
- •1 Тақырып. Қаржы есебінің ұйымдастырылуы, мақсаттары мен қағидалары.
- •3. Банктердегі ұлттық валютадағы ағымдығы банктін шотының операциялар есебі
- •1030- Ағымдық банктік есеп айырысу шоты
- •5 Тақырып Есеп беретін тұлға мен есеп айырысу есебі
- •6.Басқа ұйымдардың бағалы қағаздарына ұйымның қаржылық салымының есебі
- •8.Несиелік жөне есеп айрысу, ақшалай қаражаттарды түгендеу жүргізу тәртібі,
- •9 Тақырып. Негізгі құралдар, олардың қаржылық есептегі топтамасы мен бағалануы
- •10.Ғимараттар мен құрылғыларды мердігерлік және шаруашылық әдістермен салу есебі. Тәжірибелік жұмыс №3
- •11.Негізгі құралдардың тозу есебі.
- •12.Негізгі құралдардың құрамы мен түрлері
- •13.Негізгі құралдарды қысқа және ұзақ жалға берудің есебі.
- •15.Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер қозғалысына байланысты шоттар корреспонденциясын құру Тәжірибелік жұмыс №5
- •16 Тақырып . Материалдық қорлар, олардың жіктелуі, бағалануы және есебінің мақсаты
- •18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
- •18.Қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айырысу есептері.
- •19.Сатып алынған материалды құндылықтар бойынша қосылған құн салығы акциздер есебі
- •20. Өндіріске босатылған материалдарды әр түрлі әдістермен бағалау. Әр түрлі мақсаттарға және өндіріске босатылған материалдар есебі. Тәжірибелік жұмыс №6
- •21.Қорларды түгендеу және қайта бағалау
- •Сатып алушылардан алынған аванс
- •Басқа ұйымдардан алған кредиторлық борыштарды жабу
- •Кіріс ордерімен
- •Нақты орындаған жұмыс уақыты үшін тарифтік бағамен
- •Жабдықтаушы қр-да ққс төлеуші болып саналса,сатылған тауарлары үшін
- •22.Материалдық құндылықтардың қозғалысымен байланысты операцияларының шоттар корреспонденциясын құру Тәжірибелік жұмыс №7
- •23. Еңбек және төлемақы есебінің
- •24.Тарифтік тор және оның разрядтары. Жұмыс уақытының есебі. Еңбек және оның төлемақысын құжаттау Тәжірибелік жұмыс №8
- •25.Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін ұсталымдар. Зейнетақы жинақ қорларына және әлеуметтік салық бойынша аударымдардың есебі. Тәжірибелік жұмыс №9
- •26. Төлемақы төлеу тәртібі, депонирленген сомалардың есебі.
- •27.Төлемақы есебімен байланысты операцияларға шоттар коррепонденциясын құру. Тәжірибелік жұмыс №10
- •28. Еңбекақыны әртүрлі жүйеде төлеу есебі
- •29. Есеп айырысу төлем ведомосын құрастыру. Тәжірибелік жұмыс №11
- •30.Өндіріс шығындары есебі мен бақылауының мақсаттары және өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың негізгі қағидалары
- •32.Тура шығындар құрамы мен сипаттамасы және олардың негізгі өндіріс шығындары элементтерінің шоттарында көрсетілу тәртібі. Тәжірибелік жұмыс №12
- •33.Өндірістік жоғалтулар есебі. Накладной шығындары жөне оларды бөлу өдісі. Тәжірибелік жұмыс №13
- •34.Калькуляция ұғымы, оның мәні, калькуляция объектілері. Өндіріс шығындары есебінің негізгі әдістері
- •35.Өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің тапсырыс беру әдісінің мәні
- •36.Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің процестік әдісі.
- •37.Жалпы және әкімшілік шығындарының есебі
- •39. Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау
- •40.Сатып алушылармен есеп айырысу есебі
- •39 Тақырып. Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі.
- •41. Дайын өнімді сату есебі
- •42.Дайын өнімді түгендеу және оны есепте бейнелеу. Тәжірибелік жұмыс №15
- •43.Дайын өнім қозғалысына алғашқы құжаттарды толтыру. Тәжірибелік жұмыс №16
- •44.Кірістер мен шығыстар есебі. Корпоративті табыс салығы бойынша есеп айырысу. Тәжірибелік жұмыс №17
- •45. Жарғылық капитал есебі
- •46.Резервті капитал есебі, таратылмаған табыс (бөлінбеген пайда) есебі
- •47.Жиынтық табыс пен таратылмаған табыс есебі
- •48.Меншікті капитал қозғалысы есептеріне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №18
- •49.Тауарлар, жұмыстар және қызметтер экспорты бойынша операцияларының есебі.
- •50. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер импорты бойынша операцияларының есебі
- •51.Реэкспорт бойынша операциялар есебі
- •52. Толлингтік операциялар есебі.
- •53.Сыртқы экономикалық қызметке байланысты операциялар есебіне шоттар корреспонденцияларын құру. Тәжірибелік жұмыс №19
- •54.Есеп саясатының ұғымы және құрылуы
- •55.Қаржылык есептілікте есеп саясатының ашылуы
- •56.Есеп саясатын аша отырып жылдық қаржылық есеп беруге түсінік хатын құру. Тәжірибелік жұмыс №20
- •57.Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы. Ұйымның баланс кұруы
- •Бухгалтерлік баланс
- •58.Ақша қаражаттарының қозғалысы есебі
- •59. Кірістер мен және шығыстар есебі Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •60.Капитал өзгерісі және ақша қаражаттар есебі
- •61.Қортынды баланс және есептіліктің басқа нысандарын құрастыру Бухгалтерлік баланс
- •Кірістер мен шығыстар туралы есеп
- •62.Ауылшаруашылығындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жіктелуі. Биологиялық активтер
- •64.Ауылшаруашылық өнімдерін сату кірістер мен шығыстар есебі
- •65.Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар
- •66.Туристік компаниялардағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •67.Турөнімнің бағасының қалыптасу саясаты.
- •68.Турөнімінің өзіндік құнының шығындар құрамы және калькуляциялау
- •69.Турөнімдерді сату кірістермен шығыстар есебі. Тәжірибелік жұмыс №23
- •70.Автокөлік ұйымдарындағы есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
- •71.Автокөлік қызметі құнының шығындар құрамы және кірістерді калькуляциялау
- •72. Тмқ мен нқ есептеу
- •73. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері.
- •74. Тауар айналымы және көтерме сауда есебі. Тәжірибелік жұмыс №24
- •Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.
- •75. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері
- •Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.
- •76. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері.
- •77. Құрылыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы
- •78. Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың кіріс және шығыс есебі
- •79.Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі, ақау есебі. Тәжірибелік жұмыс №25
29. Есеп айырысу төлем ведомосын құрастыру. Тәжірибелік жұмыс №11
Қызметкерлермен есеп айырысуды рәсімдеудің тәртібі. Депоненттелген жалақының есебі:
Есеп айырысу және есеп айырысу - төлем ведомостері еңбекақы бойынша есеп айырысудың негізгі тіркелімі болып табылады. Бұл жалақы бойынша әрбір қызметкерден ұсталатын барлық ұсталымдардың түрлері бойынша деректер көрсетілетін жиынтық деркетер.
Қызметкерлермен есеп айырысудың 4 түрі бар:
Т – 49 нысынындағы есеп айырысу – төлем ведомосі бойынша, мұнда жалақыдан ұсталатындардың барлығы көрсетіледі және жалақыны төлеу жүргізіледі.
Т – 50 нысаындағы есеп айырысу ведомосі бойынша, мұнда жалақы мен барлық ұсталымдардың есебі жүргізіледі. Жалақыны беру тікелей жазылған төлем ведомосі бойынша дара жүргізіеледі.
Т – 2 нысанындағы «Жалақымен есеп айырысу» қағаздары бойынша, мұнда бір қызметкерге есептеу мен ұстап қалулар жүргізіледі. Жалақыны төлеу төлем ведомосі бойынша жүргізіеді.
Жылдың есеп айырысу ведомостері, кітап болып түптелген салым қағаздары бойынша. төлем жалақы төлеу ведомосі бойынша жүргізіледі.
Төлем ведомостері бойынша жалақы төлеу есеп айырысу шотына кассаға ақша алу күнін қоса алғанда, белгіленген үш күн ішінде жүргізіледі. Төлем ведомосіне басшы мен бас бухгалтер қол қояды. 3 күн өткеннен кейін төлем ведомосі жабылады. Бұл орайда берілген жалақының сомасы жолдар бойынша тексеріледі және жалпы сомаы есептеледі. Жалақысын алмаған адамдардың аты – жөнінің тұсына «депоненттелді« деген жазу жазыады және берілмеген жалақының жалпы сомасы банкке өткізіледі. Бұл орайда кассир берілмеген жалақылардың ведомосін жасайды.
30.Өндіріс шығындары есебі мен бақылауының мақсаттары және өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың негізгі қағидалары
Кәсіпорын – түрлі өндірістегі және шаруашылықтардан (негізгі,көмекші,қосымша,қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске - кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ қнімді сатуға ж/е зауыт ішінде тұтынуға желілік, ұсталық,престеу – машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс – негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу – механикалық ж/е аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау ж/е т.б.)
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі ж/е көмекші өндірісте пайдаланылатын материалдардан өнім өндіреді.
Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды ж/е әрт.рлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.
Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық ж/е жаппай өндіріс болып үш топқа бөлінеді.
Жеке-дара (жекелеген) өндіріс – өнім жекелеген даналармен н/е қайталанып отыратын шағын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән. Оның мынандай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар наөты бір салаға мамандандырылмайды; субъект пен цетардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді; дайындық – қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда алғанда біршама үлкен болады; өндірісті басқа да тұрпаттарына қарағанда өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды есепке алу .шін ж/е өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым бойынша есепке алынады.
Сериялық өндіріс біркелкі бұйысдарды дайындап шығарудыі оқтын-оқтын қайталанып отырумен сипатталады ж/е оған мынадай ерекшеліктер тән: шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі, жұмыс орындарының салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машиналардың, аспаптар мен қондырғыларының қолданылуының шектеулілігі. Сериялық өндіріс машина жасау өнәркәсібінде ж/е металл қңдеуде неғұрлым кең тараған.
Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай 3 түрге бөлінеді: ірі сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану анағүрлым тар, ал өндірістік желілермен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған).
Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың ж/е өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік н/е қайта жасау әдістерін қолданады.
Жаппай өндіріс - қзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс тұрпаты. Шығарылатын өнімдердің ассортименті көп болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі ж/е өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән білгілер болып табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің ж/е оның негізгі элементтерінің өзіндік құнан есепке алудың ж/е калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.
31.Өндіріс шығындарының жіктелуі. Кезен шығындарының және өндіріс есебінің шоттар жүйесі. Өндірістік шығындар дегеніміз – өнімдерді, тауарларды (атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет) дайындауға кеткен нақтылы ж/е қоғамдық еңбек шығындарының жиынтығы деп айту қабылданған. Өнім (жұмыс, қызмет) өндірісімен байланысты шығындар өзінің құрамы жағынан да, экономикалық мазмұны жағынан да, өнім өндірісіндегі рөлі мен өнімнің өзіндік құнына енгізілу тәртібі бойынша да біртекті емес. Сондықтан экономикалық теорияда шығындарды әртүрлі белгілері бойынша топтастырады. Шығындардың негізгі жіктелуі мынан
Негізгі шығындарға өнімдерді дайындаудағы өндіріс процесімен тікелей байланысты шығындар жатады. Бұл шығындарға кіретіндер: шикізаттар, материалдар, өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы, технологиялық мақсаттар үшін қажетті жанар-жағар майлар және т.б.
Қосымша шығындарға ұйымдастыру мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты шығындар жатады. Олар: өндірістік бөлімшелердегі әкімшілік-басқару персоналының еңбекақысы, электро-энергия шығындары, өндіріс ғимаратын жылытуға арналған отын, өндірістік негізгі құралдардың тозуы және оларды жөндеу шығындары және т.б.
Бір элементті шығындарға сол кәсіпорынның құрамдық бөліктеріне бөлуге келмейтін біртекті экономикалық элементтер жатады.
Кешенді шығындар бірнеше экономикалық шығындардың жиынтығынан тұрады. Оған жататындар: қосымша шығындар, бірнеше элементтен тұратын кезең шығындары және т.б.
Айнымалы шығындарға жалпы мөлшері шығарылатын өнімдердің көлеміне тікелей байланысты болатын шығындар жатады. Осыған
байланысты өнімдердің бірлігіне келетін мұндай шығындардың мөлшері өзгеріссіз қалуы мүмкін. Айнымалы шығындарға жататындар: шикізаттар мен материалдар шығындары, технологиялқ мақсаттар үшін отын мен электро-энергия, жұмысшылардың еңбекақысы және т.б.
Тұрақты шығындарға өндіріс көлемі өзгерсе де өзгермейтін немесе болар-болмас өзгеретін шығындар жатады. Мысалға қосымша шығындарды, жалпы және әкімшілік шығындарын келтіруге болады.
Өнімдердің жеке түрлеріне енгізілетін шығындар тікелей шығындар деп аталады. Бұл шығынға жататындар: шикізаттар мен материалдар шығыны, өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, ақаудан болған жоғалтулар және т.б.
Өнімдердің әр түрлі түрлерінің арасында пропорционалды түрде бөлінетін шығындар жанама шығындар деп аталады. Шығындарды тікелей және жанамаға бөлу өндірістің ұйымдастырылуына және оның салалық ерекшеліктеріне, сонымен бірге өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылдаған әдістеріне байланысты болады.
Ағымдағы шығындарға сол есепті мерзімдегі өндіру мен сатуға байланысты шығындар жатады.
Бір жолғы шығындарға өнімдердің жаңа түрлерін дайындауға және меңгеруге, техникалық әдебиеттер мен газеттерге жазылуға кеткен шығындар және т.б. жатады.
Өндірістік шығындарға өнімдерді дайындауға және олардың өндірістік өзіндік құнын белгілеуге кеткен шығындар кіреді.
Өндірістік емес шығындарға кәсіпорынның қызмет нәтижесінен есептен шығарылатын кезеңдік шығындар жатады.
Классификация (жіктелу) белгілері |
Шығындардың бөлінуі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өнімсіз шығындар деп - өндірісті ұйымдастыру және технологиядағы жетіспеушіліктермен байланысты шығындарды айтады.
Өнімді шығындар жоспарланады, сондықтан олар жоспарланған деп аталады. Ал, өнімсіз шығындар жоспарланбайды, сондықтан да олар жоспарланбаған деп аталады.