
- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •3. Банктердегі ұлттық валютадағы ағымдығы банктін шотының операциялар есебі
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6.Басқа ұйымдардың бағалы қағаздарына ұйымның қаржылық салымының есебі
- •8.Несиелік жөне есеп айрысу, ақшалай қаражаттарды түгендеу жүргізу тәртібі,
- •9 Тақырып. Негізгі құралдар, олардың қаржылық есептегі топтамасы мен бағалануы
- •10.Ғимараттар мен құрылғыларды мердігерлік және шаруашылық әдістермен салу есебі. Тәжірибелік жұмыс №3
- •11.Негізгі құралдардың тозу есебі.
- •12.Негізгі құралдардың құрамы мен түрлері
- •13.Негізгі құралдарды қысқа және ұзақ жалға берудің есебі.
- •15.Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер қозғалысына байланысты шоттар корреспонденциясын құру Тәжірибелік жұмыс №5
- •16 Тақырып . Материалдық қорлар, олардың жіктелуі, бағалануы және есебінің мақсаты
- •18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
- •18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
- •19.Сатып алынған материалды құндылықтар бойынша қосылған құн салығы акциздер есебі
- •20. Өндіріске босатылған материалдарды әр түрлі әдістермен бағалау. Әр түрлі мақсаттарға және өндіріске босатылған материалдар есебі. Тәжірибелік жұмыс №6
- •21.Қорларды түгендеу және қайта бағалау
- •Сатып алушылардан алынған аванс
- •Басқа ұйымдардан алған кредиторлық борыштарды жабу
- •Кіріс ордерімен
- •Нақты орындаған жұмыс уақыты үшін тарифтік бағамен
- •Жабдықтаушы қр-да ққс төлеуші болып саналса,сатылған тауарлары үшін
- •22.Материалдық құндылықтардың қозғалысымен байланысты операцияларының шоттар корреспонденциясын құру Тәжірибелік жұмыс №7
- •23. Еңбек және төлемақы есебінің
- •24.Тарифтік тор және оның разрядтары. Жұмыс уақытының есебі. Еңбек және оның төлемақысын құжаттау Тәжірибелік жұмыс №8
- •25.Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар. Зейнетақы жинақ қорларына және әлеуметтік салық бойынша аударымдардың есебі. Тәжірибелік жұмыс №9
- •26. Төлемақы төлеу тәртібі, депонирленген сомалардың есебі.
- •27.Төлемақы есебімен байланысты операцияларға шоттар коррепонденциясын құру. Тәжірибелік жұмыс №10
- •28. Еңбекақыны әртүрлі жүйеде төлеу есебі
- •29. Есеп айырысу төлем ведомосын құрастыру. Тәжірибелік жұмыс №11
- •30.Өндіріс шығындары есебі мен бақылауының мақсаттары және өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың негізгі қағидалары
- •32.Тура шығындар құрамы мен сипаттамасы және олардың негізгі өндіріс шығындары элементтерінің шоттарында көрсетілу тәртібі. Тәжірибелік жұмыс №12
- •33.Өндірістік жоғалтулар есебі. Накладной шығындары жөне оларды бөлу өдісі. Тәжірибелік жұмыс №13
- •34.Калькуляция ұғымы, оның мәні, калькуляция объектілері. Өндіріс шығындары есебінің негізгі әдістері
- •35.Өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің тапсырыс беру әдісінің мәні
- •36.Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің процестік әдісі.
- •37.Жалпы және әкімшілік шығындарының есебі
- •39. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау
- •40.Сатып алушылармен есеп айырысу есебі
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •41. Дайын өнімді сату есебі
- •42.Дайын өнімді түгендеу және оны есепте бейнелеу. Тәжірибелік жұмыс №15
- •43.Дайын өнім қозғалысына алғашқы құжаттарды толтыру. Тәжірибелік жұмыс №16
- •44.Кірістер мен шығыстар есебі. Корпоративті табыс салығы бойынша есеп айырысу. Тәжірибелік жұмыс №17
- •45. Жарғылық капитал есебі
- •46.Резервті капитал есебі, таратылмаған табыс (бөлінбеген пайда) есебі
- •47.Жиынтық табыс пен таратылмаған табыс есебі
- •48.Меншікті капитал қозғалысы есептеріне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №18
- •49.Тауарлар, жұмыстар және қызметтер экспорты бойынша операцияларының есебі.
- •50. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер импорты бойынша операцияларының есебі
- •51.Реэкспорт бойынша операциялар есебі
- •52. Толлингтік операциялар есебі.
- •53.Сыртқы экономикалық қызметке байланысты операциялар есебіне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №19
- •54.Есеп саясатының ұғымы және құрылуы
- •55.Қаржылык есептілікте есеп саясатының ашылуы
- •56.Есеп саясатын аша отырып жылдық қаржылық есеп беруге түсінік хатын құру. Тәжірибелік жұмыс №20
- •57.Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы. Ұйымның баланс кұруы
- •Бухгалтерлік баланс
- •58.Ақша қаражаттарының қозғалысы есебі
- •59. Кірістер мен және шығыстар есебі Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •60.Капитал өзгерісі және ақша қаражаттар есебі
- •61.Қортынды баланс және есептіліктің басқа нысандарын құрастыру Бухгалтерлік баланс
- •Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •62.Ауылшаруашылығындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жіктелуі. Биологиялық активтер
- •64.Ауылшаруашылық өнімдерін сату кірістер мен шығыстар есебі
- •65.Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар
- •66.Туристік компаниялардағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •67.Турөнімнің бағасының қалыптасу саясаты.
- •68.Турөнімінің өзіндік құнының шығындар құрамы және калькуляциялау
- •69.Турөнімдерді сату кірістермен шығыстар есебі. Тәжірибелік жұмыс №23
- •70.Автокөлік ұйымдарындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •71.Автокөлік қызметі құнының шығындар құрамы және кірістерді калькуляциялау
- •72. Тмқ мен нқ есептеу
- •73. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері.
- •74. Тауар айналымы және көтерме сауда есебі. Тәжірибелік жұмыс №24
- •Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •75. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •76. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері.
- •77. Құрылыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы
- •78. Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың кіріс және шығыс есебі
- •79.Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі, ақау есебі. Тәжірибелік жұмыс №25
32.Тура шығындар құрамы мен сипаттамасы және олардың негізгі өндіріс шығындары элементтерінің шоттарында көрсетілу тәртібі. Тәжірибелік жұмыс №12
Өндіріс шығындарының есебін жүргізетін шоттар жүйесі
Өндіріс үрдісі және өндірістегі шығындардың әртүрлі болуы шоттардың үлгілік жоспарындағы мына шоттар тобын пайдалануды талап етеді:
8100- негізгі өндіріс
8200- жеке өндірістегі жартылай фабрикат
8300- көмекші өндіріс
8400- жүкқұжат шығындары
Өндірістік шығындарды элементтерілген және калькуляция баптары бойынша есебін жүргізуді қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістің барлық шығындарын дайындалған өнімнің түрлеріне қарай 8100 шотында топтастырылады. Бұл шот пайдалану мақсаты бойынша калькуляциялық болғанымен экономикалық мазмұны бойынша шаруашылық жағдайын сипаттайтын шот болып табылады.
8300 шотында ұйымның құрылымдары қолданатын көмекші өндірістер өнімдер мен қызметтерінің өзіндік құнын анықтайды.
Өндірістік шоттардың жүйесі шғынгдарды топтастырып және олардың есебін төмендегі ретпен жүргізуге мүмкіндік береді:
1. ай ішінде жұмасалған шығындардың элементтері өндірістік шоттардың дебетінде көрсетіледі.
2. Алдағы кезеңдердің шығындары есептен шығарылып және ай соңында келешек шығындар резервтеледі.
3. Шығындар есептен шығарылып немесе көмекші өндірістің жұмыстары арасында бөлінеді.
4. Негізгі цехтардың шығындары қосылып және таратылады.
5. Жарамсыз өнімдерге кеткен шығындар анықталып өнімінің өзіндік құнына қосылады.
Негізгі өндіріс шығындарын есептеу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының 8 бөліміндегі 8100 негізгі өндіріс деп аталатын шот пайдаланылады. Бұл шотта әртүрлі мақсаттарға арналған өндіріске жұмсалған шығындар есептеледі. Жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау үшін 8110 шоты арналған. Оған мынадай талдамалық шоттар ашылады:
8111- материалдар
8112- өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы
8113- еңбекақыдан аударылатын аударымдар
8114- үстеме шығыстар
Өндіріс шығындарының есебі үшін, әр түрлі бағыттағы 8110 «негізгі өндіріс» шоты қолданылады.
«Негізгі өндіріс» активті шоты өндірістегі барлық шығындарды жинақтап, қорытуға арналған.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады: «Цехтар бойынша шығындар» ведомосы, онда 8110, 8210 және 8310 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады.
«Цехтар бойынша шығындар» ведомосына жазу үшін мыналар негіз болады:
«Материалдар шығындарын бөліп-тарату» кестесін әзірлеу, онда шикізат пен материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық босалқылары көрсетіледі; өндіріс персоналдарына төленген еңбекақы шығыстары; еңбекақыдан аударылатын аударымдар;
«Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі;
«Материалдық емес активтер амортизациясының есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті амортизациясының сомасы көрсетіледі;
«Көмекші өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін бөлу» кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі.
Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек.Өнім өндірісімен байланысты шығындар өзінің құрамы жағынан да, экономикалық мазмұны жағынан да, өнім өндірісіндегі ролі мен өнімнің өзіндік құнына енгізілу тәсілі бойынша да біртекті емес. Сондықтан экономикалық теорияда шығындарды әртүрлі белгілері бойынша топтастырады. Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса, кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоқ екенін ескеруі тиіс.
Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол БЕС №5 стандартына сәйкес есептеледі. Табыс сондай-ақ тауарлы-материалдық қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен кейін кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, % - дан және дивиденттерден алынуы мүмкін,
Табыс дайын өнімдерден сатып алынған тауарлардан немесе көрсеткен қызметтерден алынады. Олардың сатып алу құны, тараптар арасында жасалған келісімшартта анықталады. Көрсеткен қызметтен және орындалғае жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қарағанда тауарды сатқаннан алынған табыстар ретінде танылады.
1. есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдік пен анықталады.
2. Мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстарды мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстарды үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланады.
Субьект барынша дәлдік деңгейде табыстан анықтай алады, ол мәмілеге қатысушылар мен төлем жағдайы мен тәсіліне күтілетін концепциясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәмілелер бойынша мәмілеге қатысушылар мен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді.
Негізгі қызметтен түскен табыстың есебі 6010 синтетикалық және пассивті шотта жүргізеледі. Бұл шотты өнімді жұмыстарды және қызметтерді жасайтын материалдық өндіріс саласындағы ұйымдар пайдаланылады. Есепті кезең бойы 6010 шоттың кредитінде дайын өнімді жұмыстар мен қызметтерді сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.
№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Дт |
Кт |
Тип |
1 |
Өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны есептен шығарылды |
7010 |
1320 |
1 |
2 |
Сатылған дайын өнім үшін сатып алуышыға шот фактура ұсынылды. ҚҚС сомасы мен бірге |
1210 |
6010 3130 |
3 |
3 |
Сатып алушылар ұсынған шот бойынша есеп айырысу шотына ақша қаражатын аударды |
1030 |
1210 |
1 |
4 |
Жабдықтаушылардан алынған шикізат пен материалдар кірістелді (шот фактура) негізінде. ҚҚС сомасы мен бірге |
1310 1420 |
3310 |
4 |
5 |
ҚҚС сомалары зачетқа жатқызылды |
3130 |
1420 |
4 |
6 |
Жабдықтаушылардың қарыз сомасы төленді |
3310 |
1030 1030 |
4 |
7 |
Бюджетке ҚҚС сомасы аударылды |
3130 |
1030 |
4 |
8 |
Түгендеу негізінде алынған тауарлар кірістелді |
1330 |
6280 |
3 |
9 |
Түгендеу барысында кем шыққан тауар шығын есебіне жатқызылды |
7470 |
1330 |
1 |
№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Дт |
Кт |
Тип |
1 |
Негізгі өндірістен дайын өнім кірістелді |
1320 |
8110 |
1 |
2 |
Сатылған өнімнің өзіндік құнын есептен шығару |
7010 |
1320 |
1 |
3 |
Сатып алушылардың дайын өнімді кейін қайтарғанын көрсететін сторнолық проводка |
1320 |
7010 |
1 |
4 |
Түгендеу кезінде немесе басқа себептерге байланысты арттық шыққан дайын өнімді кірістеу. |
1320 |
6280 |
3 |
5 |
Дайын өнімді өтеусіз түрде сыртқа беру |
7410 |
1320 |
1 |
6 |
Әкімшілік шығындарына пайдаланылған дайын өнімді есептен шығару |
7210 |
1320 |
1 |
7 |
Төтенше жағдайға байланысты жарамсыз болған немесе жойылып кеткен дайын өнімді есептен шығару |
7470 |
1320 |
1 |
8 |
Қоймадағы дайын өнімнің табиғи себептен кеміген мөлшерін (кебуі, құрғауы және т.б) бекітілген норма көлемінде есептен шығару |
7410 |
1320 |
1 |
9 |
Сол сияқты, табиғи нормадан тыс көлемі |
7470 |
1320 |
1 |
10 |
Кінәлі тұлғалар анықталмаған жағдайда, бүлінген кем шыққан дайын өнімді есептен шығару |
7470 |
1320 |
1
|
11 |
Дайын өнімді таза сату құнына дейін арзандату |
1360 |
1320 |
1 |