмендегі шарттар орындалғанда танылады:

- пайыз сомасы нақты табыс сомасын есепке алу уақытына

арақатынасы негізінде танылады;

- роялти сомасы келісім шарт мазмұнына сәйкес, есептеу әдісі

бойынша танылады;

- дивидендтер акционерлердің алушы ретіндегі қүқығы

бекітілген жағдайда танылады.

Жалпы қорыта келе, табыс дегеніміз ақша сомасының өспелі қозғалысы және ол тек белгілі-бір шарттардың орындалуына сәйкес танылады. Кәсіпорындардың табыстарды алу көздері алуан түрлі.

1. Қалыптасу сипатына байланысты алғашқы және екінші гірІпІЗ табыстар

болып болінеді. Бірінші топқа сатудан түскен түсім, пайыз және қаржылық

салымдар бойынша алынған табыстар кіреді. Екінші топқа қорлар

құрамындағы өзгерістер мен негізгі қорларды қайта бағалау кезінде

қосылған құн түріндегі табыстар жатады.

2. Қызмет түрлеріне байланысты негізгі және негізгі емес қызметтер

бойынша алынған табыстар болып ажыратылады. Негізгі қызмет түрінен

алынған табыстарға сол есепті кезеңге қатысты, ұйымның қаржылық

қызметінің және өндірістік-кәсіпкерлік қызметтерінің нәтижесін құрайтын

табыстар жатқызылса, негізгі емес қызметтерден алынган табыстары оның

басқа да қызмет түрлерімен байланысты болады.

3. Пайда болу көздеріне катысты табыстар активті және пассивті болып

бөлінеді. Активті табыстарға кәсіпкерлік және еңбектік қызметтерге

байланысты табыстар, еркін мамандық иелерінің табыстары, жер және

жылмайтын мүліктермен байланысты алынган табыстар жатқызылады.

Пассивті табыстарға қызмет көрсетумен, ақпаратты пайдалануға берумен,

интеллектуалдық меншікті сатумен байланысты "бүркемелі" табыстары

мен материалдық-заттык құндылықтарды сатумен байланысты, пайыздар

және дивидендтер түрлеріндегі "бүркемелі емес" табыстары жатқызылады.

4. Жіктеп-талдауға байланысты табыстар операциялық табыстар (жалдық

төлем ақы, акциялар бойынша дивидендтер), төтенше жағдайлармен

байланысты табыстар (зілзала апаттары, өрт, т.б.), әртүрлі шешімдер

қабылдау нәтижесінде алынған басқа табыстар (активтердің тегін келіп

түсуі, оң курстық айырма), ерекше және сирек табыс түрлері болып

бөлінеді.

Кәсіпорындар өздерінің есеп саясатында алынатын және алынуы мүмкін табыс сомаларын негізгі қызметпен байланысты және негізгі емес қызмет нәтижесінде алынған деп нақты айқындауы қажет, себебі, олардың кызметтерінің нәтижесінің қалыптасуына табыстардың дұрыс бөлінуі мен сәйкес синтетикалық-жинақтау және аналитикалық-талдау шоттарының ашылуы тікелей әсер етеді. Жоғарыда аталган табыстармен қатар болашақ есепті кезеңдердің үлесіне тиесілі табыстар да болады. Олар алдағьг уақыт табыстары деп аталады. Мұндай табыстарға жалдық төлем ақы, пәтер ақы, коммуналдық қызметтердің өтемі түріндегі табыстар жатқызылады.

Кәсіпорындардың негізгі және негізгі емес қызметтерінің нәтижелеріндегі табыстарының жиыны оның жалпы жиынтық табысын құрайды. Жиынтық табыс сомасының дұрыс анықталуы шығындар мөлшеріне тікелей тәуелді. Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттарына сәйкес шығындар дегеніміз — негізгі қызмет барысында орын алатын жұмсалымдар мен зияндар. ІПығындар өнім өндіруге жұмсалған қорлардың құнын сипаттайды. Өнімнің өзіндік құнын құрастырушы шығындар баптары орталықтандырылған түрде анықталады. Шығындар есебін тиімді ұйымдастырудың басты алғышарттарының бірі — оларды экономикалық негізде топтастыру болып табылады. Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттары мен нарықтық экономикалық қатынастары дамыған елдердің тәжірибесіне сәйкес шығындарды үш түрлі бағытта қарастыруға болады:

1) өнімнің өзіндік құнын анықтау, өндірістік қорларды және

аяқталмаған өндірісті бағалау, пайданы анықтау;

2) басқару шешімдерін кабылдау, жоспарлау және болжау;

3) бақылау және реттеу.

Нақты міндеттер айкын болған жағдайда жоғарыда аталған бағыттар бойынша шығындарды жіктеуге болады. Елімізде көп жылдар бойы шыптасқан жүйе - өнімдердің өзіндік құнын анықтау бағыты болатын.

Экономикалық мазмұнына байланысты шығындар элементтері бойынша және калькуляциялау баптары бойынша топтастырылады. Шығындар элементтері бойынша топтастыру кәсіпорынның жалпы өндірістік - щаруашылық қызметіне пайдаланылатын материалдық, еңбектік, қаржылық өорлардың көлемін анықтау үшін қолданылады. Элементтер тізімі барлық кәсіпорындар үшін бірыңғай. Өнімдердің өзіндік құнын құрайтын шығындар элементтері төмендегідей: материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтар кұны шегеріледі); еңбек ақы төлеу шығындары; әлеументтік қажеттілікке аудармалар; негізгі құралдардың амортизациясы; басқа да шығындар.

Калькуляциялау баптары бойынша топтастырылуы өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнын анықтау үшін қажет. Бұл баптардың тізімі өнеркәсіптің жеке салалары үшін олардың өндірісті ұйымдастыру және технологиялық ерекшеліктеріне сәйкес бекітіледі. Калькуляциялық баптарға мысалға, төмендегі баптар жатқызылады: шикізаттар мен материалдар; қайтарылатын қалдықтар (шегеріледі); сатылып алынатын бұйымдар, жартылай дайын өнімдер, сыртқы ұйымдардың өндірістік сипаттағы қызметтері; технологиялық мақсатқа қажетті отын мен жылу; өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша еңбек ақысы; әлеументтік қажеттіліктер аудармалары; өндірісті дайындау және игеру шығындары; жабдықтарды ұстау және күту шығындары; цех шығындары; жалпы зауыттық шығындар; ақаулармен байланысты жоғалтулар; басқа да өндірістік шығындар.

Өнімдердің өзіндік құнына қосу тәсіліне байланысты тікелей (тура) және жанама шығындар болып бөлінеді. Тікелей шығындар өнімге тікелей қатысты шығындарды сипаттаса, жанама шығындар, яғни өнім түріне тура қатысы жоқ шығындар, олар сол кәсіпорында калыптасқан методика бойынша бөліп-таратылады.

Технологиялық процеспен байланысына қатысты негізгі және үстеме шығындар түрлері ажыратылады. Негізгі шығындар өнімдер өндірісіне тікелей қатысты, ал үстеме шығындар жалпы кәсіпорын қызметін ұйымдастыру, оған қызмет көрсету және басқарумен байланысты шығындар.

Пайда болу орына қарай шығындар өндірістік, яғни өнім өндірумен байланысты және өндірістік емес, яғни сату процесіндегі шығындар болып бөлінеді.

Шығындар жүйесін басқарудың функцияларының бірі — шығындарды жоспарлау. Яғни, шығындар жоспарланған және жоспарланбаған болады.

Өндіріс көлеміне қатысты шығындар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді. Айнымалы шығындар көлемі өндіріс көлеміне пропорционалды кемиді немесе өседі, яғни ұйымның іскерлік белсенділігін сипаттайды. Есепті кезеңдегі өзгермейтін шығындар тұрақты болып табылады.

Шығындар көлемін бақылау мен реттеу процесі нақты шығын сомаларының жоспарлы дәрежеден ауытқуын, ауытқу себептерін, жауапты адамдарды анықтайды. Осы максатта шығындар реттелетін және реттелмейтін болып табылады. Реттелетін шығындар мөлшері жауапкершілік орталығының қызметімен байланысты, ал басқа шығындары реттелмейтін болады.

Шығындар да негізгі қызметпен және негізгі емес қызметпен байланысты шығындар болып бөлінеді, бұл олардың дұрыс танылуы мен еселке алынуының алғы шарты болады. Сатылған тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны сол шығындармен байланысты табыс сомалары танылған есепті кезеңде шығын ретінде танылады"5.

Кәсіпорындардың (ұйымдардың) табыстары мен шығындарының есебін ұйымдастырудың тәртіптері мен ережелерін анықтаушы келесі түрдегі негізгі нормативтік-құқықгық актілерді атауға болады:

- Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық

қорытынды есеп жөніндегі" заңы, 24 маусым 2002ж.;

- Қаржылық қорытынды есепті дайындау және құрастыру жөніндегі

концептуалдық негздер;

- Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттары және ұлттық

бухгалтерлік есеп стандарттары. Стандарттарды пайдалану жөніндегі

методикалық нұсқаулар;

- Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары және шоттар жоспарын

пайдалану, яғни негізгі шоттар корреспонденциялары жөніндегі

методикалық нұсқау;

- Бюджетке төленетін міндетті түрдегі төлемдер мен алымдарды

сипаттаушы салық кодексі;

- Қаржы, статистика, құнды қағаздар, салық салалары бойынша

нұсқаулық материалдар, актілер және т.б. Ендігі кезекте

табыстар мен шығындар есебінің ұйымдастырылуын қарастырамыз.