
- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •3. Банктердегі ұлттық валютадағы ағымдығы банктін шотының операциялар есебі
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6.Басқа ұйымдардың бағалы қағаздарына ұйымның қаржылық салымының есебі
- •8.Несиелік жөне есеп айрысу, ақшалай қаражаттарды түгендеу жүргізу тәртібі,
- •9 Тақырып. Негізгі құралдар, олардың қаржылық есептегі топтамасы мен бағалануы
- •10.Ғимараттар мен құрылғыларды мердігерлік және шаруашылық әдістермен салу есебі. Тәжірибелік жұмыс №3
- •11.Негізгі құралдардың тозу есебі.
- •12.Негізгі құралдардың құрамы мен түрлері
- •13.Негізгі құралдарды қысқа және ұзақ жалға берудің есебі.
- •15.Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер қозғалысына байланысты шоттар корреспонденциясын құру Тәжірибелік жұмыс №5
- •16 Тақырып . Материалдық қорлар, олардың жіктелуі, бағалануы және есебінің мақсаты
- •18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
- •18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
- •19.Сатып алынған материалды құндылықтар бойынша қосылған құн салығы акциздер есебі
- •20. Өндіріске босатылған материалдарды әр түрлі әдістермен бағалау. Әр түрлі мақсаттарға және өндіріске босатылған материалдар есебі. Тәжірибелік жұмыс №6
- •21.Қорларды түгендеу және қайта бағалау
- •Сатып алушылардан алынған аванс
- •Басқа ұйымдардан алған кредиторлық борыштарды жабу
- •Кіріс ордерімен
- •Нақты орындаған жұмыс уақыты үшін тарифтік бағамен
- •Жабдықтаушы қр-да ққс төлеуші болып саналса,сатылған тауарлары үшін
- •22.Материалдық құндылықтардың қозғалысымен байланысты операцияларының шоттар корреспонденциясын құру Тәжірибелік жұмыс №7
- •23. Еңбек және төлемақы есебінің
- •24.Тарифтік тор және оның разрядтары. Жұмыс уақытының есебі. Еңбек және оның төлемақысын құжаттау Тәжірибелік жұмыс №8
- •25.Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар. Зейнетақы жинақ қорларына және әлеуметтік салық бойынша аударымдардың есебі. Тәжірибелік жұмыс №9
- •26. Төлемақы төлеу тәртібі, депонирленген сомалардың есебі.
- •27.Төлемақы есебімен байланысты операцияларға шоттар коррепонденциясын құру. Тәжірибелік жұмыс №10
- •28. Еңбекақыны әртүрлі жүйеде төлеу есебі
- •29. Есеп айырысу төлем ведомосын құрастыру. Тәжірибелік жұмыс №11
- •30.Өндіріс шығындары есебі мен бақылауының мақсаттары және өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың негізгі қағидалары
- •32.Тура шығындар құрамы мен сипаттамасы және олардың негізгі өндіріс шығындары элементтерінің шоттарында көрсетілу тәртібі. Тәжірибелік жұмыс №12
- •33.Өндірістік жоғалтулар есебі. Накладной шығындары жөне оларды бөлу өдісі. Тәжірибелік жұмыс №13
- •34.Калькуляция ұғымы, оның мәні, калькуляция объектілері. Өндіріс шығындары есебінің негізгі әдістері
- •35.Өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің тапсырыс беру әдісінің мәні
- •36.Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің процестік әдісі.
- •37.Жалпы және әкімшілік шығындарының есебі
- •39. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау
- •40.Сатып алушылармен есеп айырысу есебі
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •41. Дайын өнімді сату есебі
- •42.Дайын өнімді түгендеу және оны есепте бейнелеу. Тәжірибелік жұмыс №15
- •43.Дайын өнім қозғалысына алғашқы құжаттарды толтыру. Тәжірибелік жұмыс №16
- •44.Кірістер мен шығыстар есебі. Корпоративті табыс салығы бойынша есеп айырысу. Тәжірибелік жұмыс №17
- •45. Жарғылық капитал есебі
- •46.Резервті капитал есебі, таратылмаған табыс (бөлінбеген пайда) есебі
- •47.Жиынтық табыс пен таратылмаған табыс есебі
- •48.Меншікті капитал қозғалысы есептеріне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №18
- •49.Тауарлар, жұмыстар және қызметтер экспорты бойынша операцияларының есебі.
- •50. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер импорты бойынша операцияларының есебі
- •51.Реэкспорт бойынша операциялар есебі
- •52. Толлингтік операциялар есебі.
- •53.Сыртқы экономикалық қызметке байланысты операциялар есебіне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №19
- •54.Есеп саясатының ұғымы және құрылуы
- •55.Қаржылык есептілікте есеп саясатының ашылуы
- •56.Есеп саясатын аша отырып жылдық қаржылық есеп беруге түсінік хатын құру. Тәжірибелік жұмыс №20
- •57.Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы. Ұйымның баланс кұруы
- •Бухгалтерлік баланс
- •58.Ақша қаражаттарының қозғалысы есебі
- •59. Кірістер мен және шығыстар есебі Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •60.Капитал өзгерісі және ақша қаражаттар есебі
- •61.Қортынды баланс және есептіліктің басқа нысандарын құрастыру Бухгалтерлік баланс
- •Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •62.Ауылшаруашылығындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жіктелуі. Биологиялық активтер
- •64.Ауылшаруашылық өнімдерін сату кірістер мен шығыстар есебі
- •65.Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар
- •66.Туристік компаниялардағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •67.Турөнімнің бағасының қалыптасу саясаты.
- •68.Турөнімінің өзіндік құнының шығындар құрамы және калькуляциялау
- •69.Турөнімдерді сату кірістермен шығыстар есебі. Тәжірибелік жұмыс №23
- •70.Автокөлік ұйымдарындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •71.Автокөлік қызметі құнының шығындар құрамы және кірістерді калькуляциялау
- •72. Тмқ мен нқ есептеу
- •73. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері.
- •74. Тауар айналымы және көтерме сауда есебі. Тәжірибелік жұмыс №24
- •Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •75. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •76. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері.
- •77. Құрылыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы
- •78. Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың кіріс және шығыс есебі
- •79.Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі, ақау есебі. Тәжірибелік жұмыс №25
5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
Қазақстанның халық шаруашылығында кассалық операцияларды жүргізудің уақытша тәртібіне сәйкес шар-қ субьектілер кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банк мекемесімен келісім бойынша субьект бастығы белгіленген мөлшерде және мерзімге операциялық шар-қ және басқа щығындар үшін қолма-қол ақшаны есеп беруге кассадан береді.
Субьектінің шаруашылық мақсаттарына жұмсалатын ақшасы кассадан жауапты тұлғаларға ғана беріледі. Жауапты тұлғалардың тізімі басшының бұйрығымен бекітіледі. Олардың әрқайсымен толық материалдық жауапкершілік келісім шарты жасалады.
Есеп беруге берілген қолма-қол ақшаның жұмсалмаған бөлігі алынған мерзімі аяқталғаннан кейінгі үш күннен кешіктірместен кассаға қайтарылуы тиіс. Қызметкерді іссапарға жіберген кезде, іссапарының мақсаты, іссапараның баратын жері, іссапарының басталған және аяқталған күні. Бұйрықтың негізінде іссапарға жіберілетін қызметкер алдын-ала жасалған есеп бойынша аванстық соманы кассадан алады.
Қолма-қол ақшаларды берудің олардың іссапар шығыстары үшін пайдаланудың тәртібі қолданыстағы заңдармен реттеледі.
Іссапарға жіберілген қызметкерлердің:
1.Іссапар орнына дейінгі және одан кері қарай тұрақты жұмыс орнына дейінгіжол жүру шығындарын
2.Тұрғын – үйді жалдау шығындарын
3.Тәулік ақысын
4.Ұсынылған құжаттарға сәйкес өзге шығындарын шаруашылық субьектісі өтейді.
Қызметкер іссапардан оралғаннан кейін, үш күннің ішінде іссапарға байланысты жұмсалған сомалар бойынша аванстық есептеме өткізуге міндетті. Іссапар шығындарын растау үшін қажетті құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады: олардың ішінде жол шығындарының билеттері, қонақ үй төлем ақысының фискалды чектері, келіп кеткені жөнінде белгі қойылған іссапар куәлігі бар. Нормадан артық төленген іссапар шығындары да қызметкердің табысы болып есептеліп, ол сомаға да салық салынады. Іссапар шығындарының нормасы тұрақты түрде қайта қаралып, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі, 2009 жылға арналған іссапар шығындарының нормалары төменгі деңгейде белгіленген.
ҚР-да 6 АЕК
Өзге елдер 8 АЕК- бұл тәуліктік шығындар.
Аванстық есептемеге қоса белгіленгентәртіппен іссапар күәлігі, жол жүру құжаттарының түбіршегі, үй-жайды жалдау туралы құжаттар бірге тапсырылады.
Есеп беретін адамдар мен есеп айырысудың жинақтамалы есебі 1250 «қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында жүргізіледі. Бұл шот активтік, негізгі, есеп айырысу.
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Дт |
Кт |
Тип |
Жеке тұлғаның еңбекақысынан жетіспеген материалдардың орнын толтыру мақсатында ақша ұсталынды. |
3350 |
1250 |
4 |
Кассадан іссапар бойынша қызметкерге ақша берілді |
1250 |
1010 |
1 |
Қызметкер жұмсалмаған ақшасы бойынша аванстық есеп өткізді |
7210 |
1250 |
1 |
Қызмтекер жұмсалмаған ақшасын кассаға қайтарды |
1010 |
1250 |
1 |
Қызметкердің сатып алған материалдары кіріске алынды. |
1310 |
1250 |
3 |
Тест сұрақтары.
Кассадағы қолма-қол ақша есебі қандай құжаттардың негізінде жүргізіледі:
А) кассалық кіріс ордері, кассалық шығыс ордері
Б) А4 қағазындағы жазулар
С) аккредитив, чек кітапшасы, кассалық кітап
Д) кассалық шығыс ордері, төлем-тапсырмасы
2. Ішкі бақылау жүйесі – қандай мақсатпен жүргізіледі:
А) активтерді қорғау үшін, қаржылық саясатпен қатысын қамтамасыз ету үшін, бухгалтерлік есепте көрсетілген мәліметтердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін, қаржылық есепте пайдаланушыларды нақты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін
Б) активтерді қорғау үшін
С) қаржылық саясатпен қатысын қамтамсыз ету үшін
Д)бухгалтерлік есепте көрсетілген мәліметтердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін
Е) қаржылық есепті пайдаланушыларды нақты ақпараттармен қамтамасыз ету үшін
3. Ақша қаражаттарын ішкі бақылау мына қызметтерді атқарады:
А) барлығы дұрыс
Б) кассадағы қалдықты кезеңді тексеру есебі
С) тек қажет қалдықты кассада сақтау
Д) қолма-қол есеп айырысудан болған барлық операциялар есебі
Е) жеке сақтау және жеке есеп
4. Банктік овердрафт мынадай жағдайларда пайда болады:
А) ағымдағы шот қалдығынан асатын сомаға шот жазылса
Б) тиелген тауарға аккредитивтер ашылса
С) ақш қаражаттарын салуға хабарландыру
Д) ақша қаражаттарын бөлу үшін төлем тапсырысы
Е) банктің оған тіркелген құжаттарымен есептен шығарылуы
5. Компенсациялық қалдықтарға жататындар:
А) Банк талап ететін , шотта үнемі қалуы тиіс сома
Б) счетты ашуға төлем
С) банкке ТМҚ-ды алу үшін төлем
Д) бактің сыйақысыз көрсеткен қызметі үшін төлем
Е) депозитті ашқан үшін сыйақы
6. Ақшаның жетіспеуіне кінәлі тұлға анықталса қандай шотта есепке алынады
А) Дт «Басқа да кредиторлық берешектер»
Б) Дт «Жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу»
С) Дт «Басқада дебиторлық борыштар»
Д) Дт « қысқа мерзімді қарздар»
Е)Дт «Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу»
7. Ақша қаражаттарының артық шығуы дегеніміз –
А)шығыстардың азаюы
Б) табыстардың көбеюі
С) капиталдың қалыптасуы
Д) капиталдың қалыптасуы, шығыстардың азаюы
Е) шығыстардың азаюы, табыстардың көбеюі
8.Ақша қаражаттарына жататындар:
А) монеталар,депозиттік ақша қаражаттары, валюта
Б) алтын, бағалы металл, валюта
С) қазына, жинақтаушы зейнетақы қорлары, сақтандыру сомасы
Д) жылжымайтын мүліктер, машина, евро
Е) монета, жинақтаушы зейнетақы қорлары, доллар
9. Ақша қаражаттары бұл:
А) пайдалану құрамы болып табылатын пассив
Б) орналастыру мен пайдалану құрамы болып табылатын активтер
С) кассадағы және банктік шоттардағы ақша
Д) банктік ортада қолданылатын қағаз тасушы
Е) қазынашылық вексельдер
10. Ақша қаражаттарының эквиваленттері бұл:
А) қысқа мерзімді, жоғарғы өтімді активтер
Б) есеп айырысу шотында валюталық және басқа да банктегі шоттардың отандық және шетелдік валютадағы құралдар
С) ұйымға тиесілі, бірақ оның есеп айырысу шотында есептелмеген ақша қаражаттары
Д)жабдықтаушы мен сатып алушылар арасындағы келісім бойынша таварға төлем жүргізудегі валюта
Е)төлемнің жүзеге асырылуына мүмкіндік беретін ақша қаражаттар , вексельдер, чектер, аккредитивтер
11. Ақша қаражаттарының эквиваленттерін жабу мерзімі
А)3-тен 12 айға дейін
Б)1 жылдан аса
С) 3 айға дейін
Д) жедел емес
Е) 1-ден 30 күнге дейін
12. Кіші касса дегеніміз не
А)Аванстық қорлардың бір түрі
Б) кассадағы қолма-қол ақша
С)ақша қорының көптүрлілігі
Д)кіші ұйымдардағы касса
Е) кіші мақсаттарға бөлінетін ақша қаражаттары
13. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы қорытынды есептің мақсаты не?
А) субъектінің қаржылық жағдайындағы өзгерісі
Б)ұйымның табыстары мен шығыстары
С) ұйымның ақша қаражаттарының қозғалысы есебі
Д) ақша ағыны қозғалысы жөніндегі ақпараттарды қалыптастыру
Е) барлық жауаптар дұрыс
14. Түгендеу кезінде кассадан артық ақша шықта
А)Дт 1010 Кт6280
Б)Дт 1630 Кт1010
С)Дт 1020 Кт1211
Д)Дт 1040 Кт 1010
Е)Дт 1010 Кт6010
5.Әр түрлі дебиторлармен есеп айырысу есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары,көрсеткен қызметтері,сондай-ақ аванс ретінде алдын-ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары-Дебиторлық қарыздар деп аталады.Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.Қысқаша айтқанда Дебиторлық қарыз дегеніміз бұл-иелік ететін құқықты қосқанда заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Дебиторлық және кредиторлық қарыздар мекемелердің құқықтары мен міндеттері болып саналады. Яғни бірі қарыздарды қайтаруды талап ететін болса, екіншісі қайтаруға міндетті.
Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетуге болады.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен (өніидер) көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек – іс әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде мысалы, субьект қызметкерлеріне аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер, алуға арналған дивиденттер мен проценттер, салықтарды қайтару жөніндегі тілек-талаптар және басқа жағдайларда пайда болады.
Дебиторлық берешек шот фактуралармен расталады.
1200 |
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
1210 |
Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
1220 |
Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
1230 |
Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
1240 |
Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
1250 |
Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі |
1260 |
Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
1270 |
Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар |
1280 |
Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
1290 |
Күмәнді талаптар бойынша резерв |
Бұл шоттар: активті, негізгі, есеп айырысу.
Күмәнді дебиторлық берешек.
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қаблеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақытылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысаны болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгілеген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» д.а.. Күмәнді қарыздарға – уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қ.Р-ның заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі – тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі – резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.
Тікелей есе,птен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі «күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178- бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 жыл болып белгіленеді. 3 жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қараздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.Қ.Р-ның заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған қарыз бойынша резерв есебінен есептеп шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылды.
Кез келген к/о мен ұйымдарды алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттарды төленбейтіндігін алдын ала болжап білуі мүмкін емес. Дегенмен де қаржылық есеп беруі кезінде жыл бойы жұмсалған шығындарды жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалаудың салдарынан елеулі айырмашылықтпрдың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдіс қолданылады:
несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі ( қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беруде);
дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есепетеу әдісі ( бухгалтерлік баланста).
Бұндағы бірінші аталған әдістің мақсаты күмәнді дебиторлың борыштар нәтижесінде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза өзіндік құнын дұрыс есептеу болып табылады. Көптеген к/о-дар мен ұйымдарға бұл әдістердің екеуі де кеңінен қолданылады.Жоғарыдан аталған несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс сәйкестік принципіне бағытталған. Мұнда күмәнді борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз арасындағы қатнастардың орташа пайызы күмәндә қарыздар есебін анықтау үшін есеп беру кезеңіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.Күмәнді қарыздарды бағалау үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебпиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:
негізгі дебиторлық борышқа жасалған біріңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;
алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме.
№
|
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
дт |
кт |
тип
|
1 |
Ағымдағы жал бойынша жалға берілген құралдарға қкС есептелінді
|
1260 |
3130 |
3 |
2 |
Ағымдағы жал бойынша жалға алынған негізгі құралдарға есеп айырысу шотынан жал төлемдері аударылды: |
3360
|
1030 |
4 |
3 |
Акционерлік қоғам жұмысшыларының еңбекақысынан зейнет ақы жарнасы ұсталынды: |
3350 |
3220 |
2 |
4 |
Бартерлік мәміле бойынша ҚҚС сомасы есепке жатқызылды |
3130 |
1420 |
4 |
5 |
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорыннан қосалқы бөлшектер сатып алынды: |
1310 |
3330 |
3 |
6 |
Банк несиелері үшін пайыздар есептелінеді |
7310 |
3380 |
|
7 |
Валюталық шотқа шетелдік сатып алушылардан ақша келіп түсті: |
1032 |
1210 |
1 |
8 |
Қаржыландырылған жыл бойынша жалға алынған негізгі құралдарға есеп айырысу шотынан жалдық төлем төленді |
4150 |
1030 |
4 |
9 |
Сатып алушыларға сатылған негізгі құралдар үшін шот ұсынылды:
|
1210 |
6210 |
|
10 |
Тапсырма №437 тауарды кеденнен өткізген кезде ққс есептелінді
|
1420 |
3390 |
3 |